"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 196 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері айқындалсын.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 13 сәуірдегі
№ 196 қаулысына
1-қосымша

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері


Р/с

 
Қаржы құралының түрі
1 2

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда, инвестициялау мөлшері "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық процентінен кем емес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмитенттелгендерді қоса алғанда)

2.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он бес процентінен аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер

3.

Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз процентінен аспайтын халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

4.

Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Fitch немесе Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық процентінен аспайтын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялары, корпоративтік облигациялар

5.

Кері РЕПО мәмілелері. Кері РЕПО мәмілесі бойынша кепілзат ретінде болатын қаржы құралдарының мүмкін болатын ең жоғары үлес салмағына сәйкес келеді

6.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он процентінен аспайтын агенттік облигациялар

7.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он процентінен аспайтын Еуразия даму банкінің облигациялары

8.

Номиналды құны бойынша 15 млрд. теңгеден аспайтын сомаға "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған облигациялар

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 13 сәуірдегі
№ 196 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат).

      2. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 613 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 296-құжат).

      3. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 12 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 1-2, 6-құжат).

      4. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 935 қаулысы.

      5. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 19, 167-құжат).

      6. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 желтоқсандағы № 1003 қаулысы.