Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 196 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8. | номиналды құны бойынша 15 млрд. теңгеден аспайтын сомаға "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған облигациялар |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |