"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 935 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 сәуірдегі 2020 жылғы № 196 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 196 қаулысымен.

      Баспасөз релизі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:

      "

8.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын Еуразия даму банкінің облигациялары

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев