Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 ақпандағы
№ 72 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат).

      2. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 20, 149-құжат).

      3. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 412 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 269-құжат).

      4. "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 311-құжат).

      5. "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 86 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 8-9, 47-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1168 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 610-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      7. "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 23-24, 135-құжат).

      8. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 242 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 143-құжат).

      9. "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 31 қазандағы № 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 342-құжат).