Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.
4. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 09.07.2019 № 488 қаулысымен.5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, Үйлестіру кеңесінің стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асырудың ерекше шарттарын ұсыну жөніндегі өкілеттіктерін (оның ішінде салықтық преференциялар, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы, жер қойнауын пайдалану құқығы, жер учаскелерін беру, шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылым жеткізу, қаржыландыру және субсидиялау шарттары, визалық және көші-қон режимі, рұқсат беру және келісу рәсімдерінен өтудің өзге де тәртібін айқындау) заңнамалық деңгейде айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, үшінші елдердің визаларын және шетелдік азаматтар мен авиатасымалдаушыларға қатысты транзиттік визаларды тану тәжірибесін қолдана отырып, визалық және көші-қон режимін ырықтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының электрондық визаларын енгізу жөнінде шаралар қабылдасын.
7. "Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1071 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 540-құжат) күші жойылды деп танылсын.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таралуы туралы нұсқаулықта:
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комиссияны құруға бастама жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы, комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға не өзге ұйым Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.";
2) "Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 593-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережеде:
16, 17-тармақтар алып тасталсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысымен бекітілген |
Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.07.2019 № 488 қаулысымен.5. Үйлестіру кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеті
6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту;
2) инвестицияларды тарту мәселелерінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру;
3) Өңірлік инвестициялық хабтың және мемлекеттік органдардың инвесторлармен жұмыс жөніндегі, оның ішінде инвестициялық жобалардың бірыңғай базасын қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі
7. Үйлестіру кеңесі қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысымен бекітілген |
Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.07.2019 № 488 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd." басқарма төрағасы
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы
"Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы
"Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының директоры