Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.";
көрсетілген қаулысымен бекітілген Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 488 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысымен бекітілген |
Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd." басқарма төрағасы
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы
"Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы
"Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының директоры