Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысы.

Жаңартылған

      Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.05.2021 № 293 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.05.2021 № 293 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.

      4. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 09.07.2019 № 488 қаулысымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.05.2021 № 293 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, үшінші елдердің визаларын және шетелдік азаматтар мен авиатасымалдаушыларға қатысты транзиттік визаларды тану тәжірибесін қолдана отырып, визалық және көші-қон режимін ырықтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының электрондық визаларын енгізу жөнінде шаралар қабылдасын.

      7. "Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1071 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 540-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таралуы туралы нұсқаулықта:

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссияны құруға бастама жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы, комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға не өзге ұйым Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.";

      2) "Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 593-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережеде:

      16, 17-тармақтар алып тасталсын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 сәуірдегі
№ 216 қаулысымен
бекітілген

Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.05.2021 № 293 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 сәуірдегі
№ 216 қаулысымен
бекітілген

Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрам алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.05.2021 № 293 қаулысымен.