"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес және "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 829 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловты төраға етіп;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярды;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевты сайлау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2022 № 314 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |