"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес және "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 829 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминді төраға етіп;

      Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловты сайлау ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин