Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 314 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы өзгерiстерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымша осы өзгерiстерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловты төраға етіп;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярды;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевты сайлау ұсынылсын.".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына 5-қосымша |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына қосымша |
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі