Стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 885 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 639 қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев