РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
"Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып айқындалсын.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |