"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
3) кәсіпорын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 639 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтыру
1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 387 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 885 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып белгіленсін.".
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;" және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны." деген жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".