Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелер – республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:

      16-тармақта:

      34), 44), 48), 50), 51), 54), 58), 59), 74), 79), 80), 81), 82), 83), 85) және 86) тармақшалар алып тасталсын;

      87) тармақшада:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      88) тармақша алып тасталсын;

      17-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "42-1) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;";

      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіруі;";

      51) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2), 54-3), 54-4), 54-5), 54-6), 54-7), 55-1), 68-1), 68-2), 68-3), 68-4), 68-5), 68-6), 68-7) және 68-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "54-1) Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды орындау;

      54-2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;

      54-3) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;

      54-4) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;

      54-5) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;

      54-6) субсидиялау мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;

      54-7) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      55-1) радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;

      68-1) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау;

      68-2) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;

      68-3) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;

      68-4) пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      68-5) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыру;

      68-6) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;

      68-7) телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесін әзірлеу;

      68-8) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту;";

      88-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 88-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "88-3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;";

      Министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      4. Осы қаулы 2018 жылғы 8 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақтың оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 549 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелер – республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.