2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбелер (бұдан әрі – тізбе) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
компаниялардың активтері – тізбеде көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтері;
мемлекет тікелей қатысатын компаниялар – Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган мемлекеттің атынан жалғыз акционері болып табылатын компаниялар;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Ұлттық қорға түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі
3. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда:
1) мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер:
2) Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеу ретінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлуді және Ұлттық қорға жіберілетін қаражат мөлшерін бекітуді ішкі корпоративтік рәсімдер шеңберінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың жалғыз акционері жүзеге асырады.
Тізбеде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қор алдындағы өтелетін міндеттемелер мөлшерін бекітуді ішкі корпоративтік рәсімдер шеңберінде мемлекет тікелей қатысатын компанияның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында (бұдан әрі – Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары) көзделген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдердің 50 % (елу) пайыз мөлшеріндегі қаражат Ұлттық қорға аударылады, 50 % (елу) пайызы мөлшеріндегі қалған сома Қор басқармасы айқындайтын тәртіппен оларды одан әрі қайта инвестициялау мақсаттары үшін Қор тобының иелігінде қалады.
Өткізудің, қайта ұйымдастырудың, таратудың мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын Қор басқармасы айқындайтын Қордың еншілес, тәуелді ұйымдарын және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды сатудан түсетін қаражат Ұлттық қорға аударылуға жатпайды және толық көлемде Қор тобының иелігінде қалады.
"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-1. Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына қаражат түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.
Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бесінші айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
1) әрбір ұйым бөлінісінде, оның ішінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың өздерінің активтерін сатудан түскен іс жүзіндегі түсімдерінің мөлшері туралы есепті кезеңдегі ақпаратты;
2) егер актив қаражатты бөліп төлеу шартымен сатылған болса, тізбеде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат түсімдерінің кестелерін ұсынады.
7. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер ретінде Ұлттық қорға аударатын қаражат Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша жалғыз акционердің шешімі негізінде қолма қол ақшасыз нысанда аударылады.
8. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуге жолдайтын қаражат мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың директорлар кеңесінің шешімі негізінде облигацияларды шығару проспекттісінің шарттарына сәйкес аударылады.