ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген |
Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 101-2-бабына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және олардың отбасы мүшелерін Заңның 101-10-бабында айқындалған әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеруі кезеңінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
2) әскери қызметшіге тұрғын үй төлемін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – баянат тіркелген күн, осы күннен бастап тұрғын үй төлемін тағайындау үшін әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп танылады, оны осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес әскери қызметші ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындайды;
3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер;
4) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі;
5) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін аудару және Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банк шоты;
6) мемлекеттік мекемелер – әскери қызметшілері тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемелері;
7) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен құрылатын комиссия. Қарулы Күштерде қызметтік тұрғынжайды бөлу, сондай-ақ жекешелендіру мәселелерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған тәртіппен құрылатын тұрғын үй комиссиялары, тұрғын үй төлемін тағайындауды – мемлекеттік мекемелер қарайды;
8) тұрғын үй төлемдері – бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;
9) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Әскери қызметшілер, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемін алып жүріп, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы мүшелері тұрғын үй төлемін алушыларға жатады.
Бұл ретте мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, жекешелендіруге жататын тұрғынжайларда тұратын әскери қызметшілер тұрғын үй төлемін алушы болып танылмайды.
Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемін пайдалану жолымен жеке меншікке тұрғынжай сатып алуға құқығы бір рет жүзеге асырылады.
Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері болса, жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтама ұсынылып, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың өзара келісуі бойынша олардың баянаты негізінде біреуіне ғана жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Жүктілігі және босануы, бала күтімі бойынша қосымша демалыстарда, іссапарда, оқуда, емделуде болатын әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
5. Әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған әскери қызметшілерді есепке алуды мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
7. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жасаған тізімдер негізінде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі жүргізеді.
8. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны алушы Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.
Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік мекеме жоспарлаған, бірақ пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Қаза табуына (қайтыс болуына), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болған деп жариялануына байланысты әскери қызметші бөлімнің жеке құрамы тізімдерінен алып тасталған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлері жеке арнайы шотта жатқан тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте осындай әскери қызметшінің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.
2-тарау. Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету тәртібі
11. Әскери қызметшілердің (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы, егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, қызметтік тұрғынжай беру немесе олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және тұрғын үй төлемін тиісті арнайы шотқа аудару арқылы жүзеге асырылады.
Әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ тұрғынжайды кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға ақы төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал Заңда белгіленген тұрғынжай ауданы нормасына сәйкес келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда тұрғын үй төлемі тиісті жеке арнайы шотқа аударылады, ол тұрғынжайды жалға алуға ақы төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін әскери қызметші тұрғын үй комиссиясы төрағасының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімі бастығының атына баянат береді. Баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Баянатқа:
1) қызмет орнынан мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, тұрғын үй төлемдерін алуы, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;
2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;
3) әскери қызметшінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері болса, оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
4) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шартының тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;
5) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын жұмыскері болып табылған жағдайда зайыбының (жұбайының) жұмыс орнынан баянат тіркелген күнге дейін алынғанына бір ай толмаған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуы туралы мәліметтер қамтылған анықтама;
6) бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайды тапсырғаны не онымен қамтамасыз етілмегені туралы анықтама;
7) отбасында кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізімі бойынша) ауыратын мүшелер болып, олармен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмағанда мемлекеттік медициналық ұйымның анықтамасы;
8) жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектігі бар адам туралы анықтама;
9) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайда әскери қызметші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;
10) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай болмаған жағдайда әскери қызметші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының түпнұсқасын (тұрғынжайды техникалық тексеру нәтижесі бойынша) қосымша ұсынады;
11) бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) тұратын жері көрсетілген сот шешімінің көшірмесі.
Сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жойған кезде әскери қызметші он жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесін хабардар етуге міндетті;
12) егер әскери қызметші тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттігіне байланысты өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат берсе, өзi тұрып жатқан тұрғынжайдың ауданын растайтын құжаттардың көшірмелері;
13) осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген жағдайда тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
14) қызметтік тізім;
15) егер зайыбы (жұбайы) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қазіргі немесе бұрынғы қызметкері болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама қоса беріледі.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы баянат берген әскери қызметшілер осы тармақтың 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынбайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Жауапты құрылымдық бөлімше ұсынылған құжаттардың толықтығын баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен, ал Қарулы Күштер екі жұмыс күнінен кешіктірмей салыстырып тексереді.
Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше оларды әскери қызметшіге пысықтау үшін қайтарады. Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін қоспағанда, әскери қызметші он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш береді, бұл ретте баянат алғаш тіркелген күн оның берілген күні болып саналады.
Қарулы Күштерде әскери қызметші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері екі жұмыс күні ішінде оларды сәйкес келтіру туралы СМС-хабар жібереді.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері СМС-хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөліміне жетіспейтін құжаттар топтамасын ұсынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану баянат тіркелген күннен бастап тұрғын үй комиссиясының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімі бастығының шешімімен күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Әскери қызметшілер шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етіледі, ал Қарулы Күштерде қызметтік тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою не одан бас тарту туралы анықтама "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әскери қызметшінің "жеке кабинетіне" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл ретте тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күні және кезектілік нөмірі немесе мұқтаж деп танудан бас тарту себебі көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді есепке алуды жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Кезектілік тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күні бойынша жасалатын тізімдер бойынша белгіленеді.
16. Әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаждар есебінен алу Заңмен айқындалған негіздер бойынша жүргізіледі.
17. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілгенше өздері тұратын тұрғынжайдан шығарылмайды.
18. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.
19. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша қызметтік тұрғынжай ретінде жеке тұрғын үй, пәтер не жатақханадағы бөлме, модульді (мобильді) тұрғын үй беріледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Әскери қызметшілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіре алады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Тұрып жатқан тұрғынжайды жекешелендіру құқығы бар адамдарды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған адамдар бөлімнің тізімдерінен шығарылған сәттен бастап бір ай ішінде оларға берілген қызметтік тұрғынжайларды тапсырады.
3-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі
22. Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
23. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын деректерге сәйкес айқындалады.
24. Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметші қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрмысқа жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрінің жалға алу құнының мөлшерін әскери қызметшінің өзімен қоса отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы аудан есебінен тұрғынжай ауданына көбейту арқылы оның өзгеруі ескеріліп және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеу кезеңіне айқындалады.
Біржолғы тұрғын үй төлемін алу үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілмеу кезеңі арнаулы мемлекеттік органға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін айлармен белгіленеді, бұл ретте:
1) егер әскери қызметші 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы мемлекеттік органда қызмет өткерген болса, бұрын тұрғын үй төлемдері жүзеге асырылған;
2) бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе әр қызмет өткерген жеріндегі меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдер шегеріп тасталады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған әскери қызметшілер әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттың қысқаруына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі өткен соң оларға қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде оларға біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезең үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте әскери қызметке қайта кірген әскери қызметшілерге Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік органға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген соңғы күннен бастап айқындалады.
Заңның 101-2-бабы 5-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызметшілерге осы тармақтың күші қолданылмайды.
Бұл ретте егер әскери қызметшінің тұрғынжайға құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылған жағдайда әскери қызметшіге Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдері әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылған жағдайда тағайындалады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген төлемді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Біржолғы тұрғын үй төлемдері бір ай толық болмағанда күнтізбелік күнге пропорциялы түрде есептеледі.
Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімінен шығару оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін берілген баянатына сәйкес тағайындауға және жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, әскери қызметші қызметтен шыққан кездегі оның өзімен қоса отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы аудан нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әскери қызметші әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі сатылатын жаңа тұрғынжайдың бір шаршы метрі үшін сату бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Заңның 101-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызметшілерге осы тармақтың күші қолданылмайды.
Бұл ретте әскери қызметшінің тұрғынжайға құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылған жағдайда Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдері әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылған жағдайда тағайындалады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген төлемді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімінен шығару берілген баянатқа сәйкес оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындауға және жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, әскери қызметші қаза тапқан сәттегі әскери қызметшінің өзімен қоса оның отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы аудан нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Заңның 101-9-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне осы тармақтың күші қолданылмайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Қағидаларда есептелген тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Заңның 101-2-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызметшілерге осы тармақтың күші қолданылмайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Әскери қызметшінің тұрғынжай жағдайларын жақсарту үшін тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғынжайдың пайдалы алаңы нормасы мен әскери қызметшіге ұсынылған тұрғынжайдың пайдалы алаңы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
29. Әскери қызметші ниет білдірген тұрғынжай алаңының есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
30. Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда тұрғын үй төлемінің мөлшері – аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.
4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі
31. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері жауапты құрылымдық бөлімшенің тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою туралы анықтамасын ұсынумен мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен өтініш жасайды.
Әскери қызметші жыл сайын 25 қаңтарға дейін әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;
2) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілері осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік мекеме тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен өтініш жасайды.
Әскери қызметші жыл сайын 25 қаңтарға дейін әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;
2) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.33. Заңның 101-2-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін әскери қызметшілер:
1) қызметтік тұрғын үйді жалдау шартының көшірмесін;
2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама ұсынады.
Әскери қызметші жыл сайын 25 қаңтарға дейін әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;
2) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.34. Заңның 101-2-бабының 5-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін өздері әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен өтініш беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органында үздіксіз қызмет өткерген барлық кезеңінде өзінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенін не қамтамасыз етілмегенін растайтын құжаттармен бірге мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен өтініш береді.
Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) қызмет өткеретін жеріндегі жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгені не қамтамасыз етілмегені туралы анықтамасы;
2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;
3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;
4) қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтерді көрсетіп, мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген анықтама;
5) қызметтік тізім;
6) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (некеге тұру (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктерінің) көшірмелері;
7) адам (адамдар) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек алған болса, оның мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органында, Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткергенін растайтын құжаттар;
9) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы;
10) Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарттың көшірмесі;
11) егер зайыбы (жұбайы) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қазіргі немесе бұрынғы қызметкері болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.35. Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін алушылар өздері әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен (өтінішпен) өтініш беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полицияның әскери қызметшілері қатарынан алушыларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен (өтінішпен) өтініш береді.
Баянатқа (өтінішке):
1) әскери қызметшінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері болса, оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, некеге тұру (некені бұзу) туралы құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;
3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;
4) қызметтік тізім;
5) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, тұрғын үй төлемдерін алу, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;
6) әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі;
7) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы;
8) егер зайыбы (жұбайы ) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері болып табылатын немесе болған жағдайда, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама қоса беріледі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік мекеме тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына өтініш жасайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция алушыларын қоспағанда, біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін алушылар мемлекеттік мекеме басшысының атына өтініш жасайды.
Өтінішке:
1) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде неке (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;
3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;
4) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызмет орнынан отбасы құрамы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;
6) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген әскери қызметші әскери қызмет өткерген мемлекеттік мекеме басшысының бөлiм жеке құрамының тiзiмдерiнен шығару туралы бұйрығынан үзiндi;
7) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызметтік тергеп-тексеру қорытындылары туралы бұйрықтан үзінді (әскери қызметшiнiң қаза табуының (қайтыс болуының) себептерi мен мән-жайлары) қоса беріледі.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.37. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі оларды алушыға пысықтау үшін қайтарады. Алушы он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) алғаш тіркелген күн берілген күн болып саналады.
38. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция мемлекеттік мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі алушының баянаты (өтініші) тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей оны қарайды және айына бір реттен сиретпей өткізілетін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.
Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі оларды алушыға пысықтау үшін қайтарады. Алушы он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) алғаш тіркелген күн берілген күн болып саналады.
39. Баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.
40. Ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі негізінде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылар сомаларының есебін дайындайды.
41. Ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын мемлекеттік мекеме бірінші басшысының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерінікі – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) бекітіледі.
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі бекітілгеннен кейін мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес анықтамаларды әскери қызметшінің жеке ісіне тігеді.
Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімдері және есеп-қисаптар бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).42. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізіміне және олардың есебіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу олардың отбасы құрамы өзгерген, бір өңірден екіншісіне қоныс аударуына байланысты қызмет орнын ауыстырған, әскери қызметші алаңы пайдалы алаң нормасына сәйкес келмейтін берілген қызметтік тұрғынжайды қайтарған кезде, сондай-ақ Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу
43. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:
1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, адам (адамдар) он сегіз жасқа (кәмелетке) толған;
2) бір елді мекеннен екіншісіне қоныс аударуына байланысты әскери қызмет орнын ауыстырған;
3) әскери қызметші алаңы пайдалы алаң нормасына сәйкес келмейтін берілген қызметтік тұрғынжайды қайтарған;
4) ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалдау құны жыл сайын өзгерген кезде жүргізіледі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарды қоса берумен әскери қызметшінің баянаты негізінде шығарылатын мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) жүргізіледі.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Әскери қызметші одан әрі әскери қызмет өткеру үшін басқа өңірге кеткен кезде, егер тиісті шарт Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алумен жалға алуды төлеу үшін жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдері ол әскери қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.
Бұл ретте отбасы құрамы көбею жағына өзгерген жағдайда оған байланысты отбасының құрамы көбейген отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу әскери қызметші әскери қызмет өткеретін өңірдегі сомаға сүйене отырып жүзеге асырылады.
45. Осы Қағидалардың 43-тармағында айқындалған жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы оқиға нақты болған сәттен бастап есептеледі.
Бұл ретте әскери қызметші осы Қағидалардың 43-тармағында айқындалған оқиға нақты басталған кезден бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң баянат берген жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу баянат тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46. Өткен кезең үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу жүргізілмейді.
6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
47. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты осы Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қосымша анықтамаларды қоса беріп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір тұрғын үй төлемін алушы өзі ашады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.48. Мемлекеттік мекеме, әскери қызметші және банк арасында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Бұл ретте шарт мемлекеттік мекеме тарапынан нақты немесе шартты атауы бойынша жасалады.
Мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі шартты және әскери қызметшінің жеке арнайы шотын осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналына тіркейді.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының әскери қызметшісі санатына өткен немесе бір мекемеде кері реттілікпен өткен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкерімен жасалған шарттар осы Қағидаларда көзделген жалпы негіздерде қолданылады.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.49. Мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің есептелген және төленген сомалары бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық есепке алу карточкасында есепке алуды жүзеге асырады.
50. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері әскери қызмет өткеру орны бойынша ағымдағы айда өткен ай үшін ақшалай ризық төлеумен бір уақытта жүргізіледі. Желтоқсанда ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Әскери қызметке кіру және одан шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне барабар жүзеге асырылады.
51. Әскери қызметші әскери қызметтен ауысқан, шығарылған кезде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі талдамалық есепке алу карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақшалай аттестатта оған жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтерді көрсетеді.
7-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау
52. Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдері тоқтатылады.
53. Тұрғын үй төлемдері мемлекеттік мекеме бірінші басшысының бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) мынадай мерзімдерде:
1) әскери қызметші әскери қызметтен шығарылған жағдайларда жеке құрамның тізімдерінен шығарылған күннен бастап;
2) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені олар орындамаған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;
3) әскери қызметші қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған күннен бастап;
4) әскери қызметші тұрғын үй төлемін алудан бас тарту туралы баянат берген күннен бастап.
Бұл ретте мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде мемлекеттік мекеме Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша әскери қызметші міндеттемені орындамаған жағдайда оған осы тармақшада көзделген тұрғын үй төлемдерін тоқтатудан бас тартады;
5) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайларды қоспағанда, оған жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызмет орнынан берілген қызметтік тұрғынжайдан әскери қызметші бас тартқан күннен бастап;
6) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алынған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуы не меншік құқығына мұрагерлік бойынша тұрғынжайдың берілуі ескерілмейді.
Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.54. Тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері әскери қызметші ауысқан кезде бөлімнің жеке құрамының тізімінен шығару туралы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығы) шығарылған күннен бастап тоқтатып қойылады және тұрғын үй комиссиясының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімінің шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда әскери қызметші одан әрi әскери қызметін өткеру үшін келген мемлекеттік мекеменің бөлімнің жеке құрамының тізіміне қосу туралы бұйрығы негізінде тоқтатып қойылған күнінен бастап қайта басталады.
Бұл ретте әскери қызметші одан әрі қызмет өткеру үшін келген мемлекеттік мекеме бөлімнің жеке құрамының тізіміне қосу туралы бұйрық шығарған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң әскери қызметші тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат берген жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдері баянат тіркелген күннен бастап қайта басталады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.55. Әскери қызметшіге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздемесін мазмұндап хат жолдайды.
Бұл ретте банк Заңның 101-5-бабының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттардан басқа, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалдау ақысын төлеуден басқа жағдайларға адамға жеке арнайы шотындағы ақшаны беруге құқығы жоқ.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен._____________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі
Р/с № | Бөлімше атауы | Т.А.Ә. (толық) | Төлемдер басталған күн |
Ниет білдірілген тұрғынжай ауданы |
Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың |
Ағымда | Заңның 101-2-бабының 7-тармағында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (7-баған – 50%) (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Әскери қызметші бойынша жиыны | |||||||
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны | |||||||
Мемлекеттік мекеме бастығы | ________________ _________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) | ||||||
Қаржы бөлімшесінің бастығы | ________________ _________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) |
Ескертпе:
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;
2) 1 – 5-бағандардағы мәліметтерді Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.
_____________________________________________ бойынша
(мемлекеттік мекеменің атауы) біржолғы тұрғын үй төлемдерінің есебі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Бөлімшенің атауы | Тұрғынжайға мұқтаж адамның Т.А.Ә. (толық) | Отбасы құрамы | Ниет білдірілген тұрғынжай алаңы (ш.м.) | Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (айлар, күндер) |
Статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың |
Заңның 101-2-бабы 5-тармағының 1-бөлігінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы | Заңның 101-2-бабы 5-тармағының 3-бөлігінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (6-баған х 7-баған х 8-баған) (теңге) |
Заңның 101-2-бабының 6-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (6-баған |
Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы (6-баған | Бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы | Төленетін жиыны | |
Отбасы мүшелері | Адамдар саны, оның ішінде әскери қызметші | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Әскери қызметші бойынша жиыны | |||||||||||||
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны |
Мемлекеттік мекеме бастығы ________________ _________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Қаржы бөлімшесінің бастығы________________ _________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе:
1) біржолғы төлемдердің есебін мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;
2) 1 – 7-бағандардағы мәліметтерді Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.
Әскери қызметші ниет білдірген тұрғынжай алаңының есебі
Р/с № | Т.А.Ә. (толық) | Заңның 101-2-бабының талаптарына сәйкес әскери қызметші, оның ішінде отбасы мүшелері үшін тұрғынжай пайдалы алаңының нормасы (ш.м.) | Тұрғынжайдың нақты (бар) пайдалы алаңы (ш.м) |
Ниет білдірілген | |||
|
| отбасы мүшелері | |||||
|
| ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы __________________ _____________________
күні, қолы) (Т.А.Ә.)
20____ жылғы "____" _________
Ескертпе: әскери қызметші ниет білдірген тұрғынжай алаңы туралы мәліметтерді мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады.
_____________________________________________________________________ бойынша
(мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
Р/с | Бөлімше атауы | Т.А.Ә. | Отбасы құрамы |
Ниет білдірілген | |
отбасы мүшелері | адамдар саны, оның ішінде әскери қызметші | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Әскери қызметші бойынша жиыны | |||||
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны |
Мемлекеттік мекеме бастығы _______________________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ___________________ ______________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ___________________ ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады.
_______________________________________бойынша
(мемлекеттік мекеме атауы) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы____-бабының ___-тармағына сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Бөлімше атауы | Тұрғынжайға мұқтаж адамның Т.А.Ә. (толық) | 2018 ж. 01.01. жағдай бойынша әскери еңбек сіңірген жылдары (әскери қызмет өтілі) |
Әскери қызметшіні тұрғын | Отбасы құрамы | Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (8-баған – 5-баған) (айлар, күндер) | Ниет білдірілген тұрғын үй алаңы (3-қосымшаның 8-бағаны (ш.м.) | ||
Отбасы мүшелері | Адамдар саны, оның ішінде әскери қызметші |
Отбасы құрамын өзгерткен | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Әскери қызметші бойынша жиыны | |||||||||
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны |
Мемлекеттік мекеме бастығы _______________________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ___________________ _____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ___________________ ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (әскери қызметшінің жеке ісіне тігу үшін) ______________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің толық Т.А.Ә.)
Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "____" ________ №________хаттамасымен 20____ жылғы "____"___________________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____________________ теңгені құрайды.
Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Р/с |
Т.А.Ә. | Әскери қызметшінің отбасы мүшелері | Туған күні | Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күн | Туыстық дәрежесін растайтын құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ___________________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
20____ жылғы "____" __________________
Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушы және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі толтырады және оның басшысы қол қояды.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы
анықтама
(әскери қызметшінің жеке ісіне тігу үшін) ________________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)
Тұрғын үй комиссиясының 20____жылғы "____"__________№_______________ хаттамасымен 20 ____ жылғы "____"__________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.
20 ____ жылғы "____"__________ №___________баянат негізінде және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ____бабының ___тармағына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
2018 жылғы 1 қаңтарда еңбек сіңірген жылдары ____ жыл ____ ай ____ күнді құрайды.
Қызмет өткеру туралы мәліметтер:
Р/с | Әскери қызмет кезеңі | Әскери қызмет өткеру туралы бұйрықтардың нөмірлері | Қазақстан Республикасының өңірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Р/с № | Т.А.Ә. (толық) | Әскери қызметшінің отбасы мүшелері | Туған күні | Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күн | Туыстық дәрежесін растайтын құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мемлекеттік мекеме бастығы ____________________ _________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ___________________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы __________________ _______________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушы және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі толтырады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (банкке ұсыну үшін) ______________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)
Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 44-3) тармақшасына сәйкес аталған әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____теңгені құрайды.
Мемлекеттік мекеме бастығы ____________________ ______________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы
анықтама (банкке ұсыну үшін) ______________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)
Ескерту. 9-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы _____-бабының ___-тармағына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Мемлекеттік мекеме бастығы _______________________ ______________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Тұрғын үй төлемдері туралы ШАРТ
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бұдан әрі "банк" деп аталатын _________________банкінің атынан ______________ негізінде әрекет ететін ____________________, бұдан әрі "мемлекеттік мекеме" деп аталатын "____________________"мемлекеттік мекемесінің атынан ________________негізінде әрекет ететін _____________________ және бұдан әрі "алушы" деп аталатын, _______жылғы "___" ____________берген №____ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін алушы ______________, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы "__"______ №___ қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай беру орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге ай сайынғы негізде, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер.
2. Шарттың мәні
2.1. Алушы анықтаманы (Қағидаларға 8 және 9-қосымшалар), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін банк алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан тұрғын үй төлемдерін алуы үшін алушыға теңгеде дербес арнайы ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – шот) ашады.
2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны банкте ашылған алушының шотына аударады.
2.3. Алушы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.
2.4. Банк алушының шотындағы тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.
2.5. Шотты ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес банк, мемлекеттік мекеме және алушы жүзеге асырады.
3. Шотты жүргізу
3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін шотқа аударады;
2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымдарын жүзеге асырады;
3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;
4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шоттағы ақша қалдығы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;
5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.
Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.
3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.
3.3. Шотты ашу, қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындарын қоспағанда, төлеу күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы алушы дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындары мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.
4.2. Мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтаруға құқылы.
4.3. Алушы:
1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;
2) отбасы құрамы өзгерген кезде ол туралы азаматтық хал актілері тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 (он) күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;
3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алғаны үшін ақы төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;
4) шоттан ақша алушымен шарт бұзылған жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
4.4. Алушы:
1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;
2) әскери қызмет өткеретін орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін олардың мақсаты бойынша пайдалануға;
3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасау арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.
4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.
4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес алушы банкке алушының қосымша келісімінсіз (акцептсіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны есептен шығаруға құқық береді.
4.7. Алушы өз деректемелерінің (паспорттық деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттарда қамтылған басқа да мәліметтер) өзгеруі туралы олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей банкке жазбаша хабарлауға міндеттенеді.
5. Есеп айырысу тәртібі
5.1. Тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы өзі ашады және оған дербес қызмет көрсетіледі.
6. Дауларды шешу тәртібі
6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.
6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге қол жеткізбеген кезде даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
7. Қосымша шарттар
7.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.
7.2. Осы шарт тек Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.
7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
7.4. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей үш данада жасалды.
7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.
8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау
8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
8.2. Кез келген жағдайларда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекеттерімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.
8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті банкке осындай операция жүргізілген факті туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.
9. Алушының, мемлекеттік мекеменің және Банктің тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған жағдайдағы іс-қимылдарының тәртібі
9.1. Алушы шоттағы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтерді алған кезде төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының болмауын анықтап, мемлекеттік мекеменің басшысына тиісті мәліметтер алу және жол берілген қателерді түзетуге шаралар қабылдау үшін қателерді (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) анықтағаны және оған кез келген уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерінен өзіне қатысты үзінділерді ұсынғаны туралы жазбаша өтініш жолдайды.
9.2. Мемлекеттік мекеме қателерді анықтаған немесе тұрғын үй төлемдерінің сомасын аудару кезінде жол берілген қателер анықталғаны туралы алушының жазбаша өтінішін алған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған алушының оның шотынан қате аударылған сомаларды есептен шығаруға келіскені туралы өтініші қоса беріледі.
9.3. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға өтініште мыналар көрсетіледі: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктің сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қатеге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, оның қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтері) қол қоюға және мөрмен расталуға тиіс.
9.4. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:
1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;
2) расталған қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсімдері бойынша қайтарудың болмауы фактісін тексереді;
3) бенефициардың, оның шотына қате түскен ақшаны банктің есептен шығаруына келісімінің бар болуын тексереді;
4) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерді негіздеумен оны қайтару мүмкін емес екені туралы хабарлайды.
9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қатеге жол берген жағдайда банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы кейіннен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді.
Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны алушы төленетін күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес төлейді.
9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.
10. Әртүрлі
10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
10.2. Шартқа сәйкес Шарт шот жабылғанға дейін жарамды болады.
10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.
10.4. Алушы банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақшаның қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.
11. Шартты өзгерту тәртібі
11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
12. Форс-мажор
12.1. Егер осы орындамау болжанбаған жағдайлар, атап айтқанда: осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылдары салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады.
13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері
Мемлекеттік мекеме: |
Банк: |
Алушы: |
Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері және дербес арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналы
Р/с № | Тіркелген күні | Тұрғын үй төлемдерін алушы әскери қызметшінің Т.А.Ә. (толық) | Тұрғын үй төлемдері туралы шарт | Банктің атауы | Әскери қызметшінің дербес арнайы шотының нөмірі | |
күні | № | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
20_____ жылғы "____" ___________ __________________________
(күні) (қала, ауыл)
Ескертпе: әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері және дербес арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.
Тұрғын үй төлемдерін алушының № ___________________________________ талдамалық есепке алу карточкасы
ЖСН | |
(СТН) _____________________________ Дербес арнайы шоттың нөмірі __________________ Банктің атауы ____________________________ |
|
____________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық) |
тұрғын үй комиссиясының 20_____жылғы "____"______№______хаттамасымен және _____________ _________________________________________________ бұйрығымен (мекеменің бірінші басшысы бұйрығының күні, нөмірі)
1) 20_____ жылғы "___" ____________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды;
(күні)
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды;
(сомасы)
3) біржолғы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды.
(сомасы)
Сыртқы бету
Р/с № | Кезең | Басындағы сальдо (теңге) | Бір айда есептелгені (теңге) | Аударылды | Соңындағы сальдо | ||
сомасы (теңге) | төлем құжатының нөмірі, күні | төлем құжатының сомасы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Қаңтар | ||||||
2 | Ақпан | ||||||
3 | Наурыз | ||||||
4 | Сәуір | ||||||
5 | Мамыр | ||||||
6 | Маусым | ||||||
7 | Шілде | ||||||
8 | Тамыз | ||||||
9 | Қыркүйек | ||||||
10 | Қазан | ||||||
11 | Қараша | ||||||
12 | Желтоқсан | ||||||
Жиыны | 0 | 0 | х | х |
Мемлекеттік мекеме бастығы ___________________ ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Қаржы бөлімшесінің бастығы ___________________ ___________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы ___________________ ___________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 67, 967-құжат).
2. "Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 538 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 35, 520-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 01.11.2017).