Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" 2018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 800 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.06.2026 № 487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он жыл және одан көп әскери қызметте болған және күнтізбелік есептеумен жиырма жыл әскери қызметте болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар, жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларында көрсетілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін алушы белгіленген тәртіппен мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) баянат (өтініш);

      2) алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, алушының отбасы мүшелері бар болса, некеге тұру (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларында айқындалған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қайтыс болу туралы куәлік ұсынылады;

      3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;

      4) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;

      5) қызметтік тізім;

      6) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген әскери қызметтегі жай-күйі, отбасы құрамы, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу, тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;

      7) егер зайыбы (жұбайы) арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қазіргі немесе бұрынғы қызметкері немесе әскери қызметші болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      8) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген алушыны қоспағанда, қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесі;

      9) егер жұбайы (зайыбы) әскери қызметте және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарда, ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органда қызмет өткеріп жүрген немесе өткерген жағдайда, жұбайының (зайыбының) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 101-2-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде айқындалған жағдайда өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төленбейді.

      Ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылған жағдайда мемлекеттік мекеме баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмей, алушыға дәлелді жазбаша хабарлама жолдайды.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Ақшалай өтемақының қатаң нысаналы мақсаты бар және оны алушы Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалануына болмайды.

      Ақшалай өтемақы төленген алушылар олардың нысаналы пайдаланылғанын растау мақсатында тұрғын үй төлемдерінің Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттар бойынша пайдаланылғанын растайтын құжаттарды алты ай ішінде ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметші немесе әскери қызметтен шығарылған адам болса, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы ерлі-зайыптының таңдауы бойынша олардың біреуіне төленеді.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.06.2026 № 487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов