Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.


      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 101-2-бабына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және олардың отбасы мүшелерін – зайыбын (жұбайын), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласын (балаларын), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласын (балаларын) әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеруі кезеңінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда оларға ағымдағы тұрғын үй төлемдері жүзеге асырылатын әскери қызметшілерді қоспағанда, тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күнінен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

      2) әскери қызметшіге тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес әскери қызметші ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы айқындайтын тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп танылатын баянаттың тіркелген күні;

      3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер;

      4) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі;

      5) жеке арнайы шот – әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін аудару және Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін олардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банк шоты;

      6) мемлекеттік мекемелер – әскери қызметшілері тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемелері;

      7) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен құрылатын комиссия. Қарулы Күштерде әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселесін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді – жауапты құрылымдық бөлімшелердің тұрғын үй комиссиясы, ал тұрғын үй төлемдерін тағайындауды мемлекеттік мекемелер қарайды;

      8) тұрғын үй төлемдері – бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;

      9) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы.

      3. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда оларды алатын әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жатады.

      Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану жолымен жеке меншікке тұрғынжай сатып алуға құқығы бір рет жүзеге асырылады.

      Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтамаларды ұсынуымен олардың баянаты негізінде тек біреуіне жүргізіледі.

      4. Жүктілігі және босануы, бала күтімі бойынша қосымша демалыстарда, іссапарда, оқуда, емделуде болатын әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

      5. Әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған әскери қызметшілерді есепке алуды мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.

      7. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жасаған тізімдер негізінде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі жүргізеді.

      8. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны әскери қызметші Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.

      9. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін әскери қызметшінің жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.

      Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік мекеме жоспарлаған, бірақ пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.

      10. Қаза табуына (қайтыс болуына), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болған деп жариялануына байланысты әскери қызметші бөлімнің жеке құрамы тізімдерінен алып тасталған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлері жеке арнайы шотта жатқан тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте осындай әскери қызметшінің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.

2-тарау. Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету тәртібі

      11. Әскери қызметшілердің (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және олардың отбасы мүшелерінің – жұбайының (зайыбының), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласының (балаларының), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласының (балаларының) тұрғынжайға құқығын іске асыруы олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      12. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін әскери қызметшілер тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат береді. Баянатты қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Баянатқа:

      1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызмет орнынан отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы анықтама);

      3) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде неке (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      4) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған әскери қызметшіде және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы жергілікті атқарушы органнан анықтама;

      5) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған жағдайда, баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу туралы мәліметтер бар зайыбының (жұбайының) жұмыс орнынан анықтама;

      6) бұрынғы қызмет орны бойынша, егер әскери қызметшіге тұрғынжай берілген болса, қызметтік тұрғынжайды тапсырғаны туралы анықтама;

      7) кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын отбасы мүшелері бар болған кезде денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;

      8) отбасында он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған баласы бар болған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама;

      9) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бермеген жағдайларда әскери қызметші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      10) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға жауап бермеген жағдайларда әскери қызметші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының түпнұсқасын (тұрғынжайды техникалық тексеру нәтижелері бойынша) қосымша ұсынады;

      11) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан жағдайларда әскери қызметші өзі тұрып жатқан тұрғын үйге техникалық паспорттың және құқық белгілейтін құжаттың көшірмелерін қосымша ұсынады;

      12) әскери қызметші тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігіне байланысты өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат берген жағдайда, өзi тұратын тұрғынжайдың алаңын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      13) осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің қолданылуын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсынады.

      13. Жауапты құрылымдық бөлімше баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше оларды пысықтау үшін әскери қызметшіге қайтарады. Әскери қызметші он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш береді, бұл ретте баянат алғаш тіркелген күн берілді деп саналады.

      14. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану тұрғын үй комиссиясының шешімімен баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Қабылданған шешім туралы әскери қызметшілер жазбаша түрде хабардар етіледі. Бұл ретте тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күн және кезектілік нөмірі немесе мұқтаж деп танудан бас тарту себебі көрсетіледі.

      15. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді есепке алуды жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Кезектілік тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күні бойынша жасалатын тізімдер бойынша белгіленеді.

      16. Әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаждар есебінен алу Заңмен айқындалған негіздер бойынша жүргізіледі.

      17. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілгенше өздері тұратын тұрғынжайдан шығарылмайды.

      18. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Әскери қызметшілерге қызметтік тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша жеке тұрғын үй, пәтерлер не жатақханалардағы бөлмелер беріледі.

      20. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте күнтізбелік есептеуде он және одан көп жыл болған әскери қызметшілердің берілген қызметтік тұрғынжайда тұру және Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.

      21. Тұрып жатқан тұрғынжайды жекешелендіру құқығы бар адамдарды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған адамдар бөлімнің тізімдерінен шығарылған сәттен бастап бір ай ішінде оларға берілген қызметтік тұрғынжайларды тапсырады.

3-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі

      22. Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

      23. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын деректерге сәйкес айқындалады.

      24. Заңның 101-2-бабының 5-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметші қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, оның өзгеруін ескере отырып, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғынжай алаңына және мұқтаждың мәртебесінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

      25. Заңның 101-2-бабының 6-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, оның қызметтен шығу сәтіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әскери қызметші әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы есептеледі.

      26. Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, әскери қызметші қаза тапқан сәттегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы есептеледі.

      27. Әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Қағидалармен есептелген тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Әскери қызметшінің тұрғынжай жағдайларын жақсарту үшін тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғынжайдың пайдалы алаңы нормасы мен әскери қызметшіге ұсынылған тұрғынжайдың пайдалы алаңы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      29. Әскери қызметші ниет білдірген тұрғынжай алаңының есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

      30. Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда тұрғын үй төлемінің мөлшері – аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.

4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі

      31. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері жауапты құрылымдық бөлімшенің тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою туралы анықтамасын ұсынумен мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен өтініш жасайды.

      32. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілері мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен өтініш жасайды.

      Баянатқа:

      1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі берген қызмет орнынан отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғынжайының болуы немесе болмауы туралы);

      3) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде неке (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      4) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған жергілікті атқарушы органның анықтамасы (әскери қызметшіде және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      5) зайыбы (жұбайы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған зайыбының (жұбайының) жұмыс орнынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу туралы мәліметтермен анықтама;

      6) егер әскери қызметшіге тұрғынжай берілген болса, бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайды тапсыру туралы анықтама қоса беріледі.

      33. Заңның 101-2-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін әскери қызметшілер қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесін ұсынады.

      34. Заңның 101-2-бабының 5-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін өздері әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен өтініш жасайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарында, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерудің барлық кезеңінде оны тұрғынжайға мұқтаж деп тануды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, әскери қызметшілер мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен өтініш жасайды.

      Қызмет өткеру орындары бойынша тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін растау үшін әскери қызметшілер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгені не қамтамасыз етілмегені туралы анықтамасы;

      2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған жергілікті атқарушы органның анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдаланудағы тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      4) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызмет орнынан отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      5) қызметтік тізім;

      6) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (неке (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктерінің) көшірмелері;

      7) балаларда олар он сегіз жасқа толғанға дейін алынған мүгедектік болған кезде мүгедектікті растайтын құжаттардың көшірмелері;

      8) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін растайтын өзге де құжаттар болып табылады.

      Бұл ретте біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінде болу кезеңі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мемлекеттік мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап белгіленеді.

      Көрсетілген күнді айқындау мүмкін болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мемлекеттік мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы алғаш баянат берілген күннен бастап.

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан қызметтік тұрғынжайда және (немесе) жатақханада тұрған әскери қызметшілерге әскери қызметтен шығарылған кезде (теріс себептер бойынша қызметтен шығарылу жағдайларын қоспағанда) біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған барлық кезең үшін тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге алуы бөлігінде осы тармақтың күші, купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған әскери қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырған не өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған әскери қызметшілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Заңның 101-2-бабының 6-тармағында көзделген негіз бойынша әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен (өтінішпен) өтініш жасайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция алушыларын қоспағанда, біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін алушылар мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен (өтінішпен) өтініш жасайды.

      Баянатқа (өтінішке):

      1) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде неке (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған жергілікті атқарушы органның анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдаланудағы тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      4) қызметтік тізім;

      5) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызмет орнынан отбасы құрамы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      6) әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі қоса беріледі.

      Осы тармақта көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы әскери қызметші құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларда төленбейді.

      36. Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік мекеме тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына өтініш жасайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция алушыларын қоспағанда, біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін алушылар мемлекеттік мекеме басшысының атына өтініш жасайды.

      Өтінішке:

      1) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде неке (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған аумақтық әділет органының анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған жергілікті атқарушы органның анықтамасы (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдаланудағы тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);

      4) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

      5) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызмет орнынан отбасы құрамы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      6) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген әскери қызметші әскери қызмет өткерген мемлекеттік мекеме басшысының бөлiм жеке құрамының тiзiмдерiнен шығару туралы бұйрығынан үзiндi;

      7) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызметтік тергеп-тексеру қорытындылары туралы бұйрықтан үзінді (әскери қызметшiнiң қаза табуының (қайтыс болуының) себептерi мен мән-жайлары) қоса беріледі.

      Осы тармақта көзделген тұрғын үй төлемдері, егер әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы):

      1) өзiне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өзiне-өзі қол жұмсауы салдарынан;

      2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;

      3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;

      4) біржолғы ақшалай өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзiне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесiн зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;

      5) қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын бұзған арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшінің әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.

      37. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі оларды алушыға пысықтау үшін қайтарады. Алушы он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) алғаш тіркелген күн берілген күн болып саналады.

      38. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция мемлекеттік мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі алушының баянаты (өтініші) тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей оны қарайды және айына бір реттен сиретпей өткізілетін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.

      Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі оларды алушыға пысықтау үшін қайтарады. Алушы он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) алғаш тіркелген күн берілген күн болып саналады.

      39. Баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.

      40. Ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі негізінде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылар сомаларының есебін дайындайды.

      41. Ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын мемлекеттік мекеме бірінші басшысының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерінікі – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) бекітіледі.

      Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі бекітілгеннен кейін мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес анықтамаларды әскери қызметшінің жеке ісіне тігеді.

      42. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізіміне және олардың есебіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу олардың отбасы құрамы өзгерген, бір өңірден екіншісіне қоныс аударуына байланысты қызмет орнын ауыстырған, әскери қызметші алаңы пайдалы алаң нормасына сәйкес келмейтін берілген қызметтік тұрғынжайды қайтарған кезде, сондай-ақ Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу

      43. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:

      1) отбасы құрамы, оның ішінде он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған баланы (балаларды) қоспағанда, баланың (балалардың) кәмелеттік жасқа толуымен өзгерген;

      2) бір елді мекеннен екіншісіне қоныс аударуына байланысты әскери қызмет орнын ауыстырған;

      3) әскери қызметші алаңы пайдалы алаң нормасына сәйкес келмейтін берілген қызметтік тұрғынжайды қайтарған;

      4) ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалдау құны жыл сайын өзгерген кезде жүргізіледі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарды қоса берумен әскери қызметшінің баянаты негізінде шығарылатын мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) жүргізіледі.

      44. Әскери қызметші одан әрі әскери қызмет өткеру үшін басқа өңірге кеткен кезде, егер тиісті шарт Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алумен жалға алуды төлеу үшін жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдері ол әскери қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.

      Бұл ретте отбасы құрамы көбею жағына өзгерген жағдайда оған байланысты отбасының құрамы көбейген отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу әскери қызметші әскери қызмет өткеретін өңірдегі сомаға сүйене отырып жүзеге асырылады.

      45. Осы Қағидалардың 43-тармағында айқындалған жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы оқиға нақты болған сәттен бастап есептеледі.

      46. Өткен кезең үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу жүргізілмейді.

6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      47. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты осы Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қосымша анықтаманы қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір әскери қызметші дербес ашады.

      48. Мемлекеттік мекеме, әскери қызметші және банк арасында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      Бұл ретте шарт мемлекеттік мекеме тарапынан нақты немесе шартты атауы бойынша жасалады.

      Мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі шартты және әскери қызметшінің жеке арнайы шотын осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналына тіркейді.

      49. Мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің есептелген және төленген сомалары бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық есепке алу карточкасында есепке алуды жүзеге асырады.

      50. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері әскери қызмет өткеру орны бойынша ағымдағы айда өткен ай үшін ақшалай ризық төлеумен бір уақытта жүргізіледі. Желтоқсанда ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Әскери қызметке кіру және одан шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне барабар жүзеге асырылады.

      51. Әскери қызметші әскери қызметтен ауысқан, шығарылған кезде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі талдамалық есепке алу карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақшалай аттестатта оған жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтерді көрсетеді.

7-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау

      52. Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдері тоқтатылады.

      53. Тұрғын үй төлемдері мемлекеттік мекеме бірінші басшысының бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) мынадай мерзімдерде:

      1) әскери қызметші әскери қызметтен шығарылған жағдайларда жеке құрамның тізімдерінен шығарылған күннен бастап;

      2) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені олар орындамаған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;

      3) әскери қызметші қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған күннен бастап;

      4) әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алудан бас тарту туралы баянат берген күннен бастап тоқтатылады.

      54. Әскери қызметші ауысқан кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері мемлекеттік мекеме бірінші басшысының бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады және белгіленген тәртіппен оған осы төлемдерді тағайындаған жағдайда әскери қызметші одан әрi әскери қызметті өткеру үшін келген мемлекеттік мекеме оларды қайта бастайды.

      55. Әскери қызметшіге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздемесін мазмұндап хат жолдайды.


  Әскери қызметшілерді
қызметтік тұрғынжаймен
қамтамасыз ету, тұрғын үй
төлемдерінің мөлшерін
есептеу, оларды тағайындау,
қайта есептеу, жүзеге асыру,
тоқтату, тоқтата тұру және
қайта бастау қағидаларына
1-қосымша

_____________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі


Р/с №

Бөлімше атауы

Т.А.Ә. (толық)

Төлемдер басталған күн

Ниет білдірілген тұрғынжай ауданы
(3-қосымшаның 8-бағанынан)

Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың
1 шаршы метрін жалдау құны (теңге)

Ағымда
ғы тұрғын үй төлемінің бір айлық сомасы
(5-баған
х 6-баған) (теңге)

Заңның 101-2-бабының 7-тармағында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (7-баған – 50%) (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8









Әскери қызметші бойынша жиыны






Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны







Мемлекеттік мекеме бастығы



________________  _________________

(күні, қолы) (Т.А.Ә.)

Қаржы бөлімшесінің бастығы

________________  _________________

(күні, қолы) (Т.А.Ә.)



      Ескертпе:

      1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;

      2) 1 – 5-бағандардағы мәліметтерді Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.


  Әскери қызметшілерді
қызметтік тұрғынжаймен
қамтамасыз ету, тұрғын үй
төлемдерінің мөлшерін есептеу,
оларды тағайындау, қайта
есептеу, жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта бастау
қағидаларына
2-қосымша

_____________________________________________ бойынша

(мемлекеттік мекеменің атауы) біржолғы тұрғын үй төлемдерінің есебі


Р/с №

Бөлімшенің атауы

Тұрғынжайға мұқтаж адамның Т.А.Ә. (толық)

Отбасы құрамы

Ниет білдірілген тұрғынжай алаңы (ш.м.)

Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (айлар)

Статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың
1 ш. м. жалдау/сатып алу құны (теңге)

Заңның 101-2-бабы 5-тармағының 1-бөлігінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы
(6-баған х 7-баған х 8-баған) (теңге)

Заңның 101-2-бабы 5-тармағының 2-бөлігінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы
(6-баған х7-баған х 8-баған) (теңге)

Заңның 101-2-бабының  6-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (6-баған
х 8-баған) (теңге)

Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы (6-баған
х 8-баған) (теңге)

Бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы

Төленетін жиыны

Отбасы мүшелері

Адамдар саны, оның ішінде әскери қызметші

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Әскери қызметші бойынша жиыны












Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны













      Мемлекеттік мекеме бастығы ________________  _________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Қаржы бөлімшесінің бастығы________________  _________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Ескертпе:

      1) біржолғы төлемдердің есебін мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;

      2) 1 – 7-бағандардағы мәліметтерді Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.


  Әскери қызметшілерді
қызметтік тұрғынжаймен
қамтамасыз ету, тұрғын үй
төлемдерінің мөлшерін есептеу,
оларды тағайындау, қайта
есептеу, жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта бастау
қағидаларына
  3-қосымша

Әскери қызметші ниет білдірген тұрғынжай алаңының есебі


Р/с №

Т.А.Ә. (толық)

Заңның 101-2-бабының талаптарына сәйкес әскери қызметші, оның ішінде отбасы мүшелері үшін тұрғынжай пайдалы алаңының нормасы (ш.м.)

Тұрғынжайдың нақты (бар) пайдалы алаңы (ш.м)

Ниет білдірілген
тұрғын үй алаңы
(3-баған – 4-баған (ш.м.)

 
барлығы (5-баған +
7-баған)

 
әскери қызметші

отбасы мүшелері

 
туыстық дәрежесі

 
алаң көлемі

1

2

3

4

5

6

7

8











      Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы __________________ _____________________

      күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      20____ жылғы "____" _________


      Ескертпе: әскери қызметші ниет білдірген тұрғынжай алаңы туралы мәліметтерді мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады.


  Әскери қызметшілерді
қызметтік тұрғынжаймен
қамтамасыз ету, тұрғын үй
төлемдерінің мөлшерін есептеу,
оларды тағайындау, қайта
есептеу, жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта бастау
қағидаларына
4-қосымша

_____________________________________________________________________ бойынша

(мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі

Р/с

Бөлімше атауы

Т.А.Ә.

Отбасы құрамы

Ниет білдірілген
тұрғынжайдың алаңы
(3-қосымшаның 8-бағанынан) (ш.м.)

отбасы мүшелері

адамдар саны, оның ішінде әскери қызметші

1

2

3

4

5

6

Әскери қызметші бойынша жиыны




Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны






      Мемлекеттік мекеме бастығы _______________________ __________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)


      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ___________________ ______________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ___________________ ____________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)     


      Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады.


  Әскери қызметшілерді
қызметтік тұрғынжаймен
қамтамасыз ету, тұрғын үй
төлемдерінің мөлшерін есептеу,
оларды тағайындау, қайта
есептеу, жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта бастау
қағидаларына
5-қосымша

_______________________________________бойынша

(мемлекеттік мекеме атауы) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы____-бабының ___-тармағына сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі


Р/с №

Бөлімше атауы

Тұрғынжайға мұқтаж адамның Т.А.Ә. (толық)

2018 ж. 01.01. жағдай бойынша әскери еңбек сіңірген жылдары (әскери қызмет өтілі)

Әскери қызметшіні тұрғын
жайға мұқтаж деп танылған күні (күні, айы, жылы)

Отбасы құрамы

Біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу кезеңі
8-баған – 5-баған (айлар)

Ниет білдірілген тұрғын үй алаңы (3-қосымшаның 8-бағаны (ш.м.)

Отбасы мүшелері

Адамдар саны, оның ішінде әскери қызметші

Отбасы құрамын өзгерткен
күні, туыстық дәрежесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Әскери қызметші бойынша жиыны







Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны








      Мемлекеттік мекеме бастығы _______________________ __________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)     

      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ___________________ _____________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ___________________ ____________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)


      Ескертпе: біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады.


  Әскери қызметшілерді
қызметтік тұрғынжаймен
қамтамасыз ету, тұрғын үй
төлемдерінің мөлшерін есептеу,
оларды тағайындау, қайта
есептеу, жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта бастау
қағидаларына
6-қосымша

Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (әскери қызметшінің жеке ісіне тігу үшін) ______________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің толық Т.А.Ә.)

      Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "____" ________ №________хаттамасымен 20____ жылғы "____"___________________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____________________ теңгені құрайды.

      Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер:


Р/с

Т.А.Ә.
(толық)

Әскери қызметшінің отбасы мүшелері

Туған күні

Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күн

Туыстық дәрежесін растайтын құжат

1

2

3

4

5

6


      Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ___________________ __________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      20____ жылғы "____" __________________


      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушы және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі толтырады және оның басшысы қол қояды.


  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
  7-қосымша

Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы
анықтама
(әскери қызметшінің жеке ісіне тігу үшін) ________________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)

      Тұрғын үй комиссиясының 20____жылғы "____"__________№_______________ хаттамасымен 20 ____ жылғы   "____"__________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

      20 ____ жылғы "____"__________ №___________баянат негізінде және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ____бабының ___тармағына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.

      2018 жылғы 1 қаңтарда еңбек сіңірген жылдары ____ жыл ____ ай ____ күнді құрайды.

      Қызмет өткеру туралы мәліметтер:


Р/с

Әскери қызмет кезеңі

Әскери қызмет өткеру туралы бұйрықтардың нөмірлері

Қазақстан Республикасының өңірі

1

2

3

4






      Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер:


Р/с №

Т.А.Ә. (толық)

Әскери қызметшінің отбасы мүшелері

Туған күні

Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күн

Туыстық дәрежесін растайтын құжат

1

2

3

4

5

6








      Мемлекеттік мекеме бастығы ____________________ _________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)     

      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ___________________ __________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)


      Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы __________________ _______________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)


      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушы және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі толтырады.


  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
  8-қосымша

Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (банкке ұсыну үшін) ______________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)


      Тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы "____" _____№______хаттамасымен 20__ жылғы "____"_бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 44-2) тармақшасына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____теңгені құрайды.


      Мемлекеттік мекеме бастығы ____________________ ______________________

      (күні, қолы)            (Т.А.Ә.)

      М.О.


  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
  9-қосымша

Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы
анықтама (банкке ұсыну үшін) ______________________________________________________________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)


      Тұрғын үй комиссиясының 20_____жылғы "___" _____ №____хаттамасымен 20____ жылғы "____"______бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы _____-бабының ___-тармағына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.


      Мемлекеттік мекеме бастығы _______________________ ______________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)


      М.О.


  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
10-қосымша

Тұрғын үй төлемдері туралы ШАРТ

      Бұдан әрі "банк" деп аталатын, ______________ негізінде әрекет ететін ____________________банкінің атынан_______________________, бұдан әрі "мемлекеттік мекеме" деп аталатын, ___________________негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің атынан_________________________ және бұдан әрі "әскери қызметші" деп аталатын, _______жылғы "___" ______________берген №_______ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің әскери қызметшісі ______________ бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы "__"______ №___ қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй төлемдері – қызметтік тұрғынжай беру орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдерін алушыларға арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, ағымдағы тұрғын үй төлемдері 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын әскери қызметшілерді қоспағанда, тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге ай сайынғы негізде, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

      3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер.

2. Шарттың нысанасы

      2.1. Банк әскери қызметші анықтаманы (Қағидалардың 8 және 9-қосымшалары), мемлекеттік мекеме мен әскери қызметші қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін әскери қызметшіге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін алуы үшін теңгеде дербес арнайы ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – шот) ашады.

      2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны банкте ашылған әскери қызметшінің шотына аударады.

      2.3. Әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.

      2.4. Банк әскери қызметшінің шотындағы тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.

      2.5. Шотты ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес банк, мемлекеттік мекеме және әскери қызметші жүзеге асырады.

3. Шотты жүргізу

      3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін шотқа аударады;

      2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымдарын жүзеге асырады;

      3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;

      4) әскери қызметшінің жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ әскери қызметшіге шоттағы ақша қалдығы туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;

      5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.

      Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.

      3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.

      3.3. Шотты ашу, қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындарын қоспағанда, төлеу күні қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы әскери қызметші дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындары мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес әскери қызметшінің шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.

      4.2. Мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтаруға құқылы.

      4.3. Әскери қызметші:

      1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;

      2) отбасы құрамы өзгерген кезде ол туралы азаматтық хал актілері тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;

      3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғынжайды жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде ол туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемеге хабарлауға;

      4) шоттан ақша алушымен шарт бұзылған жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4.4. Әскери қызметші:

      1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;

      2) әскери қызмет өткеретін орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін олардың мақсаты бойынша пайдалануға;

      3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.

      4.5. Банк әскери қызметшінің операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.

      4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес әскери қызметші банкке әскери қызметшінің қосымша келісімінсіз (акцептсіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны есептен шығаруға құқық береді.

      4.7. Әскери қызметші өз деректемелерінің (төлқұжат деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттарда қамтылған басқа да мәліметтер) өзгеруі туралы олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей банкке жазбаша хабарлауға міндеттенеді.

5. Есеп айырысу тәртібі

      5.1. Тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір әскери қызметші өзі ашады және оған дербес қызмет көрсетіледі.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.

      6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге қол жеткізбеген кезде даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

7. Қосымша шарттар

      7.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.

      7.2. Осы шарт тек Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.

      7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

      7.4. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей үш данада жасалды.

      7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

      7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.

8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау

      8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

      8.2. Кез келген жағдайларда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекеттерімен/әрекетсіздігімен әскери қызметшіге келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.

      8.3. Әскери қызметші шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті осындай операция жүргізілген факті туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.

9. Әскери қызметшінің, мемлекеттік мекеменің және Банктің тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған кездегі іс-қимылдарының тәртібі

      9.1. Әскери қызметші шоттағы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтер алған кезде төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының болмауын анықтап, мемлекеттік мекеменің басшысына тиісті мәліметтер алу үшін және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателер (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) анықтағаны туралы және оған барлық уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен өзіне қатысты үзінділерді беру туралы жазбаша өтініш жолдайды.

      9.2. Мемлекеттік мекеме қателер анықтаған немесе тұрғын үй төлемдерінің сомасын аудару кезінде жол берілген қателер анықталғаны туралы әскери қызметшінің жазбаша өтінішін алған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған әскери қызметшінің оның шотынан қате аударылған сомаларды есептен шығаруға келіскені туралы өтініші қоса беріледі.

      9.3. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға өтініште мыналар көрсетіледі: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қатеге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, оның қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтері) қол қоюға және мөрмен расталуға тиіс.

      9.4. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға өтініші келіп түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:

      1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;

      2) расталған қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсімдері бойынша қайтарудың болмауы фактісін тексереді;

      3) бенефициардың, оның шотына қате аударылған ақшаны банктің есептен шығаруына келісімінің бар болуын тексереді;

      4) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерді негіздеумен оны қайтару мүмкін емес екені туралы хабарлайды.

      9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қатеге жол берген жағдайда банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      9.6. Әскери қызметшінің шотында қаражат болмаған жағдайда әскери қызметші кейіннен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді.

      Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны әскери қызметші төленетін күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес төлейді.

      9.7. Әскери қызметші заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.

10. Әртүрлі

      10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

      10.2. Шартқа сәйкес Шарт шот жабылғанға дейін жарамды.

      10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.

      10.4. Әскери қызметші банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақшаның қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.

11. Шартты өзгерту тәртібі

      11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.

12. Форс-мажор

      12.1. Егер орындамау болжанбайтын жағдайлар, атап айтқанда: осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылдары салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері


Мемлекеттік мекеме:
_________________________
(толық атауы)
_________________________
(мекенжайы)
_________________________
(телефоны)
_________________________
(Т.А.Ә.)
_________________________
(қолы)
_________________________
20__жылғы"___"__________
_________________________
М.О. ____________________

Банк:
_________________________
(толық атауы)
_________________________
(мекенжайы)
_________________________
(телефоны)
_________________________
(Т.А.Ә.)
_________________________
(қолы)
_________________________
20__жылғы "___"_________
_________________________
М.О._____________________
 

Әскери қызметші:
________________________
(Т.А.Ә.) (толық)
________________________
________________________
(мекенжайы)
________________________
________________________
(телефоны)
________________________
(қолы)
________________________
20__жылғы "___"_______
________________________
 


  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
  11-қосымша

Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері және дербес арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналы


Р/с №

Тіркелген күні

Тұрғын үй төлемдерін алушы әскери қызметшінің Т.А.Ә. (толық)

Тұрғын үй төлемдері туралы шарт

Банктің атауы

Әскери қызметшінің дербес арнайы шотының нөмірі

күні


1

2

3

4

5

6

7










      20_____ жылғы "____" ___________              __________________________

                         (күні)                     (қала, ауыл)


      Ескертпе: әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері және дербес арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.

 
  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
  12-қосымша

Тұрғын үй төлемдерін алушының № ___________________________________ талдамалық есепке алу карточкасы


  ЖСН
  (СТН) _____________________________
Дербес арнайы шоттың нөмірі __________________
Банктің атауы ____________________________
  ____________________________ (әскери қызметшінің Т.А.Ә. толық)

тұрғын үй комиссиясының 20_____жылғы "____"______№______хаттамасымен және _____________ _________________________________________________ бұйрығымен (мекеменің бірінші басшысы бұйрығының күні, нөмірі)

      1) 20_____ жылғы "___" ____________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды;

      (күні)

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды;

      (сомасы)

      3) біржолғы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды.

      (сомасы)

      Сыртқы бету

Р/с №

Кезең

Басындағы сальдо (теңге)

Бір айда есептелгені (теңге)

Аударылды

Соңындағы сальдо

сомасы (теңге)

төлем құжатының нөмірі, күні

төлем құжатының сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қаңтар







2

Ақпан







3

Наурыз







4

Сәуір







5

Мамыр







6

Маусым







7

Шілде







8

Тамыз







9

Қыркүйек







10

Қазан







11

Қараша







12

Желтоқсан








Жиыны

0


0

х

х



      Мемлекеттік мекеме бастығы ___________________ ____________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)          

      Қаржы бөлімшесінің бастығы  ___________________ ___________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Орындаушы ___________________ ___________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)     

      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 49 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 67, 967-құжат).

      2. "Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 538 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 35, 520-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 01.11.2017).