«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссияның құрамы бекітілсін.
1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
4) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
7) бюджеттік мониторингің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
8) республикалық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
9) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды;
объектілер бөлінісіндегі бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, оның ішінде бюджеттік өтінімді жасау кезінде шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар ұсынылмайтын орталық мемлекеттік органдардың базалық шығыстарының тізбесі;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;
орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;
республикалық немесе жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік нормативтік құқықтық қаулыларының құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдері;
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі;
жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған өзге міндеттердің тізбесі;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;
есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдендірілген берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру;
бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резерв бөлу;
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.11.2018 № 720; 18.03.2021 № 154 қаулыларымен.
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және оларды алуға;
4) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмағанда - бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
5) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға құқылы.
8. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
9. Комиссияның хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
10. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
11. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде комиссия отырыстарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (келісім бойынша) мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.
12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен келісу және Комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау жөніндегі Комиссияның жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.
13. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен, сондай-ақ сауалнама жүргізу жолымен қабылданады және олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
14. Комиссия қабылдаған шешім Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және Комиссияның барлық мүшелерінің ортақ пікірін білдіретін хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия хаттамасына қоса тігілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.
1) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште Комиссияның хатшысы әр парағын растаған қосымшаларымен қоса Комиссия шешімдерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне;
2) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Комиссияның хатшысы әр парағын растаған қосымшаларымен бірге Комиссия шешімдерінің үзінділерін құзыретіне тиісті мәселелер кіретін орталық мемлекеттік органдарға жібереді.
16. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.
18. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді жұмыс органы жиырма жұмыс күнінен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакеті болған жағдайда Комиссияның қарауына шығарады.
Жұмыс органы Комиссия отырысында қарау үшін материалдарды Комиссия мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
19. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (келісім бойынша) Комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.
20. Комиссияның қызметін тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешім қабылдауы Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Ескерту. Комиссиясының құрамына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.11.2018 № 720; 05.07.2019 № 481; 20.05.2020 № 310 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, төрағаның орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша)
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Индустрия жжне инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрлері
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы