Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 806 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" 2019 жылғы 25 ақпандағы № 849 Жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |