"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"объектілер бөлінісіндегі бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;";
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |