Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2041 жылға дейінгі кезеңге "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Ақтау теңіз порты" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;

      2) "Оңтүстік" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;

      3) "Павлодар" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;

      4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінде:

      мына:

      "



17.23.11

Көшіру қағазы; ені 36 см-ден аспайтын өзге де өзін-өзі көшіру және көшіру немесе ауыстырмалы қағаз; көшіру аппараттарына арналған трафареттер және офсеттік қағаздан жасалған нысандар; жабысқақ немесе гуммирленген қағаз

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

19.20



Мұнайды өңдеу өнімдерін өндіру


 19.20.3


Табиғи газдан басқа, мұнай газдары және өзге де газ тәрізді көмірсутегілер



19.20.31

Сұйытылған пропан және бутан



19.20.32

Этиленді, пропиленді, бутиленді, бутадиенді қоса алғанда, тазартылған газдар және өзге де мұнай газдары


19.20.9


Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер



19.20.99

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер

20.11



Өнеркәсіптік газдар


 20.11.1 


Өнеркәсіптік газдар



 20.11.11

Сутегі, аргон, асыл (инертті) газдар, азот және оттегі


20.11.9


Өнеркәсіптік газдарды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер



20.11.99

Өнеркәсіптік газдарды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер

20.14



Өзге де негізгі органикалық химиялық заттарды өндіру


20.14.6


Қарапайым эфирлер, органикалық пероксидтер, эпоксидтер, ацетальдер және жартылай ацетальдер; өзге де органикалық қосылыстар



20.14.63

Қарапайым эфирлер, органикалық пероксидтер, эпоксидтер, ацетальдер және жартылай ацетальдер және олардың туындылары



20.14.99

Өзге де негізгі химиялық органикалық заттарды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер

20.16



Бастапқы қалыпта пластмассалар өндіру


20.16.5


Бастапқы қалыптағы өзге де пластмассалар; ион алмасу шайырлары



20.16.51

Өзге де бастапқы қалыптағы пропилен немесе олефиндер полимерлері


20.16.9


Бастапқы қалыптағы пластмассаларды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер



20.16.99

Бастапқы қалыптағы пластмассаларды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер

20.59



Басқа санаттарға қосылмаған өзге де химиялық өнімдерді өндіру


20.59.4


Майлайтын материалдар; қосымдар



20.59.42

Детонацияға қарсы құрамдар (антидетонаторлар); минералды майлар мен ұқсас өнімдерге арналған қосымдар


20.59.5


Өзге де химиялық өнімдер



20.59.59

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдер


20.59.9


Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер



20.59.99

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінде:

      мына:

      "



19.20.25

Керосин типтес реактивті отын

      "

      деген жолдан кейінгі:

      "



19.20.26

Газойльдер (дизельді отын)

      "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "



20.20.15

Бөлшек сауда үшін қалыптарға немесе орауыштарға өлшеп оралған немесе дайын препараттар немесе бұйымдар түрінде ұсынылған фунгицидтер

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "



20.20.19

Өзге де пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер

      ";

      мына:

      "



20.60.24

Жасанды монофиламентті жіптер; жасанды тоқыма материалдардан жасалған ленталар мен ұқсас бұйымдар

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

22.19



Өзге де резеңке өнімдер


22.19.1


Бастапқы қалыптағы немесе пластиналардағы, табақшалардағы немесе жолақтардағы қалпына келтірілген резеңке



22.19.10

Бастапқы қалыптағы немесе пластиналардағы, табақшалардағы немесе жолақтардағы қалпына келтірілген резеңке


22.19.2


Вулканизацияланбаған резеңке және одан жасалған бұйымдар; жіп, арқан, пластина, табақшалар, жолақтар, өзектер мен пішіндер түріндегі вулканизацияланған резеңке (қатты резеңкеден басқа)



22.19.20

Вулканизацияланбаған резеңке және одан жасалған бұйымдар; жіп, арқан, пластина, табақшалар жолақтар, өзектер мен пішіндер түріндегі вулканизацияланған резеңке (қатты резеңкеден басқа)


22.19.3


Резеңкеден (эбониттен басқа) жасалған құбырлар, түтікшелер, тармақтар мен шлангілер



22.19.30

Резеңкеден (эбониттен басқа) жасалған құбырлар, түтікшелер, тармақтар мен шлангілер


22.19.4


Резеңкеден жасалған конвейерлік (тасымалдаушы) ленталар мен келтіргіш баулар



22.19.40

Резеңкеден жасалған конвейерлік (тасымалдаушы) ленталар мен келтіргіш баулар


22.19.5


Арқаннан басқа, резеңкеленген тоқыма материалдар



22.19.50

Арқаннан басқа, резеңкеленген тоқыма материалдар


22.19.6


Эбониттен басқа, резеңкеден жасалған киім бөлшектері мен оның аксессуарлары



22.19.60

Эбониттен басқа, резеңкеден жасалған киім бөлшектері мен оның аксессуарлары


22.19.7


Басқа топтамаларға енгізілмеген, резеңкеден жасалған бұйымдар; эбонит; эбониттен жасалған бұйымдар



22.19.71

Эбониттен басқа, емізіктерді қоса алғанда, резеңкеден жасалған гигиеналық немесе фармацевтикалық бұйымдар



22.19.72

Кеуектіден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған еден төсемдері мен маттар



22.19.73

Басқа топтамаларға енгізілмеген, резеңкеден жасалған өзге де бұйымдар; барлық қалыптағы эбонит және одан жасалған бұйымдар; кеуекті резеңкеден жасалған еден төсемдері мен маттар

22.2



Пластмассадан жасалған бұйымдар


22.21


Пластмасса тақталар, табақтар, құбырлар мен бейіндер



22.21.1

Көлденең қимасының мөлшері 1 мм асатын моножіптер; пластмассадан жасалған шыбықшалар, өзектер мен бейіндер



22.21.10

Көлденең қимасының мөлшері 1 мм асатын моножіптер; пластмассадан жасалған шыбықшалар, өзектер мен бейіндер



22.21.2

Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, түтік құбырлар мен шлангілер және олардың фитингтері



22.21.21

Шеттетілген протеиннен немесе целлюлоза материалдарынан жасалған жасанды қабықшалар, пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, түтік құбырлар мен қатты шлангілер



22.21.29

Пластмассадан жасалған өзге де құбырлар, түтіктер, шлангілер мен фитингтер


22.21.3


Өзге материалдармен арматураланбаған немесе құрамдастырылмаған пластмассадан жасалған тақталар, табақтар, пленка, жұқалтыр мен жолақтар



22.21.30

Өзге материалдармен арматураланбаған немесе құрамдастырылмаған пластмассадан жасалған тақталар, табақтар, пленка, жұқалтыр мен жолақтар


22.21.4


Пластмассадан жасалған өзге де пластиналар, табақтар, үлдірлер, фольга мен жолақтар



22.21.41

Кеуекті пластмассадан жасалған өзге де пластиналар, табақтар, үлдірлер, фольга мен жолақтар



22.21.42

Кеуекті емес пластмассадан жасалған өзге де пластиналар, табақтар, үлдірлер, фольга мен жолақтар


22.22


Пластмассадан жасалған буып-түйетін бұйымдар



22.22.1

Пластмассадан жасалған буып-түйетін бұйымдар



22.22.11

Полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер (конустықтарды қоса алғанда)



22.22.12

Этилен полимерінен басқа, өзге де полимерден жасалған қаптар мен сөмкелер (конустықтарды қоса алғанда)



22.22.13

Қораптар, жәшіктер, торлы ыдыс және пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар



22.22.14

Бөтелкелер, шөлмектер, флакондар және пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар



22.22.19

Пластмассадан жасалған өзге де буып-түйетін бұйымдар


22.23


Пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары



22.23.1

Пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары; линолеум және созылмалы еден төсемдері



22.23.11

Орамдардағы немесе табақтар түріндегі пластмассадан жасалған еденге, қабырғаға және төбеге арналған жабындар



22.23.12

Ванналар, қол жуғыштарға арналған раковиналар, унитаздар мен қақпақтар, су ағызу бөшкелері және пластмассадан жасалған өзге де санитариялық-техникалық бұйымдар



22.23.13

Пластмассадан жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар және сыйымдылығы 300 литрден асатын ыдыстар



22.23.14

Есіктер, терезелер, есіктерге арналған қораптар мен терезе рамалары, есік табалдырықтары, терезе қақпақтары, жалюздер мен ұқсас бұйымдар және пластмассадан жасалған олардың бөлшектері



22.23.15

Винил, линолеум және басқалар түріндегі созылмалы еден төсеніштері және т.б.



22.23.19

Басқа топтамаларға енгізілмеген, пластмассадан жасалған өзге де құрылыс бұйымдары


22.23.2


Пластмассадан жасалған құрама құрылыс конструкциялары



22.23.20

Пластмассадан жасалған құрама құрылыс конструкциялары

22.29



Өзге де пластикалық бұйымдар


22.29.1


Қолғаптарды қоса алғанда, пластмассадан тігілген киім бөлшектері мен аксессуарлары



22.29.10

Қолғаптарды қоса алғанда, пластмассадан тігілген киім бөлшектері мен оның аксессуарлары


22.29.2


Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де пластикалық бұйымдар



22.29.21

Ені 20 см аспайтын, пластмассадан жасалған орамдардағы немесе жалпақ таспалар, тақталар, жолақтар, табақтар, үлбір, жұқалтыр



22.29.22

Пластмассадан жасалған өздігінен желімденетін таспалар, тақталар, жолақтар, табақтар, үлбір, жұқалтыр және өзге де жалпақ нысандар, өзгелер



22.29.23

Пластмассадан жасалған үй тұрмысында пайдаланылатын асханалық, ас үйлік, дәретхана заттары және өзгелері



22.29.24

Пластмассадан жасалған шамдар мен жарық арматураларының бөлшектері, жарқырайтын көрсеткіштер және басқа топтамаларға енгізілмеген, ұқсас бұйымдар



22.29.25

Пластмассадан жасалған кеңсе және мектеп керек-жарақтары



22.29.26

Жиһаз, көлік құралдарына арналған фурнитура, мүсіндер мен пластмассадан жасалған өзге де әшекей бұйымдар



22.29.29

Пластикадан жасалған өзге де бұйымдар

23.14



Шыны талшық


23.14.1


Шыны талшық



23.14.11

Шыны талшықтан кесілген ленталар, тегістегіш, иірімжіп пен ширатылған жіп



23.14.12

Шыны матадан басқа, шыны талшықтан жасалған бетперделер, жөкелер, торлар, маттар, матрастар, панельдер және өзге де бұйымдар

23.19



Техникалық шыны бұйымдарды қоса алғанда, шыныдан жасалған өзге де бұйымдар


23.19.1


Жартылай өңделген шыны, өзгелер



23.19.11

Шар (микросферадан басқа), өзек немесе түтікшелер түріндегі өңделмеген массадағы шыны



23.19.12

Сығымдалған немесе қалыпқа салынған шыныдан жасалған тас төсеуге арналған блоктар, кірпіштер, тақталар және өзге де бұйымдар, әшекей әйнектер мен ұқсас бұйымдар; көп ұяшықты шыны немесе блоктардағы, тақталардағы немесе ұқсас қалыптардағы көбікті шыны


23.19.2


Техникалық және өзге де шыны



23.19.21

Электр шамдарына, электронды-сәуле түтіктеріне немесе ұқсас бұйымдарға арналған ашық шыны құтылар



23.19.22

Оптикалық өңдеуге түспеген сағаттарға немесе көзілдіріктерге арналған шыны; қуыс сфералар және олардың сондай шыны өндіруге арналған сегменттері



23.19.23

Зертханалық, гигиеналық немесе фармацевтикалық шыны бұйымдар; шыны ампулалар



23.19.24

Шамдар мен жарықтандыру арматураларының, иллюминатталған белгілер және ұқсас бұйымдардың шыны бөлшектері



23.19.25

Электр машиналары мен жабдықтарына және олардың керек-жарақтарына арналған шыны электр оқшаулағыштар



23.19.26

Басқа топтамаларға енгізілмеген, шыныдан жасалған бұйымдар

23.20



Отқа төзімді бұйымдар


23.20.1


Отқа төзімді бұйымдар



23.20.11

Кремнеземдік тасты ұнтақтан немесе диатомитті топырақтан жасалған кірпіштер, блоктар, тақталар және өзге де қыш бұйымдар (тақталар, панельдер, қуыс брикеттер, цилиндрлер, құбырларды қоса алғанда)



23.20.12

Отқа төзімді қыш кірпіштер, блоктар, тақталар және шақпақ тасты ұнтақтан немесе диатомитті жерлерден алынған материалдардан басқа, отқа төзімді қыш құрылыс материалдары



23.20.13

Басқа топтамаларға енгізілмеген, отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері, бетондар мен оған ұқсас құрамдар



23.20.14

Отқа төзімді күйдірілмеген қыш бұйымдар; басқа топтамаларға енгізілмеген отқа төзімді техникалық қыш бұйымдар

23.31



Қыш тақтайшалар мен тақталар


23.31.1


Қыш тақтайшалар мен тақталар



23.31.10

Қыш тақтайшалар мен тақталар

23.32



Күйдірілген саздан жасалған кірпіштер, тақтайшалар және құрылыс бұйымдары


23.32.1


Күйдірілген саздан жасалған кірпіштер, тақтайшалар және құрылыс бұйымдары



23.32.11

Қыш құрылыс кірпіштері, еденге арналған блоктар, көтергіш блоктар немесе толтыру блоктары және отқа төзімсіз қыш ұқсас бұйымдар



23.32.12

Отқа төзімсіз төбе жабатын қыш жабынқыш, дефлекторлар, түтіндіктер мен тарту құбырларын қаптамалар, сәулет әшекейлері мен өзге де қыш құрылыс бұйымдары



23.32.13

Құбырларға арналған қыш түтіктер, құбырлар, су бұрғыштар мен фитингілер

23.42



Санитариялық-техникалық қыш бұйымдар


23.42.1


Санитариялық-техникалық қыш бұйымдар



23.42.10

Санитариялық-техникалық қыш бұйымдар

23.43



Электр оқшаулағыштар және оқшаулаушы қыш арматура


23.43.1


Машиналарға, электр қондырғылары мен жабдықтарына арналған электр оқшаулағыштар және оқшаулаушы қыш арматура



23.43.10

Машиналарға, электр қондырғылары мен жабдықтарына арналған электр оқшаулағыштар және оқшаулаушы қыш арматура

23.44



Өзге де техникалық қыш бұйымдар


23.44.1


Өзге де техникалық қыш бұйымдар



23.44.11

Фарфордан жасалған зертханалық, химиялық немесе өзге де техникалық мақсаттағы қыш бұйымдар



23.44.12

Фарфордан жасалған бұйымдардан басқа, зертханалық, химиялық немесе өзге де техникалық бағыттағы қыш бұйымдар

23.49



Өзге де қыш бұйымдар


23.49.1


Өзге де қыш бұйымдар



23.49.11

Ауыл шаруашылығында тауарларды тасымалдауға да, буып-түюге де қолданылатын қыш бұйымдар



23.49.12

Өзге де құрылыстық емес қыш бұйымдар

23.51



Цемент


23.51.1


Цемент



23.51.11

Цемент клинкерлері



23.51.12

Портландцемент, балшық-топырақты цемент, қож цементі және гидравликалық ұқсас цемент

23.52



Әк және гипс


23.52.1


Сөндірілген, сөндірілмеген және гидравликалық әк



23.52.10

Сөндірілген, сөндірілмеген және гидравликалық әк


23.52.2


Гипс



23.52.20

Гипс


23.52.3


Кальцийленген немесе агломератталған доломит



23.52.30

Кальцийленген немесе агломератталған доломит

23.65



Фиброцемент


23.65.1


Фиброцементтен жасалған бұйымдар



23.65.11

Өсімдік талшықтарынан, сабаннан немесе агломератталған минералды байланыстырушы заттары бар ағаш қалдықтарынан жасалған панельдер, тақталар, тақтайшалар, кесектер, блоктар және ұқсас бұйымдар



23.65.12

Целлюлоза талшықтары бар асбестоцементтен, фиброцементтен немесе ұқсас типті цементтен жасалған бұйымдар

23.69



Гипстен, бетоннан немесе цементтен жасалған өзге де бұйымдар


23.69.1


Гипстен, бетоннан немесе цементтен жасалған өзге де бұйымдар



23.69.11

Басқа топтамаларға енгізілмеген гипстен жасалған бұйымдар немесе гипс негізіндегі қоспалар



23.69.19

Құрылыстан тыс мақсатта қолданылатын цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған бұйымдар

23.91



Абразивті бұйымдар


23.91.1


Абразивті бұйымдар



23.91.11

Табиғи тастан, табиғи немесе жасанды агломератталған абразивті материалдардан немесе қыштан жасалған диірмен тастар, қайрайтын тастар, тегістейтін дөңгелектер және тегістеуге арналған жиектері жоқ бұйымдар мен олардың бөлшектері



23.91.12

Табиғи немесе жасанды абразивті ұнтақ немесе мата, қағаз, картон немесе өзге де негіздегі түйіршік

23.99



Басқа топтамаларға енгізілмеген, металл емес минералды өзге де бұйымдар


23.99.1


Басқа топтамаларға енгізілмеген, металл емес минералды өзге де бұйымдар



23.99.11

Өңделген асбест талшықтары; асбест және магний карбонаты негізіндегі қоспалар; осындай қоспалардан немесе асбесттен жасалған бұйымдар; тежегіштерге, муфталарға және құрастырылмаған түрдегі ұқсас типті бұйымдарға арналған фрикциялық материал



23.99.12

Асфальттан немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар



23.99.13

Табиғи немесе жасанды материалдарға, мұнай битумына, табиғи асфальтқа немесе олармен байланысты субстанцияларға негізделген битум қоспалары



23.99.14

Жасанды графит; коллоидты немесе жартылай коллоидты графит; графит негізінде жасалған өнімдер



23.99.15

Механикалық қоспалардан басқа, жасанды корунд



23.99.19

Басқа топтамаларға енгізілмеген, металл емес минералды өнімдер

24.10



Негізгі қара металдар: темір, шойын, болат және ферроқорытпалар


24.10.2


Тазартылмаған болат



24.10.23

Құйма кесектердегі немесе өзге де бастапқы пішіндегі қоспаланған болат және қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар


24.10.6


Болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықшалар мен өзектер



24.10.61

Қоспаланбаған болаттан жасалған, бос оралған орамдарда ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар



24.10.62

Болаттан жасалған штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымдалған (илектеуден кейін ширатуды қоса алғанда) бірақ одан әрі өңделмеген, өзектер мен өзге де шыбықтар



24.10.63

Тоттанбайтын болаттан жасалған, бос оралған орамдарда ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар



24.10.64

Тоттанбайтын болаттан жасалған штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымданған (илектеуден кейін ширатуды қоса алғанда) одан әрі өңделмеген, өзге де өзектер мен шыбықтар



24.10.65

Өзге де қоспаланған болаттан жасалған, бос оралған орамдарда ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар



24.10.66

Өзге де қоспаланған болаттан жасалған штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымданған, бірақ бұдан әрі өңделмеген (илектеуден кейін ширатуды қоса алғанда) өзге де өзектер мен шыбықтар



24.10.67

Ішкі қуыс өзектер мен шыбықтар


24.10.7


Болаттан жасалған ыстықтай илектелген ашық профильдер, болаттан жасалған пакеттелген табақтар және темір жол немесе трамвай жолдарына арналған болаттан жасалған құрылыс материалдары



24.10.71

Ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған немесе ыстықтай сығымдалған қоспаланбаған болаттан жасалған, бірақ одан әрі өңделмеген ашық профильдер



24.10.72

Ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған немесе ыстықтай сығындалған тоттанбайтын болаттан жасалған, бірақ одан әрі өңделмеген ашық профильдер



24.10.73

Ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған немесе ыстықтай сығымдалған өзге де қоспаланған болаттан жасалған, бірақ одан әрі өңделмеген ашық профильдер



24.10.74

Болаттан жасалған дәнекерлеу профильдері және шпунтты конструкциялар



24.10.75

Теміржол немесе трамвай жолдары үшін қолданылатын болаттан жасалған бұйымдар

24.20



Түрлі диаметрлі құбырлар, болаттан жасалған түрлі диаметрлі құбырларға арналған іші қуыс профильдер мен фитингтер


24.20.1


Болаттан жасалған түрлі диаметрлі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер



24.20.11

Мұнай-газ құбырларына арналған болаттан жасалған жіксіз құбырлар



24.20.12

Мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған, жіксіз, болаттан жасалған сорғылы-сығымдауыш және бұрғылау, шегендік құбырлары



24.20.13

Өзге де қимасы дөңгелек болат құбырлар мен түтік



24.20.14

Қимасы дөңгелек емес болат құбырлар мен түтіктер және іші қуыс профильдер


24.20.2


Дәнекерленген, қимасы дөңгелек, сыртқы диаметрі 406,4 мм артық болат құбырлар мен түтіктер



24.20.21

Дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм артық, мұнай-газ құбырларына арналған болат құбырлар



24.20.22

Дәнекерленген, қимасы дөңгелек сыртқы диаметрі 406,4 мм артық, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау кезенде қолданылатын болаттан жасалған сорғылы-сығымдауыш және шегендік құбырлар



24.20.23

Дәнекерленген, қимасы дөңгелек сыртқы диаметрі 406,4 мм артық, өзге де шегендік болат құбырлар мен түтіктер



24.20.24

Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген, қимасы дөңгелек, сыртқы диаметрі 406,4 мм артық құбырлар мен түтікшелер


24.20.3


Дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм аспайтын болат құбырлар мен түтіктер



24.20.31

Дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм аспайтын, мұнай-газ құбырларына арналған болат құбырлар



24.20.32

Мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын дәнекерленген қимасы дөңгелек сыртқы диаметрі 406,4 мм аспайтын, болаттан жасалған сорғылы-сығымдауыш және шегендеу құбырлары



24.20.33

Дәнекерленген қимасы дөңгелек сыртқы диаметрі 406,4 мм аспайтын өзге де болат құбырлар мен түтіктер



24.20.34

Дәнекерленген қимасы дөңгелек емес сыртқы диаметрі 406,4 мм аспайтын, өзге де болат құбырлар мен түтіктер



24.20.35

Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген сыртқы диаметрі 406,4 мм аспайтын, өзге де болат құбырлар мен түтіктер


24.20.4


Құбырларға арналған құйылмаған болат фитингілер



24.20.40

Құбырларға арналған құйылмаған болат фитингілер

24.31



Суықтай созылған болат шыбықтар (өзектер)


24.31.1


Қоспаланбаған болаттан жасалған суықтай созылған шыбықтар (өзектер) мен толық емес профильдер



24.31.10

Қоспаланбаған болаттан жасалған суықтай созылған шыбықтар (өзектер) мен толық емес профильдер


24.31.2


Қоспаланған болаттан (тоттанбайтыннан басқа) жасалған суықтай созылған шыбықтар (өзектер) мен толық емес профильдер



24.31.20

Қоспаланған болаттан (тоттанбайтыннан басқа) жасалған суықтай созылған шыбықтар (өзектер) мен толық емес профильдер


24.31.3


Тоттанбайтын болаттан жасалған суықтай созылған шыбықтар (өзектер) мен толық емес профильдер



24.31.30

Тоттанбайтын болаттан жасалған суықтай созылған шыбықтар (өзектер) мен толық емес профильдер

24.32



Суықтай илектелген енсіз болат кесінділер


24.32.1


Суықтай илектелген, ені 600 мм кем, жабындысыз болат жалпақ илек



24.32.10

Суықтай илектелген, ені 600 мм кем, жабындысыз болат жалпақ илек


24.32.2


Суықтай илектелген ені 600 мм кем, жалатылған гальваникалық немесе өзге де жабыны бар, жалпақ илек



24.32.20

Суықтай илектелген, ені 600 мм кем, гальваникалық немесе өзге де жабыны бар, жалпақ илек

24.33



Болаттан жасалған суықтай немесе июмен алынған бұйымдар


24.33.1


Болаттан жасалған суықтай немесе июмен алынған профильдер мен бұрыштар



24.33.11

Қоспаланбаған суықтай немесе июмен алынған (көміртекті) болаттан жасалған профильдер мен бұрыштар



24.33.12

Тоттанбайтын болаттан жасалған суықтай пішіндеумен немесе июмен алынған профильдер мен бұрыштар


24.33.2


Қоспаланбаған (көміртекті) болаттан жасалған қырланған табақтар



24.33.20

Қоспаланбаған (көміртекті) болаттан жасалған қырланған табақтар


24.33.3


Қапталған болат табақтан жасалған сэндвич-панельдер



24.33.30

Қапталған болат табақтан жасалған сэндвич-панельдер

24.34



Суықтай созу жолымен алынған сым


24.34.1


Суықтай созу жолымен алынған сым



24.34.11

Қоспаланбаған (көміртекті) болаттан суықтай созу жолымен алынған сым



24.34.12

Тоттанбайтын болаттан суықтай созу жолымен алынған сым



24.34.13

Өзге де қоспаланған болаттан жасалған суықтай созу жолымен алынған сым

24.42



Алюминий және алюминий бұйымдар


24.42.1


Өңделмеген алюминий; алюминий оксиді



24.42.11

Өңделмеген алюминий



24.42.12

Жасанды корундтан басқа, алюминий оксиді


24.42.2


Алюминийден немесе алюминий қорытпаларынан жасалған жартылай фабрикаттар



24.42.21

Бояғыштар мен бояулар ретінде пайдалануға арналған, ұнтақтар мен қабыршақтардан басқа, алюминий ұнтақтары мен қабыршақтар



24.42.22

Алюминийден жасалған шыбықтар, өзектер мен профильдер



24.42.23

Алюминий сым



24.42.24

Алюминийден жасалған қалыңдығы 0,2 мм артық тақталар, табақтар, жолақтар мен таспа



24.42.25

Қалыңдығы (негізді есептемегенде) 0,2 мм аспайтын алюминий



24.42.26

Алюминийден жасалған құбырлар, түтіктер мен фитингілер

25.11



Металл конструкциялар мен конструкция бөліктері


25.11.1


Құрастырмалы құрылыс металл конструкциялары



25.11.10

Құрастырмалы құрылыс металл конструкциялары


25.11.2


Металл конструкциялар мен олардың бөліктері



25.11.21

Қара металдардан жасалған көпірлер мен көпірлердің секциялары



25.11.22

Қара металдан жасалған мұнаралар мен торлы діңгектер



25.11.23

Қара металдан немесе алюминийден жасалған өзге де конструкциялар, конструкциялардың бөліктері, тақталар, шыбықтар, бұрыштар, профильдер мен ұқсас бұйымдар

25.21



Радиаторлар мен орталықтан жылыту қазандықтары


25.21.1


Радиаторлар мен орталықтан жылыту қазандықтары



25.21.11

Қара металдардан жасалған, электрмен қыздырылмайтын, орталықтан жылыту радиаторлары



25.21.12

Ыстық су немесе төмен қысымды бу өндіруге арналған орталықтан жылыту қазандықтары



25.21.13

Орталықтан жылыту қазандықтарының бөліктері

25.29



Өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер


25.29.1


Өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер



25.29.11

Механикалық немесе жылу жабдықтарымен жабдықталмаған, сыйымдылығы 300 л кем емес қара металл немесе алюминийден жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар мен осыған ұқсас типтегі сыйымдылықтар (қысылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтардан басқа)



25.29.12

Қара металдан немесе алюминийден жасалған қысылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар

25.30



Орталықтан жылытудың су қазандықтарынан басқа бу генераторлары


25.30.1


Бу генераторлары мен олардың бөліктері



25.30.11

Бу немесе өзге де бу шығарушы қазандықтар; өте қыздырылған сумен жұмыс істейтін қазандықтар



25.30.12

Қазандықтармен бірге пайдалануға арналған қосалқы қондырғылар; өзге де булы су немесе буды күшейтетін қондырғыларға арналған конденсаторлар



25.30.13

Бу генераторларының бөліктері

25.91



Болат барабандар және осыған ұқсас сыйымдылықтар


25.91.1


Болат барабандар және осыған ұқсас сыйымдылықтар



25.91.11

Механикалық немесе жылу жабдықтарымен жабдықталмаған, сыйымдылығы 50-300 л қара металдардан жасалған кез келген заттарға (газдан басқа) арналған цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистралар, жәшіктер мен ұқсас сыйымдылықтар



25.91.12

Механикалық немесе жылу жабдықтарымен жабдықталмаған, сыйымдылығы 50 л кем қара металдардан жасалған кез келген заттарға (газдан басқа) арналған цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистралар, жәшіктер (дәнекерленген және пісірілгендерден басқа) мен ұқсас сыйымдылықтар

25.92



Жеңіл металл сыйымдылықтар


25.92.1


Жеңіл металл сыйымдылықтар



25.92.11

Сыйымдылығы 50 л кем дәнекерлеумен немесе жиектеумен жабылған қара металдан жасалған консерві банкілері



25.92.12

Сыйымдылығы 300 л кем алюминийден жасалған кез келген заттарға (газдан басқа) арналған бөшкелер, барабандар, банкалар, жәшіктер және ұқсас сыйымдылықтар



25.92.13

Асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған үшкір тығындар мен бұқтырмалар, қалпақтар мен қақпақтар

25.93



Сымнан жасалған бұйымдар, шынжырлар мен серіппелер


25.93.1


Сымнан жасалған бұйымдар, шынжырлар мен серіппелер



25.93.11

Электрлі оқшаулаусыз қара металдардан жасалған көп тінді сым, арқан сымдар, арқандар, өрілген баулар және осыған ұқсас бұйымдар



25.93.12

Қара металдан жасалған тікенек сым; электр оқшаулаусыз мыстан немесе алюминийден жасалған көп тінді сым, арқан сымдар, арқандар, өрілген баулар және осыған ұқсас бұйымдар



25.93.13

Темір, болат немесе мыс сымнан жасалған тоқыма, керегетор, тор және қоршаулар; қара металдан немесе мыстан жасалған металл торлар



25.93.14

Шегелер, жапсырма шегелер, сызба жапсырма шегелері, қапсырма шегелер және осыған ұқсас бұйымдар



25.93.15

Қаптамасы немесе флюстық материалдан жасалған өзекшесі бар сымдар, шыбықтар, құбырлар, пластиналар, электродтар



25.93.16

Қара металдардан жасалған серіппелерге арналған серіппелер мен табақтар; мыс серіппелер



25.93.17

Топсалы шынжырлардан басқа шынжырлар және олардың бөліктері



25.93.18

Темір немесе болат тігін инелері, тоқу сымдары, біздер, тоқу ілмектері, кестелеуге арналған түйреулер және қолмен жұмыс істеуге арналған осыған ұқсас бұйымдар; басқа топтамаларға енгізілмеген, темірден немесе болаттан жасалған ағылшын түйреуіштері және өзге де түйреуіштер

25.94



Бекітпе бұйымдары, кесілген бұрандасы бар бұйымдар


25.94.1


Бекітпе бұйымдары, кесілген бұрандасы бар бұйымдар



25.94.11

Басқа топтамаларға енгізілмеген қара металдардан жасалған кесілген бұрандасы бар бұйымдар



25.94.12

Қара металдардан жасалған кесілмеген бекітпе бұйымдар



25.94.13

Кесілген бұрандасы бар бұйымдар, мыс, кесілмеген бекітпе бұйымдар

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінде:


      мына:

      "



10.39.24

Қысқа уақыт сақтау үшін консервіленген бірақ тағамға тікелей қосу үшін дайын емес жемістер және жаңғақтар

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "


10.9


Жануарларға арналған дайын азық



10.91.10

Жоңышқа түйіршіктерін және ұнды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтар



10.91.99

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азық өндірісі саласында көрсетілетін қызметтер

      ";

      2) "Құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақтар мен объектілер қызметінің басым түрлерінің тізбелерін, сондай-ақ Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 10 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлері тізбесінде:

      "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы" деген бөлімде:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;";

      мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) металлургия өнеркәсібі;

      5) өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру;

      6) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

      7) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау.";

      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы" деген бөлімде:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;";

      мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

      13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесінде:

      1-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өндірістік ғимараттар мен құрылыстар және (немесе) крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті өндірістік-шаруашылық құрылыстарды қоса алғанда, (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар мен сақтау қоймалары) қажетті инфрақұрылымы бар мұнай-химия және химия өнеркәсібінің өндірістік объектілері.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ҚБТ тізбелеріне арнайы экономикалық аймақтар құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында айқындалған арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілері (бұдан әрі – ҚБТ және (немесе) объектілер) қосылады.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi – АЭА) теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының және Мұнайлы ауданының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан.

      АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА-ның аумағы 2000 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




  "Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық
аймағының
ережесіне
қосымша

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ




Р/с №

Аймақ атауы:

Алаңы, га

1.

Порттық аймақ

189,5

2.

Индустриялық аймақ

1810,5


Жиыны:

2000




  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі


Р/с №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2003 – 2011)

2012 жылға қарай қол жеткізу

2017 жылға қарай қол жеткізу

2022 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

21,30

21,25

20,00

30

25

35

30

40

35

1.1.

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

8,1

7,9

7,0

10

8

13

9

18

23

1.2

Отандық инвестициялардың  көлемі

млрд. теңге

13,2

13,35

13,0

20

17

22

21

22

12

2.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды (жұмыстарды) өндіру және қызметтерді көрсету көлемі

млрд. теңге

193,16

192,5

188,5

270,34

225,18

315,2

270,34

360,28

315,2

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

18

30

20

40

35

47

42

55

48

4.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

669

660

580

1500

1200

2000

1800

2500

2300

5.

Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні

%

50,4

50

50

50

50

50

50

50

50



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА-ның аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА:

      1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;

      2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;

      3) тоқыма өнеркәсібін дамыту;

      4) тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркалары өндірушілерін тарту;

      5) жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту және түр-түрін көбейту;

      6) химия, мұнай-химия саласын дамыту мақсаттарында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы  21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер


      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Оңтүстік"
арнайы экономикалық
аймағының
ережесіне
қосымша

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ





      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы = 200 га


      ____________________


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі


Р/с №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2012 жыл)

2015 жылға қарай қол жеткізу

2020 жылға қарай қол жеткізу

2025 жылға қарай қол жеткізу

2030 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

26,1

32,8

27,1

38,6

32,8

43,5

38,6

51,2

43,5

1.1

Шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

-

2,3

1,0

4,5

2,3

5,1

4,5

7,3

5,1

1.2

Отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

26,1

30,5

26,1

34,1

30,5

38,4

34,1

43,9

38,4

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумақ тауарларды (жұмыстарды) өндіру және көрсетілетін қызметтерді көлемі

млрд. теңге

0,8

9,8

5,2

18,8

9,8

36,8

18,8

45,8

36,8

3.

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

0,075

0,3

0,15

0,3

0,15

0,3

0,15

0,3

0,15

4.

Қатысушылар саны

компаниялар

5

7

5

10

7

12

10

15

12

5.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс  орындарының саны

адам

484

3 000

1 500

3 500

3 000

4 200

3 500

5 000

4 200

6.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

70

70

30

70

30

70

30

70

30

7.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жалпы өндiрiс көлемiндегi өнiм экспортының үлесі

%

50

50

30

50

30

50

30

50

30


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

      1. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА аумағы 3300 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА:

      1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;

      2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) өндіру мен өткізудің бүкіләлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;

      4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;

      5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;

      6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;

      7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

      9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда, әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;

      10) тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі өндіруші өнеркәсіп, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, метал емес минералдық өнімдер, резина және пластмасса бұйымдары металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылған.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу


      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі АЭА-ның барлық аумағында қолданылады.

      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. АЭА қызметін экологиялық реттеу бөлігінде жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      17. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




  "Павлодар" экономикалық
аймағының ережесіне
қосымша

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағының ЖОСПАРЫ




      "Павлодар" АЭА аумағы S = 3300 га



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі


Р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
(атауы)

Өлшем  бірлігі

Базалық кезең
(2012 жыл)

2015 жылы қол жеткізілетіндер,
оның ішінде

2020 жылы қол жеткізу жеткізілетіндер, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

-

67,4

6

257,3

25

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

12,5

1,3

49,5

5

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

54,9

5

207,8

20,2

2

АЭА аумағында тауарларды және қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) өндіру

көлемі

млрд. теңге

-

5

1

413,2

41

3

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына салынатын инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)


%

-

5

3

7

5

1

2

3

4

5

6

7

8

4

Қатысушылар саны

бірлік

-

5

3

8

5

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

жұмыс орындары

-

500

200

1 000

450

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

-

50

30

65

50

7

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі

мың тонна

-

10

5

20

10

8

Еңбек өнімділігін арттыру

есе

-

1,5

1,2

1,7

1,5

      кестенің жалғасы

2025 жылы қол жеткізілетіндер, оның ішінде

2030 жылы қол жеткізілетіндер, оның ішінде

2037 жылы қол жеткізілетіндер, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

9

10

11

12

13

14

257,3

25

257,3

25

257,3

25

49,5

5

49,5

5

49,5

5

207,8

20,2

207,8

20,2

207,8

20,2

1 042,4

104

1 071,2

130

2 551,8

130

7

5

10

7

10

7

8

5

8

5

8

5

1 500

750

1 885

1 000

1 885

1 250

70

60

75

65

80

65

30

20

40

30

50

40

1,9

1,7

2

1,9

2,5

2

      Ескертпе:

      индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;

      есептеу кезінде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамы қолданылған


      ________________________________________.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы облысының Панфилов ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА-ның аумағы 492,57 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      2. АЭА:

      1) шекара маңында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту;

      2) экспортқа бағдарланған салаларды дамыту;

      3) кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны жандандыру;

      4) көлік инфрақұрылымын, туризмді және мәдени өзара іс-қимылды дамыту;

      5) аумағында АЭА орналасқан Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Астана қаласында 2005 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісіммен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) автокөлік және мотоциклдарды қоспағанда, көтерме сауда-саттық;

      2) автокөлік және мотоциклдар саудасын қоспағанда, бөлшек сауда-саттық;

      3) жүктерді қоймаға қою және сақтау, қосымша көлік қызметі;

      4) сақтандыру мен зейнетақы қорларының қызметін қоспағанда, қаржы қызметін көрсету;

      5) туроператорлардың, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;

      6) сауда көрмелерін және конференцияларды ұйымдастыру;

      7) жатын-орын және тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8) тамақ өнімдерін өндіру;

      9) минералды су және өзге де алкогольсіз сусындарды өндіру;

      10) дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      11) киім-кешек өндіру;

      12) былғары және оған жататын өнім өндіру;

      13) фармацевтикалық препараттар өндіру;

      14) өзге металл емес өнімдерді өндіру;

      15) мүгедектерге арналған арба/орындықтар және велосипедтер шығару;

      16) өзге де дайын бұйымдарды шығару;

      17) буып-түю;

      18) осы тармақтың 1) – 17) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттамалар шегінде салу және пайдалануға енгізу.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтiң басым түрлерi жүзеге асырылатын АЭА немесе оның бөлігі шегінде қолданылады.

      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      9. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

      10. АЭА-ның аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық пошта алмасу орындары құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

      11. АЭА-ның аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдалануы мүмкін.

      12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.

      13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      14. АЭА қызметін жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделеді.

6. АЭА-ны тарату тәртібі мен мерзімдері

      15. АЭА құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.

      АЭА уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен таратылады.

7. Қорытынды ережелер

      16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. АЭА-ның осы Ережемен реттелген қызметi Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" экономикалық аймағының ережесіне
  қосымша

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының жоспары



      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 492,57 га

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 6 қазандағы
  № 624 қаулысымен
  бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Р/с№

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
(атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең
(2016 жыл)

2019 жылы қол жеткізу, оның ішінде

2025 жылы қол жеткізу, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд.
теңге

49,7

196,1

55,7

316,1

67,7

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд.
теңге

9,69

124,8

12,4

220,8

22,08

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд.
теңге

40,1

71,3

43,2

95,3

45,6

2

АЭА аумағында тауарларды және қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млн.
теңге

1,6

26,0

2,6

46,0

4,6

3

Қызметтің қосымша түрін жүзеге асыратын адамдар саны

адам

150

2 086

209

3 363

336

4

Қатысушылар саны (компаниялар)

бірлік

9

40

12

70

21

5

АЭА аумағында ашылатын жұмыс орындарының саны

адам

150

2 086

209

3 363

336

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

14,5

14,5

10,4

14,5

10,4

7

Тауар тасымалының көлемі (экспорт, импорт, транзит)

мың тонна






      кестенің жалғасы

2031 жылға қол жеткізу,
оның ішінде

2036 жылға қарай қол жеткізу,
оның ішінде

2041 жылға қарай жеткізу,
оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

436,1

79,7

490,1

79,7

520,1

88,1

316,8

31,6

360,0

36,0

384,0

38,4

119,3

48,02

130,1

49,1

136,1

49,7

66,0

6,6

75,0

7,5

80,0

8,0

4 639

464

5 214

521

5 533

553

90

27

100

30

110

33

4 639

464

5 214

464

5 533

553

14,5

10,4

14,5

10,4

14,5

10,4







      Ескертпе:

      - индикатор көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.