Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2041 жылға дейінгі кезеңге "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Ақтау теңіз порты" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;

      2) "Оңтүстік" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;

      3) "Павлодар" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;

      4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 802 қаулысымен

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi – АЭА) теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының және Мұнайлы ауданының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан.

      АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА-ның аумағы 2000 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




  "Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық
аймағының
ережесіне
қосымша

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ




Р/с №

Аймақ атауы:

Алаңы, га

1.

Порттық аймақ

189,5

2.

Индустриялық аймақ

1810,5


Жиыны:

2000




  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі


Р/с №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2003 – 2011)

2012 жылға қарай қол жеткізу

2017 жылға қарай қол жеткізу

2022 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

21,30

21,25

20,00

30

25

35

30

40

35

1.1.

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

8,1

7,9

7,0

10

8

13

9

18

23

1.2

Отандық инвестициялардың  көлемі

млрд. теңге

13,2

13,35

13,0

20

17

22

21

22

12

2.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды (жұмыстарды) өндіру және қызметтерді көрсету көлемі

млрд. теңге

193,16

192,5

188,5

270,34

225,18

315,2

270,34

360,28

315,2

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

18

30

20

40

35

47

42

55

48

4.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

669

660

580

1500

1200

2000

1800

2500

2300

5.

Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні

%

50,4

50

50

50

50

50

50

50

50



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА-ның аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА:

      1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;

      2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;

      3) тоқыма өнеркәсібін дамыту;

      4) тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркалары өндірушілерін тарту;

      5) жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту және түр-түрін көбейту;

      6) химия, мұнай-химия саласын дамыту мақсаттарында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы  21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер


      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Оңтүстік"
арнайы экономикалық
аймағының
ережесіне
қосымша

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ





      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы = 200 га


      ____________________


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі


Р/с №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2012 жыл)

2015 жылға қарай қол жеткізу

2020 жылға қарай қол жеткізу

2025 жылға қарай қол жеткізу

2030 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

26,1

32,8

27,1

38,6

32,8

43,5

38,6

51,2

43,5

1.1

Шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

-

2,3

1,0

4,5

2,3

5,1

4,5

7,3

5,1

1.2

Отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

26,1

30,5

26,1

34,1

30,5

38,4

34,1

43,9

38,4

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумақ тауарларды (жұмыстарды) өндіру және көрсетілетін қызметтерді көлемі

млрд. теңге

0,8

9,8

5,2

18,8

9,8

36,8

18,8

45,8

36,8

3.

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

0,075

0,3

0,15

0,3

0,15

0,3

0,15

0,3

0,15

4.

Қатысушылар саны

компаниялар

5

7

5

10

7

12

10

15

12

5.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс  орындарының саны

адам

484

3 000

1 500

3 500

3 000

4 200

3 500

5 000

4 200

6.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

70

70

30

70

30

70

30

70

30

7.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жалпы өндiрiс көлемiндегi өнiм экспортының үлесі

%

50

50

30

50

30

50

30

50

30


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

      1. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА аумағы 3300 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА:

      1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;

      2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) өндіру мен өткізудің бүкіләлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;

      4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;

      5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;

      6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;

      7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

      9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда, әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;

      10) тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі өндіруші өнеркәсіп, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, метал емес минералдық өнімдер, резина және пластмасса бұйымдары металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылған.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу


      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі АЭА-ның барлық аумағында қолданылады.

      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. АЭА қызметін экологиялық реттеу бөлігінде жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      17. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




  "Павлодар" экономикалық
аймағының ережесіне
қосымша

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағының ЖОСПАРЫ




      "Павлодар" АЭА аумағы S = 3300 га



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі


Р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
(атауы)

Өлшем  бірлігі

Базалық кезең
(2012 жыл)

2015 жылы қол жеткізілетіндер,
оның ішінде

2020 жылы қол жеткізу жеткізілетіндер, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

-

67,4

6

257,3

25

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

12,5

1,3

49,5

5

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

54,9

5

207,8

20,2

2

АЭА аумағында тауарларды және қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) өндіру

көлемі

млрд. теңге

-

5

1

413,2

41

3

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына салынатын инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)


%

-

5

3

7

5

1

2

3

4

5

6

7

8

4

Қатысушылар саны

бірлік

-

5

3

8

5

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

жұмыс орындары

-

500

200

1 000

450

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

-

50

30

65

50

7

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі

мың тонна

-

10

5

20

10

8

Еңбек өнімділігін арттыру

есе

-

1,5

1,2

1,7

1,5

      кестенің жалғасы

2025 жылы қол жеткізілетіндер, оның ішінде

2030 жылы қол жеткізілетіндер, оның ішінде

2037 жылы қол жеткізілетіндер, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

9

10

11

12

13

14

257,3

25

257,3

25

257,3

25

49,5

5

49,5

5

49,5

5

207,8

20,2

207,8

20,2

207,8

20,2

1 042,4

104

1 071,2

130

2 551,8

130

7

5

10

7

10

7

8

5

8

5

8

5

1 500

750

1 885

1 000

1 885

1 250

70

60

75

65

80

65

30

20

40

30

50

40

1,9

1,7

2

1,9

2,5

2

      Ескертпе:

      индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;

      есептеу кезінде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамы қолданылған


      ________________________________________.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы облысының Панфилов ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА-ның аумағы 492,57 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      2. АЭА:

      1) шекара маңында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту;

      2) экспортқа бағдарланған салаларды дамыту;

      3) кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны жандандыру;

      4) көлік инфрақұрылымын, туризмді және мәдени өзара іс-қимылды дамыту;

      5) аумағында АЭА орналасқан Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Астана қаласында 2005 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісіммен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) автокөлік және мотоциклдарды қоспағанда, көтерме сауда-саттық;

      2) автокөлік және мотоциклдар саудасын қоспағанда, бөлшек сауда-саттық;

      3) жүктерді қоймаға қою және сақтау, қосымша көлік қызметі;

      4) сақтандыру мен зейнетақы қорларының қызметін қоспағанда, қаржы қызметін көрсету;

      5) туроператорлардың, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;

      6) сауда көрмелерін және конференцияларды ұйымдастыру;

      7) жатын-орын және тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8) тамақ өнімдерін өндіру;

      9) минералды су және өзге де алкогольсіз сусындарды өндіру;

      10) дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      11) киім-кешек өндіру;

      12) былғары және оған жататын өнім өндіру;

      13) фармацевтикалық препараттар өндіру;

      14) өзге металл емес өнімдерді өндіру;

      15) мүгедектерге арналған арба/орындықтар және велосипедтер шығару;

      16) өзге де дайын бұйымдарды шығару;

      17) буып-түю;

      18) осы тармақтың 1) – 17) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттамалар шегінде салу және пайдалануға енгізу.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтiң басым түрлерi жүзеге асырылатын АЭА немесе оның бөлігі шегінде қолданылады.

      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      9. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

      10. АЭА-ның аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық пошта алмасу орындары құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

      11. АЭА-ның аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдалануы мүмкін.

      12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.

      13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      14. АЭА қызметін жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделеді.

6. АЭА-ны тарату тәртібі мен мерзімдері

      15. АЭА құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.

      АЭА уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен таратылады.

7. Қорытынды ережелер

      16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. АЭА-ның осы Ережемен реттелген қызметi Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" экономикалық аймағының ережесіне
  қосымша

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының жоспары



      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 492,57 га

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 802 (орыс тіліндегі мәтін өзгермейді) қаулысымен.

Р/с №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2017 жыл)

2021 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

2026 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

49,7

196,1

55,7

316,1

67,7

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

9,69

124,8

12,4

220,8

22,08

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

40,1

71,3

43,2

95,3

45,6

2

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млн. теңге

1,6

26,0

2,6

46,0

4,6

3

Қызметтің қосымша түрін жүзеге асыратын адамдар саны

адам

150

2 086

209

3 363

336

4

Қатысушылар саны (компаниялар)

бірлік

9

40

12

70

21

5

АЭА аумағында ашылатын жұмыс орындарының саны

адам

150

2 086

209

3 363

336

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

14,5

14,5

10,4

14,5

10,4

7

Тауар тасымалының көлемі (экспорт, импорт, транзит)

мың тонна






      кестенің жалғасы

2031 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

2036 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

2041 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгей

436,1

79,7

490,1

79,7

520,1

88,1

316,8

31,6

360,0

36,0

384,0

38,4

119,3

48,02

130,1

49,1

136,1

49,7

66,0

6,6

75,0

7,5

80,0

8,0

4 639

464

5 214

521

5 533

553

90

27

100

30

110

33

4 639

464

5 214

464

5 533

553

14,5

10,4

14,5

10,4

14,5

10,4








      Ескертпе:

      - индикатор көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.