Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 459 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:

      "2. Кіріспе" деген бөлімде:

      "Негізгі терминдер мен анықтамалар" деген кіші бөлімде:

      7) тармақша алып тасталсын;

      "3. Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде:

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлер мен микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.";

      "4. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "4.3 Міндеттері" деген кіші бөлімде:

      3-тармақта:

      "Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру" деген 1-міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-міндет: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру

      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге және микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.";

      "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру" деген 2-міндет алып тасталсын;

      "Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру" деген 5-міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-міндет: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.

      Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

      5-кесте: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

P/с

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторлары мен өңдеу өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жобаларының саны

бірлік

ҰЭМ деректері

71

38

15

17

17

158

ҰЭМ, ЖАО

2

Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақтардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

8

6

1

2

2

19

ҰЭМ, ЖАО

      ";

      "5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде:

      4-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан адамдардың бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде ұсынымдар береді:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан адамның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

      Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:

      бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;

      нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.";

      55, 56, 57, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 71, 76-тармақтар алып тасталсын;

      80-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Банктердің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.";

      202-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:

      1) уәкілетті орган мен қаржылай қолдау көрсетілмейтін оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығыстарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

      2) қаржылай қолдау көрсетілмейтін оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде:

      КҚО үшін консультанттарды;

      КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыруы үшін қажетті құралдармен;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 258-1-тармақпен толықтырылсын:

      "258-1. Қаржылай қолдау көрсетілмейтін оператор "Бизнес-мектеп" жобасы шеңберінде қаржы жылының 12 айы ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа үзіліссіз оқытуды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 372-1-тармақпен толықтырылсын:

      "372-1. Шетелде өткен бизнес-тағылымдаманың нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстанға келген кезден бастап екі айдың ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға бизнес-тағылымдаманың нәтижелері мен жеке бизнесін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы есептік ақпарат ұсынады.";

      411-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құрылтайшылары мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.".

      2. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 41-42, 308-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.".

      3. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.";

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агентігінің функцияларына:

      1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;

      4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингілеу жатады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агентігінің функцияларына:

      1) банк және/немесе кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеу;

      2) банк ұсынған деректер немесе өзге де шынайы ақпарат көздері негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізулері бойынша міндеттемелердің орындауларын мониторингілеу жатады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Конкурстық комиссия кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде ұсынымдар береді:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:

      бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;

      нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде орындау жөніндегі қызметін мониторингілеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеу;

      4) кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауын мониторингілеу жатады.".