Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2023 № 262 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі төрт ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      3. "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 406 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Мазмұны

      1. Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау және халықаралық тәжірибе ........……………………………..3

      2. Қазақстан Республикасында туризм индустриясын 2023 жылға дейін дамытудың пайымы …………………………………………………………..……14

      3. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері ………………………...17

      4. Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері ………………………………………………...18

      5. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі мен күтілетін нәтижелер ………...45

      6. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі ……………………………..……………...…………47

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

      Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) оны іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік саласын қалыптастыру үшін бірыңғай институционалды, әдіснамалық, ұйымдық негізді қалыптастыру мақсатында әзірленді.

      Тұжырымдама Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадам (57, 86, 87-қадамдар) шеңберінде көзделген негізгі қағидаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарын және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық бағыттарын іске асыруға бағытталған.

      Тұжырымдама Қазақстан Республикасының туризмін, Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласының маңындағы тау шаңғы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын дамытудың бекітілген жүйелі жоспарлары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспары негізінде әзірленді.

      Туристік сала әлемдегі ең ірі және қарқынды дамып отырған салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) деректері бойынша 2014 жылы туризмге әлемдік ЖІӨ-нің 9 %-ы (тікелей және жанама әсерді ескере отырып), тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік экспортының 6 %-ы тиесілі болады. Осы салада шамамен 100,9 млн. адам жұмыс істеуде, бұл ретте әлемдегі әрбір 11 жұмыс орны туризм саласында құрылады.

      Туризм телекоммуникация және көлік, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы және басқалар сияқты аралас салаларға ықпал ете отырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі.

      Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің жеткілікті дамымауымен сипатталады. Оның ЖІӨ-дегі үлесі (тек тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер есептеледі) шамамен 0,9 %-ды құрайды. 2015 жылы туристік қызметтен түскен кіріс мөлшері 236,4 млрд. теңгені құрайды, бұл 2010 жылғы деңгейден 2 есе артық (126,5 млрд. теңге). Салада жұмыспен қамтығандар саны 103,6 мың адамды құрады. Туристік қызметтен республикалық бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2015 жылы 11,0 млрд. теңгені құрады.

      2016 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 2 031 туристік ұйым, 138 062 жатын-орын сыйымдылығы бар 2 754 орналастыру орны жұмыс істеді, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішіне қарағанда 16,6 %-ға жоғары.

      Орналастыру орындарының жалпы санының 62,4 %-ын қонақүйлер құрайтынын, олардың 10,1 %-ының санаты бар, 52,3 %-ының санаты жоқ қонақүйлер, ал 37,6 %-ы өзге де орналасу орындары екенін атап өту қажет (1-сурет).



                  1-сурет. Орналасу орындарының санаттары

      Орналастырудың негізгі бөлігі (63,3 %) Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және тиісінше Астана қаласында шоғырланған (2-сурет).



      2-сурет. Өңірлер бөлінісіндегі орналасу орындарының үлес салмағы

      2016 жылы қонақүйлердегі жатын-орын толтырылымы 23,8%-ды (2015 жылы – 23,5 %) құрады.

      Санаты бар қонақүйлердегі орташа деңгейдегі толтырылым 24,3 %-ды, ал санаты жоқ қонақүйлерде 19,3 %-ды құрады. Бұл ретте толтырылымның барынша жоғары деңгейі 5* санатты қонақүйлерде (31,1 %), ең төменгі деңгей 1* санаты бар қонақүйлерде (14,6 %) тіркелген (3-сурет).



            3-сурет. Орналасу орындарындағы толтырылым деңгейі

      2016 жылы жатын-орын толтырылымының анағұрлым жоғары деңгейі мынадай облыстарда байқалады: Батыс Қазақстан – 29,5 %, Атырау – 27,6 %, Шығыс Қазақстан – 26,8 % және Ақтөбе – 24,3 %. Ең төменгі толтырылым деңгейі Жамбыл (15,6 %) және Ақмола облыстарында (17,3 %) тіркелген. Астана және Алматы қалаларында қонақүйлердегі толтырым тиісінше 27,6%-ды және 28,2 %-ды құрады (4-сурет).



      4-сурет. Өңірлер бөлінісіндегі орналасу орындарының толтырылым деңгейі

      Орналасудың жіктелмейтін объектілерінің елеулі санының нәтижесі сервистің төмен сапасы және жоғары бағаны ескере отырып, келушілердің аздығы болып табылуы мүмкін.

      Қонақүйлік көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейлі орналастыру орындарында тұру бағасы әлемнің озық туристік дестинацияларындағы ұқсас қонақүйлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларындағы 5* қонақүйлердегі стандартты нөмірдің орташа құны Еуропаның озық қалалары мен әлемнің туристік дестинацияларындағы орташа бағаларға қарағанда 20 %-ға жоғары.

      Басқа орналастыру орындарында – пансионаттарда, туристік базаларда, паналарда, кемпингтерде, келушілерге арналған жатақханаларда және басқа да орындарда көрсетілетін қызметтердің бағалары шамамен 25-30 %-ға төмен.

      Жоғары қойылған бағалар бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерге аса тәуелді болмауына байланысты. Қонақүйлік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, ұсынылатын туристік көрсетілетін қызметтер шектеулі сервиспен ұсынылады және нашар реттелген болып табылады. Тұруға және авиабилеттерге жоғары бағалардың Қазақстанға тур құнын едәуір ұлғайтатынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.

      Қазақстандағы ішкі және келу туризміне 2000 – 2007 жылдар кезеңінде сұраныстың артуы, кейінен оның экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және 2009 жылдары төмендеуі байқалды. 2010 жылы экономиканың қайта қалпына келуімен 2011 жылы туризмге сұраныс жаңғыртылды және 2014 жылы рекордтық деңгейге дейін жетті. 2016 жылы келушілер санының өсуі 2010 жылмен салыстырғанда 65,5 %-ды құрады, түнеу санының өсуі – 34,6 % (5, 6-суреттер)



            5-сурет. 2010 және 2016 жылдардағы келушілер саны



            6-сурет. 2010 және 2016 жылдардағы түнеулер саны

      2016 жылы орналастыру объектілерінде қызмет көрсетілген келушілер құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

      1) орналасу объектілерінің санаттары бойынша: келушілердің 81,2%-ы қонақүйлерге (келушілердің 42,2%-ы санаты бар қонақүйлерге, 38,8%-ы санаты жоқ қонақүйлерге), келушілердің 18,8%-ы өзге де орналасу орындарына орналасқан. Бұл ретте 2013 жылы келушілердің 86,4 %-ы қонақүйлерге (келушілердің 42,1 %-ы санаты бар қонақүйлерге, 44,3 %-ы санаты жоқ қонақүйлерге), келушілердің 13,6 %-ы өзге орналасу орындарына орналасқан (7-сурет).



      7-сурет. 2013 және 2016 жылдардағы орналасу орындарының санаттары

            бойынша қызмет көрсетілген келушілер құрылымы

      2) өңірлер бойынша: тіркелген келушілердің 47,1 %-ы Астана (17,4 %) және Алматы (18,8 %) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (10,9 %) тіркелген, ал 2013 жылы аталған өңірлердегі қызмет көрсетілген келушілер 47,7 %-ды құрады (8-сурет).



      8-сурет. 2013 және 2016 жылдардағы өңірлер бойынша қызмет көрсетілген

                              келушілер құрылымы

      3) шыққан елдер бойынша: 82,8 % қазақстандық келушілер (2013 жылы 82,3 %), резидент емес келушілердің (722 515 адам) – 31,4 %-ы Ресей Федерациясынан келушілер, 7,4 % Қытай Халық Республикасынан келушілер, 5,9 % Америка Құрама Штаттарынан келушілер, 5,9 %-ы Түркия Республикасынан келушілер, 4,5 % – Германия Федеративтік Республикасынан келушілер, 2,9 % – Италия Республикасынан келушілер және 42,0 % басқа да елдерден келушілер (9-сурет).



      9-сурет. 2013 және 2016 жылдардағы елдер бойынша қызмет көрсетілген

                              келушілер құрылымы

      4) сапар мақсаттары бойынша: іскерлік және кәсіптік – 54,1 %, еңбек демалысы және демалыс – 45,6 %, басқа да мақсаттармен – 0,3 %, 2013 жылы сапар мақсаттарының құрылымы мынадай болды: іскерлік және кәсіптік – 60,0 %, еңбек демалысы және демалыс – 33,7 %, достар мен туыстарға бару – 3,7 %, дін мен қажылық – 0,4 %, емдік және сауықтыру шаралары – 0,4 %, дүкен аралау – 0,4 % және өзге де мақсаттар – 1,4 %. Қазақстандықтар шетелдік келушілермен салыстырғанда демалыс және еңбек демалысы мақсатында көбірек саяхатқа шыққанын (51,7 %), бұл уақытта резидент еместер көбінесе іскерлік және кәсіптік мақсаттарда (81,7 %) келгенін атап өту қажет (10-сурет).



      10-сурет. 2013 және 2016 жылдардағы сапар мақсаттары бойынша қызмет

                        көрсетілген келушілер құрылымы

      Сонымен, Қазақстанда туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік сапарларына негізделетіні байқалады.

      2016 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 6 509,4 мың адамды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 1,2 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (37,8 %), Ресей Федерациясынан (24,4 %) және Қырғыз Республикасынан (20,7 %) келген. Келудің негізгі себептері жеке (75,4 %) сапарлар болды, ал қызмет бабындағы іссапарлар (16,2 %), туризм мақсатында шамамен 1 %-дай болды (11-сурет).



      11-сурет. 2016 жылы ҚР-ға келген шетелдік резиденттердің үлес салмағы

      Қазақстанға келетін көптеген шетел резиденттері отбасыларда немесе достарында тоқтайды, транзитпен өтеді немесе бір күнге ғана келеді (бір күндік келушілер).

      Шетелге шыққан Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 2016 жылы 9 755,6 мың адамды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 15,8 %-ға төмен. Қазақстандықтар туристік, бизнес және өзге де сапарларды қоса алғанда, халықаралық сапарларға 1,6 млрд. АҚШ долл. жұмсайды, дәл осы құжат бойынша резидент еместерге 1,5 млрд. АҚШ долларына қызмет көрсетілген.

      Осылайша, елдің төлемдік теңгерімі "Сапарлар" құжаты бойынша шамамен 109,3 млн. АҚШ долларын құрап, көп жылдар бойы жарамсыз болып келеді.

      Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд Корольдігі сияқты елдерге "туристік донор" болып қалып отыр, ол елдерде туризм индустриясы қарқынды дамуда, жаңа жұмыс орындары құрылып, төлем теңгерімінің құрылымы жақсаруда және халықтың әл-ауқаты артуда.

      Қазақстандық туристердің сыртқа шығу туризміне сұранысы Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналасу объектілері үшін бизнес үлесінің жоғалуын білдіреді, сондықтан республикада туризмді сапалы дамыту қазір шетелде демалатын жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге жұмсалатын шығыстарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады.

      Республикада туризмді жеделдетіп дамытуға қиындық тудыратын негізгі себептерге мыналар жатады:

      1) туризм орындарындағы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы, туристік объектілерге жету қиындығы, туристер демалатын жерлердегі сервис деңгейінің жоғары болмауы, жол бойы инфрақұрылым объектілері сервис сапасының және санының жеткілікті болмауы;

      2) туризм саласында білікті кадрлардың, оның ішінде академиялық білім сипатының жетіспеушілігі, білім бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарынан, өндірістер қажеттіліктерінен, жұмыс берушілердің күтуінен біршама алшақтығы және т.б.;

      3) визалық және көші-қондық формальділік;

      4) мәдени және спорт бағыттарын қоса алғанда, туристік саланы дамытудың кешендік тәсілін іске асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдарды үйлестірудің жеткіліксіз деңгейі;

      5) әлсіз маркетинг және брендинг;

      6) инвестициялық тартымдылықтың төмендігі.

      Туризмді дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы қазақстандық және шетел азаматтарының туристік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, өзіне табиғи-климаттық жағдайды, туристік көрікті жерлерді, қажетті инфрақұрылымды (көлік, әуе, теміржол, инженерлік-коммуникациялық, "икемді"), оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін бекеттерін қайта құрауды ескере отырып, көңіл көтеру орындарын, тамақтану объектілерін және т.б. қамтитын туристік кешенді қалыптастыруға тікелей байланысты.

      Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құру бюджетке салықтық түсімдер, шетелдік валюта ағыны, жұмыс орындары санының өсуі, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуына және оңтайлы пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету есебінен ел экономикасының дамуына да едәуір үлес қосады.

      Туризмді мемлекеттік қолдау саланы тұрақты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе мемлекеттің туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасауға, жеке инвесторларды тартуға, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған белсенді саясаты туристік саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуына мүмкіндік беретінін көрсетеді.

      Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай бюджет қаражатын ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын куәландырады.

      Осы Тұжырымдамада Horwath HTL, Ecosign Mountain Resort Planners Ltd, THR, IPK International ірі халықаралық консалтингтік компаниялардың ұсынымдары, сондай-ақ 2012 жылы Қазақстандағы туристік әлеуетке жүргізілген зерттеулер нәтижелері көзделген.

      Туризмді экономиканың басым бағыты ретінде айқындаған елдердің халықаралық тәжірибесін талдау туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың бірқатар анағұрлым тиімді шараларын көрсетті:

      1) қарама-қайшы басымдықтарды біріктіру үшін елдің басшылығы тарапынан бірқатар жылдар бойы келе жатқан тікелей саяси ерік және қолдау.

      Марокко Корольдігі. 2000 жылдардың басында Марокко королі VI Мохаммед туризм мәртебесін экономиканың стратегиялық секторы ретінде бекітті. Марокко Үкіметі "Пайымдау – 2010" туризмді дамыту стратегиясын әзірледі. Осы стратегияның маңызды элементі алты жаңа жағалаудағы курорттық аймақты "басынан бастап" салу жөніндегі жоспар (Азур жоспары) болып табылды.

      Осы Жоспарды іске асыру үшін 2007 жылы бірнеше мемлекеттік кәсіпорын базасында туризм инфрақұрылымына инвестициялау бойынша жаңа оператор – SMIT (Марокко туризмдегі инжиниринг қоғамы) құру жөнінде шешім қабылданды. SMIT мынадай міндеттерді іске асырады: жаңа жағалаудағы курорттық аймақтарды салуға жер учаскелерін бөлу; осы аймақтарды салуға арналған мастер-жоспарлар мен ТЭН әзірлеу, жер учаскелерін сатып алу және сату, инфрақұрылымды салу және жеке инвесторларды тарту. Сонымен қатар, "Пайымдау – 2010" стратегиясын іске асыру кезінде ЕО-мен ашық әуе кеңістігі туралы 2006 жылғы екіжақты шарт шеңберінде әуе қатынасын ырықтандыру елдің туристік саласын дамыту үшін зор мәнге ие болды.

      Әуе қатынасын ырықтандыру, көбіне жаңа әуе желілерінің авиатасымалдаушыларына және еуропалық бюджеті аз авиатасымалдаушыларына қону құқығын беруді; ұлттық бюджеті аз жаңа AtlasBlue, Jet4You және авиатасымалдаушыларын жаңа әуе бағыттарын құруды қамтиды. Осы шаралар авиабилеттерге бағалардың айтарлықтай төмендеуіне және халықаралық жолаушылар (туристер) ағынының жалпы ұлғаюына әкелді.

      Малайзия. 90-жылдардан бастап туризм Малайзияны дамытудың бесжылдық экономикалық жоспарларында маңызды орын алып келеді. Осы жоспарлар шеңберінде салықтық жеңілдіктер беру (кіріске салынатын салықтан босату немесе қонақ үйлерді және басқа да туристік объектілерді кеңейтуде және жаңғыртуда кері инвестициялау кезіндегі жеңілдіктер; импорттық баждардан толық босату) арқылы туризмнің ауылдық, экологиялық, круиздік және басқа да түрлерін дамыту үшін стратегия қалыптастырылды;

      2) мамандандырылған агенттіктерді, қорлар мен операторларды құру арқылы ірі курорттық аймақтарды дамытуда мемлекеттің тікелей қаржылық қатысуы.

      Мексика Құрама Штаттары. 70 жылдары Үкімет екі қорды – INFRATUR (Туризм инфрақұрылымын дамыту қоры) және FOGATUR (Туризмге кепіл беру және жылжыту қоры) қосу негізінде Туризмді дамытудың ұлттық қоры – FONATUR құрды. FONATUR-дың негізгі міндеті Канкун, Инкара, Лос-Кабос, Хаутулько және Лорето бес ірі жағалау курорттық аймағын "басынан бастап" дамыту болып табылды. Осы курорттарды дамыту мақсатында FONATUR қарыз қаражатын және жеке инвесторларды тарту, қала салу және өңірлік жоспарлау мәселелерімен қатар жер меншігі мен жылжымайтын мүлік нарығының мәселелерімен де басшылық рөлді өзіне алды. Қазіргі уақытта қол жеткізілген нәтижелерін есепке ала отырып, FONATUR курорттарды дамыту процесіндегі жанама рөлді өзіне алды және негізгі күш-жігерді мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға бағыттады.

      Испания Корольдігі. 60-жылдары ENTURSA мемлекеттік компаниясы құрылған болатын, ол неғұрлым жаппай жағажай демалысына арналған қонақ үйлерді салумен және басқарумен айналысты. Нәтижесінде осы қонақ үйлердің көпшілік бөлігі жекешелендірілді;

      3) қаржылық жеңілдіктер және туристік объектілерге инвестициялауды қолдау тетіктері.

      Египет Араб Республикасы. 70 жылдары еркін экономикалық аймақтарды құру және мемлекеттік компаниялар мен шетелдік инвесторлардың бірлескен кәсіпорындарын құруға рұқсат беру туралы Заң қабылданды, оның шеңберінде шетелдік инвесторлар бірлескен кәсіпорындардың кіші серіктесі ретінде инвестицияларды салу құқығын алды, он бес жылға дейінгі мерзімге салықтар төлеуден босатылды, мемлекет тарапынан жер учаскелерін меншік құқығына қатысты кепілдіктер алды.

      Шетелдік инвесторлар сонымен қатар шетел қатысатын жергілікті компаниялар сияқты алынған кірістерді шетелге шығару құқығына ие бола отырып, мемлекеттен капиталға қатысты кепілдіктер алды;

      4) туризмнің инженерлік-коммуникациялық, көліктік және "икемді" инфрақұрылымын құруды тікелей мемлекеттік қаржыландыру (білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету), сондай-ақ туристік индустрияда неғұрлым маңызды жобалар құру.

      Біріккен Араб Әмірліктері. 2006 жылы туризмдегі даму және инвестициялар жөнінде компания құрылды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі гранттар түрінде шамамен 3 млрд. АҚШ долларын бөлді, оның негізінде компания шетелде қомақты қарыз қаражатын тартты. Негізгі жоба Саадият жасанды аралын салу болып табылады.

      Түркия Республикасы. 70-жылдары Түркия Республикасының Үкіметі туризмді дамыту жобаларының өңірлік жоспарларын әзірледі және индустрия үшін инфрақұрылымды дамыту жобаларына бастама танытты.

      Осылайша, халықаралық тәжірибе туризмді дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуде атқарушы биліктің белсенді рөлі табыстың елеулі факторларының бірі болып табылатынын көрсетті. Туризмді дамытуды мемлекеттік қолдау нысандары жеткілікті түрде сан алуан. Сонымен қатар, бірқатар белгілер бойынша Қазақстандағы туристік саланы мемлекеттік реттеу саласындағы қазіргі жағдайға сәйкес келетін кейбір мысалдарды атап өтуге болады:

      1) экономикаға тікелей қатысу арқылы елді жаңғыртудағы мемлекеттің белсенді рөлі;

      2) әдетте, шалғайда орналасуынан, инфрақұрылымның болмауынан және туризмнің санаториялық-курорттық түрі бөлігіндегі ішкі нарықтың дамымауынан курорттық аймақтардың өздігінен дамуының болмауы.

      Осындай белгілері бар мысалдарда мемлекет "басынан бастап" курортты орталықтандырып дамыту, инфрақұрылым мен туристік объектілер салу арқылы туризмдегі жаңа ұсынысты белсенді жасады. Осы курорттардағы коммерциялық объектілер не мемлекет қаражаты есебінен не жеке меншік инвестицияларды тарту арқылы салынды. Әдетте, мемлекет осы мақсаттар үшін қызметі квазикоммерциялық сипатта болатын ұлттық операторды құрды.

      Осы мысалдардың барлығын елдегі туристік саланы дамыту үшін күшті серпін тұрғысынан да сонымен қатар мемлекеттік инвестицияларды қайтаруды ескере отырып, табысты деп атауға болады.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ

      Туризмді Қазақстан Республикасында экономикалық дамытудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарауға бірнеше негізгі экономикалық және әлеуметтік алғышарттар бар:

      1) халық табысының, мемлекеттік бюджетке түсімдердің артуы, әлеуметтік сезінудің жақсаруы, жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде дәстүрлі өмір салтынан қол үздірмей ауылдық және шалғайдағы аудандардың халқын, жастарды жұмыспен қамту мүмкіндігі;

      2) отбасылық, кіші және орта бизнесті жүргізу мүмкіндігін, оның ішінде туристік кластердің анағұрлым перспективалық аудандарында негізгі туристік жобаларды іске асыру арқылы халықтың қалың жігі арасында кәсіпкерлік қызмет мәдениетін дамытуға жәрдемдесу;

      3) Қазақстан Республикасының өңірлері мен ауылдық аудандарын дамытуға, оның ішінде шалғай аудандарда инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу;

      4) ауыл шаруашылығын, көлікті, сауданы, машина жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, креативті индустрияны, өндірістік емес секторды қоса алғанда, экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастыққа жәрдемдесу және мүмкіндіктер жасау;

      5) "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идея құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін әлеуметтік-мәдени, этнографикалық, медициналық, спорттық, мәдени-танымдық, ғылыми, балалар-жасөспірімдер және туризмнің басқа да түрлерін қоса алғанда, ұлттық және мемлекетаралық өзара түсіністікті жылжытуға ықпал ететін оң және жемісті мәдениетаралық қарым-қатынастарды жасауға жәрдемдесу;

      6) елдің белсенді маркетингі мен Ұлы Жібек жолы брендін жылжыту есебінен өңірлік және әлемдік нарықта республиканың танымдылығын арттыру;

      7) ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне және республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы.

      Экономиканы әртараптандыру және республика халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсаттарында туризм индустриясы ішкі сонымен қатар шетел туризмі үшін тартымды туристік өнімдерді ұсынатын, негізін білікті жұмыскерлер қалайтын бәсекеге қабілетті туристік бизнеспен белгілі бір туристік кластерлерде дамытылуға тиіс. Осы бағытта даму барлық мүдделі тараптар – мемлекет, бизнес және жұмыскерлер үшін туристік қызметтен кірістердің қарымды және тұрақты өсуіне ықпал етуге тиіс.

      Қазақстандағы келу және ішкі туризмді дамыту бірқатар нарықтық үрдістерге – жалпы туризмге, экономикаға, демографияға, экологияға, технологияға және өзге де салаларға байланысты болады.

      Жалпы туризмнің негізгі ұзақ мерзімді үрдістері мыналар болып табылады:

      1) кейіннен халықаралық келушілер саны мен халықаралық туризмнен түсетін кірістерді арттыра отырып, халықаралық туризмді тұрақты дамыту, бұл жалпы Қазақстанда туризм индустриясын дамыту үшін оң нарықтық негізді қамтамасыз етеді;

      2) Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамып жатқан сыртқы нарықтарда өрістеп жатқан туристік сұраныс. Бұл елдердің географиялық орналасуы осы нарықтар үшін туристік өнімдерді әзірлеу және олардың Қазақстанға аумақтық жақындығының арқасында оларды салыстырмалы түрде жеңіл іске асыруға мүмкіндік береді;

      3) Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтардағы едәуір жоғары және тұрақты сұраныс, бұл Қазақстанға осы нарықтарда өзінің тартымды және бірегей туристік өнімдерін өткізуге мүмкіндік береді;

      4) перспективада Қазақстанның туристік ұсынысына болжамды бәсеке тудыратын Әзербайжан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы сияқты дамушы дестинациялардан өсіп келе жатқан туристік ұсыныс.

      Дамыған туристік дестинациялар арасындағы жоғары және белсенді бәсекелестік қазақстандық ұқсастықтардан осы нарықта барабар ұстанымды ұстануды, сонымен қатар оның үздіксіз өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуге қабілетті болуын талап етеді.

      Негізгі ұзақ мерзімді экономикалық үрдістер мыналар болып табылады:

      - қолайлы экономикалық перспективалар және ЖІӨ-нің, кірістердің және Қазақстан ішіндегі және Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамыған сыртқы нарықтарда тұтынушылар арасында саяхаттарға бейімділіктің болжамды артуы, бұл ішкі және сыртқы дамыған, әсіресе Қазақстанға жақын орналасқан нарықтарда туристік өнімдерді әзірлеуге және өткізуге мүмкіндік береді;

      - тұтынушылардың бағаға деген сезімталдығының артуына әкелетін Еуропа және Америка Құрама Штаттары сияқты дамыған нарықтардың экономикалық тұрақсыздығы өз кезегінде өте қымбат туристік өнімдерге елеулі қауіп төндіреді, бірақ сонымен қатар бұқаралық сегмент туристік өнімдерін бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

      Негізгі ұзақ мерзімді демографиялық үрдістер мыналар болып табылады:

      1) орта жастағы және егде жастағы адамдар санының, әсіресе Еуропа сияқты дамыған нарықтарда артуы, бұл неғұрлым егде жастағы тұтынушыларға туристік өнімдерді әзірлеуге және өткізуге мүмкіндік береді: маусымнан тыс, мәдени, сауықтыру және СПА-саяхаттар және т.б.;

      2) жыл бойы демалысқа арналған қысқа мерзімді үзілістер санының көбеюіне әкелетін жұмыс істейтін халықтың бос уақыты санының қысқаруы;

      3) жастар арасында әртүрлі қызықты саяхаттарды дайындауға және іске асыруға мүмкіндік беретін белсенді демалысқа деген қызығушылықтың артуы;

      4) барлық жастағы адамдардың мінез-құлқында (немесе өмір салтында) "космополиттілікке" деген бейімділіктің артуы – әлем бойынша саяхат жасауға талпыну, өзге мәдениетпен және ландшафттармен танысу – бұл бірнеше саяхаттарды дайындауға және іске асыруға және Қазақстанды бірегей туристік өнімдері бар жаңа туристік дестинация ретінде көрсетуге мүмкіндік береді;

      5) "креативті" туристік өнімдерді әзірлеуге және өткізуге мүмкіндік беретін, әсіресе Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтағы тұтынушылар арасында өзін-өзі дамытуға және/немесе "өзіне ден қоюға" ұмтылысының артуы.

      Негізгі ұзақ мерзімді экологиялық үрдістер мыналар болып табылады:

      1) жаяу туризм, велотуризм, салт атты серуендеу және құстарды бақылау сияқты экологиялық тұрақты болып табылатын "табиғат аясындағы" туристік өнімдерді әзірлеуге және өткізуге мүмкіндік беретін қоршаған ортаны сақтау және қорғау саласындағы қоғамдық сананың артуы;

      2) климаттың өзгеруіне байланысты туындаған ел экономикасындағы өзгерістер қызметтерді жергілікті жеткізушілердің, туроператорлардың және көлік компанияларының жаңа жағдайларға бейімделу қажеттілігін туғызады.

      Технологиялар саласындағы негізгі ұзақ мерзімді үрдістер мыналар болып табылады:

      1) жаңа маршруттарды енгізу, жаңа (бюджеттік) авиатасымалдаушыларды құру, қолданыстағы әуежайларды жаңғырту және жаңаларын салу арқылы әуе қатынасын қарқынды дамыту, бұл Интернетті пайдаланудың арта түсуімен жиынтықта туристік шығыстарды қысқартады және сапарлар санын арттырады;

      2) өз кезегінде туристерді көптеп тарта отырып, осындай технологияларды енгізетін объектілердің имиджіне оң ықпал ететін объектілерді салу және пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіз және энергия үнемдеуші технологиялар мен процестерді пайдаланудың артуы;

      3) жарнама сонымен қатар туристік өнімдерді сату үшін интернетте компаниялардың бар болуын қажет ететіне негізделген туристік өнімдерді іздеу және сатып алу үшін Интернетті пайдаланудың артуы;

      4) туризммен байланысты барлық секторларда әртүрлі технологиялық қосымшаларды – туризмге және қонақүй бизнесіне байланысты смартфондарға арналған қосымшаларды, автомобильдерге арналған GPS және т.б. пайдаланудың артуы.

      Өзге салалардағы негізгі ұзақ мерзімді үрдістер мыналар болып табылады:

      1) денсаулыққа, қауіпсіздікке және әл-ауқатқа байланысты барлық мәселелерде жоғары сапа стандарттарын орнату мен қолдау қажеттілігін білдіретін және өз кезегінде кейбір туристік дестинацияларды басқалардан тартымды ететін денсаулық, жеке қауіпсіздік және әл-ауқат туралы қамқорлыққа деген артып келе жатқан үрдіс;

      2) визасыз немесе жеңілдетілген визалық режимі бар елдерге шетелдік туристердің көп санын тартуға мүмкіндік беретін кірме туристер үшін визалық талаптарды алып тастайтын немесе жеңілдететін дестинациялар санының артуы.

3. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      Осы Тұжырымдаманың мақсаты әлемдік туристік нарық жүйесіне кіріктірілген жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік саланы құру болып табылады.

      Міндеттер:

      1) ішкі және кіру туризмін дамыту;

      2) өңірлік мәдени-туристік кластерлерді дамыту;

      3) мемлекеттің экономикасына туристік саланың үлесін арттыру, инвестицияларды ынталандыру;

      4) туризм индустриясында және қосымша экономика салаларында жұмыс орындарын ашу;

      5) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы еліміз бойынша және өңірлерде адами әлеуетті дамыту;

      6) туристік өнім сапасын арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

      7) туристік, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында туристік дамытуды жоспарлау;

      8) туристік инфрақұрылымның одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      9) туристік дестинацияларды ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету;

      10) бірыңғай ұлттық туристік брендті қалыптастыру болып табылады.

      Осы міндеттерді шешу жолдарының бірі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу, кейін оны Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу болады.

      Осы Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асыру құралы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары болып табылады.

4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ

Негізгі туристік кластерлер

      Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс айтарлықтай қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және халықаралық келуші үшін анағұрлым тиімді туристік "тәжірибе" жүйесін құру мақсатында мүдделі құрылымдар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірленетін болады.

      Туристік өнімнің бірегейлілігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның болмауы (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) саяхаттан қанағат алу дәрежесін төмендетеді, оның салдары туристік келу санының қысқаруына және ішкі және әлемдік туристік нарықтарда аумақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыратынын назарға алған жөн.

      Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.

      Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті анағұрлым өзекті болып отыр.

      Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасаумен, өндірумен, ілгерілетумен және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық көрсетілетін қызметтермен аралас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ шеңберінде шоғырлануы.

      Туристік кластерді құрудың мақсаты – синергетикалық әсер ету есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:

      1) кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;

      2) инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.

      Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсер етеді, бұл жалпы жоғары кіріктірілген туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады.

      Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдықтары ескеріле отырып, Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін:

      1. "Астана – Еуразия жүрегі" – бұл Астана қаласы негізіндегі туристік кластер. Астана еліміздің саяси, әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады. Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер ол MICE-туризм және қысқа мерзімді демалыс.

      Осы кластердегі туристік қызығушылықтың маңызды элементтері:

      1) "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері;

      2) Астана-Бәйтерек монументі;

      3) "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры;

      4) "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығы;

      5) "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені;

      6) Әзірет Сұлтан мешіті;

      7) Тәуелсіздік алаңы;

      8) Қазақстан Республикасының ұлттық музейі;

      9) "Ғашықтар" паркі;

      10) "Мәңгілік ел" триумфалды аркасы.

      Туризмнің негізгі бағыттары ішінде Астана үшін перспективалы және конгресті-іскер, оқиғалы және этно-туризм (мәдени-спорттық іс-шаралар, оқиғалар, конференциялар, форумдар және т.б.) анағұрлым өзекті болып табылады.

      Туризмнің көрсетілген бағыттарын дамыту мақсатында бірқатар маңызды элементтер айқындалды – жалпы (сырттан қолжетімділік, орналасу орындары, Visitor experience) және ерекше (оқиғаларды белсенді тарту және өткізу орындары, көрікті жерлерді жақсарту, сапалы денсаулық сақтау, бәсекелі бағалар).

      Сонымен қатар, мынадай басымды бастамалар іске асырылатын болады:

      1) қаланың брендін жасау және маркетингтік компания;

      2) қалалық бағдарды дамыту;

      3) халықаралық туристік және конгресті-көрмелік ұйымдарға (MICE) кіру;

      4) Event-management агенттіктерінің қатысуымен концерттік іс-шаралар бағдарламаларын жасау;

      5) спорттық және мәдени объектілерді тиімді басқару үшін халықаралық компанияларды тарту;

      6) қызмет көрсету саласының жұмыскерлері үшін оқу орталығын құру.

      2. "Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы" – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігі кіретін кластер, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары айқындалды:

      1) петроглифтері бар археологиялық Тамғалы (ЮНЕСКО объектісі);

      2) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      3) Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Шарын шатқалы;

      4) Балқаш көлі (оңтүстік-шығыс бөлігі);

      5) Алакөл көлі (оңтүстік бөлігі);

      6) Қапшағай су қоймасы;

      7) "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығы;

      8) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары;

      9) "Жоңғар-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      10) "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      11) "Қара Дала" бальнеологиялық курорттық аймағы;

      12) Хан Тәңірі шыңы – Қазақстанның ең биік шыңы.

      Болашақта кластер Алматы облысының басқа да бөліктерін кеңейтеді және қосады, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық тудыратын орындар – Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, сондай-ақ Есік қорғандары ұсынылуы мүмкін.

      Алматы – мың жылдық тарихы бар қала, тәуелсіз біздің Отанымыздың "алтын бесігі". Алматы:

      1) көп бағдарлы даму қарқынымен;

      2) мүмкіндіктердің ауқымды түрлерімен;

      3) көпқырлылық пен энергияға бай болуымен;

      4) жасыл экономиканы дамытудың экологиялылығымен;

      5) креативтілік пен болашаққа талпынумен;

      6) жарқындылық пен жылылық, қонақжайлылықтың бірегей атмосферасымен сипатталады.

      Алматы халықаралық іскерлік және тау шаңғысы туризмінің орталығы болады және "Қаладағы және таулардағы ойын-сауық" кластері ретінде сипатталатын болады. Осы кластер ұсынылатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени және экологиялық туризм, таулардағы және көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс, сондай-ақ event-management агенттіктерінің қатысуымен концерттік іс-шаралар бағдарламасын қалыптастыру жатады.

      3. "Алтай інжуі" – Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болып табылады, онда алты маңызды туристік қызығушылық тудыратын орындар айқындалған:

      1) Берел қорғандары;

      2) Бұқтырма су қоймасы;

      3) Ертіс өзені – Зайсан көлі;

      4) Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      5) Қиын Керiс тауы;

      6) Риддер – Батыс Алтай мемлекеттік қорығы;

      7) Алакөл көлі (солтүстік бөлігі);

      8) Семей қаласы және Абай ауданы (Жидебай).

      Болашақта кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін қамти отырып кеңейтілуі мүмкін.

      "Алтай інжуі" "Табиғаттың ғажайып әлемі" ретінде сипатталатын экологиялық туризмді дамыту орталығы болып табылатын болады.

      Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс, пантамен емдеу, гастрономдық, санаториялық-курорттық, СПА туризмі және басқалар жатады.

      4. "Ұлы Жібек жолын жаңғырту" – Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады.

      Туристік қызығушылық тудыратын маңызды орындар:

      1) қазіргі заманғы Түркістан қаласы;

      2) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (ЮНЕСКО объектісі);

      3) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген орта-ғасырлық Отырар қалашығының және отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;

      4) Сауран археологиялық кешені;

      5) палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Арпа өзен петроглифтері;

      6) "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      7) "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы;

      8) "Байқоңыр" кешені;

      9) "Қасқасу" тау курорты;

      10) Қызылорда, Сарыағаш, Шардара,Тараз қалалары.

      Кластердің орталық объектісі қажылық пен туризмнің халықаралық орталықтары болып танылған деңгейдегі Қазақстанның рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы Түркістан қаласы болады.

      Үш облыстың қалған бөліктерін қоса алғанда, болашақта кластер кеңейтілуі мүмкін, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркі тектес халық үшін киелі Меркі, Жетіасар алқабының ескерткіштері, Сығанақ қалашығы, ЮНЕСКО-ның объектісі болып табылатын Ақыртас сарай кешені (VIII-XII ғғ.) сияқты туристік қызығушылық тудыратын жаңа орындар ұсынылуы мүмкін.

      Ұлы Жібек Жолын жаңғырту кластері "Ұлы Жібек жолының жүрегі" ретінде сипатталатын болады. Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге рухани, тарихи-мәдени туризм мен турне, мистикалық, шытырман, көңіл көтеру, санаториялық-курорттық және СПА туризмі жатады.

      "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін іске асыру шеңберінде өңірлердің бірегей туризм объектілері мен республиканың батыс және шығыс "шекара қақпаларындағы" тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым жасалатын болады.

      Осы Тұжырымдаманы кешенді іске асыру Түркістан қаласының экономикасын қолданыстағы аграрлық-көліктік, сауда мамандығын мамандықтың туристік сервистік түріне кезең-кезеңімен жаңғырту арқылы жаңа бәсекеге қабілетті жағдайға қол жеткізуге қабілетті. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға негізделген туризм секторына басым рөл берілетін сервистік-инновациялық экономиканы қалыптастыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

      5. "Каспий қақпасы" барлық Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бір бөлігін қамтиды. Ақтау қаласы кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық тудыратын орындар орналасқан:

      1) Бекет ата, Шопан ата және Қараман ата жерасты мешіттері, Омар мен Тұр кесенесі;

      2) "Шерқала" тауы;

      3) "Қарақия" – Қара көл мемлекеттік табиғат қорығы;

      4) "Бөкей Ордасы" ескерткіштер кешені;

      5) "Сарайшық" қалашығы;

      6) Кендірлі курорттық аймағы.

      Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, тарихи, мистикалық, өндірістік, мәдени туризм және турне жатады.

      6. "Табиғат пен көшпенді мәдениет бірлігі" Ақмола және Қарағанды облыстарын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін және Павлодар облысының батыс бөлігін қамтиды. Бурабай курорттық аймағы кластердің орталығы болып табылады, онда туристік қызығушылық тудыратын мынадай негізгі орындар орналасқан:

      1) "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      2) "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      3) "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      4) Қарағанды қаласы;

      5) Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      6) Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      7) Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи қаумалы (зоологиялық);

      8) "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы;

      9) Имантау-Шалқар курорттық аймағы, оның ішінде энеолит дәуіріне жататын ботай мәдениетінің ескерткіштері;

      10) Зеренді демалыс аймағы;

      11) Солтүстік Балқаш маңы;

      12) Қызылорда мемлекеттік табиғи қорығы.

      Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық тудыратын орындармен толықтырылуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеті кезеңінің кесенелері.

      Кластер көшпелі мәдениет пен дала әралуандылығының орталығы болады. Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер – бұл мәдени туризм және турне, көңіл көтеру, шытырман, таулар мен көлдердегі демалыс, санаториялық-курорттық және СПА туризмі, сондай-ақ қысқа мерзімді және белсенді демалыс.      

      Бірінші басымдық кластерлеріне "Астана – Еуразия жүрегі" және "Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы" жатады.

      Екінші басымдық кластерлеріне қалған кластерлер жатады.

Стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту

      Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың жаңа кезеңі шебінде тұр. Мемлекеттің жақын онжылдықтағы маңызды міндеттерінің бірі Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекеті қатарына кіруі стратегиясын іске асыру болып табылады.

      Бұл міндеттерді шешуде инновациялық экономика жасау және шикізат емес секторды дамыту шешуші рөл атқарады.

      Бүгін көп елдер туризмді дамытудың салықтық түсімдердің артуында, жұмыс орындары санының ұлғаюында, халықтың өмір сүру деңгейінің артуы мен инвестицияларды тартуда көрінетін экономикалық тартымдылығын көруде.

      Осыған байланысты, Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 57-қадамын іске асыру мақсатында, сондай-ақ туристік салаға ішкі сонымен қатар сыртқы инвестиция ағынын ынталандыру үшін үш негізгі жоба іске асырылуда:

      1) Алматы облысында (Талғар ауданы) "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығын салу, инвестор "Steppe Capital" АҚ;

      2) Алматы қаласындағы "Mount Sinai" медициналық орталығы, инвестор "Capital Partners" АҚ;

      3) Маңғыстау облысында "Кендірлі" курорттық демалыс аймағын дамыту.

      Туризм саласына инвестицияларды тарту бағытында Инвестициялар және даму министрлігімен, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-мен және "Kazakh Export" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-мен бірлесіп, мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) туристік кластерлер жасауда табысты тәжірибесі бар стратегиялық (тұрақты) инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      2) туристік кластерлерді дамытуға инвестицияларды тарту бойынша негізгі тәсілдерді әзірлеу;

      3) инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне туризм саласын енгізу;

      4) туризм саласындағы инвестициялық жобалардың деректер базасын құру және оны жүргізу;

      5) бизнес қауымдастығымен бірлесіп, туристік аймақтарды, сондай-ақ сервистік объектілерді орналастыру үшін оларға іргелес аумақтарды қаржыландыру және инвестициялау бойынша МЖӘ нысандарын әзірлеу;

      6) ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін енгізу арқылы жеке бизнес бастамалары мен инвестициялық жобаларды қолдау;

      7) алты туристік дестинацияны дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдау;

      8) туристік бағыттағы жобаларды 10, 15, 25 жыл мерзімдерінде кредиттеу мәселесін пысықтау;

      9) Қазақстанның туристік саласын дамыту бойынша шетел донарларымен жұмыс жүргізу (ЕҚ, АҚШ, БҰҰ, ОБСЕ, халықаралық қаржы институтары, сондай-ақ ҚХР, РФ, Үндістан, Иран және басқаларының көмек бағдарламалары);

      10) Қазақстандағы туристік бизнесті дамыту үшін "гайдтарды" әзірлеу;

      11) Қазақстанның туристік саласын мемлекеттік инвестициялаудың жүйелік, қысқа және ұзақ мерзімді нысандарын әзірлеу.

Туризмнің негізгі түрлері

Мәдени-танымдық және этнографиялық туризм

      Қазақстан – тарихи және мәдени мұрасы бай ел. Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан әлемнің өркениет торабында, Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы көліктік, әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық қиылыста тұр. Ерте заманда Қазақстан даласы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде қазіргі Қазақстан аумағында өзіндік мәдени тарихы бар мемлекеттер пайда болып дамыған.

      Сол дәуірдің мұрасы көптеген тарих және мәдениет ескерткіштері, географиялық көрнекі орындар болып табылады.

      Мәдени демалу ойын-сауық және демалыстың өзге де түрлері сияқты бір орында тұрмайды. Ол жаңа функцияларға ие болып, өз мәнінің аса үлкен шегін белгілей отырып, кеңейеді және оңтайланады. Бұл процесте халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, экологиялық бос уақытты өткізу және демалыс орталықтарын және этно-парктерді, әртүрлі мәдени, табиғи және тарихи қорықтарды құру ерекше рөл атқарады.

      Табиғи көрнекі жерлерден басқа, Қазақстан әлемдік маңызы бар Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Ұлы Жібек жолында транзиттік турларды ұйымдастыру аса өзекті, өйткені ол Қазақстанға Жапония, Малайзия, Қытай Халық Республикасы, Корея елдері, сондай-ақ еуропа мемлекеттері сияқты қызығушылық тудыратын аймаққа кіруге мүмкіндік береді. Ұлы Жібек жолы – Қазақстандағы туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі.

      Әлемдік тәжірибе шетелде өз еліңнің мәдениетін танымал етудің құралы ретінде мәдени-танымдық туризмнің ерекше рөлін көрсетеді. Шетел туристерін тарту креативтік индустрияны қарқынды дамытудың маңызды шарты болып табылады.

      Қазіргі уақытта адамдардың көбі көпұлтты мегаполистерде және қалаларда тұрады, аса өзектілік пен танымалдылықты этнографиялық туризм ала бастады, бұл жерде халықтың этнографиялық тобының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, сәулетімен, ұлттық костюмдерімен және мерекелерімен, мәдениетімен және өз немесе өзге тілімен танысу болады.

      Этнографиялық туризм отбасылық қатынастарды нығайтуға, жастарды рухани-ізгілікке тәрбиелеуге, мәдени және отбасылық құндылықтарды сақтауға және дамытуға ықпал ететін болады.

Киелі жерлер немесе рухани туризм

      Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына сәйкес "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасын іске асыру бойынша жұмыс басталды.

      "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасы – бұл ұлттық біртектіліктің өзегі болып табылатын Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені.

      "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасының стратегиялық негізі Мемлекет басшысы ұсынған ұлттық бірлікті нығайту идеясы болып табылады. Негізгі басымдықтардың бірі ұлттық қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және ілгерілету болып табылады

      Қазақстан алдында бірқатар жаһандық сын-қатерлер тұр, олардың көбі өз мәдениетін, өзіндік ұлттық кодын сақтау және нығайту арқылы еңсеріледі. Мұндай жағдайларда өзіміздің ұлттық рәміздерді ілгерілету, бәсекеге қабілетті білім беру, ақпараттық және туристік стратегияларды, оның ішінде ішкі туризмді жылдам және сындарлы ұйымдастыру қажеттілігі бірінші кезекке қойылады.

      Тәуелсіздік жылдары бірқатар ірі бағдарламалар іске асырылады: 2004 жылдан бастап Қазақстан аумағында тарихи-мәдени ескерткіштер мен объектілерді қайта қалпына келтіруге бағытталған "Мәдени мұра" бағдарламасы жүзеге асырылуда; 2013 жылдан бастап Қазақстан тарихына арналған озық әлемдік архивтерден алынған құжаттарды жүйелі түрде жинайтын және зерттейтін "Халық тарих толқынында" бағдарламасы жүзеге асырылуда.

      Отандық тарих және мәдениет ескерткіштеріне ауқымды түгендеу жүргізілді, сонымен қатар тарих және мәдениет ескерткіштерінің "макрокиелі" және "микрокиелі" мәні бар мемлекеттік тізімдері бекітілді.

      "Қазақтың дәстүрлі мың күйі", "Қазақтың дәстүрлі мың әні" және "Батырлар жыры" бірегей жобалары шеңберінде халық шығармашылығының үздік үлгілері бір жүйеге келтіріледі.

      ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне мәдени ескерткіштер – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, сондай-ақ "Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері" табиғи мұра объектісі енгізілді. Жібек жолындағы Жетісу бөлігіндегі қазақстандық сегіз объекті: Талғар, Қойлық, Қарамерген, Ақтөбе "Степнинское", Өрнек, Құлан, Қостөбе, "Ақыртас" археологиялық кешені "Жібек жолы: Чанань-Тянь-Шань дәлізі желісінің маршруттары" сериялық трансұлттық номинациясының құрамында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінің құрамына кірді.

      "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасын іске асыру мынадай қағидаттарға негізделетін болады:

      1) қоғамдық сананы жаңғыртудың стратегиялық маңыздылығы;

      2) өз мәдениетін, өзіндік ұлттық кодты сақтау;

      3) жаһандық әлемде отандық мәдениеттің даралығын айқындайтын жалпыұлттық мәдени мұраның басымдылығы;

      4) бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білім қуу және сананың ашықтығы.

      Киелі жерлер туризмі саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) нақты киелі объектілерді сыныптау жүзеге асырылады;

      2) Қазақстанның туристік және мәдени тартымдылығының виртуалды картасы жасалды және "Google" іздеу жүйесіне орналастырылады;

      3) қажетті материалдарды (тарихи фактілер, аңыздар мен мифтер) қоса бере отырып, тарихи-мәдени объектілерді, сондай-ақ Қазақстандағы жалпы зиярат ету орындарын оқшаулау картасы әзірленеді;

      4) "Киелі Қазақстан" энциклопедиясы басылып шығарылады;

      5) "Өңірлердің киелі ескерткіштері" кітаптар топтамасы басылып шығарылады;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы басылып шығарылады;

      7) БҰҰ алты тілінде дубляж және субтитрлер жасасып Қазақстанның киелі объектілері туралы ғылыми-танымал фильмдер топтамасы жасалады;

      8) Қазақстанның киелі географиясын зерттейтін жаңа оқу пәндері әзірленеді және білім беру процесіне енгізіледі;

      9) тиісті ұялы телефон қосымшалары жасалады;

      10) Қазақстанның киелі орындарында бірнеше келу орталықтары пайдаланылуға беріледі;

      11) инфрақұрылымды дамыту арқылы "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" картасына енгізілген объектілерді жаңғырту, сонымен қатар киелі жерлер объектілерінің инфрақұрылымдарын дамыту жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

      "Қазақстанның киелі белдеуін" қалыптастыру шеңберінде ішкі туризмді дамыту бойынша қалған негізгі шаралар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделетін болады.

Әлеуметтік туризм

      Барлық өңірлер үшін қызметтің басым бағыттарының бірі халықтың белгілі бір санатының ел ішіндегі туристік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік туризмді дамыту болып табылады.

      1980 жылғы Әлемдік туризм жөніндегі Манила декларациясы әлеуметтік туризмді азаматтардың демалу құқықтарын пайдаланған кезде аз қамтылған солардың мүдделеріне қоғамның ұмтылуға тиіс мақсаты ретінде жариялады.

      Әлеуметтік туризм жөніндегі халықаралық ұйым туризмнің осы түрін өздеріне туризмге қатысу мүмкіндігін жасай алмайтын, аз қамтылған болып табылатын елдер-дестинацияларда адамдардың қатысуымен байланысты қарым-қатынастар мен құбылыстар ретінде айқындайды. Оған қатысуға нақты әлеуметтік шаралар мен әлеуметтік ойыншы мақсатын ұстанушылар саясатын біріктіру арқылы мүмкіндік туады және жеңілдей түседі.

      Мұндай тұжырым адамдардың нысаналы топтарына тікелей қолдауды ғана білдірмейді сонымен қатар қолжетімді туризмнің инфрақұрылымын қалыптастыруды білдіреді, бұл әсіресе Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту үшін өзекті.

      Әлеуметтік туризмнің нысаналы топтары (ардагерлер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар) туризм процестеріне мүлдем тартылмаған деуге болады. Олардың қажеттіліктері мен туризм индустриясы үшін әлеуеттері зерттелмеген. Туризм бизнесінің субъектілері әлеуметтік туризмнің нысаналы топтарына қызмет көрсету ерекшелігі туралы ақпараттан мүлдем хабарсыз және тиісінше, олар көрсететін қызметтердің ауқымы мен сапасы да төмен деңгейде. Елімізде қолжетімді туризм объектілері, қолжетімді туристік көлік құралдары да жеткіліксіз мөлшерде. Туризм индустриясының субъектілері арасында әлеуметтік туризм мәселелері жөніндегі жұмыстар үйлестірілмеген.

      Әлеуметтік туризм саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) туризм индустриясының барлық субъектілерінде әлеуметтік туризм функцияларын нығайту;

      2) барлық туристік жобаларда міндетті шарт ретінде стандартқа сәйкес халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік көзделетін болады;

      3) елдің әр өңірінде қолжетімді туристік маршруттарды әзірлеу және жылжыту және қолжетімді маршруттар тізілімін жасау;

      4) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарынан туристер үшін олардың бейімделуі бойынша ұсынымдарды әзірлей отырып, туристер үшін қолданыстағы қазақстандық сайттарды мониторингтеу және талдау;

      5) әлеуметтік туризм саласында жаңа ұйымдарды тарту бойынша тәжірибе алмасу.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту

      Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуды барлық мүдделі органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, мыналар арқылы кешенді жүргізілетін болады:

      1) балалар-жасөспірімдер туризмінің ашық ақпараттық, білім беру, әлеуметтік кеңістігін құру, еңбек, қоғамдық қызмет, іздеу және зерттеу жұмысы, кәсіптік бағдар, әлеуметтік бейімделу дағдыларын дарыту үшін стратегиялық бағыттарды айқындау;

      2) балалар-жасөспірімдер туризмін, өлкетану және экскурсия жұмысын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) мәдени-білім беру және әлеуметтік-педагогикалық жобалау және білім беру процесі моделінің құзыреттілігі контексінде туристік-өлкетану іс-шараларының мазмұнын жаңарту.

      Балалар мен жасөспірімдер туризмі туризмнің белсенді түрі бола тұра, мыналарға ықпал етеді:

      1) өскелең ұрпақты табиғатпен қарым-қатынас жасау арқылы салауатты өмір салтына қатыстыру және ол зиянды әдеттерге балама болып табылады;

      2) рух пен руханиятты тәрбиелеу;

      3) туған өлкені іс жүзінде тану, қоршаған табиғатпен, тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу.

      Жас кезінен туризмнің әркелкі түрлерімен айналысу азаматтылық сезімді, туристік мәдениеттілікті, қонақжайлылық идеологиясын жалпыұлттық идея ретінде қабылдау қасиетіне тәрбиелеуге, оны іске асыру табиғат пен қоғам үшін барынша аз салдарлармен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін туризмді экономиканың пәрменді секторы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

      Балалар-жасөспірімдер туризмі саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) туристік техника және спорттық бағдарлау бойынша қосымша білім беретін педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасында балалар-жасөспірімдер туризмін нормативтік тұрғыдан реттеуді жетілдіру;

      3) каникул кезінде мектеп оқушылары мен студенттерге арналған туристік маршруттарды әзірлеу;

      4) әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу:

      - орта білім беру ұйымдарында туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру жөнінде;

      - балалар-жасөспірімдер туризмі нұсқаушысы, мектеп туризмінің нұсқаушысы қызметін ұйымдастыру жөнінде;

      - балалар-жасөспірімдер туристік базалары, агротуристік объектілер қызметін ұйымдастыру жөнінде;

      - мектеп туристік жарыстарына төрешілік ету жөнінде;

      - туристік керек-жарақтар мен мүкәммалды сақтау жөнінде;

      5) туристік жорықтарға баруға және спорттық бағдарлауға нормативтерді әзірлеу;

      6) жастар туристік базалары мен ЖОО студенттік туристік клубтарын ашу;

      7) үздік практикаларды анықтау және тарату;

      8) оқушылар арасында туристік менеджмент саласындағы кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;

      9) балалар және жасөспірімдер туризмі бойынша республикалық іс-шаралар, туристік көпсайыс бойынша жыл сайынғы республикалық қысқы және жазғы спартакиадалар өткізу;

      10) "Менің Отаным – Қазақстан" республикалық экспедициясын ұйымдастыру.

Спорттық туризм

      Адамдардың спортқа қызығушылығының артуына байланысты олимпиадалар, турнирлер, фестивальдар және т.б. сияқты халықаралық деңгейде бұқаралық іс-шараларды өткізуді білдіретін спорттық туризмді дамытуға басты назар аударылатын болады. Қазақстанның осындай іс-шараларды (7-ші Қысқы Азия ойындары, 28-ші Дүниежүзілік Универсиада) ұйымдастыру мен өткізуде тәжірибесі мен тиісті материалдық-техникалық базасы бар.

      Осындай ірі спорттық іс-шараларды өткізу ашық және қонақжай мемлекет ретінде халықаралық аренада еліміздің имиджін нығайтумен қатар өңірлерге жаңа туристік ағындарды тарта отырып, көп жылдар бойы қызмет ететін туристік инфрақұрылымды дамытуға серпін береді.

Медициналық туризм

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалауы бойынша 2022 жылға қарай туризм мен денсаулық сақтау бірігіп әлемнің шешуші салаларының бірі болады. Әлемде соңғы 12 жыл ішінде медициналық туризм секторында кіріс мөлшері 17 есе – 40 млрд. бастап 700 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Медтуризм туризмнен түскен жалпы кіріс мөлшерінен шамамен 16 %-ды құрайды, ал әлемдік медтуризм орталықтары қазіргі кезде Азия және Тынық мұхит елдерінде ойысуда.

      Global Spa & Wellness Summit (GSWS) деректері бойынша 2017 жылға қарай медтуризм нарығының 50 %-ы Азия, Латын Америкасы мен Таяу Шығыс елдеріне тиесілі.

      Қазақстанда медтуризм әлеуеті (ішкі, сондай-ақ сыртқы), атап айтқанда күрделі емдеуді алу үшін Астанада басымдық бар. Шетел пациенттерінің саны артуда, олардың ішінде 2016 жылғы 12 ай ішінде 10 мыңнан астам, басым көбі ТМД елдерінен. Осылайша, Қазақстан кезең-кезеңімен әлемдік медтуризмнің бір бөлігі болып қалыптасуда.

      Медициналық туризмді дамыту және диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу үшін Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Астанада "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ құрылды, оның негізгі миссиясы ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызмет синергиясын ескере отырып, медициналық көмектің жоғары деңгейін көрсету болып табылатын "Universitu Medical Center" корпоративтік қоры болып түрлендірілді.

      Астананың бірнеше кардиологиялық клиникаларында (Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының ауруханасы, 2-ші қалалық аурухана) 40 жүректі трансплантациялау мен 5 өкпені трансплантациялауды қоса алғанда, жүрекке 30 мыңнан астам күрделі және бірегей операция жасалды.

      Ұлттық нейрохирургия орталығы – пациент үшін барынша тиімділік пен қауіпсіздікке бағытталған қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолдана отырып, пациенттерді диагностикалаудан бастап ерте оңалтумен аяқтай отырып, нейрохирургиялық патологиялар кезінде медициналық қызметтің толық спектрін көрсететін Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған клиника. Орталық республикада баламасы жоқ қазіргі заманғы медициналық жабдықпен жарақтандырылған. Осы жабдық аса дәлдікпен және пациентке барынша қауіпсіздікпен аз инвазивті нейрохирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік береді.

      Медициналық туризм саласында алты туристік кластерде ("Астана – Еуразия жүрегі", "Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы", "Алтай інжуі", "Ұлы Жібек жолын жаңғырту", "Каспий қақпасы", "Табиғат пен көшпенді мәдениет тұтастығы") медициналық қызметтің қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.

Іскерлік туризм (MICE-туризм)

      Іскерлік туризм (MICE-туризм) – іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар барысындағы бос уақыт сияқты бизнес-себептермен байланысты ұйымдастырылған сапарлар түріне жатады.

Жағажай туризмі

      Елімізде қысқа мерзімді кезеңмен, қажетті инфрақұрылымның болмауымен сипатталады, алайда тартымды туризмнің осы түрін тізбеден алып тастауға болмайды.

      Жағажай туризмі – сауықтыру мақсаттарында және демалу мақсатында жағалау аймақтарына келу, сондай-ақ су спорты түрлері, қайықтар мен яхталарда (теңіз демалысы) серуендеу. Осы турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы жатады.

      Қазақстан Республикасында жағажай туристік қызметті дамыту мақсатында бірқатар, оның ішінде төтенше жағдайлар кезіндегі кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары әзірленетін болады.

Агротуризм

      Агротуризм келуші қонақтарға орналасу, демалу, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету бойынша, олардың бос уақыты мен спорттық іс-шараларды, балық аулау мен аңшылықты ұйымдастыру, білім мен дағдыларға ие болу, сондай-ақ туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға мүмкіндікті қалыптастыру мен ұсынуды көздейтін салыстырмалы түрде жаңа және перспективті бағыт болып табылады.

      Агротуризмнің тартымды ерекшеліктері таза ауа, үйдегідей жағдай, пәк табиғат, табиғи азық-түлік, тыныштық және салмақты тұрмыс-тіршілік болып табылады. Бұл табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын, жергілікті халықты осы процеске тартуға ықпал ететін қоршаған ортаны қорғаудың қуатты құралы.

      Осыған байланысты, өңірде агротуризммен айналысатын ШОБ-ны қалыптастыру және дамыту үшін тетіктердің әдістемелік құралдарын қалыптастырған, қонақүйлер ашатын кәсіпкерлерге консультативтік көмек көрсеткен, жергілікті деңгейде ақпараттық қолдау және қонақүйлерді ілгерілету үшін пәрменді құралды айқындаған жөн.

      Агротруизм (ауыл шаруашылығы туризмі) саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) агротуристік қызметтің түсініктеме аппаратын, оның ішінде ауыл шаруашылығы туризмі ("агротуризм") түсінігін енгізу;

      2) "агротуризмді" (ауыл шаруашылығы туризмін) танымал ету және насихаттау;

      3) ауылдық жерлерде агротуристік объектілерді: қонақжай үйлерін, "агротуристік ауылдар", "балықшылар және аңшылық ауылы" бойынша стильденген нысанда мамандандырылған жеке отельдерді дамыту.

Аңшылық және балық аулау туризмі

      Аңшылық туризм – әлемде танылған жабайы жануарлар мен олар мекендейтін жерлерді сақтау мәселелеріне жергілікті халық пен жергілікті басқару органдарының қарым-қатынасын түбегейлі өзгертетін жабайы табиғатты сақтауға қаржыны тарту тетігі.

      Әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғауға шығыстар аңшылық туризмді дамыту есебінен толық жабылуы мүмкін.

      Әлемдік тәжірибеде кәрі аталық жануарларды алудың ғылыми негізделген лимиті популяцияға сондай ықпал етпейтіні дәлелденген, ал кейбір жағдайларда ол оның өнімділігін арттырады. Кейбір мемлекеттер үшін ол сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтаудың жалғыз тәсілі. Мысалы, кәрі аталық жас аталыққа ұрықтандыруға мүмкіндік бермейді, бірақ өзі барлық ұрғашыларды ұрықтандыруға қауқары болмағанда кейбір ашатұяқтылар тұқымының ұрғашылары қысыр болып қалады.

      Қазақстанда көптеген сирек кездесетін түрлердің популяциясының қазіргі заманғы жай-күйі тұрақтанды және кәрі аталықтарды аңшылық мақсатында тұрақты пайдалану туралы айтуға болады. Үкіметтің қаулысы бойынша кәрі аталықтарды ғылыми негізделген алып тастау мүмкіндігіне толық тыйым салу бөлігінде Қызыл кітап туралы ережені қайта қарау қажет.

      Әлемде аңшылық туризмді дамытуды талдау бұл қарқынды дамып жатқан сала екенін көрсетеді. Мысал ретінде АҚШ бойынша деректерді келтіруге болады (қаржылық есепке алудың дамыған жүйесіне байланысты көрсетуге тұрарлық). Американдықтар жыл сайын аңшылық қажеттілікке 22 млрд. АҚШ долларын жұмсайды, ал аңшылықтан жалпы мультипликативті әсері 61 млрд. АҚШ долларын құрайды. АҚШ-тың аңшылық шаруашылығы 700 мыңнан астам жұмыс орнын ашады және жылына 16 млрд. АҚШ долларынан астам жалақыны қамтамасыз етеді.

      Еуропада аңшылық туризм Испанияда, Венгрия мен кейбір басқа да елдерде де анағұрлым дамыған. 60-шы жылдардың аяғында Еуропада осы белсенді демалыс түрі күрт танымал бола бастады.

      Туризмнің басқа нысанымен қатар валюта алу көздерінің бірі болып табылатын дамып келе жатқан Африканың кейбір елдері үшін аңшылық туризмнің құны жетпес экономикалық маңызы бар. Африкадағы сафари бүгінгі күні тұтынушыларға кеңінен танымал аңшылық туристік өнім болып табылады. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасына жылына 8 000 аңшы барады, ал осы саладан жиынтық кіріс жылына 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

      Біздің еліміз, әдетте, аңшылық объектілер болып табылатын жануарлар әлемінің өкілдеріне ерекше бай.

      Жалпы дамыған аңшылық инфрақұрылымы бар әртүрлі жануарлар әлемінің бар болуы елімізге едәуір ақшалай қаражатты тартады, табиғатты сақтауға көмектеседі, сондай-ақ өңірлердің дамуына ықпал етеді деп айтуға болады:

      1) мемлекет жалпы аңшылыққа құқық сату есебінен және жекелеген жануарлар түрін атуға лицензия беру үшін қаражат алады;

      2) жеке аңшылық шаруашылықтары аңшылықты ұйымдастыру есебінен қаражат алады;

      3) шағын және орта бизнестің жергілікті өкілдері орналастыру, тамақтандыру, аңшыларды тасымалдау, кәдесыйларды сату, аңшылық олжаларды дайындау есебінен пайда табады.

      Аңшылық туризмнің құрылған инфрақұрылымы жергілікті халыққа жабайы табиғатты сақтауда қосымша ынталандыру бере отырып, осы аумақтарда экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

      Балық аулау туризмін дамыту үшін "ұстадың-жібердің" қағидаты бойынша балық аулауға жыл бойғы рұқсат беруді енгізу жоспарлануда.

      Қазақстанның әлеуеті көптеген су қоймаларында көлде және өзенде балық аулау мүмкіндігімен көрсетілген және осы жағдайларда балық аулау туризмі елімізде өте жылдам және барлық жерде дамытылуда. Елімізде Спорттық балық аулау федерациясы жұмыс істейді. Сонымен қатар, суасты аңшылығы қарқынды дамытылуда. Туристік объектілер көбіне балық аулауды ұсынылатын қызметтер пакетіне енгізуде. Қазақстан командасы әлемде мықтылардың бірі болып табылады

      Шығыс Қазақстан облысындағы "Рахманов қайнарлары" санаториялық-курортының тәжрибесін көрсетуге тұрарлық. "Өлі" деп саналған көлде аквамәдениетке тиісті зерттеу жүргізгеннен кейін кейбір балық түрлері әкелінді, бұл осы курорттық-санаториялық мекемеге жай да көп туристердің ағынын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

      Аңшылық туризм саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) Қазақстанның Қызыл кітабынан жекелеген жануарлар аталығын атуға рұқсат беру саясатын қайта қарау;

      2) жекелеген сирек кездесетін жануарларға халықаралық аукцион ұйымдастыру жүйесін құру. Мысалы, Иранда мархурларды (иірмүйіз ешкі) іс жүзінде ағылшындар, содан кейін жергілікті аңшылар жойып жіберген. Иран Үкіметі АҚШ аукциондарында сатылған мархурларға бірнеше лицензия бөлді. 5 лицензиядан түскен қаражаттың жалпы мөлшері 300 000 АҚШ долларын құрады, олар мархурлар санын қалпына келтіру жөніндегі жұмысқа жұмсалды. Олардың есебінен Иранда қазіргі заманғы техника – рациялармен, көлікпен, қарумен жарақтандырылған және қызметкерлері жақсы жалақымен қамтамасыз етілген арнайы табиғат қорғау бөлімшелері құрылды;

      3) табиғи және аңшылық туризмді дамыту үшін жағдай жасау. Алдымен жабайы жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар түрлерін жасанды көтермелеуге, келуші аңшылардың келу және аңшылық ету режиміне қатысты болады.

      Аңшылық және балық аулау туризмін танымал ету саласында:

      1) шетелдіктерді тарта отырып, "Facebook" немесе басқа да танымал интернет-ресурстар арқылы экстрим демалысын жақсы көретіндер үшін диалогтік алаң құру;

      2) Қазақстан Республикасында биологиялық әртүрлілігі мен аң аулау шаруашылығы туралы деректі фильмдер топтамасын жасау туралы мәселені пысықтау және оларды орталық отандық телеарналарда көрсету, сондай-ақ танымал шетел арналарында (Nftional Geograpic, ВВС және т.б.) трансляциялау.

Кемпингтік туризм, автотуризм және караванинг

      Автотуризм және караванинг аса заманауи, мобильді, қолжетімді туризм түрі болып табылады. Автотуристер мен караванерлердің уақытша тұру мақсаты үшін кемпингтер (туристік көлікке жабдықталған ашық даладағы аумақтар), этноауылдардағы, демалыс аймағындағы, отельдердегі, қонақжай үйлеріндегі, жол маңындағы сервис, табиғаттағы кез келген күзетілетін алаңдағы тұрақтар қызмет атқарады.

      Еуропалық кемпингтер қауымдастығы федерациясының деректері бойынша кемпингтік туризм және караванинг секторына жыл сайын орташа есеппен Еуропадан демалушылардың барлығы 25%. Осы сектор туристердің түнеуі үшін 10,8 млн. орынды ұсынады және 8,7 млн. орынмен дәстүрлі қонақүй бизнесін артта қалдырып, Еуропаның ең ірі туристік желісі болып табылады. Еуропада жалпы кемпингтер саны шамамен 25 мыңды құрайды.

      Жалпы Германия Федеративтік Республикасында караванинг саласының жылдық айналымы шамамен 10 млрд. еуроны құрайды, бұл салада 170 адам жұмыс істейді, ал оның пайдасы 4,1 млрд. еуроға бағаланады. Германия туристік саласының барлық тауар айналымы 140,6 млрд. еуроны құрайды, бұл елдің ЖІӨ 8%-ын құрайды.

      Қытай Халық Республикасында ағымдағы бесжылдыққа Қытай экономикасын түрлендіру мен жаңғыртудың негізгі драйвері ретінде туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды, караванинг пен кемпингтік туризм осы туризмді дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Болжам бойынша 2020 жылға қарай Қытай Халық Республикасында кемпингтер саны 10 мыңға дейін артады. Қазірдің өзінде әсіресе оңтүстік бөлікте көптеген кемпинг (500-дей) жұмыс істейді және олардың саны жыл сайын артуда. Қытай Халық Республикасының автоүйлер мен тұрғын тіркемелер шығаратын өз компаниялары бар, елде жыл сайын барынша жергілікті және шетел келушілерін тартатын караванингтің халықаралық көрмелері өтеді. Талдау жасаушылар трейлер-туризм Қытай Халық Республикасындағы ең танымал туризм түрлерінің бірі болады деп пайымдайды.

      Жылдам қарқынмен кемпингтік туризм, автотуризм мен караванинг көрші Ресейде дамытылуда. Егер бұрын Ресей автотуристері мен караванерлер автотуризм мақсатында Еуропа бойынша саяхат жасауды ұнатса, соңғы саяси оқиғаларға байланысты ресейлік автотуристер мен караванерлер Жібек жолы маршруттары бойынша саяхат жасайды. Караванинг барлық маусымда да пайдалы. Көлікпен саяхатта басқа да мүдделер үйлеседі: өлкетану мен елтану, тарих, спорт, фотосурет. Караванинг туристке өркениеттің жайлылығы мен қолайлығынан айырмай табиғатпен толық үйлесімділікті сезінуге мүмкіндік береді.

      Кемпингтік туризм, автотуризм мен караванинг саласында мыналарға қатысты бірқатар нормативтік талаптар қабылданатын болады:

      1) жол қозғалысы қағидаларындағы (ЖҚҚ) тиісті жол белгілеріне;

      2) ЖҚҚ сақтауға полицияның туристік автокөлікті тексеру тәртібін айқындауға;

      3) туристік автокөлікті техникалық байқап-қараудан өту тәртібін айқындауға;

      4) туристік автокөлікке стандарттар белгілеуге.

      Халықаралық стандарттарға сәйкес кемпингтік туризмді дамыту үшін мыналар қабылданатын болады:

      1) кемпингтер мен тұрақтарға арналған стандарттар;

      2) туристік автокөлікті электрмен және сумен жабдықтауға арналған стандарттар.

Гастрономиялық туризм

      Гастрономиялық туризм – жаңа және перспективалық туризм түрі, оның негізгі мақсаты ұлттық кулинария арқылы қандай да болмасын елмен таныстыру. Гастрономиялық туризм – ТМД елдерінде өте тез өрістеп келе жатқан туризм болып табылады. Қазақстанның гастрономиялық туризмді дамытуда әлеуеті бар. Қазақстанның кулинария (гастрономия) тарихы жалпықазақстандық қоғамның дамуы және қалыптасуы тарихымен тығыз байланысты.

      Бастапқыда отандық кулинарияның пайда болу тарихының бастауы көшпенді өркениет мәдениеті мен тұрмысынан алынды, осыған байланысты қазақтың ұлттық тағамдары негізінде ұзақ орын ауыстыруға қабілетті жануарлар түрлерінен ет тағамдарын шебер әзірлеу жатыр. Осыған байланысты, қазақтың ұлттық тағамдары көшпенділердің тұрмысына негізделген азық-түліктің шектеулі санынан дәмді тағам дайындауда аса шеберлік пен ерекшелікке ие. Нәтижесінде қазақ кулинариясының ұлттық брендтері пайда болды: қазақша ет, жылқы етінен жеңсік тағамдар – қазы мен жая, өз сөлінде қайнатылған не пісірілген қозы еті, сірне, бірегей сүт сусындары – қымыз бен шұбат, қышқыл сүт өнімдері – құрт пен ірімшік, қамырдан жасалған нан, бауырсақ және тағы да басқалар.

      Көршілердің көне өркениетімен тарихи тұтастық палау, манты, лағман, және өзге де ортаазиялық тағамдар түрінде шығыс отырықшы мәдениетінің реңкін әкелді. Ұлттық тағамның қалыптасуына айтарлықтай Жібек жолының пайда болуы және онда тұрған ұйғыр және дүнген мемлекеттерінің халықтары ықпал етті.

      Қазақстандық тағамдардың қалыптасуының көпұлттық сипатына 19-20 ғасырлар, Ресей Федерациясымен, Кеңес кеңістігінде тұрған халықтармен өзара қарым-қатынас тарихы үлкен әсер етті. Көпұлтты Қазақстан 130-дан астам этнос өкілдеріне пана болды, оның әрқайсысында ерекше, ұлттық асханасы бар. Нәтижесінде жергілікті тағам бұрынғы кеңес кеңістігіндегі барлық ұлттардың ауқымды әртүрлі тағамдарымен толықты. Қазақстандықтың күнделікті мәзіріне борщ, тұшпара, оливье, кавказ кәуабы және көптеген тағы да басқалар тұрақты енді.

      Соңғы онжылдықтағы әлемдік экономиканың жаһандануы нәтижесінде ресторация өзіне әлемдік кулинарияның үздік трендтерін: италия тағамдарын, еуропа тағамдарын, фаст-фуд және паназия тағамдарын сіңіріп алды. Осылайша, Қазақстан жарқын ұлттық реңктің қатысуын сақтай отырып, ауқымды тарихи және мәдени кулинариялық өткеннен ерекшелігі микс болып табылатын бірегей гастрономиялық жобаны білдіреді.

      Қазақстанның басқа кулинариялық ерекшелігі тағамдар генетикалық түрлендірілген ағзалар (бұдан әрі – ГТА) мен консерванттарды пайдаланбай экологиялық таза өнімдерден әзірленуі болып табылады. ГТА мен консерванттарсыз экологиялық таза өнімдерден әзірленген әртүрлі халықтар тағамының келуі туризміне қызығушылықты арттырады.

      Гастрономиялық туризмді дамыту үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

      1) орындарда мемлекеттік қолдау құралдарының нәтижелі жұмысына ықпал ететін мейрамхана бизнесі саласындағы, сондай-ақ аралас қызмет саласындағы кәсіпкерлермен жұмыс күшейтілетін болады. Гастрономиялық туризмді дамыту шараларына ШОБ үшін экономикалық ынталандыруды қосу;

      2) туристік кластерлерде тақырыптық гастрономиялық турлар әзірлеу;

      3) туристерді тағам дайындауға қатысу мүмкіндігі болған уақытта гастрономиялық фудшоу-фестивалдарды, шеберлік сағатын өткізуді ұйымдастыру.

Туризм саласы үшін кадрлар даярлау

      Қазіргі уақытта туристік сала үшін кадрлар даярлау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында "Туризм", "Өңіртану" – 12 ЖОО және "Аударма ісі" – 45 ЖОО мамандығы шеңберінде 47 жоғары оқу орны жүзеге асырады.

      Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде туристік сала үшін кадрлар даярлау 41 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнында жүзеге асырылады.

      Бұл ретте түлектерді даярлау бүгінгі болмысқа сәйкес келмейді. Осыған байланысты туризм саласындағы мемлекеттік міндетті білім стандарты (ММБС) "Туризм" мамандығы бойынша білім беретін барлық жоғары оқу орындарында TedQual жүйесі бойынша ДТҰ сертификаттауды тарату мәселесі қаралатын болады, бұл туризм саласында дуалды білім беруді белсенді енгізуге әкелуге тиіс.

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бұл сертифиттаудан табысты өтті.

      TedQual (Tourism Education Quality) – білім беру сапасын үздіксіз арттыруға бағытталған "Туризм" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын еркін сертификаттау. Сертификаттау қазіргі туризм индустриясының қажеттіліктеріне оқу бағдарламалары контентінің сәйкес келуін қоса алғанда, оқу бағдарламаларының ішкі және сыртқы аспектілеріне ықпал ететін 5 білім беру жүйесінің құрауышын талдайды және бағалайды.

      Ұлттық туристік офис жанында ағылшын, француз, қытай, түрік және басқа да тілдерді меңгерген гидтер мен экскурсоводтарды қысқа мерзімді даярлау бойынша орталық құру маңызды болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік туризмді дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдар (егде жастағы адамдар, көру, есту қабілеті, тірек-қимыл аппараты және т.б. бұзылған) үшін гидтер мен экскурсоводтар даярлауды көздеу жоспарлануда.

      Сонымен қатар, туризм саласындағы ғалымдар санын арттыру мақсатында туризм саласында PhD мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін қарау бойынша жұмыс жүргізілетін болады (бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс бір жылда 3-4 орынды құрайды).

      Сонымен қатар, "Туризм саласындағы менеджмент" мамандығын (қонақүй және мейрамхана бизнесінсіз) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде басымды оқыту жөніндегі тізбеге қайта енгізу өзекті болып тұр.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:

      1) туризмді дамыту бөлігінде бас жоспарлар түзетілген кезде ұсыныстар енгізілуі мүмкін туризм жөніндегі уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда іске асыру үшін басым экологиялық туризмді жүзеге асыру үшін бальнеологиялық мақсаттағы объектілер жобасын айқындау;

      2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің жер учаскелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалануды бекіту рәсімдерін жеңілдету мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның осы учаскелерді салу объектісі ретінде пайдалануға рұқсат беру және олардың эскиздік жобаларын келісу мәселелері жөніндегі шаралар қаралатын болады;

      3) орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әкімшілігімен бірлесіп, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, экосоқпақтар мен маршруттарды жабдықтау жүргізілетін болады, бұл оларды аса қолжетімді және қауіпсіз жасайды;

      4) орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тендерге қатысушылар арасында адал бәсекелестік, қолданыстағы тетіктерді жеңілдету арқылы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерін салу объектілері ретінде пайдалануға рұқсат беру процесінің ашықтығы мен айқындылығы үшін жағдайлар жасалатын болады.

      Жер қатынастары саласында ауыр құрылыс материалдарын пайдаланбай суды қорғау жолақтарының жер учаскелерінде маусымдық құрылыстар мен жеңіл сәулетті нысандарды (жол маңындағы дәмханалар) салу мүмкіндігі қаралатын болады.

      Көші-қонды бақылау және визаларды ресімдеу рәсімдерін жеңілдету саласында мынадай шаралар іске асырылатын болады:

      1) елге туристер ағынын қамтамасыз ету үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      2) пилоттық режимде шетелде Қазақстанның визалық орталығын ашу мәселесін қарау;

      3) электрондық түрде Қазақстан Республикасында және шетелде азаматтығы жоқ адамдар мен шетел азаматтарының айыппұл төлеу тәртібін айқындау жөніндегі мәселені пысықтау;

      4) жаңа технологияларды енгізу арқылы шетел азаматтарын тіркеу және есепке алу процесін жеңілдету жөніндегі мәселені қарау.

      Авиациялық кеңістік саласында ішкі авиатасымалдар нарығын дамыту үшін бәсекелі жағдайлар жасауға, оның ішінде ішкі авиарейстерді субсидиялау бағдарламаларын одан әрі дамытуға бағытталған шаралар қолдау табатын болады.

      Ойын бизнесі саласында рұқсат етілген ойын аймақтары тізбесін кеңейту, сондай-ақ ойын мекемелерінің орналасу орны бөлігінде ойын бизнесі саласындағы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына түзету енгізу мәселесін пысықтау жоспарлануда.

      Шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында кейбір заңнамалық актілерге сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда.

      Нарық субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің (бұдан әрі – АҚЖ) баламасы етіп шетелге шығатын әр туристі туроператордың міндетті сақтандыруы ұсынылуда, бұл әлемдік практика болып табылады. Осы түзетулер шығу туризмі саласындағы туроператорлардың сақтандыру жағдайларын болдырмауға және тәуекелдердің алдын алуға қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, Заң жобасында турагенттер АҚЖ сақтандыруынан толық босатылады, өйткені турөнімдерді толық туроператор қалыптастырады.

      Сонымен қатар, Заң жобасында өтелуге тиіс сақтандыру жағдайы және шығыстар түрі ретінде танылатын оқиғалар айқындалатын болады.

      Қазақстанның шетел туристерін тарту үшін туристік әлеуеті зор, алайда отандық туроператорлардың шамамен 90 %-ы шығу туризміне жұмыс істейді.

      Шығу және ішкі туризмді дамытуға туроператорларды ынталандыру мақсатында заң жобасы шеңберінде шығу және ішкі туризм жөніндегі туроператорлық қызметті жүзеге асыруға АҚЖ міндетті сақтандыру шартының болуын жою мәселесі пысықталуда.

      Стандарттау саласында:

      1) мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, туризм саласындағы стандарттау және нормативтік құқықтық актілер бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға мониторинг және талдау жүргізу;

      2) туризм саласындағы қажетті нормативтік-техникалық базаны дайындау;

      3) туристік қызметтерге стандарттар енгізу мәселесін пысықтау жоспарлануда.

ЭКСПО-2017

      ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі – бұл индустрияландыру нышаны және техникалық әрі технологиялық жетістіктерді көрсету үшін арналған ашық алаң болып табылатын ірі халықаралық іс-шара.

      Көрме кезеңінде болжанып отырған туристер ағыны 10 000 жатын орынға қосымша сұранысты тудырады. 2016 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 12 482 орынға арналған 164 қонақүй, сондай-ақ 664 орынға арналған 25 хостел жұмыс істейді. ЭКСПО – 2017-ге 2 829 орынға арналған 23 қонақүй объектісін пайдалануға беру жоспарлануда.

      Барлығы 2017 жылғы мамырға қарай Астанада 34 739 жатын орынды пайдалануға беру, оның ішінде жалға берілетін пәтерлер мен студенттік жатақханалар есебінен жүзеге асыру жоспарлауда.

      ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыруға байланысты күш-жігер жеткіліксіз туристік инфрақұрылымды құруға, "икемді" өзгерістер енгізуге және Қазақстан туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты негізгі міндеттерді шешуге: елге келу шарттарын жеңілдету, туристік және көліктік инфрақұрылымды құру, кәсіби оқытуды ұйымдастыру және туризм секторы үшін адами ресурстарды дамыту, тартымды бағалармен және дестинацияны басқарудың тиімді моделімен және т.б. қамтамасыз ету мүмкіндігіне бағытталатын болады.

      Көрменің қонақтары жайлы орналасуы, еліміздің табиғи, сәулет, мәдени көрікті жәдігерлерімен таныстыру мақсатында ЭКСПО-2017 көрмесіне міндетті түрде барумен Астанадан Қазақстан Республикасының 6 ұлттық кластері бойынша негізгі туристік маршруттар айқындалған.

Инфрақұрылым

Көліктік инфрақұрылым

      2015 жылы Қазақстанға келушілердің саны 6,4 миллион адамды құрады. Бұл көрсеткіш 5 жыл бойы орташа есеппен 10 %-ға тұрақты артып келеді. Орналасу орындары 2015 жылы 3,8 млн. адамға қызмет көрсетті, олардың ішінде 692 250 резидент еместер. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 18,1 %-ға ұлғайды. Сонымен қатар, шығу туризмінің көрсеткіштері тұрақты өсуде және кіру туризмінің көрсеткіштерінен асады. Сонымен, 2015 жылы шығушылардың саны 11,3 млн. адамды құрады.

      Бай туристік-рекреациялық әлеуетке қарамастан, туризмнен жалпы ішкі өнімнің үлесі шамамен 0,9 %-ды құрайды.

      Туризм индустриясын табысты дамыту кластер ішіндегі және сыртындағы туристік қызығушылық тудыратын орындармен байланыстыратын жоғары сапалы және дамыған көліктік жүйенің бар болуына негізделеді.

Әуе көлігі

      Әуе көлігі туризм индустриясын дамытуда маңызды рөл атқарады, өйткені ол кіру туризмі үшін көліктің негізгі түрі болып табылмақ.

      Осы бағыттар қолданыстағы рейстерге толтырылымды ұлғайту мақсатында авиатасымалдарына аса қолжетімді бағаларды ұсыну мәселесі қаралатын болады. Сонымен қатар, жаңа авиабағыттар әзірленетін болады.

Теміржол көлігі

      Теміржол көлігі елдің тауарлық нарығының жұмыс істеуі мен дамуында және туристер мен халықтың жүріп-тұру қажеттілігін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Темір жолдардың негізгі рөлі басты кластерлерден туристік орталықтарға дейін үлкен арақашықтыққа тасымалдаулармен айқындалады.

      Тасымалдаушылар көлігінің басқа түрлерімен салыстырғанда теміржол көлігінің бірқатар басымдылығы бар, олардың маңыздылары мыналар болып табылады:

      1) жыл мезгіліне, тәулікке және ауа райына қарамастан тасымалдаулардың жүйелі болуы;

      2) басқа көлік түрлерімен тасымалдау құнымен салыстырғанда құнының төмен болуы.

      Бұл бағытта жаңа (жоғары жылдамдықтағы) пойыздарды пайдалану арқылы таяу және алыс шетелдермен халықаралық қатынасты ашу кіретін маршруттарды кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Ішкі көлік

      Ішкі көлікті дамыту үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

      1) Астана және Алматы және Шымкент қалаларында шолу экскурсияларына арналған тұрақты туристік автобус маршруттарын ашу;

      2) такси тұруға арналған белгілері бар аялдамалармен қамтамасыз етуді ескеретін жергілікті такси қызметтері сапасының стандарттарын айқындау және енгізу, такси белгісі бар жаңа автомобильдер, сондай-ақ басым түрде Астана, Өскемен, Шымкент және Ақтау қалаларында, сондай-ақ такси қызметі бар/немесе талап етілетін туристік қызығушылық тудыратын барлық басты орындарда жол жүру сапасы мен бағасының сәйкес келуі;

      3) өңірлік туристік объектілерге маусымдық автобус маршруттарын енгізу мәселесін қарау.

"Икемді" инфрақұрылым

      "Икемді" инфрақұрылымға туристер мен инвесторларға жоғары сапалы ақпарат ұсынуды, туризм мен қонақжайлылық саласындағы мамандарға білім беру мен оларды даярлаудың жоғары деңгейін қамтитын туристік дестинацияның туристік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын қымбат емес, бірақ өте маңызды жобалар мен іс-шаралар жатады.

      Ақпараттық ортаға жататын жобалар мен іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ мыналармен шектеліп қалмайды:

      1) ЖАО-ның, әсіресе, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, орталық автовокзалдарда, сондай-ақ автомагистральдар бойында тегін туристік ақпаратты, броньдау мүмкіндіктерін, кәдесыйлар, кітаптар мен карталар сатып алу мүмкіндіктерін ұсынатын сапар-орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;

      2) туристік көрнекі жерлердің негізгі орындарындағы, қонақүйлердегі және басқа да орналастыру орындарындағы, әуежайлардағы, теміржол вокзалдарындағы, орталық автовокзалдардағы, порттардағы, сондай-ақ туристік қызығушылық тудыратын басқа да орындардағы туристік көрсеткіштер;

      3) кепілдік берілген бағдарламалар – туристік дестинация ұсынатын мәдени, экскурсиялық және басқа да бағдарламалар;

      4) туристік көрнекілік, дестинация қызметтері мен өнімдер топтамасын ұсынатын дестинация карталары;

      5) дестинация сұранысын (мысалы, келушілердің қанағат алу деңгейі), ұсыныстарды (мысалы, қонақүйдегі қызмет көрсету), бәсекелестерді, өнімдерді және т.б. мониторингтеу;

      6) қонақүйлер және басқа да орналасу орындарын, туристік көрнекті жерлерді, мейрамханаларды, туроператорларды, әуе желілерін, жергілікті атқарушы органдарды, университеттерді, бұқаралық ақпарат құралдарын және басқаларды дамытуға тартылған мүдделі тараптар арасындағы әріптестік;

      7) семинарлардың, ақпараттық брошюралар мен туризмді дамытудың жағымды нәтижелерін көрсететін басқа да іс-шаралар көмегімен жергілікті халықтың туристерге деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру;

      8) Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытуға отандық сонымен қатар шетелдік инвесторларды тарту.

Институционалдық өзгерістер

      Туризм саласындағы уәкілетті органтуристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган.

      Облыстардағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету және өңірлердегі алты туристік кластерді дамыту үшін уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп, мынадай жұмыстарды жүргізетін болады:

      1) туристік өнімді, жобаларды өңірлік деңгейде жылжыту мен іске асыруға қолдау көрсету және жәрдемдесу;

      2) дестинацияларды жылжыту, оның ішінде брендті жасау және имиджді қалыптастыру;

      3) туристік дестинацияларды үйлестіру және басқару;

      4) туризм саласындағы уәкілетті органмен туризмді жылжыту жөніндегі жыл сайынғы жедел және маркетингтік жоспарларды келісу.

      Осы Тұжырымдамада қойылған міндеттерді орындау үшін қолданыстағы институционалдық құрылым нығайтылатын, сондай-ақ туристік индустрияны және жалпы саланы дамытуды олардың өзара іс-қимыл жасау жүйесін күшейту мүмкіндігі қаралатын болады.

      Елдің имиджін тиімді жылжыту және үлкен туристік ағынды тарту үшін шетелде сонымен қатар ел ішінде кең ауқымды маркетингтік және жарнамалық науқан жүргізілетін болады.

      Егер әлемдік практикаға сүйенетін болсақ, онда әлемнің озық елдерінде туризмді басқару моделі саланы табысты дамыту үшін маркетингке шоғырланған, әлемдік конъюнктураның жаңа сыны мен өзгерістеріне жедел ден қоя отырып, бизнеспен тығыз өзара іс-қимылда болатын орталық және жергілікті уәкілетті органдардан басқа анағұрлым икемді жеке құрылымның бар болуы қажет екенін көрсетеді.

      Халықаралық тәжірибе кәсіби "дестинацияларды басқару және олардың маркетингі" – Destination marketing organizations – (бұдан әрі – ДМО) өңірлік сонымен қатар ұлттық деңгейде де жоғары тиімділікті дәлелдеп келеді.

      Сонымен, Италия Республикасын шетел нарығында жылжытуда басты рөл туризм жөніндегі Италияның ұлттық басқармасына ("ENIT") жатады. "ENIТ" негізгі функциялары маркетингтік зерттеулер, жергілікті туристік әкімшіліктердің халықаралық қызметін үйлестіру болып табылады. "ENIT" орталық атқарушы билікке (шартты түрде Өндірістік қызмет министрлігі жанындағы Туризм департаментіне) бағынады және толық бюджеттен қаржыландырылады (жылына шамамен 30 млн. АҚШ долл.).

      Франция Республикасына туристерді тарту жөніндегі қызметпен Францияның ұлттық туристік үйі айналысады, оның бюджеті мемлекеттік қаражаттың түсуі есебінен қалыптастырылады.

      Германия Федеративтік Республикасында сыртқы маркетингті Неміс туризм орталығы жүзеге асырады. Ұйымды федералдық үкімет құрды және оның шетелде өкілдіктері бар. Ұйымның негізгі мақсаты ел үшін сонымен қатар туризм үшін қолайлы Германия Федеративтік Республикасының имиджін жасау және оны сақтау болып табылады.

      Испания Республикасында осындай маркетингтік сана Индустрия, энергетика және туризм министрлігінің құрылымына кіретін және әлемде Испания туризмін жылжытуға жауапты "Turespaña" ("Turspain") компаниясы болып табылады.

      Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, саланы және отандық туроператорлар қызметін тиімді дамыту, көрсетілген қызметтердің бірыңғай нормалары мен стандарттарын енгізу мақсатында халықаралық және ішкі нарықта туризмнің жылжуына толық жауапкершілікте болатын ел өңірлеріндегі (өңірлік ДМО) өкілдіктердің тармақталған желісімен ДМО (ұлттық деңгейдегі) құру туралы мәселе өзекті болуда.

      Осыған байланысты, ұлттық компания форматында Ұлттық туристік кеңсені құрған жөн, ол мынадай функцияларды орындауға уәкілетті болады:

      1) Қазақстанның туристік брендін кәсіби басқару;

      2) Қазақстанды халықаралық туристік дестинация ретінде жылжыту;

      3) маркетингтің бірыңғай стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;

      4) туристерді тартатын маңызды іс-шараларды ұйымдастыру;

      5) Қазақстанның бірыңғай туристік порталын толықтыру;

      6) қызмет көрсету сапасының мониторингі және оларды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      7) дестинацияларға келушілер күткен, алатын туристік тәжірибеге барынша сәйкес келуге қол жеткізу үшін статистика жинау;

      8) туристік қызметтің барлық спектрін – жалпы ел бойынша, сонымен қатар: кластерлер, туристік аймақтар және с.с. бөлінісінде талдау жүргізу;

      9) қолданыстағы құрылымның мониторингі және туристік өнімдер мөлшері;

      10) туризмдегі үрдістер мониторингі, өзгерістерге уақтылы ден қою;

      11) туристік индустрияға сыртқы сонымен қатар ішкі инвестициялар ағынын ынталандыру, туристік жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту;

      12) ұсынылатын қызметтер сапасын және туристік қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      13) еліміздің, жалпы өңірлердің туристік әлеуетін талдау және туристік өнімдері сапасының стандарттарын дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      14) биліктің, бизнес пен туристердің стратегиялық әріптестігін қалыптастыру және қолдау.

      Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі "Жобалық басқаруды" пайдалану туралы шешім қабылдады.

      Үкімет экономиканың 6 саласынан тұратын "Олимпиадалық трассаны" айқындады, онда туризм еліміздің экономикасын әртараптандырудың негізгі драйвері ретінде қаралды.

      "Жобалық басқаруды" сәтті іске асырудың негізгі шарттары өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде жеке меншік сектор мен бизнесті көптеп тарту, сондай-ақ мемлекет имиджін нәтижелі ілгерілету және көбірек туристер ағынын тарту болып табылады, соған байланысты Ұлттық туристік кеңсе құру қажеттілігі өзекті болуда.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық компания – ұлттық экономиканың негізін қалайтын салаларда қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам. 2025 жылға қарай туризм саласы елдің ЖІӨ құрылымындағы үлесі 8 %-ды құрайтын ұлттық экономиканың негізін қалаушылардың бірі болып шығуға тиіс.

      Бұл ретте Ұлттық туристік кеңсенің ұлттық компания форматындағы мәртебесі Қазақстанға туристер мен инвесторларды тарту үшін жақын және алыс шет елдердегі өкілдік ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ компанияға сатып алудың типтік қағидалары негізінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алу бойынша отандық және шетел кәсіпкерлерімен келісімшарттар жасасуға мүмкіндік береді, ол туристік дестинация ретінде Қазақстанды ілгерілету кезінде жедел шешім қабылдауға қолайлы ықпал етеді.

      Бюджетке түсетін салмақты төмендету мақсатында ДМО-ны қаржыландырудың негізгі көзі ретінде туризмнің дамуына "bed-tax" салымын кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

Имидждік стратегия

      Имидждік стратегияны дамыту шеңберінде мынадай шараларды енгізу арқылы шетелде Қазақстандық туристік өнімді жылжытуға тәсілдер қайта қаралатын болады:

      1) бірыңғай оқиғалар күнтізбесін және 3d интерактивті туристік картасын қалыптастыру, оларды пайдаланған кезде турист еліміздің осы және өзге де өңірі жөніндегі виртуалды тур жасай алады;

      2) халықаралық нарықтарда жұмыс істеу үшін бірыңғай ұлттық брендті әзірлеу жөніндегі мәселені пысықтау;

      3) халықаралық туристік ұйымдармен (ДТҰ, РАТА және басқалар) ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жандандыру;

      4) Қазақстан бойынша барлық туристік ұсыныстарды көрсететін және онлайн-броньдау функциясын ұсынатын www.kazakhstan.travel мамандандырылған онлайн-платформасын қолдау және одан әрі толықтыру;

      5) Қазақстанның туризм өнімдері туралы ақпарат беру және оларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін (баспасөз турлар) және туризм индустриясының шетел мамандары үшін Қазақстан бойынша таныстыру турларын (ақпараттық-турлар) ұйымдастыру;

      6) Астана және Алматы қалаларында b2b форматында ақпараттық турларды міндетті түрде өткізумен кіру туризмі бойынша мамандандырылған көрме өткізу.

Жылдам әсер ету шаралары

      Қазақстанда туристік саланы дамыту мынадай шарттар орындалған кезде байқалатын нәтижелерге әкелуі мүмкін:

      1) белгілі бір туристік өнімдерді тиісті түрде жиынтықтау және коммерциялау;

      2) Қазақстанның ішінде, сондай-ақ Қазақстан мен басқа да елдер арасында авиақатынастар көлемін ұлғайту және оның құнын төмендету;

      3) жылжыту жөніндегі нақты іс-шараларды кәсіби айқындау және іске асыру.

      Жоғарыда көрсетілген өлшемшарттар негізінде мынадай "жылдам нәтижелерге" қол жеткізілетін болады:

      1) халықаралық конференциялар мен ірі оқиғалар басымдығы кезінде Астана және Алматы қалаларында MICE-туризм өнімдерін жасау;

      2) ұлттық және өңірлік деңгейлерде DMO құру, ол ел ішінде туризмнің барлық жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ете отырып, бизнеспен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      3) алты кластерде, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша бірнеше турлар әзірлеу;

      4) Google Earth, TripAdvisor интернет-платформаларында және "Facebook", "Twitter" сияқты әлеуметтік желілерінде жылжыту жөніндегі онлайн-іс-шаралар, оның ішінде іс-шаралар жүргізу.

      Ірі туристік жобаларды іске асыру және құрылған инфрақұрылым объектілерін, туристік ресурстарды кейіннен басқару үшін жоғары білікті туризм мамандарына, жоғары буынды басқарушыларға деген қажеттілік бар.

      Осы мақсатта, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер мен ішкі менеджмент жүйесінің сапасын арттыру үшін туристік компаниялар мен орналастыру орындары басшылары үшін туризм саласында біліктілікті арттыру жөніндегі тренингтер мен курстар түрінде оқыту жүйесі енгізілетін болады.

5. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

      Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін іске асырудың мынадай кезеңдері ұсынылады:

      2017 – 2019 жылдар – анағұрлым маңызды болып табылады, өйткені одан жұмыстарды орындаудан келесі кезеңдердің сәттілігі байланысты: қолданыстағыларды бейімдеу және ел өңірлерінде өкілдіктер желісін таратумен Ұлттық туристік кеңсені құруды қоса алғанда, жаңа құқықтық шаралар мен институционалды тетіктер құру. Осы кезеңде туристік кластерлер қалыптастырылатын болады: ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалады және жеке меншік, оның ішінде шетел инвестициялары есебінен оларды салуға бастама танытылады; басқа (кіші) туристік жобаларды әзірлеу ынталандырылады; маркетинг жүйесі әзірленеді, сондай-ақ жылдам нәтижелерді алуға бағытталған өзге де шаралар қабылданады.

      Туризм саласының институционалды тиімділігін арттырудың негізгі мәселелерінің бірі экономика, мәдениет, балалармен және жастармен жұмыс, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт, білім, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еліміздің табиғи және мәдени-тарихи ресурстарын сақтау саласымен тығыз ықпалдасу болып табылады.

      Жеке меншік инвестициялау тұрғысынан тұрақты және өңірлік туристік жобаларды, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде іске асыруға болатын жобаларды дамыту шеңберінде жаңа орналасу орындарын және туристік инфрақұрылым объектілерін құру жоспарлануда.

      2020 – 2023 жылдары – ішкі және шығу туризмін одан әрі дамыту жоспарлануда. Бұл кезеңде еліміздің туристік әлеуетін белсенді жылжыту, инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласында басқа да іс-шараларды орындау маңызды. Сонымен қатар, осы кезең ішінде барлық ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін туристік ұсыныстарды әртараптандыру және шағын және орта бизнес кәсіпорындарын едәуір қолдаумен 2017 – 2019 жылдардың іс-шараларын іске асыру жалғастырылатын болады.

      Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және экономиканың басым бір секторы ретінде саланы дамыту жағдайларын қамтамасыз ету үшін әлемдік туристік нарыққа қазақстандық туризмді ықпалдастыру үшін қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешендер құрылатын болады.

      Туризм саласын дамытудың негізгі индикаторлары келушілер саны, түнеу саны, сондай-ақ туристік қызметтен түскен кіріс саны болып табылады. Осы Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу туризмнің даму көрсеткішінің өсуі арқылы айқындалады.

Күтілетін нәтижелер

      Жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне әкеледі:

      1) 2023 жылы тұру және тамақтану бойынша қызметтер шығаруды 875,0 млрд. теңге дейін ұлғайту;

      2) 2023 жылы жолаушылар әуе көлігі қызметін шығаруды 380,0 млрд. теңге дейін ұлғайту;

      3) 2023 жылы жатын орын-тәулікті ұсынуды 15 млн. жатын орын-тәулікке дейін ұлғайту;

      4) 2023 жылы ішкі туризм бойынша келушілер санын 12 млн. адамға дейін ұлғайту;

      5) ішкі туризм бойынша келушілердің орташа шығыстарын шынайы көрсетілімде 71,8 мың теңгеге дейін ұлғайту;

      6) 2023 жылы келу туризмі бойынша келушілер санын 5,5 млн. адамға дейін ұлғайту;

      7) келу туризмі бойынша келушілердің орташа шығыстарын шынайы көрсетілімде 248 мың теңгеге дейін ұлғайту.

6. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛЕТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

      1. 1994 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі.

      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі.

      4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі.

      5. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Тұжырымдамасының жобасы (мерзімі – 2017 жылдың соңына дейін).

      7. "Қазақстан Республикасының туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (мерзімі – 2017 жылдың қыркүйегі).

      8. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Институттар мен компаниялар:

      SMIT – туризмдегі Морокко инжиниринг қоғамы

      ДТҰ – Дүниежүзілік туристік ұйым

      ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша мамандандырылған мекемесі

      Елдер мен өңірлер:

      EО – Еуропалық Одақ

      БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері

      Басқа да пайдаланылатын терминдер мен қысқартулар:

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      MICE – кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар/форумдар және көрмелер/оқиғалар

      SEM (ағылш.searchengineemarketing) – іздеу маркетингі

      DMO (ағыл. Destination marketing organizations) – туристік дестинацияларды басқару ұйымы

      ЖІӨ – жалпы ішкі өнім

      МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи парк

      ШОБ – шағын және орта бизнес

      ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ

      ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме