Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша қызметтiк ойық және тегiс ұңғылы қару (карабиндер, винтовкалар, тапаншалар, револьверлер, мылтықтар) мен оның патрондарын мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженерлерінің, орманшылардың, орман шеберлерінің, орман күтушілерінің, мемлекеттік инспекторлардың (қорықшылардың), аңшылық мамандарының, инспекторлардың, аңшылық және балық шаруашылықтары қорықшыларының тұрғылықты жерлерiнде сақтауға болады.
Бұл ретте атыс қаруы осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес сақталады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтушісі, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маманы, инспектор, аңшылық және балық шаруашылықтарының қорықшысы ұзақ уақыт (он күннен астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару осы қаруды сақтауға рұқсат берілген ұйымның қару-жарақ бөлмесіне тапсырылады.
16. Қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабында және осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналында жүргізіледі, олар нөмiрленеді, тігіледі және аумақтық iшкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедерi бар арнайы мөрi басылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) – 8), 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға рұқсаттары бар субъектілерге бере алады.
Қару немесе патрондарды берген заңды тұлғалар бұл туралы қару есепте тұрған ішкі істер органына берілген қарудың санын, әрбір бірлігінің маркасын, калибрі мен нөмірін, патрондардың санын, маркасын, калибрін көрсете отырып, жеті күн мерзімде жазбаша хабарлайды. Хабарламаға қайта ресімдеу үшін қаруды сақтауға рұқсаты, сондай-ақ оның негізінде беру жүзеге асырылған құжаттар қоса беріледі.
Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметінің субъектілері ішкі істер органдарымен келісу бойынша өздерінің балансындағы азаматтық және қызметтік қаруды аумақтық тиесілігіне қарамастан, өздерінің филиалдарына, өкілдіктеріне (бұдан әрі – филиалдар, өкілдіктер) бере алады.
Филиалдар мен өкілдіктердің қаруды сақтауы осы Ереженің 3-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаруды сақтауға рұқсат беру және оны филиалға және өкілдікке тіркеу үшін заңды тұлға осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтердің толтырылған бланкін ішкі істер органына келісу үшін ұсынады. Филиал мен өкілдіктің азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат алуы талап етілмейді.
Қаруды тіркеген ішкі істер органының қызмет көрсету аумағынан тыс қызметті жүзеге асыру үшін қызметтік қаруды уақытша әкетуді заңды тұлға қаруды әкету орны бойынша тіркеусіз және қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті санын келісусіз жүзеге асырады.
Бұл ретте заңды тұлға осы Ереженің 3-бөліміне сәйкес қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды беруді оны тіркеген ішкі істер органы жүзеге асырады.
Республикалық спорт ұйымдары ішкі істер органдарымен келісу бойынша өздерінің балансындағы спорттық қаруды өңірлік спорт ұйымдарына бере алады.
Бұл ретте өңірлік спорт ұйымдары аумақтық ішкі істер органында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат алады.
Басқа жағдайларда азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан, оны бір заңды тұлғадан екіншісіне беру мақсатында ішкі істер органының жолдамасы бойынша қару сататын мамандандырылған дүкен арқылы сатылады.";
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
9-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Спорттық қаруды сатып алу, сақтау, есепке алу және тасымалдау тәртiбi";
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Қаруды есепке алу үшін спорт ұйымында осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабы және осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналы жүргізіледі, олар нөмiрленеді, тігіледі және аумақтық iшкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедерi бар арнайы мөрi басылады.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Коллекциялық атыс қаруы қару-жарақ шеберханаларында:
жазулары мен таңбаларына зақым келтiрiлмей қарудың қазыналық бөлiгiнде диаметрi кемiнде 5 мм саңылау бұрғылау;
шаппасын алып тастау немесе кесу арқылы атуға жарамсыз күйге келтiрiлуге тиiс.
Музейлерде экспонатталатын азаматтық және қызметтік қару көрмелер, сауда көрмелері немесе аукциондар ұйымдастыру кезінде:
қарудың соққылау-жіберу тетігінің бөлшектерін алып тастау;
қарудың тетіктеріне, ұңғысына атыс жүргізуге жол бермейтін ендірмелер қою арқылы атуға жарамсыз күйге келтiрілуге тиiс, бұл ретте ендірмелердің конструкциясы оларды қосымша құралдарсыз алуға мүмкіндік бермеуге тиіс.
Атыс қаруының патрондары музейлерде оқталмаған (оқ-дәрiсiз) күйінде ғана экспонатталады.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Экспонаттауға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар көрме, сауда көрмесi немесе аукцион ұйымдастырған кезде:
1) үй-жайды жалға алу, қару мен патрондарды экспонаттау тәртiбi, олардың сақталуын қамтамасыз ету туралы шарттар жасасуы;
2) шетелдік қатысушылар үшін оларға тиесілі қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге аумақтық ішкі істер органынан қорытынды, сондай-ақ оны тасымалдауға рұқсат алуы;
3) көрме, сауда көрмелерi немесе аукцион өтетiн жердегi iшкi iстер органдарына экспонаттау жоспарлары мен экспозицияларды орналастыру сызбасын келiсу үшiн ұсынуға, сондай-ақ көрме, сауда көрмелерi немесе аукцион өткiзу кезеңiне осы Ережеде белгіленген тәртiппен қару мен оның патрондарын сақтау үшiн рұқсат алуы;
4) экспонатталатын қару мен патрондар орналастырылған және сақталатын жерлерге бөтен адамдардың рұқсатсыз кіруiне жол бермеуі;
5) қару мен патрондар экспозицияларын ашық сөрелер мен стендiлерде орналастырған жағдайда, көрме, сауда көрмелерi немесе аукцион жұмысы аяқталғаннан кейiн күн сайын қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сәйкес қару мен патрондарды жабдықталған үй-жайларға сақтау үшiн тапсыруы;
6) музейлерде, көрме, сауда көрмесін немесе аукцион ұйымдастыру кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын атуға жарамсыз күйінде экспонаттау қажет.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын коллекциялаудың және экспонаттаудың лицензиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Жөндеуге келiп түскен қаруды есепке алу үшiн қару жөндеу шеберханасында осы Ережеге 20-қосымшаға сәйкес нөмiрленген, тігiлген және шеберхананың жұмыс iстеуiне лицензия берген iшкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi" деген бедерi бар арнайы мөрi басылған қару жөндеу шеберханасына келiп түскен қаруды есепке алу кiтабы жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы 59-2-тармақпен толықтырылсын:
"59-2. Сатып алынатын, сатылатын қару мен оның патрондарын есепке алу, осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес кітапта жүргізіледі.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) екі есігі, бұл ретте қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалған сыртқы металл есігі, торланған болаттан жасалған ішкі есігі немесе болат рол-қақпасы болуға тиіс;
сыртқы есік автоматты "ілмешегі" бар ішкі құлыппен жабылады, "жеткізгішпен" және "дабыл түймесін" басқан кезде іске қосылатын резервтік қоректендіргіші бар бұғаттаушы құрылғымен жабдықталады, ішкі тор есік немесе рол-қақпасы ішкі немесе аспалы құлыппен жабылады;
арнайы жабдықталған қойма есігі ойығының жиегі (есіктің қорабы) диаметрі 10-12 мм арматуралы болаттан жасалған кемінде он шегемен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылған болат профильден жасалады;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктер (шкафтар) кілттерінің екі жиынтығының болуы;
бұғаттаушы құрылғылардан басқа, кілттердің бір жиынтығы – қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі ұйым басшысында, сондай-ақ онда бұғаттаушы құрылғылардың барлық кілттері болады;
8) электрмен қоректендіру қалқанына дейін жасырын сым тарту арқылы жасалған екі және одан көп күзет-өрт дабылы құралдарымен жабдықталады, терезелерді, есіктерді, люктерді ашқанда, әйнекті бұзғанда немесе қабырғаларды, төбелерді, едендерді, жәшіктерді (шкафтарды) бұзғанда және адам кіргенде іске қосылатын датчиктер орнатылады (күзет дабылы құралдарының шлейфтерін үй-жайдың ішіне ғана жүргізуге рұқсат етіледі);
жұмыстан тыс уақытта арнайы жабдықталған қойма ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пульттеріне сигнализация қосылып, күзетуге тапсырылады;
жұмыс уақытында арнайы жабдықталған қойманы қару мен оның патрондары саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің қаруға рұқсаты бар жауапты қызметкері немесе заңды тұлғаның басшысы ғана ашады.
Қойманың есіктері, дүкеннің қаруға рұқсаты бар қызметкерлерінің кіріп-шығуын, сондай-ақ олардың қару мен патрондарды, қарудың қосалқы бөлшектері мен оқ-дәріні әкеліп-әкетуін қоспағанда, жабық күйінде болады;";
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлға басшысының немесе қару мен патрондар саудасы бойынша мамандандырылған дүкен директорының бұйрығымен қару мен оның патрондарының сақталуына жауапты адам тағайындалады.";
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мыналарды:
дәлдік қабілеті фото-бейне сурет бойынша адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ("күн-түн" үлгісіндегі) бейнебақылау камераларын;
кемінде 7 тәулік мерзімге дейін бейнеақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін тиісті компьютерлік жабдықты қамтитын тәулік бойғы бейнебақылау жүйелерінің болуы;
2) орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін ұтқыр не стационарлық дабыл беру ("Дабыл түймелері") құралдарының болуы;
3) қару мен оның патрондары саудасы жөніндегі сауда залында экспонатталатын қарудың (суық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігі атуға жарамсыз күйінде сөрелерде (стендтерде) орналастырылады, шүріппе тұтқа (бар болған кезде) арқылы қаруға қолжетімділікті шектеуге арналған қару құлпына бекітіледі;";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) қару мен патрондар саудасы жөніндегі сауда залы аңшылық дүкенінің ғимаратында, сатып алушылардың ол арқылы дүкеннің басқа үй-жайларына өтуіне жол бермейтін жерде орналасады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Дүкендерде атыс және газды қарудың патрондары:
1) қарудың тиiстi түрлерiн сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде – жеке тұлғаларға;
2) жеке тұлғаларға аңшылық оқ-дәрі атыс қаруын сақтау немесе сақтау мен алып жүру құқығына рұқсатын және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткеннен кейiн беріледі (сатылған оқ-дәрінiң салмағы аңшылық куәлікке және есепке алу кiтабына жазылады);
3) қарудың тиiстi түрлерiн сатып алуға ішкi iстер органының рұқсаты мен сақтауға рұқсатын, сенiмхатты және қарудың сақталуына жауапты адамның жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткенде – заңды тұлғаларға сатылады.";
63-1 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Атыс қаруын қаруды сатып алуға рұқсатты және жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпеген сатып алушының, сондай-ақ дүкенге келушілердің "қолына" беруге жол берілмейді.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Қару мен оның патрондары саудасын жүзеге асыратын ұйымдар:
1) сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестiк сертификаты бар қару мен оның патрондарын сатады;
2) сатып алынатын және сатылатын қаруды есепке алуды, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманы сақтауды қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік оқ-гильза қоймасына сатылатын қызметтiк және азаматтық ойық атыс қаруынан атылған оқтар мен гильзаларды ұсынады.
Дайындап шығарушы кәсiпорындар зауыттық паспорттарына тиiстi жазбалар енгiзу арқылы отандық қарудың тексеру атыстарын жүргізеді.
Импорттық қарудың тексеру атыстарын iшкi iстер органдары жүргізеді. Оларды жүргізу үшiн ұйым патрондардың қажеттi санын ұсынады, қаруды атыс жүргiзiлетiн жерге тасымалдауды қамтамасыз етеді;
4) осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес сатып алынған және сатылған қызметтiк және азаматтық қару және оны сатып алушылар туралы мәлiметтердi қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен ай сайын iшкi iстер органдарына ұсынады;
5) қарудың сақталуын және оны сақтау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді;
6) персоналдың Қазақстан Республикасының қару айналымы туралы заңнамасын бiлуiн қамтамасыз етеді;
7) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес әкелінген қару және оның сатылуы туралы жылдық есеп береді;
8) қару мен патрондарды орналастыру және сақтау орындарына (сатушы сөресінің артына) бөгде адамдардың, сондай-ақ дүкеннің қаруға рұқсаты жоқ жұмыскерлерінің кіруіне жол бермейді.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының саудасына лицензиясы бар заңды тұлғаларға спорт, аң және балық аулау құрал-жабдықтары мен осы қарудың қосалқы бөлшектерiн қоспағанда, бiр сауда залында қару мен өзге де тауар түрлерiн қатар сатуға тыйым салынады.";
73-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73-1. Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдауды оларды сатумен айналысатын заңды тұлғалар ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша жүзеге асырады.
Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында қарулы күзетпен қамтамасыз етеді (күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт).
Спорттық тауарларды, аң және балық аулау құрал-жабдықтарын қоспағанда, қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды өзге тауарлармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалданатын қару мен патрондар қорапқа орап салынады, оған жүк тасымалдаушы ұйым мөр басады немесе пломбылайды.
Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды жеткізу шарты (келісімшарты) болған кезде, қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің сатуын қоспағанда, қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдау кезінде жол бойында қорапты ашуға жол берілмейді.
Оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдау кезінде жүру бағыты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
Жарақталған патрондар, оқ-дәрі қол жүгі ретінде темір жол, су көлігімен мынадай салмақтан аспайтын мөлшерде тасымалданады:
1) атыс қаруының жарақталған патрондары – 10 кг;
2) түтінсіз оқ-дәрі – 10 кг;
3) түтінді оқ-дәрі бұйымдары – 5 кг;
4) түтінді оқ-дәрі – 5 кг.
Ескертпе: қол жүгін тасымалдауға берілген рұқсатта жүктің нетто салмағы ғана көрсетіледі (металл гильзалар, ыдыстар жүктің салмағына кірмейді).
Салмағы:
1) атыс қаруының жарақталған патрондары – 300 кг;
2) оқ-дәрі – 50 кг аспайтын аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды автомобиль көлігімен тасымалдау ішкі істер органдарының оларды тасымалдауға рұқсатынсыз жүзеге асырылады, бұл ретте ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында қарулы күзетпен қамтамасыз етеді (күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт).
Көрсетілген салмақтан асып кеткен жағдайда, оқ-дәрі мен жарақталған патрондарды тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Ескертпе. Тасымалдау азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге ресми түрде хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы "Заңды тұлғалардың қару мен патрондарға түгендеу жүргізу тәртібі" деген 15-1-бөліммен толықтырылсын:
"15-1. Заңды тұлғалардың қару мен патрондарға түгендеу жүргізу тәртібі
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдарда есепке алу мақсатында заңды тұлғалар қару мен патрондарға түгендеу жүргізеді.
74-1. Түгендеу – қару мен патрондардың бар-жоғын есептік деректерге сәйкес келуі тұрғысынан, сондай-ақ олардың есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз ету тәртібін толық салыстырып тексеру. Түгендеу ұйымдарда түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
74-2. Түгендеу:
1) тоқсан сайын;
2) қару мен патрондардың сақталуына жауапты адам немесе заңды тұлғаның басшысы ауысқан кезде (істерді қабылдау-тапсыру күніне);
3) дүлей зілзала, өрт, авария немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде (осындай оқиғаларға нақты қатысушы үшін) оның салдарынан қарудың немесе патрондардың орнын ауыстыру жүргізілгенде;
4) заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде тарату немесе бөлу баланстарын жасау алдында жүргізіледі.
Түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығымен түгендеу басталғанға дейін 10 күн бұрын түгендеу комиссиясының төрағасы мен мүшелері тағайындалады, оның жұмыс істеу мерзімі мен түгендеу актісін, түгендеудің жүргізілгені туралы салыстыру ведомостерін ұсыну тәртібі айқындалады.
74-3. Түгендеу жүргізу үшін ұйымда кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеу комиссиясына түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшыларының біреуі, бухгалтерлік қызметтің қызметкерлері және салыстырып тексерілетін қарудың құрылымы мен номенклатурасын, сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерделеген басқа да мамандар кіреді.
Түгендеу комиссиясының құрамы, әдетте, комиссияның жұмыс істеу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермеуге тиіс. Ерекше жағдайларда комиссияның мүшелерін ауыстыру түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның басшысы қару мен патрондарға түгендеу жүргізу үшін жағдай жасайды, оны өткізу кезінде комиссия мүшелерін уақытша басқа міндеттерді орындаудан босатады, сондай-ақ қарумен және патрондармен жұмыс істеуге рұқсаты бар техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөледі.
74-4. Қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамдар қару мен патрондардың қозғалысы бойынша аяқталған барлық операцияларды тізуді жүзеге асырады және олардың қалдықтарын есепке алу кітаптарына түгендеу күніне өзінің қолымен растай отырып, шығарады.
74-5. Түгендеуді бастар алдында комиссия мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының қару мен патрондар айналымы және оларға түгендеу жүргізу тәртібін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын зерделейді;
2) осы Ережеге 23-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемелерінің, осы Ережеге 24-қосымшаға сәйкес нөмірлік есепке алу тізімдемелерінің және осы Ережеге 25-қосымшаға сәйкес қару мен патрондарды түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомостерінің бланкілерін дайындайды, оларды белгіленген тәртіппен тіркейді. Бұл ретте қару мен патрондардың қалдықтарын көрсетілген құжаттарға алдын ала енгізуге жол берілмейді;
3) деректемелері қарудың сақталуына жауапты адамдардағы пломбылау құралдарынан ерекшеленуге тиіс пломбылау құралдары мен пломбылау материалының бар-жоғын салыстырып тексереді.
74-6. Қару мен патрондардың нақты бар-жоғын салыстырып тексеруді комиссия қару мен патрондардың сақталу орнын тексеруден және қару мен патрондар бар қолдағы сейфтерді, шкафтарды, пирамидаларды, жәшіктерді мөрлеуден бастайды.
Қару мен патрондарды қабылдау немесе беру үшін оларды сақтау орындарын ашуды және тексерілгендерін қайта мөрлеуді түгендеу комиссиясының мүшелері ғана жүзеге асырады.
74-7. Қарудың бар-жоғы оның сақталуына жауапты адамның қатысуымен оны міндетті түрде бір-бірден, жиынтық түрінде және нөмірі бойынша қайта санау, сондай-ақ қарудың техникалық құжаттамаға (паспорттарға, формулярларға не оның телнұсқаларына) сәйкес келмеуі тұрғысынан тексеру арқылы анықталады.
Герметикалық орамдарға немесе металл мырышқа, олар болған жағдайда, орап салынған патрондарды салыстырып тексеру басылған таңбалауға сәйкес ыдыстың тұтастығын қарап тексеру арқылы жүзеге асырылады, ол туралы түгендеу тізімдемесінде тиісті белгі қойылады. Таңбалау болмаған кезде, оның ішінде ішінара көрсетілген орамдар ашылуы, ал патрондар – бір-бірден қайта саналуы тиіс.
Тексерілген сейфтерге, шкафтарға, пирамидаларға, жәшіктер мен тығындауларға салыстырып тексеру жүргізілген күн көрсетіле отырып, комиссияның төрағасы растаған жазба белгілер салынады.
74-8. Түгендеу тізімдемелеріндегі және нөмірі бойынша есепке алу тізімдемелеріндегі түзетулер мен толықтыруларды түгендеу комиссиясының мүшелері және қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамдар растайды.
Тізімдемелер бастапқы түгендеу құжаттары болып табылады, олар тікелей қару мен патрондарды сақтау орындарында (объектілерінде) олардың тексерілуіне қарай толтырылады. Салыстырып тексеру аяқталған соң, толтырылған тізімдемелердің әрбір парағына комиссия мүшелері және қару мен оның патрондарының сақталуына жауапты адам қол қояды.
74-9. Түгендеу процесінде келіп түскен қару мен патрондар жеке тізімдемелерге енгізіледі. Бұл ретте, қарудың пайдалану мақсатын көрсетуге арналған жолда "Түгендеу кезінде келіп түскен қару (патрондар)" деген жазу жазылады, ал "Ескертпе" деген бағанда қарудың кімнен келіп түскені, келіп түскен күні және кіріс (ілеспе, көліктік) құжаттарының нөмірлері көрсетіледі.
74-10. Түгендеу кезінде ұйымның іссапарға кеткен қызметкерлерінде болған қару мен патрондар есептік құжаттар бойынша есепке алынады. Бұл ретте "Ескертпе" деген бағанда берілген күні, оларды қабылдап алған адамдардың тектері мен аты-жөндері және беру негіздері көрсетіледі (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар үшін).
74-11. Қару мен патрондарды түгендеу нәтижелері салыстыру ведомосында көрсетіледі. Ведомосқа комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ тексерілген қару немесе патрондардың сақталуына жауапты адам қол қояды.
74-12. Қару мен патрондардың жетіспеуі немесе артық болуы фактілері анықталған кезде, түгендеу комиссиясы бұл туралы заңды тұлғаның басшысына дереу хабарлайды.
74-13. Түгендеу қорытындысы бойынша комиссия акт толтырады (еркін нысанда), онда қару мен патрондарды сақтаудың, есепке алудың жай-күйі, жетіспеуі, артық болуы, бүліну және жоғалу фактілері, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
Актіні комиссия оған қол қойған және ұсынған күннен бастап үш күн мерзімде түгендеу жүргізіліп жатқан заңды тұлғаның басшысы қарайды және бекітеді.
74-14. Акт, түгендеу тізімдемесі, нөмірлік есепке алу тізімдемесі, салыстыру ведомосы және басқа да материалдар ұйымдағы қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамның жеке есептік ісінде сақталады.";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұрғын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.
Қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады.
Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) ғана сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды.
Қаруды иесінің тұрақты тұратын жерінен тысқары жерлерде (жеке үй, пәтер, бақтағы, саяжайдағы үй, гараж, монша, балкон, лоджия, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелері жеке бөлмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, жайылым учаскелерінде, фермерлік және шаруа қожалықтарында, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді.
Қару иесі ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет.
Азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын, азаматтық ойық қарудың ойық қарудың әрбір бірлігіне 100 данадан аспайтын, газдық қарудың 50 данадан аспайтын патрондарын, 500 граммнан аспайтын аңшылық оқ-дәріні қарумен бірге сақтауға жол беріледі.
Азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан асатын, бірақ 1000 данадан аспайтын патрондары жеке металл шкафта (сейфте) сақталады.
Сейфте қарумен бірге бөгде заттарды (сақталатын қарудың алынатын және ауыстырылатын аксессуарларын қоспағанда), оның ішінде ақша купюраларын, бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаты жоқ қарудың басқа түрінің патрондарын сақтауға жол берілмейді.";
көрсетілген Ережеге 7-1-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес жұмыскерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлік қаруға бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
Мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор – мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік табиғи резерваттың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).
Мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымы ережесінің 7-9, 11, 15-тармақтарында көзделген қаруды сақтауды қамтамасыз ету талаптары сақталған жағдайда, қызметтік қарумен қаруланады.".
көрсетілген Ережеге 7-2-қосымшаның ескертпесінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын қызметкер (орманды күзету және қорғау инженері, орман шебері, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман). Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері облыстық атқарушы органдардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.";
осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Ережеге 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 және 25-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 18-қосымша |
|
Нысан |
Қызметтік қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабы
________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің және оқу орнының атауы)
Р/с№ | Кіріс құжатының нөмірі мен күні (сатып алуға рұқсат, қару мен оның патрондарын есепке қою туралы хабарлама және т.с.с.) | Қару мен оның патрондарын басқа ұйымға немесе жөндеуге берген кезде қаруды сатып алуға рұқсаттың есепке қойылғаны туралы хабарламаның, комиссиялық сатуға жолдаманың және т.с.с. нөмірі мен күні | Есепте тұрғандары | |||||||||||||||||||
Тапаншалар, револьверлер | Винтовкалар, карабиндер | Тегіс ұзын ұңғылы | Тегіс қысқа ұңғылы | Электрлік | Ұңғысыз травматикалық | Травматикалық патрондармен ату мүмкіндігі бар газды | ||||||||||||||||
барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | патрондар | барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | патрондар | барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | патрондар | барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | патрондар | барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | патрондар | барлығы | моделі, нөмірі, калибрі | патрондар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 19-қосымша |
|
Нысан |
Қару мен оның патрондарын беруді және қабылдап алуды есепке алу журналы
_______________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің және оқу орнының атауы)
Р/с № | Қаруды берген жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы | Қарудың маркасы, моделі, калибрі, зауыттық нөмірі | Патрондардың саны | Қаруды алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, қаруды берген күні мен уақыты | Қаруды қабылдап алған жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы | Қаруды тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, қаруды берген күні мен уақыты |
Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 7 | 8 | 9 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 20-қосымша |
|
Нысан |
Қару-жарақ жөндеу шеберханасына келіп түскен қаруды есепке алу кітабы
__________________ басталды _________________ аяқталды
Р/с № | Келіп түскен күні | Қару жөндеуге қайдан және кімнен келіп түсті (ұйымның атауы мен мекенжайы, қару иесінің Т.А.Ә (бар болса), мекенжайы) | Қаруды сақтауға, сақтау және алып жүруге берілген рұқсаттың күні, нөмірі | Жөндеуге қабылданған қарудың кіріс ордері (түбіртек) күні, нөмірі | Қару моделінің атауы | Калибрі, сериясы, нөмірі | Қарудың ақауларын сипаттау | Қаруды жөндеуге қабылдаған адамның тегі | Қаруды жөндеуден кейін алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлға үшін сенімхаттың күні мен нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 21-қосымша |
|
Нысан |
Азаматтық және қызметтік қару саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкендерге келіп түскен және сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу кітабы
____________________ басталды ___________________ аяқталды
Р/с № | Қарудың келіп түсуі | Қарудың атауы, моделі, калибрі, нөмірі | Сатылған қару | |||||||
Заңды тұлғаның атауы, қызмет түріне берілген лицензияның нөмірі, күні (қару саудасы бойынша дүкендер үшін не ҚР ІІМ әкелуге берген рұқсаттың нөмірі, күні, келіп түскен күні | Қаруды комиссиялық сатуға тапсырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (комиссиялық сатуға берілген жолдаманың нөмірі, берілген күні, кім берді), келіп түскен күні | азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының саудасымен айналысатын заңды тұлғаға сатылды | азаматтық және қызметтік қаруды пайдалану құқығы бар заңды тұлғаға сатылғаны | жеке тұлғаларға сатылғаны | ||||||
атауы, мекенжайы, сатылған күні | қызмет түріне берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні | сатып алуға берілген рұқсаттың нөмірі мен күні | атауы, мекенжайы, сатылған күні | сатып алуға берілген рұқсаттың нөмірі мен күні | тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) сатылған күні | сатып алуға берілген рұқсаттың нөмірі мен күні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 22-қосымша |
|
Нысан |
Қызметтік және азаматтық қаруды сатып алғаны және сатылғаны және оларды сатып алушылар туралы ай сайынғы мәліметтер
(ІІД ӘПБ-ге келесі есепті айдың 5 күніне қарай ұсынылады)
Р/с № | қарудың келіп түсуі* | Қарудың атауы, моделі | Калибрі | Қарудың нөмірі | Сәйкестік сертификатының нөмірі мен берілген күні | Криминалистикалық талаптарға сәйкестікке берілетін қорытындының нөмірі мен берілген күні | ҚР ДСМ 2008 жылғы 8 ақпандағы № 55** бұйрығы бойынша берілген қорытындының нөмірі мен берілген күні | Сатылған қарулар | Қалған қарулар | |||||||||||||
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының саудасымен айналысатын заңды тұлғаға | азаматтық және қызметтік қаруларды пайдалану құқығы бар заңды тұлғаға | жеке тұлғаларға | қарудың атауы, моделі | калибрі | қарудың нөмірі | сәйкестік сертификатының нөмірі мен берілген күні | криминалистикалық талаптарға сәйкестікке берілетін қорытындының нөмірі мен берілген күні | ҚР ДСМ 2008 жылғы 8 ақпандағы № 55** бұйрығы бойынша берілген қорытындының нөмірі мен берілген күні | ||||||||||||||
Сыртқы экономикалық келісімшарттың нөмірі, күні ҚР ІІМ ӘПК әкелуге берген рұқсаттың нөмірі, күні, келіп түскен күні | Заңды тұлғаның атауы, қызмет түріне берілген лицензияның нөмірі, күні (қару саудасымен айналысатын дүкендер үшін), келіп түскен күні | Қаруды комиссиялық сатуға тапсырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (комиссиялық сатуға берілген жолдаманың нөмірі, күні, кім берді), келіп түскен күні | ||||||||||||||||||||
атауы, мекенжайы, сатылған күні | қызмет түріне берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні | сатып алуға берілген рұқсаттың нөмірі мен күні | атауы, мекенжайы, сатылған күні | сатып алуға берілген лицензияның нөмірі | тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) сатылған күні | сатып алуға берілген рұқсаттың нөмірі мен күні | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
Ескертпе: * - 2-4- бағандар қарудың келіп түсуіне байланысты толтырылады. Есепті ай ішінде сатылмаған қарулар келесі есептік кезеңге ауыстырылады.
** - бұл баған газды, оның ішінде травматикалық патрондармен ату мүмкіндігі бар, ұңғысыз травматикалық және электрлік қарулар үшін толтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 23-қосымша |
|
Нысан |
20____ жылғы "__" __________ қару мен оның патрондарының № ___________ түгендеу тізімдемесі
________________________________________________________________ орналасқан
(ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(қаруды, патрондарды сақтау үшін жауапты адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
Қарудың нысаналы мақсаты ____________________________
Комиссияның құрамы: төраға ____________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
Қалдықтарды алып тастау _______________ басталды, __________________ аяқталды
Іс жүзінде бар-жоғын тексеру кезінде болғаны:
Р/с № | Есепке алу кітабының және парақтарының № | Қару мен патрондардың толық атауы | Өлшем бірлігі | Есепке алу бойынша есепте тұр | Іс жүзінде бар-жоғы | Жетіспейді | Артық болғаны | Ескертпелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Төраға ___________________________________
(қолы)
Мүшелер: ___________________ ____________________ ________________
(қолы) (қолы) (қолы)
Қарудың сақталуына жауапты адам ______________________
(қолы)
20___ ж. "__" ______________
Ескертпе. Қару мен патрондардың қалдықтары алып тасталғаннан кейін 6, 7 және 8-бағандар толтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 7-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 24-қосымша |
|
Нысан |
20____ жылғы "__" __________
қару мен оның патрондарының № _______ нөмірлік есебінің тізімдемесі
________________________________________________________________ орналасқан
(ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
№ ___________ түгендеу тізімдемесіне
Комиссияның құрамы: төраға ____________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
Қалдықтарды алып тастау _______________ басталды, __________________ аяқталды
Іс жүзінде бар-жоғын тексеру кезінде болғаны:
Р/с № | Есепке алу кітабының және парақтарының № | Қару мен патрондардың толық атауы | Қарудың № | Патрондардың өндірістік деректері | Шығарылғанжылы | Ескертпелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескерту. Қару мен патрондардың қалдықтары алып тасталғаннан кейін 4, 5, 6-бағандар толтырылады.
Комиссия: төраға ___________________________________
(қолы)
Мүшелер: ___________________ ____________________ ________________
(қолы) (қолы) (қолы)
Қарудың сақталуына жауапты адам ______________________
(қолы)
20 ___ ж. "__" ______________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысына 8-қосымша |
|
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 25-қосымша |
|
Нысан |
Қару мен оның патрондарын түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомосі
20____ жылғы "___"_________
Басшысының ________________________________________ бұйрығы негізінде
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________ ж. "__"_________ ______________________________________ орналасқан
(ұйымның атауы, қарудың сақталуына жауапты адамның тегі, аты-жөні)
қару мен оның патрондарын түгендеу жүргізілді
Қалдықтарды алып тастау 20_____ ж.______ "____" басталды
20_____ ж.______ "____" аяқталды
Түгендеу кезінде мыналар анықталды:
Тізімдеменің нөмірі | Номенклатуралық нөмірі | Қару мен патрондардың толық атауы | Өлшем бірлігі | Есепке алу бойынша есепте тұр | Іс жүзінде бар-жоғы | Түгендеу нәтижелері | Есепке алу жазбаларын нақтылау есебінен реттелді | Түгендеудің түпкілікті нәтижесі | |||
артық | кем | артық | кем | артық | кем | ||||||
Парақтағы жиыны: реттік сандар № _____ ден № _______ дейін
Түгендеу комиссиясының Қарудың сақталуына жауапты
төрағасы ______________________ адам ________________________
(қолы) (қолы)
Түгендеу комиссиясының Ұйымның басшысы
мүшелері ______________________ _______________
(қолы) (қолы)
____ ж. "__" _____________