Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 107 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 6 наурыздағы
№ 107 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі".

      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 553 қаулысымен

      3. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:      

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы".

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен