Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 107 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 6 наурыздағы
№ 107 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі".

      2. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі".

      3. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:      

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы".

      4. "Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі".