"Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіт

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 553 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2018 № 282 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік органдардың барлық қорытындыларын алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құрған ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қарауына тиісті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) рентабельділігінің есептемелерін және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса бере отырып, өтініш енгізеді.".

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 553 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 115 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 552-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістердің 35-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014      ж., № 55-56, 540-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағы.