"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 899 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты" деген бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев