Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуғ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысы.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-11-бабына және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.05.2023 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары;

      2) Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 524 қаулысымен
бекітілген

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" (бұдан әрі – Заң) және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде ішкі істер органдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкер) және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғын үйге мұқтаж болып танылған қызметкерлерге, сондай-ақ Заңның 101-11-бабының 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

      3) қызметкерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы шешім шығарған жағдайда қызметкердің оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянатының тіркелген күні;

      4) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;

      5) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;

      6) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген ішкі істер органдарының құрылым бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше);

      7) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), ведомстволары, аумақтық полиция органдары, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар;

      8) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін ішкі істер органдары басшысының шешімімен құрылатын комиссия.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға оларды Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда алып жүрген қызметкерлер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) сол қызметкерлердің отбасы мүшелері жатады.

      Тұрғын үй төлемдерін пайдалану жолымен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу құқығын қызметкерлер бір рет жүзеге асырады.

      Егер ерлі-зайыптының екеуі де Заңның 13-1-тарауында көрсетілген қызметкерлер және (немесе) әскери қызметшілер болса, онда тұрғын үй төлемдері жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтаманы ұсына отырып, баянаттың негізінде ерлі-зайыптылардың өзара келісуі бойынша олардың тек біреуіне жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкерді Заңның 101-3-бабында белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп тану оған тұрғын үй төлемдерін тағайындаудың негіздемесі болып табылады.

      5. Қызметкердің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған қызметкерлерді есепке алуды құрылымдық бөлімше жүргізеді.

      7. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді құрылымдық бөлімше қалыптастырған тізімдер негізінде ішкі істер органдарының қаржы бөлімшесі (бұдан әрі – қаржы бөлімше) жүргізеді.

      8. Тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап есептеледі.

      9. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны қызметкер Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.

      10. Ішкі істер органдары тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.

      Ішкі істер органдары жоспарлаған, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.

      11. Қаза табуына немесе қайтыс болуына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен алып тасталған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте осындай қызметкердің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.

      Тұрғын үй төлемдерін алушылардың жеке арнайы шотын жабу "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Қызметкер қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

      Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкердің қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аз болмайды.

      Егер қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы):

      1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;

      3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;

      4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;

      5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқанның (қайтыс болғанның) кәмелетке толмаған отбасы мүшелеріне өткен жағдайда бұл туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарланады.

      14. Қызметкерге қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін сақталады.

      Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) болған күні алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аз болмайды.

      Егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) немесе сырқаттануы қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерді) масаң күйді туындататын заттарды тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан басталғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларда тұрғын үй төлемдері төленбейді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібі

      15. Тұрғын үйге мұқтаж қызметкерді есепке алуды құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Кезектілік тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күні бойынша жасалатын тізімдер бойынша белгіленеді.

      16. Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қызметкерді тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алу Заңда белгіленген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      17. Асыраушысынан айырылған қызметкерлердің отбасы мүшелері оларды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз еткенге дейін қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрады.

      18. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелері оларға өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілгенше өздері тұратын тұрғын үйден шығарылмайды.

      19. Осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жүргізілмейді.

      20. Тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіру құқығы бар адамдарды қоспағанда, ішкі істер органдарынан шығарылған қызметкерлер өздеріне берілген қызметтік тұрғын үйлерді бір ай ішінде тапсырады.

3-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі

      21. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың құнын тұрғын үйдің алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғын үй алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

      22. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректерге сәйкес белгіленеді.

      23. Ішкі істер органдары тұрғын үй төлемдерін тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

      24. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда тұрғын үй төлемінің мөлшері аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда облыс орталығының статистикалық деректері бойынша белгіленеді.

      26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі 1-параграф. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау

      27. Қызметкерлердің және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Заңның 101-11-бабының 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      28. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына, ал ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы адамның атына өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянат;

      2) атқарып отырған лауазымы көрсетілген, ішкі істер органдарының кадр бөлімшесі берген отбасы құрамы туралы анықтама;

      3) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы (қызметкерлердің отбасы мүшелері болған жағдайда), неке қию (некені бұзу) туралы куәліктердің көшірмелері;

      4) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің жоқ (бар) екені туралы баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей алынған анықтама (анықтаманы қызметкерлер жыл сайын ұсынады);

      5) зайыбы (жұбайы) мемлекеттік мекеменің (кәсіпорынның) жұмыскері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мынадай:

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны немесе алмағаны туралы;

      өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны немесе біржолғы төлемдерді алғаны немесе алмағаны туралы;

      өзіне тұрғын үй төлемдері тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы (ол бар болса);

      тұрғын үй төлемдерін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы (ол бар болса);

      қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгені немесе қамтамасыз етілмегені туралы (бар болса) мәліметтер қамтылған жұбайының (зайыбының) қызмет орнынан (жұмыс) анықтама;

      6) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде отбасы құрамы бойынша алынған, мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінің жалдау шарттарының тізілімінен (қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайының бар немесе жоқ екені туралы) жалдаушы бойынша ақпарат;

      7) қызметкерге немесе оның жұбайына (зайыбына) бұрынғы қызмет (жұмыс) орны бойынша осындай тұрғынжай берілген жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тапсырғаны туралы (акт) анықтама;

      8) ипотекалық ұйымның алдында негізгі міндеттемесі орындалмаған несиелік берешегі туралы анықтама;

      9) бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) қайда тұратындығы көрсетілген сот шешімінің көшірмесі (сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жойған кезде қызметкер он жұмыс күні ішінде ол туралы мекеменің құрылымдық бөлімшесін хабардар етеді);

      10) кейбір созылмалы аурулардың ("Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 тіркелген) бекітілген аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын отбасы мүшелері бар болса, денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;

      11) мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) болған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама;

      12) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдаланғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      13) Заңның 101-11-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесі;

      14) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайларда қызметкер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      15) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай болмаған жағдайда қызметкер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшы берген техникалық қорытындының (тұрғын үйді техникалық тексеріп қарау нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Құрылымдық бөлімше баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады және тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.

      Осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген қажетті құжаттар болмаған кезде құрылымдық бөлімше құжаттарды қызметкерге пысықтау үшін қайтарады. Қызметкер он жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жояды және құжаттарды құрылымдық бөлімшеге толық көлемде енгізеді, бұл ретте баянат алғаш тіркелген күні берілген болып есептеледі.

      Қызметкер құжаттарды пысықтауға қайтарылғаннан кейін уақтылы ұсынбаған немесе ұсынбаған жағдайда құрылымдық бөлімше баянаттарды тіркеу журналына белгі қоя отырып, ұсынылған құжаттарды қарамастан қызметкерге қайтарады. Бұл ретте қызметкер өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген тәртіппен қайта жүгінеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Тұрғын үй комиссиясы баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы (тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабын жасау үшін тұрғынжай алаңының мөлшерін және қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану күнін көрсете отырып) немесе тұрғынжайға мұқтаж деп тануға негіз жоқ екендігі туралы шешім шығарады, ол тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Қызметкер Заңның 101-3-бабы талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Хабарлама немесе тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзіндіні құрылымдық бөлімше қызметкердің назарына қол қойғыза отырып жеткізеді. Қажет болған жағдайда тұрғын үй комиссиясы отырыстары хаттамасының көшірмелері және (немесе) олардан үзінділер қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде беріледі.

      33. Қызметкерге жеке арнайы шот ашу үшін құрылымдық бөлімше жасаған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

2-параграф. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін және есебін жасау

      34. Тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде құрылымдық бөлімше тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тұрғын үй комиссиясының төрағасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.

      35. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі негізінде қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылар сомаларының есебін дайындайды.

      36. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы дайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі және ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы құрылымдық бөлімше дайындайтын ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды есептеу олардың отбасы құрамы өзгерген, бір елді мекеннен екінші елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орны ауысқан, сондай-ақ лауазымнан тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдар санатына жататын лауазымға тағайындалған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу

      37. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:

      1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде баланы (балаларды), мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған;

      2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орнын ауыстырған;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректеріне сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалдау құны жыл сайын өзгерген кезде жүргізіледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу осы Қағидалардың 28-тармағында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, қызметкердің баянаты негізінде шығарылатын ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Қызметкер одан әрі қызмет өткеру үшін басқа өңірге кеткен кезде, егер тиісті шарт Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда кейіннен сатып алатын жалға алуды төлеу үшін жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ол қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.

      Бұл ретте отбасы құрамы көбею жағына өзгерген жағдайда оған байланысты отбасының құрамы көбейген отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу қызметкер қызмет өткеретін өңірдегі сомаға сүйене отырып жүзеге асырылады.

      39. Осы Қағидалардың 37-тармағында айқындалған жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы оқиғаның нақты басталған кезінен бастап есептеледі. Бұл ретте тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй комиссиясына осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген құжаттарды оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады. Қызметкер құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянатты тіркеу күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      40. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір тұрғын үй төлемдерін алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша анықтаманы қоса бере отырып, дербес ашады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Ішкі істер органы, тұрғын үй төлемдерін алушы және банк арасында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үш жақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      Шартқа сәйкес ішкі істер органы қызметкердің жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аударады, ал банк қызметкерге Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес тұрғын үй төлемдеріне билік ету құқығын береді.

      Қаржы бөлімшесі шартты және тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналында тіркейді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің аударылған және төленген сомалары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық есеп карточкасында есепке алуды жүзеге асырады.

      43. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді.

      Қызметке кіру және шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.

      44. Қызметкер қызметтен ауысқан, босатылған кезде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі талдамалық есеп карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақша аттестатында өзіне жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтерді көрсетеді.

7-тарау. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      45. Тұрғын үй төлемдерін алу үшін Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме қабылдаған қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшесі қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда тұрғын үй төлемдерін жалғастыру туралы өтініш;

      2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы қоса ұсынылған, қызметкердің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен берілген мұрагерлікке құқық туралы куәлік;

      4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы қоса ұсынылған, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

      5) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін қызметкермен тірі кезінде жасалған, отбасы мүшесіне қайта ресімделген шарт.

      46. Құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін мыналарды сұратады:

      1) қалған орындалмаған міндеттемелерді көрсете отырып, ипотекалық ұйымның қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкермен жасалған ипотекалық шарт туралы мәліметтер;

      2) қызметкерді ішкі істер органдарының жеке құрамының тізімінен шығару туралы кадр бөлімшесі берген бұйрықтың үзінді көшірмесі;

      3) қызметтік тексеру жүргізген бөлімше берген қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен мән-жайы көрсетілген қызметтік тексеру қорытындысы.

      47. Құрылымдық бөлімше отбасы мүшесінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бұйрық шығарады және тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар отбасы мүшесімен тұрғын үй төлемдері туралы шартты қайта жасасуды қамтамасыз етеді.

      48. Жыл сайын 15 қаңтарға дейінгі мерзімде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің міндеттемесін қабылдаған отбасы мүшесі қаржы бөлімшесіне Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу мақсаттарына жасалған шарт бойынша орындалмаған міндеттемелер сомаларының қалдықтары бойынша ресми мәліметтерді береді.

8-тарау. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған жағдайда тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      49. Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдары санатына жататын қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған жағдайда қызметкер тиісті құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) қызметкерді ішкі істер органдарының жеке құрамының тізімінен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірме;

      3) қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) және ауруының себепті байланысы туралы әскери-дәрігерлік комиссия қаулысының көшірмесі;

      4) қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе ауыруы фактісін растайтын қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы.

      50. Құрылымдық бөлімше тұрғын үй төлемдерін жалғастыру туралы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін бұйрықты дайындайды және қаржы бөлімшесіне жолдайды.

      51. Жыл сайын 15 қаңтарға дейінгі мерзімде тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар қызметкерлердің лауазымдар санатына кіретін, қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған қызметкер қаржы бөлімшесіне Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша орындалмаған міндеттемелер сомаларының қалдықтары бойынша ресми мәліметтерді ұсынады.

9-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау

      52. Қызметкерлерге бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдері ішкі істер органдарының бірінші басшысының бұйрығына сәйкес:

      1) тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар қызметкерлер лауазымдарының санатына кіретін лауазымға қайта тағайындалған жағдайда Заңның 101-11-бабына сәйкес кейіннен сатып алатын жалдау сомасын өтеуге арналған немесе алғаш рет ресімделген ипотекалық кредитті пайдаланған жағдайда – көрсетілген лауазымға тағайындалған күннен бастап;

      2) қарамағына қабылданғанға дейін ішкі істер органдары жүйесінде тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылған, қарамағына қабылданғаннан кейін тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлер лауазымдарының санатына кіретін лауазымға қайта тағайындалған жағдайда қарамағына қабылданған күннен бастап қайта басталады. Қарамағында болу мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

      Тағайындалған тұрғын үй төлемдері тиісті органның қарамағына қабылдана отырып, қызметкердің жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде сақталады.

      53. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы бірінші басшысының бұйрығына сәйкес:

      1) қызметкер ішкі істер органынан шығарылған;

      2) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларды қоспағанда, қызметкер тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған;

      3) қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен шығарылған;

      4) қызметкер тұрғын үй төлемдерін алудан бас тартқан;

      5) қызметкер тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санатына жататын лауазымнан босатылған;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Қызметкер орнын ауыстырған кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері мекеменің бірінші басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады және тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда қызметкер қызмет өткеру үшін келген ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі оларды қайта бастайды.

      Ескерту. 9-тарау 54-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Қызметкерге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздемесін баяндап, хат жолдайды.

      Ескерту. 9-тарау 55-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
  1-қосымша

_______________________________________________________ бойынша (ішкі істер органы – бұдан әрі мемлекеттік мекеме) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Бөлімшенің атауы

Т.А.Ә. (бар болса) (толық)

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың лауазымы

Төлемдер басталған күн

Тұрғынжай ауданы (3-қосымшаның 7-бағанынан)

Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың 1 шаршы метрін жалдау құны (теңгемен)

Ағымдағы тұрғын үй төлемінің айына сомасы (6-баған х 7-баған) (теңгемен)

Заңның 101-11-бабының 5-тармағында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемінің сомасы (7 баған – 50 % (теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қызметкер бойынша жиыны







Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны







Мемлекеттік мекеменің басшысы (ІІМ Орталық аппаратын қоспағанда)

 
______________ __________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

Қаржы бөлімшесінің бастығы

_______________ _________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Ескертпе:

      1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп–қисабын қаржы бөлімшесі толтырады;

      2) 1 – 6-бағандардағы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше ұсынады.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
2-қосымша

Қызметкер ниет білдірген тұрғынжай алаңының есебі

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта
бастау қағидаларына
3-қосымша

Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (банкке ұсыну үшін) __________________________________ (қызметкердің Т.А.Ә. толық)

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 44-3) тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____теңгені құрайды.

      Мемлекеттік мекеменің басшысы (ІІМ орталық аппаратын қоспағанда)

      __________ _____________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) М.О

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
4-қосымша

__________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Бөлімшенің атауы

Т.А.Ә.
(бар болса) (толық)

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың лауазымы

Отбасы құрамы

Ниет білдірілген тұрғынжайдың алаңы
(ш.м)

отбасы мүшелерінің
(бар болса)
Т.А.Ә.(туыстық дәрежесі)

адамдар саны, оның ішінде қызметкер

1

2

3

4

5

6

7








Қызметкер бойынша жиыны





Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны





      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Құрылымдық бөлімшенің бастығы ______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін қызметкер қызмет өткеретін құрылымдық бөлімше толтырады.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
5-қосымша

Тұрғын үй төлемдері туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі "банк" деп аталатын, ___________ негізінде әрекет ететін ________________банкінің атынан________________, бұдан әрі "мемлекеттік мекеме" деп аталатын, ________________негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің атынан________________________ және бұдан әрі "алушы" деп аталатын, _______жылғы "___" ______________берген №_______ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің қызметкері ______________ бұдан әрі бірлесіп, "Тараптар" деп аталатындар, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы "____"______ №___ қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдары қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары негізінде төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғын үйге мұқтаж болып танылған қызметкерлерге, сондай-ақ Заңның 101-11-бабының 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

      3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Шарттың нысанасы

      2.1. Банк алушы анықтаманы (Қағидаларға 4-қосымша), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін алушыға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан тұрғын үй төлемдерін алуы үшін теңгеде жеке арнайы ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – шот) ашады.

      2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны банкте ашылған алушының шотына аударады.

      2.3. Алушы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.

      2.4. Банк алушының жеке арнайы шотынан тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.

      2.5. Алушы қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда онда Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

      2.6. Алушыға қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін сақталады.

      2.7. Шотты ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес банк, мемлекеттік мекеме және алушы жүзеге асырады.

3. Шотты жүргізу

      3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін шотқа аударады;

      2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымдарын жүзеге асырады;

      3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;

      4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шоттағы ақша қалдығы туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;

      5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.

      Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.

      3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.

      3.3. Шотты ашу, қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындарын қоспағанда, төлеу күні қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы алушы өз бетінше төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындары мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.

      4.2. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтаруға құқығы бар.

      4.3. Алушы:

      1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;

      2) отбасы құрамы өзгерген кезде азаматтық хал актілері тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлік алған, сондай-ақ баланы (балаларды), мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етуге;

      3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде ол туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемеге хабарлауға;

      4) шартты бұзған жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      Ескерту. 4.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4.4. Алушының:

      1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;

      2) қызмет өткеру орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін мақсаты бойынша пайдалануға;

      3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы бір банктен басқасына аударуға құқығы бар.

      4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.

      4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес алушы банкке алушының қосымша келісімінсіз (акцептсіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны есептен шығаруға құқық береді.

      4.7. Алушы өз деректемелерінің (жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттарда қамтылған басқа да мәліметтер) өзгеруі туралы олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей банкке жазбаша хабарлауға міндеттенеді.

5. Есеп айырысу тәртібі

      5.1. Тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы өзі ашады және оған өз бетінше қызмет көрсетеді.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.

      6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге қол жеткізбеген кезде даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

7. Қосымша шарттар

      7.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.

      7.2. Осы шарт тек Тараптардың келісімі бойынша ғана бұзылуы мүмкін.

      7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

      7.4. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей үш данада жасалды.

      7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

      7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.

8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау

      8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

      8.2. Кез келген жағдайда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекеттерімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.

      8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті осындай операция жүргізу фактісі туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.

9. Тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің іс-қимыл тәртібі

      9.1 Алушы шоттағы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтер алған кезде төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының болмауын анықтаса, мемлекеттік мекеменің басшысына тиісті мәліметтер алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателер (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) анықтағаны туралы және оған кез келген уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемдерінің аударылғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен жеке өзіне қатысты үзінділерді беру туралы жазбаша өтініш жолдайды.

      9.2. Мемлекеттік мекеме қателер анықтаған немесе тұрғын үй төлемдерінің сомасын аудару кезінде жол берілген қателер анықталғаны туралы алушының жазбаша өтінішін алған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған алушының оның шотынан қате аударылған сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші қоса беріледі.

      9.3. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға өтініште мыналар көрсетіледі: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қатеге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, оның қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтері) қол қойып, мөрмен растауы тиіс.

      9.4. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға өтініші келіп түскен кезде банк өтінішті алған күнінен бастап операциялық он күн ішінде:

      1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;

      2) расталған қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсімдері бойынша қайтарудың болмауы фактісін тексереді;

      3) бенефициардың, шотына қате аударылған ақшаны банктің есептен шығаруына келісімінің бар болуын тексереді;

      4) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерді негіздеумен оны қайтару мүмкін емес екені туралы хабарлайды.

      9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қатеге жол берген жағдайда банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы кейіннен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді.

      Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны алушы төленетін күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес төлейді.

      9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.

10. Әртүрлі

      10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

      10.2. Шартқа сәйкес шарт шот жабылғанға дейін жарамды.

      10.3. Шотты жабу Тараптардың келісуі бойынша жүргізіледі.

      10.4. Осы арқылы алушы банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақшаның қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.

11. Шартты өзгерту тәртібі

      11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.

12. Форс-мажор

      12.1. Егер орындамау тосын мән-жайлар, атап айтқанда, осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери іс-қимылдар салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері

Мемлекеттік мекеме:
______________________ (толық атауы) _________________________ (мекенжайы) ________________________ (телефоны) ________________________ (Т.А.Ә.) ________________________ (қолы) ________________________ 20__жылғы "___"________ ____________________ М.О.

Банк: _______________________ (толық атауы) ________________________ (мекенжайы) ________________________ (телефоны) ________________________ (Т.А.Ә.) ________________________ (қолы) ________________________ 20__жылғы "___"_________ _________________________ М.О.____________________

Алушы: _______________________ (Т.А.Ә.) (толық) _______________________ _______________________ (мекенжайы) _______________________ _______________________ (телефоны) _______________________ (қолы) _______________________ 20__жылғы "___"_______ ________________________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
6-қосымша

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2022 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Тіркелген күні

Тұрғын үй төлемдерін алушының Т.А.Ә. (бар болса) (толық)

Тұрғын үй төлемдері туралы шарт

Банктің атауы

Қызметкердің жеке арнайы шотының нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7








      20 ____ жылғы "_____" _________ __________________________ (күні) (қала, ауыл )

      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналын қаржы бөлімшесі толтырады.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта
бастау қағидаларына
7-қосымша

Тұрғын үй төлемдерін алушының №____талдамалық есепке алу карточкасы

  ЖСН ______________________
  ___________________________
  Жеке арнайы шоттың нөмірі
  ____________________________
  Банктің атауы
  ____________________________
  ____________________________
  (қызметкердің Т.А.Ә. толық)

      Тұрғын үй комиссиясының 20 ___ жылғы "__" ________ № _________ хаттамасымен және ______________________________________________________бұйрығымен: (мекеменің бірінші басшысы бұйрығының күні, нөмірі) 1) 20 __ жылғы "______" _______бастап тұрғынжайға мұқтаж деп (күні) танылды; 2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері _________ теңгені құрайды. (сомасы)

  Сыртқы жағы

р/с

Кезең

Басындағы сальдо (теңге)

Бір айда есептелгені (теңге)

Аударылды

Соңындағы сальдо

сомасы (теңге) төлем құжатының нөмірі, күні төлем құжатының сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8

1

Қаңтар







2

Ақпан







3

Наурыз







4

Сәуір







5

Мамыр







6

Маусым







7

Шілде







8

Тамыз







9

Қыркүйек







10

Қазан







11

Қараша







12

Желтоқсан








Жиыны

0


0

Х

х


      Мемлекеттік мекеменің басшысы

      (ІІМ орталық аппаратын қоспағанда) ____________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Қаржы бөлімшесінің бастығы  __________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)

      Орындаушы __________________

      (күні, қолы) (Т.А.Ә.)   

      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын қаржы бөлімшесі толтырады.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
8-қосымша
  Кімге:____________________
  (мемлекеттік мекеменің басшысы,
  кімнен___________________
  _________________________
  (өтініш берушінің Т.А.Ә.
  (бар болса)
  ______________ тұратын
  тел. _______________

Тұрғын үй төлемдерін жалғастыруға өтініш

      Сізден маған ағымдағы тұрғын үй төлемдерін___________________________

      _________________________________ байланысты жалғастыруды сұраймын

      (оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. ___________________________________

      2. ___________________________________

      3. ___________________________________

      4. ___________________________________

      5. ___________________________________

      6. ___________________________________

      "___" __________ ______ ж. Өтініш беруші ___________________________
(күні) (айы) (жылы) қолы Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О. Бастық ______________________________

      қолы Т.А.Ә. (бар болса)*

      * қызметкер мүгедектікке әкеп соқтырмаған жеңіл немесе ауыр мертіккен (жаралану, жарақаттану, контузия алған) жағдайда қолы қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 524 қаулысымен
бекітілген

Ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттары

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты

      Криминалдық полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы;

      департамент бастығы;

      департамент бастығының орынбасары;

      департамент бастығының орынбасары – жедел басқару орталығының бастығы;

      дербес басқарманың бастығы;

      дербес басқарма бастығының орынбасары;

      басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;

      басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;

      бас криминалист;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);

      аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

      жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;

      ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

      аға инспектор;

      кезекші бөлім бастығының көмекшісі - жедел кезекші;

      Жедел басқару орталығының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;

      Жедел басқару орталығының аға инспекторы;

      барлық атаудағы кезекші аға инспектор;

      барлық атаудағы кезекші инспектор.

      Ескертпе: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бойынша функционалдық міндеттері:

      ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;

      ведомствоаралық үйлестіруді және профилактиканы;

      есірткінің заңды айналымын лицензиялауды және бақылауды іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      Жедел қызмет департаменті:

      облыс, қала бойынша департамент, басқарма (бөлім):

      департамент бастығы;

      департамент бастығының орынбасары;

      басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;

      басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      кезекші бөлімнің кезекшісі – аға инспектор;

      кезекші бөлімнің кезекшісі – инспектор;

      кезекші бөлімнің жедел кезекшісі;

      жедел уәкіл;

      кіші жедел уәкіл;

      кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тіл саясатын;

      халықаралық ынтымақтастық;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;

      құқықтық қамтамасыз етуді;

      құжаттамалық қамтамасыз етуді;

      қаржымен қамтамасыз етуді;

      материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;

      кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      "Р" департаменті:

      облыс, қала бойынша департамент, басқарма:

      департамент бастығы;

      департамент бастығының орынбасары;

      басқарма бастығы;

      басқарма бастығының орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      кіші жедел уәкіл.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тіл саясатын;

      халықаралық ынтымақтастық;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;

      құқықтық қамтамасыз етуді;

      құжаттамалық қамтамасыз етуді;

      қаржымен қамтамасыз етуді;

      материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;

      кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру мәселесі болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.06.2022 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.09.2022 № 650 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi); 23.05.2023 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

      жедел басқарма

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      бөлім бастығы;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      кезекші бөлім:

      бастық;

      кезекші аға инспектор;

      кезекші инспектор;

      әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы;

      режим, қадағалау және күзет басқармасы:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;

      аға инспектор, инспектор.

      сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      бөлім бастығы;

      бас маман;

      бас маман – психолог;

      аға инспектор;

      инспектор, инспектор – психолог;

      өзіндік қауіпсіздік басқармасы

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      Кадр саясаты басқармасы

      кәсіптік даярлық тобының бас маманы;

      кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы;

      тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)

      бастық;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      арнайы есепке алу бөлімі:

      бастық;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор;

      медициналық қамтамасыз ету бөлімі

      бөлім бастығы – дәрігер;

      бас маман – дәрігер;

      бас маман – мемлекеттік санитарлық дәрігер;

      аға инспектор – дәрігер;

      инспектор – дәрігер;

      сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімі

      бөлім бастығы;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.05.2023 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)

      "Сұнқар" арнайы мақсаттағы жасағы:

      жасақ командирі;

      жасақ командирінің орынбасары;

      арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;

      штаб бастығының орынбасары, әрі кезекші бөлімнің бастығы;

      арнайы мақсаттағы бөлімнің құрамындағы бөлімше бастығы;

      шабуылшы, мерген, жару технигі;

      автоброньды танк қызметі жөніндегі аға техник, жүргізуші полицей;

      кезекші аға инспектор;

      кезекшінің көмекшісі.

      Кинологиялық орталық:

      орталық бастығы;

      орталық бастығының орынбасары;

      бөлім (бөлімше, қызмет) бастығы;

      кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың аға жедел уәкілі;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың жедел уәкілі;

      барлық атаудағы инспектор;

      жүргізуші полицей;

      кезекшінің көмекшісі.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тылдық қамтамасыз етуді;

      ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;

      штаб жұмысын;

      кадрлық қамтамасыз етуді;

      техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет бөліністері

      мекеме бастығы;

      мекеме бастығының орынбасары;

      мекеменің басқарма бастығы;

      мекеменің басқарма бастығының орынбасары;

      полк (батальон, рота, взвод) командирі;

      полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;

      бөлім (бөлімше) бастығы;

      кезекші бөлімінің бастығы;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;

      ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

      бас маман;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      взвод командирінің көмекшісі әрі бөлімше командирі;

      бөлімше командирі;

      аға инженер;

      барлық атаудағы инспектор;

      старшина;

      кезекшінің көмекшісі;

      барлық атаудағы кіші инспектор;

      техник;

      инженер;

      жүргізуші полицей;

      барлық атаудағы полицей.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тылдық қамтамасыз етуді (жүргізуші полицейлерді қоспағанда);

      ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;

      кадрлық қамтамасыз етуді;

      техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері:

      бастық;

      бастықтың орынбасары.

      жедел бөлім (бөлімше, топ):

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      инспектор;

      Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ)

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;

      режимдік бөлім (бөлімше, топ):

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      барлық атаудағы инспектор;

      аға инженер;

      инженер;

      техник;

      аға өрт сөндіруші;

      қарауыл бастығы;

      жүргізуші қызметкер;

      барлық атаудағы аға бақылаушы;

      барлық атаудағы бақылаушы;

      кезекші бөлім

      колония бастығының кезекші көмекшісі;

      колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;

      бақылау қызметі бөлімі (бөлімше, топ)

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      қарауыл бастығы;

      қарауыл бастығының көмекшісі;

      есептоп бастығы;

      барлық атаудағы аға бақылаушы;

      барлық атаудағы бақылаушы.

      сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ):

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      жасақ бастығы (аға тәрбиеші);

      тәрбиеші;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      аға инспектор – психолог;

      инспектор – психолог;

      барлық атаудағы инспектор;

      арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)

      бастық;

      аға инспектор;

      инспектор;

      медициналық бөлімше (денсаулық пункті), аурухана:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      медициналық бөлімше бастығы – дәрігер;

      сәбилер үйінің бастығы – дәрігер;

      бөлімше бастығы – дәрігер;

      медицина бөлімшесінің бастығы;

      барлық атаудағы дәрігерлер;

      санитарлық дәрігер;

      барлық атаудағы фельдшерлер;

      мейіргер;

      сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы):

      бастық;

      аға инспектор;

      инспектор;

      тергеу изоляторлары:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      жедел бөлім (бөлімше, топ):

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      есепке алу жөніндегі аға техник;

      есепке алу жөніндегі техник;

      режим және күзет бөлімі (бөлімше, топ):

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      барлық атаудағы инспектор;

      аға инженер;

      инженер;

      техник;

      корпус бойынша басшы;

      жүргізуші қызметкер;

      барлық атаудағы аға бақылаушы;

      барлық атаудағы бақылаушы;

      Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ)

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

      кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;

      кезекші қызмет:

      тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі;

      тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;

      арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік психологиялық бөлім (бөлімше, топ);

      бастық;

      жасақ бастығы (аға тәрбиеші);

      барлық атаудағы аға инспектор;

      аға инспектор – психолог;

      инспектор – психолог;

      барлық атаудағы инспектор;

      арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ):

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      инспектор;

      есепке алу жөніндегі аға техник;

      есепке алу жөніндегі техник;

      медициналық бөлімше (денсаулық пункті) аурухана:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      сәбилер үйінің бастығы – дәрігер;

      бөлімше бастығы – дәрігер;

      медицина бөлімшесінің бастығы;

      барлық атаудағы дәрігерлер;

      санитарлық дәрігер;

      барлық атаудағы фельдшерлер;

      мейіргер;

      сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы):

      бастық;

      аға инспектор;

      инспектор.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.05.2023 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      учаскелік полиция инспекторы;

      кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;

      патрульдік полиция полицейі;

      криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:

      бөлім, бөлімше бастығы;

      бөлім бастығының орынбасары;

      аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

      жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;

      кезекші бөлім:

      кезекші аға инспектор;

      кезекшінің көмекшісі;

      уақытша ұстау изоляторы:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      кезекші полицей;

      полицей;

      жүргізуші полицей;

      айдауыл полицей.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері, Көліктегі полиция департаменттері:

      бастық;

      бастықтың орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін);

      басқарма (жергілікті полиция қызметі, көліктегі патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығы;

      басқарма (жергілікті полиция қызметі, көліктегі патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығының орынбасары;

      Криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және жұмылдыру даярлығы қызметтері:

      басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;

      басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);

      бас криминалист;

      аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

      жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;

      кіші жедел уәкіл, тергеушінің көмекшісі, техник – криминалист.

      арнайы бөліністер:

      "Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері:

      Арнайы мақсаттағы бөліністің командирі;

      арнайы мақсаттағы бөлініс командирінің орынбасары;

      арнайы мақсаттағы бөлініс құрамындағы взвод командирі;

      кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;

      шабуылшы – аға инспектор;

      жару технигі – аға инспектор;

      мерген – аға инспектор;

      кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;

      шабуылшы – инспектор;

      жару технигі – инспектор;

      мерген – инспектор;

      полицей, жүргізуші полицей;

      ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

      аға инспектор;

      инспектор

      арнайы жедел ден қою жасақтары:

      арнайы жедел ден қою жасағының командирі;

      арнайы жедел ден қою жасағы командирінің орынбасары;

      арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирі;

      арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирінің орынбасары;

      арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы взвод командирі;

      саптық бөліністің аға инспекторы;

      мерген - аға инспектор;

      кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;

      аға инспектор (суатқыш машинасының);

      кезекші – аға инспектор;

      арнайы техника жөніндегі аға инженер;

      саптық бөліністің инспекторы;

      мерген – инспектор;

      кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;

      инспектор (суатқыш машинасының);

      инспектор – психолог (келіссөз жүргізуші);

      кезекші – инспектор (оқиға болған орынға шығу үшін);

      арнайы техника жөніндегі инженер;

      кезекші полицей;

      кезекшінің көмекшісі;

      жүргізуші полицей.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тылдық қамтамасыз етуді;

      ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;

      штаб жұмысын;

      кадрлық қамтамасыз етуді;

      техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      Жедел басқару орталығы, кезекші бөлім, Полиция департаменті аппараттарындағы штабтың кезекші бөлімдеріне, Жедел басқару орталығына басшылық ету жөніндегі бөліністер

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      басқарма бастығының орынбасары – кезекші бөлім бастығы;

      бөлім (бөлімше) бастығы;

      бөлім бастығының орынбасары – жедел кезекші;

      аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      барлық атаудағы инспектор;

      "102" операторы;

      кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері) криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:

      қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;

      қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);

      полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);

      қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше,полиция бөлімінің бастығы;

      қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімі бастығының орынбасары;

      аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

      жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;

      кіші жедел уәкіл;

      тергеушінің көмекшісі;

      техник – криминалист;

      жергілікті полиция қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;

      учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, учаскелік полиция пункті жұмысын ұйымдастыруға жауапты);

      кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);

      кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);

      учаскелік полиция инспекторының көмекшісі;

      жедел басқару орталығы, кезекші бөлім:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      жедел кезекші;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      барлық атаудағы инспектор;

      "102" операторы;

      кезекшінің көмекшісі;

      техник;

      патрульдік полиция, айдауылдау қызметі, жолаушылар пойыздарымен бірге жүретін батальон

      полк (батальон, рота, взвод) командирі;

      полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;

      взвод командирінің көмекшісі әрі бөлімше командирі;

      бөлімше командирі;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      барлық атаудағы инспектор;

      барлық атаудағы полицей;

      кезекші бөлімнің бастығы;

      кезекші аға инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);

      кезекші инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);

      кезекшінің көмекшісі.

      кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының аға инспекторы;

      кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының инспекторы;

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тылдық қамтамасыз етуді;

      ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;

      штаб жұмысын;

      кадрлық қамтамасыз етуді;

      техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

      уақытша ұстау изоляторлары, арнайы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары:

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      аға инспектор;

      инспектор;

      взвод командирі;

      бөлімше командирі;

      жүргізуші полицей;

      полицей;

      кезекшінің көмекшісі;

      старшина;

      Кинологиялық қызмет орталығы

      бастық;

      бастықтың орынбасары;

      кинологиялық қызметтің бөлімше бастығы;

      кинологиялық қызметтің аға инспекторы;

      кинолог аға инспектор;

      кинологиялық қызмет инспекторы;

      кинолог инспектор;

      кезекші инспектор;

      кинологиялық қызметтің кіші инспекторы;

      кинолог кіші инспектор;

      кіші инспектор;

      кезекшінің көмекшісі;

      жүргізуші полицей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері:

      бастық;

      бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға, медициналық қызметке, сотталғандар еңбегін ұйымдастыруға жетекшілік ететін);

      жедел бөлім (бөлімше, топ):

      бастық;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      кезекші бөлім:

      кезекші аға инспектор;

      кезекші инспектор;

      әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы;

      режим және қадағалау бөлімі (бөлімше, топ):

      бастық;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор;

      сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ):

      бастық;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор;

      арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ):

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор;

      өзіндік қауіпсіздік тобы:

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      медициналық қамтамасыз ету бөлімі

      бастық;

      бас маман – дәрігер;

      аға инспектор – санитарлық дәрігер;

      инспектор – дәрігер.

      сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы):

      бастық;

      бас маман;

      аға инспектор;

      инспектор.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 650 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi); 23.05.2023 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 524 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысы.

      2. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 899 қаулысы.

      3. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 19 қаулысы.

      4. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 290 қаулысы.

      5. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 888 қаулысы.

      6. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысы.

      7. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына 2021 жылғы 4 наурыздағы № 122 қаулысы.