Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты" деген бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |