Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына, 32-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 802 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 590 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;

      2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      4) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      5) маусымдық шетелдік жұмыскер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;

      8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;

      10) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.

2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына проценттік қатынаспен белгіленеді және:

      1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

      3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотаны қамтиды.

      5. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген және тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті санын айқындайды.

      6. Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдер ұсынады.

      7. Жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөніндегі өтінімдерін мына талаптарды:

      1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобалар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;

      2) жұмыссыз адамдар санының болжамын және жұмыскерлердің межелі босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;

      3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз адамдарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндігін;

      4) өткен жылы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшінің болжамды қажеттігін ескере отырып жинақтайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жергілікті атқарушы органдар 15 қазаннан кешіктірмей шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын ескере отырып жинақталған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін шығарады.

      9. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісу бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісу бойынша) өкілдері кіреді.

      Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі жөнінде өтінімдер енгізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссия алдағы жылға (жылдарға) сұратылып отырған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның ұсынымдары жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қабылдаудан Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара бас тартады:

      1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;

      2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібін бұзудың жойылмауы;

      3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың жойылмауы, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.

      11. Жергілікті атқарушы органдар Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

      12. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар 1 қарашаға дейін алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жинақталған шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      13. Қажет болған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдармен келісілген, алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға қалыптастырылған ұсыныстарды тиісті негіздемесімен бірге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 1 қарашаға дейінгі мерзімде енгізеді.

      14. Еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімнің негізінде қалыптастырылады.

      15. Алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) тартуға қажеттілікті жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін:

      1) өңірдегі жұмыс күшіне, оның ішінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен сұранысты;

      2) жұмыссыз адамдар санының және жұмыскерлердің межеленген босатылу болжамын;

      3) жергілікті атқарушы органдардың өткен жылы еңбекші көшіп келушілерді тартуының тиімділігін және алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілердің болжамды қажеттілігін бағалауды ескере отырып айқындайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікті қалыптастырады және 1 қарашаға дейін еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік жөніндегі өтінімдерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Шетелдік жұмыс күші шығатын елдер бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді.

      Шығу елдері бойынша квотаны жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасқан кезде жүргізілген еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып қалыптастырады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      19. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы және мүдделі орталық мемлекеттік органдар ұсынған шетелдік жұмыс күшіне және еңбекші көшіп келушілерге қажеттілік жөніндегі өтінімдер негізінде алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 1 қаңтарға дейінгі мерзімде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөліп, ол бөлінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімді өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бөлу:

      1) жұмыс берушілердің қажеттілігі, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдардың шетелдік және маусымдық жұмыскерлер санаттары бөлінісіндегі ұсыныстары негізінде қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдар ұсынған өтінімдерге сәйкес шығу елдері бойынша;

      2) жергілікті атқарушы органдар ұсынған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға жүзеге асырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген квота мүдделі мемлекеттік не жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында шегінде қайта бөлуді жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны Қазақстан
Республикасының облыстары,
республикалық маңызы бар
қалалары, астанасы арасында
бөлу қағидаларына
1-қосымша
  ___________________________
  ___________________________
  ___________________________
  ___________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
уәкілетті органының атауы)
кімнен ___________________
  __________________________
  __________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.,
заңды мекенжайы)
  Нысан

20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қажеттілік

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)

20__ жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік

1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

Маусымдық шетелдік жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7

      Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың негіздемесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________



М.О. (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса)

(жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы)



  Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен
  __________________________
  _________________________
  __________________________
(жергілікті атқарушы органның
  толық атауы)
  нұсқа

20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім

Р/с № Ұйым (толық атауы, заңды мекен жайы) Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) 20__ жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, қажеттіліктің негіздемесі
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) Маусымдық жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Қазақстан Республикасына
  шетелдік жұмыс күшін тартуға
  арналған квотаны белгілеу және
  оны Қазақстан Республикасының
  өңірлері арасында
  бөлу қағидаларына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Ішкі істер министрлігіне
  кімнен___________________
  _________________________
_________________________
(аумақтық ішкі істер органының
  толық атауы)
  нұсқа

20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі жөніндегі өтінім

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
квота белгілеу және оны
Қазақстан Республикасының
облыстары, республикалық
маңызы бар қалалары, астанасы
арасында бөлу қағидаларына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігіне
кімнен
  _________________________
  (жергілікті атқарушы органның
  толық атауы)
  Нысан

20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне өтінім

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ағымдағы жылы тартылатын еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік)

20__ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік

Қажеттіліктің негіздемесі

1

2

3

  Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларына 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен____________________
  __________________________
  __________________________
  (жергілікті атқарушы органның
  толық атауы)
  нұсқа

Шығу елдері бойынша Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 20__ жылға арналған өтінім

Р/с № Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны 20__ жылға арналған шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде) Маусымдық шетелдік жұмыскерлер
1 2 3 4 5 6 7


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 802 қаулысына
1-қосымша

Корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын
экономика салаларының
тізбесі

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 802 қаулысына
2-қосымша

Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы
органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары
талап етілмейтін адамдардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2021 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.09.2022 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Мынадай шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:

      1. Қандастар.

      2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес көшіп келушілер.

      3. Босқын немесе пана іздеп жүрген адам мәртебесiн алған.

      4. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық себептермен келген көшіп-қонушылар болып табылатындар.

      5. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталғандар.

      6. Адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатындар.

      7. Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін, кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратындар.

      8. Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiндер.

      9. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;

      10. Теңіз және өзен кемесінің, әуе және теміржол көлігі экипажының мүшелері болып табылатындар.

      11. Әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер.

      12. "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары және органдары тартатындар.

      13. Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар.

      14. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық интеграцияланған білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратындар.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтіндер және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырушылар.

      16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен оның орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер.

      17. Жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар.

      18. Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтіндер.

      20. Ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысқа тартылатындар.

      21. Отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 802 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат).

      2. "Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу, басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 386 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 420-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1065 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 571-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 173 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 110-құжат).