«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамының 2016 – 2025 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау
компаниясы» акционерлік қоғамының
2016 – 2025 жылдарға арналған
даму стратегиясы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе |
2 |
1-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау |
3 |
2-бөлім. Миссиясы және пайымы |
18 |
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер |
20 |
Паспорт
Атауы |
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамының 2016 – 2025 жылдарға арналған даму стратегиясы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары; |
Іске асыру мерзімдері |
2016 – 2025 жылдар: |
Әзірлеуші |
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы |
Кіріспе
Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу есебінен қорлардың өсімі соңғы жылдары пайдалы қазбалардың көптеген түрлері бойынша айналыстан шыққан қорларды өтемейді.
Геология саласының қазіргі жағдайы елдің экономикалық дамуының ұлғайған талаптарына сай келмейді. 25 жыл бұрын геология саласында: минералдық-шикізат базасын толтыру өндірілгеннен 3,5 есе артық болуы тиіс деген қағида болған. Қазір мұндай арақатынас шамамен 30 % құрайды, яғни 11,5 есе кем. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерінің бірі аталған саланы қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру болып табылады. Егер кеңестік кезеңде республикада саланы дамытуға жыл сайын шамамен бір миллиард АҚШ доллары бөлінсе, соңғы 20 жылда жылына шамамен 3-4 млрд. теңге немесе 20-25 млн. АҚШ доллары бюджеттік қаржыландыру бөлінді.
Сонымен қатар, республиканың геология саласының қазіргі заманғы сертификатталған зертханалардан тұратын инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы проблемалардың бірі болып табылады. Жыл сайын елден шетелге халықаралық стандарттар бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ондаған мың сынамалар, сондай-ақ шетел орталықтарында өңдеу және талдау жүргізу үшін геологиялық-геофизикалық деректердің ауқымды көлемі шығарылады.
Минералдық шикізаттың жаңа көздерін анықтау геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жағдайларының қиындауына байланысты, анағұрлым күрделенуде және қымбаттауда. Геология саласының алдында тұрған проблемалар жаңа тәсілдер, ғылыми теориялар, барлау әдістері мен технологияларын әзірлеу қажеттігін айқындады. Тиісінше, минералдық ресурстарды басқару жүйесін дамытудың барлық кезеңдерінің қажетті құрамдас бөлігі ғылыми-әдістемелік қолдау болуы тиіс, ол жер қойнауын пайдалану қоры, оның өтімді және өте тапшы бөліктері өсімінің артуын қамтамасыз етеді.
Саланың кадрлық әлеуетін, қолданбалы ғылымды, технологиялар трансфертін дамыту, халықаралық есептілік стандарттарын енгізу, ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктерін пайдалану арқылы жер қойнауының терең учаскелерін зерттеу бойынша өңірлік және іздеу жұмыстарын жүргізу міндеттері аса өзекті болып қалуда.
Сонымен қатар, Қазақстан минералдық - шикізат базасының әлеуеті бойынша он елдің қатарына кіреді, әлемдік мыс, уран, титан, хром, ферроқорытпа және болат нарығында мейлінше мығым позицияға ие, темір, марганец, көмір және алюминий өңірлік нарығына елеулі әсер етеді.
Қазақстанның минералдық-шикізат базасын нығайту мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады және Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның геологиялық барлау саласындағы әлемдік нарыққа кіру міндетін қойып, минералдық - шикізат қорлары өндірісінің жай-күйіне және ғаламдық міндеттерге, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға ден қою қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдың «Табиғи ресурстардың таусылуы» ғаламдық сын-қатеріне мынадай нақты алгоритм бойынша қарсы тұру қажеттігін атап өтті:
1) елдің табиғи ресурстарын басқарудың жаңа жүйесін құру;
2) елдің пайдалы қазбалары қорларын әлемдік нарықта сұранысқа ие шикізат қорларымен толтыру.
Геология саласының серпінді өсуін қамтамасыз ету, инвестициялар мен озық технологияларды тарту мақсатында 2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылды.
Салалық міндеттерді шешу мақсатында қоғам Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын есепке ала отырып, осы 2016 – 2025 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірледі, ол қызметінің миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, сондай - ақ ұзақ мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1. Ағымдағы жағдайды талдау
Сыртқы ортаны талдау
Әлемдік индустрияланудың жылдам өсуі және ғаламдық экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері минералдық-шикізат ресурстарын неғұрлым көп тұтынуды талап етеді. Соңғы 10 жылда геологиялық барлау жұмыстарына (бұдан әрі – ГБЖ) салымдар деңгейі бүкіл әлемде айтарлықтай өсіп, нашар дамыған және дамушы елдер аумақтарында белсенді игеру басталды.
Metals Economics Group’s (MEG) World Exploration Trends 2012 есебінің деректері бойынша 1993 – 2003 жылдар кезеңінде әлемде геологиялық барлауға жұмсалған шығындар жылына орта есеппен 3,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Келесі жылдары шығындар деңгейі жыл сайын өсіп, 2008 жылы шарықтау шегіне жетіп, 14,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2009 жылы жаһандық экономикалық дағдарыс салдарына байланысты елеулі төмендеу байқалды. 2010 жылы геологиялық барлауға шығындар 12,1 млрд. АҚШ долларына жетті1. 2011 жылы геологиялық барлауға жаңа шығындар өсімі белгіленді, ол 18,2 млрд. АҚШ долларын құрады1.
Канада, Аустралия және АҚШ геологиялық барлауға шығындар көлемі бойынша көшбасшылар болып табылады, олардың үлесіне жалпы шығындар сомасының 39 %-ы тиесілі. Латын Америкасы өңірі: Мексика, Перу, Чили, Бразилия және Аргентина 1994 жылдан бастап шығындар бойынша көшбасшылар қатарында, олар 2011 жылы әлемдік шығындардың жалпы деңгейінің 25 %-ын құрады.
Неғұрлым технологиялық және тиімді зерттеу әдістерін қолдану есебінен геологиялық барлау жұмыстарына салыстырмалы шығындар бүкіл әлемде өсуде. Қазақстанның қазіргі көрсеткіші 328 АҚШ доллары деңгейіндегі Канадамен, Аустралиямен – 311 АҚШ доллары және 149 АҚШ доллары деңгейіндегі Америка Құрама Штаттарымен салыстырғанда төмен және 1 шаршы км үшін 24 АҚШ долларын құрайды.
Әдетте, мемлекет өңірлік геологиялық зерттеулерді қаржыландырады, олар пайда әкелетін қызмет түрі болып табылмайды, қомақты қаржы салымдарын талап етеді, алайда минералдық шикізаттың қосылған құнының келесі кезеңдерінде экономикалық нәтижелердің негізі болып табылады. Геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалатын жалпы әлемдік шығындардың кезеңге байланысты серпіні бастапқы кезеңдерде (өңірлік іздеу және бағалау жұмыстары) жалпы геологиялық барлау шығындарының шамамен 70-80 %-ы, ашық кен орындарын барлауға барлығы 20-30 %-ы жұмсалатынын көрсетеді.
Қатты пайдалы қазбалар нарығын жабдықтаушы және
тұтынушы негізгі елдер
Қазақстан Республикасы қорғасын, мырыш, мыс, хром, темір, марганец, қалайы, алтын, фосфорит, бор, калий тұздары қорлары бойынша әлемнің жетекші он елінің қатарына кіреді және әлемдік мыс, уран, титан, хром, ферроқорытпа, болат нарығында мейлінше мығым позицияға ие, сондай-ақ өңірлік темір, марганец, көмір және алюминий нарығына айтарлықтай ықпал етеді.
Қатты пайдалы қазбалар нарығының келешегі халық санының және халық тұтынатын тауарларды тұтыну көлемінің өсіміне тікелей байланысты.
Темір кені әлемдік өндірісінің жартысы (46,3 %) Қытайға тиесілі. Темір кенін өндіру бойынша көшбасшылар Қытайдан басқа, Аустралия, Бразилия, Үндістан, Ресей болып табылады. Қазақстан осы өнімді әлемдік нарыққа жеткізу бойынша 9-шы орын алады. 2050 жылға дейін темір кенінің әлемдік өндірісі және тұтынудың орташа жылдық өсімі 3 % деңгейінде болжануда.
Сонымен қатар, қара металдардың әлемдік нарығындағы дағдарыс тереңдеуде. Болат өніміне, темір кеніне бағалар бес жылдан астам бұрынғы деңгейге дейін төмендеді. Баға белгілеудің төмендеу себебі – ұлттық құрылыс саласындағы дағдарыс салдарынан Қытайда темір кені шикізатына сұраныстың болмауы.
Әлемдік нарықта марганец өніміне сұраныс өте жоғары. Шикі марганец рудасын әлемдік өндіру жылына 50 млн. тоннаға жетті. Тауарлы марганец рудасын ең ірі өндірушілер Қытай (шамамен 36 %), ОАР (13 %), Аустралия (12 %), Габон (8 %), Қазақстан (7 %), Үндістан (7 %) болып табылады. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 5-ші орын алады.
Қытайда өндірілетін кеннің сорты төмен, алайда Қытай металлургия өнеркәсібінің қарқынды өсімі жоғары сапалы марганец шикізатына сұраныстың артуын ынталандырады. Қазақстанның марганец кенін және концентратын экспорттауы, ең алдымен Ресейге және Қытайға, сондай-ақ Украинаға, Грузияға және Өзбекстанға бағытталған. Қазақстанның марганец кен орындарын игерудің перспективасы зор.
Хром және молибден әлемдік нарығының даму перспективасы мынадай факторлармен сипатталады. Айталық, Қытай тот баспайтын болаттың ең ірі өндірушісі болып табылады, тиісінше, импорт бойынша молибден және феррохром жеткізіліміне тәуелді. Германия, Жапония, Италия және Тайвань жағдайы да осындай. Феррохромның әлемдік нарығындағы Қытайдың үлесі алдағы бес жылда 47 %-дан шамамен 60 %-ға дейін артады деп болжануда.
Metal Bulletin журналы талдаушыларының болжамдары бойынша келешекте хром саласында екі ел басымдыққа ие болады: Оңтүстік Африка Республикасы және Қазақстан. «Қазхром» трансұлттық компаниясы – хром кенін өндіру қорлары мен көлемі бойынша әлемдегі екінші компания және феррохром өндірісі бойынша үшінші орында. Алайда, Қазақстанның минералдық-шикізат базасының негізгі проблемасы қазіргі уақытта ашық өндірілетін барлық дерлік кен қорларының өндіріліп бітуі, қалғаны ескерілген теңгерімдік қорлардың 8 %-ын құрайтыны болып табылады.
Мыс саласындағы халықаралық зерттеу тобының болжамдарына сәйкес мыс кенін әлемдік өндіру соңғы бес жылда 1 млрд. тоннаға өсті, бұл дамушы елдердегі индустрияландыру процестерінің жандануына байланысты.
Мысты тұтыну жан басына шаққанда ұдайы өседі. Мыс тұтыну және өндіру өсімінің орташа жылдық қарқыны 4 %-ға жуық.
Титан өнімдерінің әлемдік нарығының жыл сайын өсуі күтілуде. Еуропада және Солтүстік Америкада авиациялық-ғарыштық өнеркәсіп үлесіне сұраныстың 60 %-дан астамы үнемі тиесілі. Осы өңірлердегі титан кеуегінің өндірісі мен илегі айтарлықтай дәрежеде аэроғарыш нарығына бағытталған.
Қазақстанда елдің әртүрлі өңірлерінде орналасқан кобальт-никель кендерінің қомақты қоры бар. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі негізгі тұтынушы болып табылатын Қытайға жақын орналасуына, никель мен кобальт өндірісінің өзіндік құнының төмен болуына байланысты.
Жалпы әлемдік қорғасын тұтынуының 15 %-ы Еуропаға тиесілі. Таяудағы кезеңде әлемдік нарықта автомобиль жасау тарапынан сұраныстың өсуі мен сымсыз желілердің дамуы есебінен қорғасынның тапшылығы күтілуде.
Қазақстанда қорғасын концентратындағы қорғасын өндірісі 2006 жылы ұлғайып, кейіннен жалпы әлемдік дағдарысқа байланысты құлдырау басталды. Қорғасынды тұтынудың өсу қарқыны сақталған жағдайда 2050 жылға қарай әлемдік өндіріс 2 еседен астам өседі және шамамен 12 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде.
Сарапшылар дамушы нарықтарда және орауыштар мен көлік секторларында алюминийге сұраныстың артуын атап өтуде. Ең бай боксит қорлары «Российский алюминий» (UC RUSAL) бірлескен компаниясында, сондай-ақ Rio Tinto (3,29 млрд. тонна) және CVRD (2,73 млрд. тонна) сияқты тау-кен металлургиясы алыптарында.
Қазақстан тау-кен металлургиясы порталының деректері бойынша алюминий шикізатының барланған қорлары саланың жұмысын 70 жыл бойы қамтамасыз ете алады.
Жүргізілген талдауды негізге ала отырып, Қазақстан үшін нарықтық әлеуеті және бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан алғанда, алтын, мыс, хром, молибден, марганец, мырыш, кобальт, никель, алюминий сияқты металдар қызығушылық туғызады.
________________
1 Уран есепке алынған шығындар, көмірсутекті шикізатты қоспағанда.
Әлемдік ірі жер қойнауын пайдаланушылар нарығы, ерекшелігі
және қажеттілік
ВНР Billiton, Vale, Rio Tinto, Xstrata, Anglo American, Barrick, Freeport -McMoRan, Норильск никелі, Goldcorp капитализация деңгейі бойынша әлемдегі ірі тау-кен компаниялары болып табылады.
Жаһандық мыс, мырыш, феррохром, кокстелген көмір өндірісіндегі ВНР Billiton, Vale, Rio Tinto, Xstrata, Anglo American, Freeport- cMoRan жиынтық үлесі шамамен 30 % құрайды және одан астам. BHP Billiton, Rio Tinto және Vale әлемдік темір кенінің 70 % бақылайды. Канадалық Barrick және Goldcorp тау-кен компаниялары алтын өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылар болып табылады. Xstrata мырыш нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады, дегенмен, компанияның өнімдік портфеліндегі түсім бойынша мыс бірінші орын алады. Xstrata, ВНР Billiton, Vale және «Норильский никель» Ресей компаниясы әлемдегі ірі никель өндірушілер бестігіне кіреді.
Жүргізілген талдауға сәйкес аталған металдарға әлемдік нарықта сұраныс одан әрі артатындықтан, тиісінше тау-кен компанияларының шикізат қорларына қажеттілігі де артады. Әлемдегі ірі тау-кен компаниясы ВНР Billiton өз қуатын кеңейту және шикізат базасын нығайту мақсатында 26 елде 100-ден астам жобалармен жұмыс жасайды. Корпорация коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорындармен (мысалы, Aneka Tambang (Antam) Индонезия мемлекеттік компаниясымен бірлескен кәсіпорын) және Geominera S.A. Куба мемлекеттік компаниясымен (75 % - дан 25 % - ға қатысу үлесімен) ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Алайда, біздің еліміз пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің қорлары бойынша әлемнің жетекші елдерінің ондығына кіретіндігіне қарамастан, Қазақстанда жоғарыда көрсетілген компаниялар ішінен тек Rio Tinto таяу уақыттан бері түсті металдарды барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыра бастады.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасының Үкіметі геологиялық барлауға шетел инвесторларын тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуде және заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде барлық шараларды қабылдауда.
Жоғарыда көрсетілген факторларды ескере отырып, қоғамға геологиялық барлауға инвестициялар тарту жөнінде нақты маркетингтік стратегия әзірлеу, әлемдік тәжірибеде ынтымақтастық үлгісін зерттеу және қолда бар геологиялық қор ақпараты негізінде нарық қажеттіліктеріне сәйкес жер қойнауының перспективалы учаскелері бойынша коммерциялық ұсыныстар дайындау қажет.
Шетелдік геологиялық барлау компаниялары
Әлемдік тәжірибені талдау ақпаратты жинау, зерттеулер жүргізу және минералдық-шикізат базасын талдау, ықтимал жобаларды іздеу және басқа геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мемлекеттің стратегиялық міндеті болып табылатынын көрсетті. Өз аумақтарында минералдық-шикізат базасы жеткіліксіз елдер ұзақ мерзімді перспективада экономика қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шикізатты жеткізу стратегиясын әзірлеуде.
Жер қойнауын геологиялық зерттеу тау жыныстары қасиеттерінің ерекшелігіне негізделген әдістер мен технологиялар кешені пайдаланылатын, ғылымды қажет ететін өндіріс болғандықтан, әдетте, геологиялық компаниялар ғылыми және өндірістік бөлімшелердің кірігуін білдіреді.
Оңтүстік Кореяда Korea Resources Corporation (KORES) мемлекеттік компаниясы құрылған, ол отандық өнеркәсіп үшін кепілдендірілген 6 стратегиялық минералды (көмір, уран, темір, мыс, мырыш және никель) жеткізуді қамтамасыз етеді, шет елдердегі жаңа кен орындарының тартымдылығын зерттейді, технологиялық дамуға жәрдемдеседі, әртүрлі зерттеулер жүргізеді, геологиялық деректердің технологиялық базасын қалыптастырады, перспективалы жобаларды әзірлеуді қаржыландырады.
Жапонияда Japan Oil, Gas and Metals National Corporation (JOGMEC) ұлттық компаниясы елге ресурстардың (мұнай, газ және металдар) тұрақты жеткізілімін ұсыну арқылы жапон индустриясының және халықтың тұрмыс салтының дамуына жәрдемдеседі. Қызметінің негізгі бағыттары – кен орындарын өндіру кезінде жапон компанияларын қаржылық қолдау, технологиялық даму және техникалық қолдау, ел экономикасы үшін минералдық ресурстар қорларын құру, ақпарат жинау және сақтау, қоршаған ортаның ластануын бақылау, шетелдегі перспективалы кен орындарын зерттеу.
Bureau de Recherches Gйologiques et Miniиres (BRGM) – француз ұлттық сервистік операторы, ол ашық нарықта коммерциялық компания ретінде қызмет етеді.
Federal Institute for Geosciences and Natural Resources (BGR) – Экономика және технологиялар министрлігіне есеп беретін, ғылыми және техникалық инфрақұрылымның бір бөлігі болып табылатын Германия мемлекеттік геологиялық ғылыми орталығы. BGR геология және минералдық ресурстар бойынша тәуелсіз ақпарат береді. BGR мынадай салаларда жұмыс жүргізеді: энергия ресурстары жеткізілімі бойынша үкіметке консультациялар береді; кен орындарын өнеркәсіптік өндіру кезеңіне көшірудің жаңа әдістерін әзірлейді; атап айтқанда, жоғары технологияларда қолданылатын металдар үшін; жерасты суларын пайдалану тиімділігін арттырудың ғылыми әдістерін әзірлейді; радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаның ластануы мәселелерімен айналысады; халықаралық геологиялық ынтымақтастықты жолға қояды; геологиялық ақпаратты жинауды, талдауды және сақтауды жүргізеді.
АҚШ-та жер қойнауын геологиялық зерттеуді басқару жүйесі мамандандырылған ведомстволардың өзара іс-қимылына негізделген, олардың бастысы АҚШ Ішкі істер министрлігіне бағынысты Минералдық ресурстарды басқару қызметі болып табылады. Барлық ведомстволардың іс қимылын үйлестіруді Ғылымдар, инженерия және технологиялар бойынша федералдық үйлестіруші кеңес құрамындағы Жер бойынша ведомствоаралық комитет жүзеге асырады. Әртүрлі бағдарламалар бойынша ведомстволардың күш-жігерін біріктіру АҚШ Конгресінен қаржыландыруды сұрау үшін жалпы негіздемелерді жасаумен ынталандырылады.
Канаданың минералдық-шикізат базасын зерделеу және геологиялық зерттеу, бірінші кезекте Энергетика, өнеркәсіптің тау-кен саласы және ресурстар министрлігіне жүктелген. Оның негізгі міндеті – тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жер қойнауын зерттеуде, өндіруде және минералдық шикізатты өңдеуде өнеркәсіп компанияларына көмек көрсету.
Аустралияда ведомстволық бағынысты құрылымдар жұмысын сабақтас схема бойынша үйлестіретін Тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрлігі бас орган болып табылады.
2011 жылғы шілдеде Ресейде «Росгеология» мемлекеттік холдингі құрылды, ол, іс жүзінде РФ аумағында геологиялық барлаумен айналысатын барлық мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіреді. 2014 жылы холдинг геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және минералдық-шикізат базасы саласындағы мемлекеттік корпорация мәртебесін алды.
Қоғам негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, халық тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау және болашақ ұрпақ қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру болып табылатын ұлттық геологиялық барлау компаниясы болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізат базасының жай-күйі
Қазақстан саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және өндіріс көлемін ұлғайту үшін жеткілікті қомақты қара металл қорларына ие. Қазақстанның темір кен орындары негізінде жобалық қуаты жылына 80 млн. тоннаға жуық кені бар 10 кеніш және 6 ірі комбинат жұмыс жасауда. Республиканың болжамды әлеуеті қара металдардың барланған қорларынан бірнеше есе асады.
Қазақстан мыс, қорғасын және мырыш қорлары бойынша әлемнің аса ірі өңірлеріне жатады. Теңгерімдік қорлар мен мыс кен орындарының негізгі мөлшері Шығыс және Орталық Қазақстанда шоғырланған. Жекелеген тау-кен кәсіпорындарының пайдалануға дайын мыс қорларымен қамтамасыз етілуі көп емес және шамамен 10 - 12 жылды құрайды.
Алюминий өнеркәсібінің минералдық - шикізат базасының негізін Шығыс Торғай боксит ауданының күрделі өңделетін боксит қорлары құрайды. Алюминий өнеркәсібінің минералдық - шикізат базасының даму перспективасы бүгінгі таңда, ең алдымен глинозем шикізатының дәстүрлі емес түрлерімен байланысты.
Сондай-ақ, Қазақстан алтыны мол ірі провинция болып табылады. Алтын кені және құрамында алтыны бар кен орындары 16 тау-кен аудандарында орналасқан. Пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерімінде 272 объекті бойынша алтын қоры есепке алынған, олардың басым бөлігі кен орындар қорлары бойынша ұсақтарға жатады. Алтынның болжамды ресурстары барланған қорлардан 3-4 есе артық.
Игерілетін кен орындарының перспективалары
Қазақстанда ірі және шағын қалалардың көпшілігінің қалыптасуы мен дамуы игеру үшін осы қалалар салынған пайдалы қазбалардың әртүрлі кен орындарының ашылуына негіз болған геологтар қызметінің нәтижесімен байланысты еді. Қазіргі уақытта, бұл кен орындары қорларының таусылуы және көрсетілген қалалардың дамуында проблемалардың туындағаны байқалады.
Қазақстанда осындай қалалар халқының жалпы саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қала халқының 16,8 %-ын құрайды.
Қалалардың экономикалық базасын, олардың салалық құрылымын, негізгі қала құраушы кәсіпорындардың деректерін талдау қалалардың мынадай үш функционалдық типін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1) өндіру өнеркәсібі басымдықпен дамытылған қалалар – 20 қала:
а) көмір өндіру – Абай, Саран, Шахтинск, Екібастұз;
в) металл кендерін өндіру – Арқалық, Балқаш, Зырян, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
с) шикізат ресурстарының басқа түрлерін өндіру – Жаңатас, Қаратау, Жітіқара;
2) өңдеу өнеркәсібі басымдықпен дамытылған қалалар – 6 қала:
а) химия өнеркәсібі – Серебрянск;
в) машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндірісі Степногорск;
с) металлургия өнеркәсібі – Ақсу, Жезқазған, Сәтпаев, Теміртау;
3) ғылыми-өнеркәсіп орталығы – Курчатов қаласы.
Көрсетілген қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешу үшін қалалар маңын геологиялық зерттеуді шоғырландыру талап етіледі, бұл осы өңірлердің пайдалы қазбалар қорларымен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы қалалардың өндіру кәсіпорындарының кен базасын молайту бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында қоғамды геологиялық өңірлік, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ минералдық ресурстарды молайту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге тартуға болады.
Қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары бойынша Қазақстан Республикасы геологиялық барлау жұмыстарының нарығы
Республикада бүгінгі күні жер қойнауын мемлекеттік зерттеу кезінде ғана геологиялық барлау жұмыстарын кешенді орындау орын алуда. Қазақстан нарығында өз қызметінде барлық жұмыс түрлерін орындай алатын бірнеше геологиялық барлау компаниясы бар, ал қалған компаниялар белгілі бір түрлерге ғана маманданады. Жер қойнауын орналасқан жерінде геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды орындаушы неғұрлым ірі компаниялар тиісті техникалық жарақтармен жарақтандырылған кеңес дәуірі кезеңіндегі өңірлік бөлімшелер базасында құрылған.
Қатты пайдалы қазбаларға бұрғылау жұмыстары
Қазақстанның қатты пайдалы қазбалар кен орындарын бұрғылау нарығы, қазіргі уақытта қазіргі заманғы, өнімділігі жоғары жабдықтармен жеткілікті түрде жарақталмаған.
Уақытты үнемдеу және көшіру шығындарын қысқарту мақсатында қатты пайдалы қазбаларға (бұдан әрі – ҚПҚ) барлық бұрғылау түрлерін орындау мүмкіндігі бар қазіргі заманғы бұрғылау компаниялары Қазақстанның әрбір өңірінде болуы тиіс.
ҚПҚ минералдық-шикізат базасын ұлғайту үшін жаңа кен орындарын игеру қажеттігіне байланысты өндірістік бұрғылау бөлімшесін құрған жөн.
Жерасты суларына бұрғылау жұмыстары
Жерасты суларына терең (500 метрден астам) ұңғымаларды бұрғылау үшін гидрогеология өнімділігі жоғары заманауи жабдықпен жеткіліксіз жабдықталған.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2015 – 2019 жылдар кезеңінде 2603 ауыл үшін іздеу
-
барлау жұмыстарын жүргізу және 115 жерасты сулары кен орындары қорларын жете барлау жоспарлануда. Осы міндетті шешу үшін гидрогеология бойынша сервистік компания құру қажеттілігі бар.
Жер бетіндегі геофизикалық зерттеулер
ҚПҚ іздеу ұзақ уақыт бойы талап етілмегендіктен әрі іс жүзінде тапсырыстар болмағандықтан, геофизикалық зерттеу нарығында халықаралық талаптар деңгейінде геофизикалық іздеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті және бұл үшін қажетті сертификаттары мен рұқсаттары бар бірнеше компания ғана қалды. Алайда, бұл ұйымдардың дала жабдықтары мен бағдарламалық қамтылымы бойынша жабдықтау және ішінара қайта жарақтандыру және мамандардың жетіспеушілігі проблемалары бар.
Қазіргі уақытта, Қазақстанның геофизикалық зерттеу нарығында қазіргі заманғы жоғары технологиялы жабдықтар тапшылығы байқалуда.
Сейсмикалық барлау мақсатындағы зерттеу
Бүгінгі күні сейсмикалық барлау жұмыстары нарығында жұмыстардың негізгі көлемі жеке тапсырыстардан түседі. Қазақстандық компанияларды жалпы салыстыру қазіргі уақытта нарықта сейсмикалық барлау бойынша қызметтер көрсететін бірнеше ірі және орта кәсіпорындар бар екенін көрсетеді.
Мемлекеттік геологиялық қызметтің бір бөлігі ретінде қоғам барлық геологиялық барлау жұмыстарына қатысуы тиіс екені анық.
Аэрогеофизикалық зерттеулер
Практика көрсеткендей, соңғы уақытта бүкіл әлемде геологиялық барлау нарығында аэрогеофизикалық зерттеу ерекше жетістіктерін көрсетіп жүр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай қызметтер көрсететін бірнеше компания жұмыс істейді, оның ішінде жарғылық капиталына қоғамның қатысу үлесі бар «ҚазГеоТех». Сонымен бірге, аэрогеофизика жүргізуге сұраныстың артқандығы байқалады.
Осыған сәйкес компания осы бағытты дамытуы қажет.
Зертханалық-талдау зерттеулері
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының аумағында минералдық шикізатты зерттеу жөніндегі кешенді жұмыстарды орындайтын бірқатар геохимиялық зертханалар жұмыс істейді. Олардың ешқайсысы халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелмеген және сертификатталмаған. Осыған байланысты халықаралық қор биржасына қатысы бар шағын, орта және ірі геологиялық барлау, тау-кен және мұнай компаниялары өздерінің геологиялық материалдарын (керн материалы, жыныс үлгілері, флюидтер) шетелдегі сертификатталған және аккредиттелген зертханаларға жіберуге мәжбүр.
Осыған байланысты, республика аумағында халықаралық аккредиттелген геохимиялық және геофизикалық әдістермен зерттейтін зертханалар құрған жөн.
Сыртқы ортаның факторларының әсері
Соңғы жылдары өзекті сипат алған сыртқы ортаның әртүрлі факторларының компания қызметіне әсер етуін барынша азайту міндеті олардың жұмысына әсер ететін негізгі факторларды анықтауды әрі жүйелеуді талап етеді. Осы негізде ғана сыртқы орта факторларының әсері нәтижесінде туындауы мүмкін жағымсыз салдарларды анықтау бойынша шараларды әзірлеу мүмкін болады. Сыртқы факторлар қатарына құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық және технологиялық факторларды жатқызуға болады.
Саяси және құқықтық факторлар
Ішкі саяси жағдай тұрақтылығы, сыртқы қатерлердің болмауы және Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастарының көп бағыттылығы ел экономикасының табысты әрі серпінді дамуына жәрдемдеседі.
Мемлекеттің геологиялық барлау саласы жүйесіне компания талдайтын және ескеретін қажетті түзетулер ұдайы енгізіледі. Бұл ретте, осы саладағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді құбылыстардың дамуы тұрақты талданып, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдар тарапынан қабылданатын шаралар мен бағдарламалық іс-шаралар мониторингімен қатар жүреді.
Шаруашылық факторлар
Мемлекет тарапынан қабылданатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған шаралар кешені геологиялық барлау саласына инвестициялар тартуға жәрдемдеседі, бұл компания құзыретін кеңейтуге әрі қажетті жұмыстар көлемін қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Сонымен бірге, қоғамның қызметіне әлемдік нарықтағы қолайсыз оқиғалар, инвестициялық қызметтің құлдырауы, сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді қаржыландырудың азаюы теріс әсер етуі мүмкін.
Демографиялық факторлар
Қазіргі уақытта, жалпы әлемдік халық өсімі байқалуда, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оны пайдалы қазбалармен тиісті түрде қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет. Бұл жағдай геологиялық зерделеу жұмыстарын жандандыруды, оларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді талап етеді.
Осы жағдайда қоғам пайдалы қазбалармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешу үшін өзінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті болуы тиіс.
Технологиялық факторлар
Геология саласының технологиялық дамуына әсер етуші негізгі факторлар жұмыстар тиімділігі, техникалық қайта жарақтандыру, жаңа жабдықты, әдістерді енгізу және игеру жылдамдығы және жаңа технологияларды тарту болып табылады. Осы факторлардың технологиялық дамуға ерекше әсері Қазақстан экономикасының құрылымына, ағымдағы жағдай мен өсу үрдістеріне, елдің ғылыми-техникалық саласындағы қалыптасқан жағдайға байланысты.
Осылайша, қоғам әлемдік өндірушілердің жаңа жабдықтарымен және технологияларымен жиынтықталуы тиіс, бұл елдегі геологиялық барлау жұмыстарының сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Ішкі ортаны талдау
Қоғамды құру
2011 жылы 17 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы экономиканың минералдық-шикізат базасын кеңейту үшін геологиялық саланы жандандыру мақсатында ұлттық геологиялық компания құруды тапсырды.
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 684 қаулысымен қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталы төлеміне (ұлғайтуға) тапсырылды. Қоғамды құру мақсаты республика аумағын тиімді игеруді қамтамасыз ету, халық өмірі үшін жағымды жағдайлар және болашақ ұрпақ үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру, сондай-ақ Каспий қайраңының қазақстандық секторында Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету болып анықталды.
Кейін «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес қоғам акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 % иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне берілді.
Кадрлар
2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша қызметкерлердің штаттық саны 122 бірлікті құрады, олардың ішінде:
1) өндірістік блок – 87 бірлік;
2) инвестициялық блок – 6 бірлік;
3) әкімшілік-басқару блогы – 29 бірлік.
Өндірістік блоктың 55 %-ын тау-кен инженер-геолог мамандығының жұмыскерлері құрайды. Өндірістік қызметкерлердің орташа өтілі 22 жылды құрайды, бұл ретте жас санаты мынадай: жұмыскерлердің 35 %-ы – 30 жасқа дейін, 10 %-ы – 35 – 45 жас, 55 %-ы – 50 жастан жоғары. Мұндай «кадрлық алшақтық» жағдайы барлық геологиялық компанияларда, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ посткеңестік кеңістік елдерінің барлығында да байқалады, өйткені ұзақ уақыт ағымында қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша мамандар іс жүзінде даярланбаған. Кәсіптің күрделілігіне байланысты жоғары білікті геологты даярлау үшін кемінде 10-15 жыл қажет.
Қызметкерлердің негізгі құрамы зейнеталды жасындағы адамдардан тұратындығын ескере отырып, 10 жылдық кезеңде қоғамның кадрлық саясатының бірінші кезектегі міндеті – жас мамандармен тәжірибе алмасу арқылы кәсіби кадрлық құрам қалыптастыру, кадрлық резерв құру.
Корпоративтік басқару
Жоғары сапалы корпоративтік басқару табысты қызмет жүргізу үшін қажетті шарт болып табылады. Қоғамда Корпоративтік басқару кодексі және Іскерлік этика кодексі бекітілген, олардың мақсаты корпоративтік басқаруды жүйелендіру және жетілдіру, басқарудың жалпы ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның тиісті басқару стандарттарын ұстануға әрдайым әзірлігін растау болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған, геология саласында жұмыс істейтін коммерциялық компанияларға қарағанда, компания мемлекет қатысатын акционерлік қоғам болғандықтан, көп деңгейлі корпоративтік басқару құрылымына ие, бұл сайып келгенде, шешімдер қабылдау жылдамдығын төмендетеді. Осы бағытта қоғам өкілеттіктер мен құзыреттерді беру арқылы шешімдерді қабылдау рәсімдерін жеңілдету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуде.
Жемқорлықтың туындауына қарсы тұру бөлігінде компанияда барлық қажетті шаралар қабылданған: тиісті құрылымдық бөлімшелер арқылы ішкі бақылау, қажетті ішкі құқықтық актілер, шешімдер қабылдаудың көп сатылы жүйесі. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қызмет туралы негізгі ақпарат қоғамның веб-сайтында www.kazgeology.kz орналастырылады. Қоғаммен байланыс қоғам басқармасы төрағасының блогы арқылы жүргізіледі. Қоғам инвестициялық қызмет, дивидендтер төлеу, жемқорлыққа қарсы тұру және ақпаратты ашу бөлігіндегі саясатты айқындайтын құжаттар қабылдауды жоспарлауда.
Бағдарламалық кешен және жабдықтар
Геологиялық деректерді өңдеу және интерпретациялау бойынша қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатында қоғам алынған табыстар есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде алынатын геологиялық, геохимиялық және геофизикалық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді (Micromine, Mapinfo Professional 11, АВС-4 және т.б.) сатып алды және пайдалануда. Сонымен бірге, геологиялық барлау жұмыстары бойынша сапалы әрі толыққанды қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым және техника жеткіліксіз, осыған байланысты, қоғам өзінің геоақпараттық жүйесін құруды жоспарлауда.
2014 жылдан бастап қоғам қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес түзетілген жарғылық капитал қаражаты есебінен меншікті материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға кірісті.
Қаржы
2014 жылға дейін қоғам қалыптасу кезеңінде болды, қызметі жоспарлы-шығынды болды. 2014 жылы қоғам түсімдері құрылымында өндірістік қызметтен түсетін табыс 84 % (1,003 млрд. теңге) құрады, өзге түсімдер қаржы құралдары есебінен алынды. Қоғам негізгі қызметтерді камералдық жұмыстар мен жобалау жұмыстары нарығында ұсынды, осыған байланысты өзіндік құн құрылымында еңбекақы төлеу қоры шамамен 70 % (қосалқы мердігерлік шығындар есебінсіз) құрады. 2014 жылы қызметтің шығынсыздығы қамтамасыз етілді және 204,193 млн. теңге мөлшерінде таза табыс алынды.
Қоғамда ішкі бизнес-процестерді ресмилендіру, Корпоративтік есеп саясатын қабылдау арқылы шығыстарды ішкі бақылау жүйесін, бюджеттеу және сатып алу қағидаларын, конкурстарға қатысу регламенттерін, ішкі нормативтер мен лимиттерді енгізу жөніндегі жұмыстар аяқталды. 2014 жылы көрсетілетін қызметтерді сату кезінде тиімділік табыстары деңгейін жоспарлаудың негізгі тәсілдерін анықтайтын баға қалыптастыру әдіснамасы қабылданды.
Егер 2014 жылы пайда қаржы табыстары есебінен алынған болса, ал жалпы табыс мөлшері тек әкімшілік-басқару шығындарын ғана толық жабуға мүмкіндік берсе, ал Стратегияны іске асыру кезеңіндегі негізгі міндет жалпы табыс есебінен қоғамның жоспарлы тиімділігін қамтамасыз ету болады.
Осыған байланысты, қоғамның басым міндеті активтер құнын өсіру және өтімділік деңгейін сақтау арқылы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірістік қызмет
Қоғамның құрылымы Астана қаласындағы Орталық аппараттан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау қалаларындағы бес өңірлік филиалдан тұрады.
Қоғамның жобалау, іздестіру жұмыстары саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге рұқсат құжаттары (лицензиялары) бар.
2012 жылдан бастап қоғам материалдарды далалық және камералдық өңдеу жұмыстарын, жобалауды және арнайы жабдықты талап етпейтін басқа да жұмыстарды дербес орындады, бұл ретте физикалық көлемдерді (геофизикалық және зертханалық ұйымдар, бұрғылау жұмыстары) консорциумдық келісімдер және қосалқы мердігерлік шарттар шеңберінде тартылатын геологиялық барлау ұйымдары орындады.
Сондай-ақ, әлемдік аэрогеофизикалық саладағы көшбасшы «Geotech Ltd.» канадалық компаниясымен бірлесіп, бірегей технология бойынша аэрогеофизикалық зерттеулерді жүргізуге маманданған «ҚазГеоТех» бірлескен кәсіпорны құрылды.
Қолда бар геологиялық ақпаратты ғылыми талдау әрі қорытуды жүргізу мақсатында, пайдалы қазбалардың түрлері бойынша мамандарды іріктеп, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, әрбір өңірде талдау топтарын құру қажет.
Қазіргі таңда, Қазақстанда 1960 жылы әзірленген және 1981 жылы қайта қаралған пайдалы қазбалар қорларын зерделену дәрежесі бойынша есептеу жүйесі қолданылуда. Бұл жүйе тек бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінде ғана қолданылады, ал одан тыс жерлерде халықаралық стандарттар немесе жеке елдерде қабылданған және әлемге кең тараған стандарттар қолданылады.
Геологиялық барлаудағы әлемдік инвестициялар нарығына шығу үшін қорларды есептеу және кен орындарын жіктеу бойынша халықаралық стандарттарға көшу қажет. Мысалы, 2014 жылы қоғам Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанның есептілік стандарттарын CRIRSCO (Қорлар туралы есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша біріккен комитет) жүйесі бойынша халықаралық стандарттармен үйлестіру мақсатында Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, ресурстар, пайдалы қазбалар қорлары туралы қазақстандық жария есептілік кодексін әзірледі. Осыған байланысты, халықаралық стандарттарды пайдаланып, қорларды есептеуді жүргізу бойынша мамандар қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қоғам 2016 жылдан бастап қызметкерлер үшін оқыту семинарларын жүргізуді, сондай-ақ штатқа тәжірибелі сарапшыларды тартуды жоспарлауда.
Қоғамның жоғарыда аталған іс-шараларды орындау нәтижесі ҚПҚ бойынша отандық нарықтағы жетекші геологиялық барлау компанияларының қатарына кіруі болады. Одан әрі, компания сыртқы нарықта бар бағыттар бойынша геологиялық барлау қызметтерін ұсыну мүмкіндігін қарастырады.
Инвестициялық қызмет
Қоғам ұлттық компания мәртебесіне ие бола отырып, тікелей келіссөздер негізінде конкурссыз жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу құқығын алу мүмкіндігіне ие. Осындай артықшылықты пайдалана отырып, қоғам жеке меншік компаниялармен бірлесіп, барлау жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, олар геологиялық барлауға инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді және пайдалы қазбалар кен орындарын табуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні «Rio Tinto» авустралиялық-британдық концерн, «KOREA RESOURCES CORPORATION» (КОRЕS) Корея ұлттық корпорациясы, «ILUKA Resources Limited» (ILUKA) аустралиялық компаниясы, «Ulmus Fund» неміс инвестициялары қоры сияқты бірнеше тау-кен және инвестициялық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Осы компаниялармен жер қойнауын пайдалану жобалары бойынша геологиялық зерделеудің және барлаудың жалпы алаңы кемінде 85,2 мың шаршы км құрады, бұл ретте бастапқы кезеңдегі инвестициялар сомасы шамамен 5,5 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, ірі тау-кен компанияларымен ынтымақтастық орнату кезінде жаңа және (немесе) озық геологиялық барлау технологиялары трансфертіне ерекше назар аударылды. Rio Tinto және ILUKA компанияларымен технологиялар трансферті және қоғам қызметкерлерін оқыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Инвестициялық жобалардағы қоғамның кіріс бөлігі жобалау қызметін көрсету, геологиялық барлау жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау және коммерциялық табудан кейін бірлескен жобаларға қатысу үлесін өткізу есебінен қалыптасады.
Қоғам құрылымында оның негізгі функциясы инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылатын бөлімше құрылды. Кадрлық құрамы жер қойнауын пайдалану саласындағы тәжірибелі мамандардан құрылған.
Жер қойнауын пайдалану жобалары бойынша ықтимал инвесторларды талдау инвесторлардың мынадай негізгі түрлерін саралауға болатындығын көрсетті – ол ұлтаралық және ірі тау-кен компаниялары, шетелдердің мемлекеттік ұйымдары және жеке инвестициялық компаниялар. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді сапалық және сандық тұрғыда ұлғайту үшін қоғам барланатын пайдалы қазбалар түрлеріне қарай жобаларды іске асырудың негізгі модельдерін, қағидаттарын және басымдықтарын (бағыттарын) сипаттайтын инвестициялық саясат меморандумын қабылдауды жоспарлауда.
Отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты дамыту ұзақ мерзімді және қымбат жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану жобаларын басқару тәжірибесін жинау қоғамға жобаларды дербес іске асыруға, сыртқы нарыққа шығуға дайындалуға мүмкіндік береді.
SWOT-талдау
Сыртқы және ішкі ортаға жүргізілген талдау нәтижесінде, мемлекеттік саясатты іске асыруда компания рөлін талдау нәтижесінде мынадай осал және мықты жақтар, сондай-ақ қызмет үшін қолда бар мүмкіндіктер мен қатерлер анықталды:
Ішкі орта |
|
Мықты жақтары |
Осал жақтары |
1) ұлттық компания мәртебесі; |
1) JORC қорларын халықаралық есептеу бойынша мамандардың болмауы; |
Сыртқы орта |
|
Мүмкіндіктер |
Қатерлер |
1) қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру; |
1) компаниядағы сыбайлас жемқорлық; |
Тұжырымдар: Сыртқы орта мүмкіндіктерін ескере отырып, қоғам артықшылықтарын назарға алсақ, жоспарланған кезеңде ұлттық компания мәртебесін, жинақталған әлеуетті, іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды барынша пайдалану, сондай-ақ осал тұстарды жойып, ықтимал қатерлер әсерін барынша азайту бағытында жұмыс жасау қажет. Бұл ретте, қоғамның негізгі басымдықтары мыналар:
1) қазіргі заманғы технологиялар мен жаңа жабдықтарды пайдалана отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу;
2) геологиялық материалдарды ғылыми талдау нәтижелері бойынша мемлекетке консультация беру қызметін көрсету;
3) жаңа технологияларды және үлкен тереңдіктегі зерттеулерді қолданып, жер қойнауын пайдалану саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
4) нарықтық бәсекелестік жоқ геологиялық барлау саласы бағыттары бойынша өндірістік бөлімшелерді құру.
2. Миссиясы және пайымы
Қоғамның миссиясы жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеу және қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары саласында елдің минералдық-шикізат саласының толығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамның 2025 жылға пайымы: жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында негізгі құзыретке, озық технологияларға ие, Қазақстан Республикасының мүддесіне орай геологиялық барлау жұмыстарын және жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әлемдік деңгейдегі ұлттық геологиялық барлау компаниясы.
Қоғам өз қызметінде мынадай құндылықтарға бағдарланады:
1) минералдық ресурстарды дамыту саласындағы мемлекет мүдделерінің басымдығы: пайдалы қазбалардың басым түрлерін барлау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
2) технологиялық және инновациялық: озық технологияларды және инновацияларды енгізу;
3) нәтижеге бағдарлану: мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың талаптарына барынша сай келетін сапалы қызметтер ұсыну;
4) ықтимал мүмкіндіктерді пайдалану: басқа нарық қатысушыларымен синергия іздеу және одан әрі даму перспективаларын үздіксіз іздеу;
5) ашықтық және есептілік: мүдделі тұлғаларға қажетті ақпарат ашу, мониторинг және есеп берудің тиянақты жүйесі;
6) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік: еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орындарын құру, қоршаған ортаны қорғау және қоғаммен өзара іс-қимыл жасау.
Қоғамның негізгі қызметі қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары нарығында жүзеге асырылады және мыналарға бағытталады:
1) қоғамның заманауи әлемдік сұраныстарға, мемлекеттің және өңірлік әрі іздеу-бағалау жұмыстары бойынша жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың талаптарына барынша сай келетін, геологиялық ғылымның және тәжірибенің барлық мүмкіндіктері мен жетістіктерін қамтыған заманауи технологияларды пайдаланатын, олардың негізінде пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлерінің жаңа кен орындарының ашылуын күтуге болатын, жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша сапалы көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
2) Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында геологиялық-геофизикалық материалдарды ғылыми талдауды әрі қорытуды қамтитын геология саласын ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын ұдайы молайту бойынша жобаларды іске асыруға қатысу үшін жетекші әлемдік және отандық геологиялық барлау, тау-кен және инвестициялық компаниялардың инвестицияларын тарту.
Бұл ретте, қоғам Қазақстанда жұмыс істейтін орта және шағын геологиялық барлау компанияларымен бәсекелестікке ұмтылмайды. Қоғам аэрогеофизикалық, сейсмикалық барлау мен зертханалық зерттеулер және бұрғылау жұмыстары бойынша сала көшбасшыларымен бірлескен кәсіпорын құру арқылы геологиялық барлауға озық технологияларды және озық тәжірибені трансферттеумен айналысады.
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер
«Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қызметтер ұсыну»
стратегиялық бағыты
Мақсат: ҚПҚ және жер асты сулары бойынша отандық нарықта жетекші геологиялық барлау компанияларының қатарына кіру.
Қазіргі уақытта, қоғамда Қазақстандағы жетекші геологиялық барлау компанияларының біріне айналуға барлық әлеуетті мүмкіндіктері бар. Бұл ретте, қоғам қызметін ұйымдастыру бойынша тәсілдер бірінші кезекте қуаттар тапшылығын жабуға және жұмыс істеп тұрған қазақстандық геологиялық барлау компанияларымен бәсекелестікке түспей, геологиялық барлау саласындағы жаңа озық технологияларды енгізуге бағытталады. Әуел бастан қоғамды құру идеясы геологиялық саланың проблемалы мәселелерін шешуге бағытталғанын ескере отырып, орта мерзімді перспективада қоғам қызметі аталған саладағы стратегиялық маңызды мемлекеттік жобаларды іске асыруға бағытталады.
1-міндет: Геологиялық барлау жұмыстары нарығында ұсынылатын қызметтер тізбесін әртараптандыру.
Қоғам 2015 – 2018 жылдар кезеңінде белгіленген тәртіппен геологиялық деректерді өңдеу және түсіндіру үшін бұрғылау, геофизикалық, далалық геологиялық барлау, сейсмикалық барлау және зертхана жабдықтарын, бағдарламалық қамтылым мен серверлік жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыруы тиіс. Сондай-ақ өз қаражаты есебінен қосымша жабдықтар, бағдарламалық қамтылымды ұдайы жаңғыртуды жүргізу және сатып алу жоспарлануда.
Айталық, жоспарланатын сатып алуға сәйкес, түзетілген қаржы- кономикалық негіздеме шеңберінде қоғамның базасы негізінде бұрғылау жұмыстары, сейсмикалық барлау зерттеулері, далалық геофизикалық партиялар, халықаралық стандарттар бойынша зертханалық зерттеулер, сондай-ақ ұңғымаларды геологиялық зерттеуді орындау мүмкіндігі бар отандық және шетелдік геологиялық барлау компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы бизнес бағыттарды дамыту мәселелері қаралды.
Міндетті іске асыру шығынсыз қызметті қамтамасыз етуге, геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңдерінде қызметтер кешенін ұсынуға бағытталған.
Қазіргі уақытта, қоғамның геологиялық барлаудағы тәжірибесінің жеткіліксіздігіне (3,5 жыл) байланысты аталған міндетті іске асыру бойынша тәуекелдер бар, бұл қоғамның тендерлерге және конкурстарға қатысуы кезінде теріс әсер етеді.
2018 жылға дейін қоғамның дербес, сондай-ақ құрылған бірлескен кәсіпорындар шеңберіндегі көрсететін қызметтерінің тізбесі едәуір кеңейтіледі деп күтілуде.
Аэрогеофизикалық зерттеулер
Қоғамның негізгі міндеттерінің бірі геологиялық барлау процесіне жаңа технологияларды және әдістерді енгізу болып табылады. Мысалы, қоғам нарықты зерттеу барысында канадалық «Geotech Ltd» компаниясының ZTEM және VTEM бірегей тікұшақтық электромагниттік жүйесін салаға тарту мүмкіндігін анықтады. 2014 жылғы шілдеде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қоғам мен әлемдік аэрогеофизикалық саладағы көшбасшы канадалық «Geotech Ltd» компаниясы «ҚазГеоТех» бірлескен кәсіпорнын (бұдан әрі – БК) құрды, ол бүкіл Орталық Азия өңірі аумағында аэрогеофизикалық зерттеу жүргізуді жоспарлауда. Жұмыста жаңа технологияларды қолдану арқылы БК перспективалы алаңдар бойынша сапалы сандық ақпарат алатын болады және кейін жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары тәуекелдерін барынша азайтады. Бүгінгі таңда аталған жүйелерді «Geotech Ltd» компаниясының БК жарғылық капиталына беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жерүсті геофизикалық зерттеулері
Қоғам өзінің өңірлік филиалының базасында далалық геофизикалық партия құрды. Осындай партияның жұмыс істеуі қоғамға гравибарлау, электрлі барлау, магнитті барлау және топогеодезия жұмыстары бойынша ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Геофизикалық партия құру нәтижесінде 2018 жылға қарай Қазақстандағы геофизикалық зерттеулердің жалпы болжамды көлеміне қатысты қоғамның геофизикалық жұмыстарының үлесі шамамен 10 % құрайды деп күтілуде.
Өзінің геофизикалық партиясын қоғамның жарғылық капиталының бюджеттік инвестициялары есебінен қалыптастыру жоспарлануда. Кейін қосымша инвестициялар салу есебінен өндірістік қуатты арттыру мүмкіндігі қаралады.
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу бойынша қызметтер көрсету дала геофизикасы партиясының шеңберінде мүмкін болады. Бұл үшін каротаждық станциядан (кемінде 2 цифрлық станция) да, ҚПҚ-ның негізгі типтеріне неғұрлым жиі қолдануға мүмкіндік беретін зерттеулердің түрлері үшін, сондай-ақ гидрогеологиялық зерттеулерге арналған қазіргі заманғы өндірістің ұңғыма жарақтарының толық жиынтығынан да жабдықтар жинақтау қажет болады.
Сейсмикалық барлау зерттеулері
Сейсмикалық барлау бойынша қызметтер көрсету табысы жоғары бизнес болып табылады, демек, қоғам үшін қызығушылық туғызады. Бұл бағыт инвестициялардың қомақты көлемін талап етеді, өйткені сейсмикалық барлау жабдығы қымбат болып табылады. Осыған байланысты, далалық сейсмикалық барлау партиясын құру мәселесін қарау кезінде іске асырудың неғұрлым тиімді нысаны таңдалады, мысалы жетекші отандық немесе шетелдік компаниялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрылуы мүмкін, сондай-ақ қоғам базасында партия құру да жоққа шығарылмайды.
Қатты пайдалы қазбаларға және жер асты суларына ұңғыма жұмыстары
Қоғам ұсынатын қызметтер тізбесін кеңейту мақсатында қатты пайдалы қазбаларды және жерасты суларын геологиялық барлауға бағдарланған көп функциялы қондырғылар кешені бар шағын бұрғылау партиясын құру мәселесі қаралады. Бұрғылау партиясының жұмыс істеу моделін таңдау кезінде бірлескен кәсіпорын құру немесе өз бөлімшесін қалыптастыру нұсқалары қаралады.
2-міндет: Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау саласындағы қызметтерді ұсыну.
Тұтастай жобаның орындылығы мен экономикалық тиімділігі геологиялық барлау жұмыстарын сапалы жобалауға байланысты екенін практика көрсетіп отыр. Осы мақсатта қоғам қосымша жарақтармен жарақтандырылып, кадрларды іріктей отырып, дамудың осы бағытын нығайтуы қажет. Бұл ретте, жиналған және алынатын геологиялық-геофизикалық материалдарға ғылыми талдау жүргізу арқылы жобалау алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу есебінен жобалау сапасын арттыру жоспарланады.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері: бейінді бағыттар саны.
Күтілетін нәтижелер:
1) 2016 – 2018 жылдары – қоғам бюджеттік инвестициялар шеңберінде жабдық және бағдарламалық қамтылымды сатып алу бойынша барлық рәсімдерді жүргізеді. Ұсынылатын геологиялық барлау қызметтерінің тізбесі 4 бағытқа дейін кеңейтілетін болады, мемлекеттік емес тапсырыстардың өсуі байқалатын болады, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жобалау саласындағы құзыреттерді дамыту қамтамасыз етіледі;
2) 2019 – 2021 жылдары – қоғам ұсынатын геологиялық барлау қызметтерінің тізбесі кемінде 5 бағытқа дейін кеңейтіледі.
3) 2022 – 2025 жылдары – қоғам жер қойнауын геологиялық зерттеудің тиімді жүйесінің ірі элементіне айналады, ең жаңа қазіргі заманғы технологиялар қолданылып, үлкен аумақтарда толық ауқымды өңірлік, іздеу, іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуін қамтамасыз ететін өндірістік филиалдар, бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейтін болады. Ұсынылатын геологиялық барлау қызметтерінің тізбесі 7 бағытқа дейін кеңейтіледі.
«Геологиялық саланы ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету»
стратегиялық бағыты
1-мақсат: Геологиялық процестерді ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Қоғам қызметі геологиялық барлау процесін ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі құзыретін кеңейтуге бағытталады. Осы мақсатта жетекші әлемдік геологиялық барлау компанияларының кәсіпорындарында оқыту және тағылымдамадан өткізу арқылы кадрлар біліктілігін ұдайы арттыру жүргізіледі.
Қоғам геологиялық барлау жұмыстары бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуге белсенді қатысуға ниеттеніп отыр.
Геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау және қорыту шеңберінде уәкілетті органға жыл сайын ұсынымдармен қоса есеп беру жоспарлануда.
1-міндет: Геологиялық-геофизикалық материалдарды ғылыми талдау және қорыту.
Кез келген жобалаудың алдында жоба алды кезеңі болуы тиіс, ол жобаның орындылығы мен экономикалық тиімділігін негіздейді. Геологиялық салада бұл кезең қор материалдарын талдауға негізделеді. Мұндай практиканы енгізу тиімсіз жобалар үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Оңтайлы толық, сенімді және болжамдық қасиеттері жоғары, дұрыс геологиялық ақпарат ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорларындағы геологиялық-геофизикалық материалдарды өз күшімен, сондай-ақ тәжірибелі өңірлік геологтарды тарту арқылы талдау жоспарлануда.
2-мақсат: Зертханалық зерттеулердің толық ауқымын ұсынуды қамтамасыз ету.
1-міндет: Халықаралық аккредиттелген коммерциялық талдау зертханасын құру және оның жұмыс істеуі.
Зертхана құру мәселесінде қоғам осындай зертханалардың жұмыс істеу саласында әлемдік көшбасшылардың бірін әріптес ретінде тартуға бағытталуы тиіс. Мұндай зертхананың жұмыс істеу мақсаты сынамаларды зерттеудің сапалы халықаралық деңгейі және геологиялық материалдарды шетелге шығару көлемін қысқарту болады.
Жарғылық капитал қаражаты есебінен сатып алынуы жоспарланып отырған зертханалық жабдық құрылатын бірлескен кәсіпорынға компанияның үлесі болады деген болжам жасалуда.
2-міндет: Ғылыми-талдау зертханасын, тәжірибелік
-
эксперименттік учаске құру және оның жұмыс істеуі.
Қоғамның талдау зертханасы базасында Геологиялық зерттеу орталығын құру жоспарланып отыр, ол Қазақстан Республикасы геологиялық саласының құзыреттілік орталығы болмақ. Мұндай Орталықтың құрылуы және жұмыс істеуі іргелі геологиялық зерттеуді, геологиялық зерттеулер жүргізудің қазіргі заманғы технологияларын әзірлеуді және трансфертін, келіп түсетін геологиялық ақпаратты өңдеуді және интерпретациялауды қоса алғанда, кен орындарын игеруге дайындауды, сондай-ақ кен орындарын өңдеудің тиімділігін экономикалық қайта бағалауды қамтамасыз етеді. Кернді бастапқы зерттеу кешенін тікелей керн қоймаларында жүргізу жоспарланады. Бұл жағдайда, керн кен орны туралы тарихи ақпараттың көзі болып табылатындығын ескере отырып, қоғамның басқаруына тапсыру арқылы қолданыстағы және құрылатын керн қоймалары мәселелерін үйлестірген жөн.
Геологиялық зерттеу орталығын құру және оның жұмыс істеуі ғылыми-талдау зерттеулерін қамтамасыз етеді, олар геологиялық барлау жұмыстарын жолға қоюға қажетті негіздеме, геологиялық-геофизикалық деректердің мол көлемін өңдеуге және интерпретациялауға, сондай-ақ республиканың минералдық-шикізат базасын молықтыру үшін пайдалы қазбалар қорларымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті органға консультация беруге мүмкіндік береді.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) уәкілетті органға геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау негізінде ұсынымдарымен қоса талдамалық есептер беру;
2) тау жыныстарының үлгілеріне зертханалық талдау жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
1) 2016 – 2018 жылдар кезеңінде қоғам өз қызметінің шеңберінде тиісті саладағы уәкілетті органға жыл сайынғы есептерді ұсына отырып, қорлардағы геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау және қорыту бойынша іс-шараларды жүргізе бастайды. Халықаралық аккредиттелген коммерциялық талдамалық зертхана жұмысын бастайды, бұл шетелге шығарылатын зертханалық сынамалар көлемін азайтуды қамтамасыз етеді;
2) 2019 – 2021 жылдар кезеңінде қоғам геологиялық-геофизикалық материалдарды үнемі талдауды және қорытуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту жөніндегі құжаттарды әзірлеу ұсынымдарымен бірге мерзімді есептер берілуін қамтамасыз етеді. Жылына кемінде 140 мың тау жыныстарының үлгілеріне зертханалық талдау жасалады;
3) 2022 – 2025 жылдар кезеңінде қоғам Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын молайту бойынша ұсынымдар, геологиялық барлау жұмыстары бойынша нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысу арқылы геологиялық барлау мәселелерінде мемлекеттің консультанты болады. Талдау зертханасы жылына кемінде 150 мың тау жыныстары үлгілеріне талдау жасауды қамтамасыз етеді. Геологиялық зерттеулер орталығы жұмыс істейтін болады.
«Геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту»
стратегиялық бағыты
Мақсат: ҚПҚ бойынша геологиялық барлаудың инвестициялық процестерінің интеграторына айналу.
Қазіргі уақытта қоғам қатты пайдалы қазбалар нарығына бағдарланған бірден бір ұлттық геологиялық барлау компаниясы болып табылады.
Тәжірибеде шетел инвесторлары жоспарлау кезінде мемлекет қатысатын ұйымдар әріптес болатын жобаларға артықшылық береді. Инвесторлар үшін тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу мүмкіндігі қосымша артықшылық болып табылады.
Осы мақсат шеңберінде қоғам учаскелер таңдау, геологиялық барлауды жүзеге асыру және жер қойнауын пайдалану құқығын алу процестерінен бастап, инвесторларды толық қолдауды қамтамасыз етуді жоспарлайды.
1-міндет: Перспективалы алаңдар қалыптастыру.
Пайдалы қазбалар түрлері және оларды іздеудің аумақтық бағыттары бойынша басымдықтар инвестициялар есебінен геологиялық барлау жұмыстары, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалардың әлемдік нарығы конъюнктурасын маркетингтік талдауды жүргізу нәтижесінде алынатын қорлардағы геологиялық материалдар мен ақпаратқа тұрақты негізде талдау жүргізу қорытындысы бойынша айқындалады.
Алынған деректер негізінде оларды геологиялық барлау процесіне тарту үшін перспективалы учаскелер/алаңдар тізбесі жасалады.
2-міндет: Инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру.
Орта мерзімді перспективада қоғам өз қаражаты деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, жер қойнауын пайдалану бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды тартылатын әріптестердің қаражаты есебінен жүргізуді жоспарлауда. Бұл модельде қоғамның болжамды табысы инвестициялық жобалардағы үлестерді сату есебінен қалыптастырылатын болады. Бұл үшін қоғам геологиялық барлауға инвестицияларды тарту бойынша маркетингтік стратегияны әзірлеуде.
Жер қойнауын барлау және геологиялық зерттеу жобаларын іске асыру үшін ірі отандық және шетелдік тау-кен, геологиялық барлау және инвестициялар компанияларын тарту жоспарлануда. Мұндай тәсіл мемлекетке – басым пайдалы қазбалар түрлері бойынша қорларды толықтыруды, қоғамға – табыс алуды қамтамасыз етеді.
Шетелдік инвесторлар қатысатын жобаларды іске асыру кезінде қоғамның құқықтық тәуекелдерін төмендету мақсатында инвестиция саласындағы халықаралық құқық бойынша жоғары білікті заңгерлерді тарту жоспарлануда.
Қоғамның инвестициялық қызметі де елдің дамуы үшін табыстылық пен стратегиялық маңыздылықты ескере отырып, оның ұзақ мерзімді құнының артуына ықпал етеді. Инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін нарық қағидаттарына негізделетін тиянақты қаржы тәртібі белгіленеді. 2015 жылы Қоғамның инвестициялық саясаты меморандумы әзірленді, онда инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі өлшемшарттары мен басым пайдалы қазбалар тізбесі айқындалды.
2020 жылдан бастап қоғам жер қойнауын пайдалану жобаларын дербес қаржыландыру үшін резерв қалыптастыруды жоспарлап отыр. Қоғамның меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылатын жер қойнауын пайдалану жобаларын таңдау кезінде қоғам үшін тәуекелдердің аз болуына назар аударылатын болады.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) геологиялық барлауға инвестициялар тарту;
2) инвестициялық жобалар шеңберінде барлау алаңдарының қамтылуын қамтамасыз ету;
3) жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру.
Күтілетін нәтижелер:
1) 2016 – 2018 жылдары – қоғам жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ жаңа жобаларды тарту бойынша келісімшарт жасалған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады. Қоғамның геологиялық барлау саласына тартқан инвестициялар көлемі кемінде 3 млрд. теңгені құрайды, барлаумен қамтылған алаңы – 20 мың шаршы км-ден кем емес;
2) 2019 – 2021 жылдары – қоғам жер қойнауын пайдаланудың бірқатар жобаларын іске асырады. Геологиялық барлау саласына инвестицияларды тарту бойынша қол жеткізілетін көрсеткіштер кемінде 9 млрд. теңгені құрайды, барлау алаңы кемінде 50 мың шаршы км. құрайды. Жобаларды дербес қаржыландыру үшін қор қалыптастыру жоспарлануда;
3) 2022 – 2025 жылдары – қоғам қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлаудың инвестициялық процестерінің негізгі интеграторына айналады. Қоғамның геологиялық барлау саласына тартқан инвестициялар көлемі кемінде 20 млрд. теңге құрайды, барлау алаңы – кемінде 100 мың шаршы км құрайды. Дербес қаржыландырылатын жобаларды іске асыру жоспарлануда. Жыл сайын іске асырылатын жаңа инвестициялық жобалардың саны 2-ден кем болмайды.
Сондай-ақ, көрсетілген стратегиялық бағыттармен қоса, қоғам мынадай операциялық мақсаттарды алға қояды:
1) қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету;
2) корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;
3) кадр саясатының тиімділігін арттыру.
Мақсат: Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету.
Қоғамның қаржы саясатының негізі мынадай базалық қағидаттардан қаланады:
1) нысаналығы – кәсіпорын қызметінің тиянақты тұжырымдалған стратегиялық мақсатына бағдарлануды пайымдайды. Барлық жоспарланатын ұйымдастырушылық-қаржы іс-шаралары нақты белгіленген мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс;
2) іске асырылуы – ұзақ мерзімді мақсаттар қою және оларға қол жеткізу стратегиясын айқындау кезінде кәсіпорынның нақты мүмкіндіктері ескеріледі. Қойылған мақсаттар іске асырылатын, ал міндеттер – орындалатын болуы тиіс;
3) кешенділігі – ақпаратты жан-жақты талдау және есепке алу ішкі және сыртқы ортаның өзгерісіне дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді;
4) перспективалығы – қаржылық стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған;
5) басымдылығы – ұзақ мерзімді стратегиялық желі бүкіл кейінгі жұмысқа қатысты басым әрі анықтаушы сипатта болып табылады. Таңдап алынған қаржы стратегиясы және оны іске асыру жолы кәсіпорын қызметінің барлық оперативтік жоспарларын құру үшін негіз ретінде қызмет етеді.
Қоғамның түйінді мақсаты компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыру болып табылатынын ескере отырып, қоғамның қызметі
операциялардың жоғары тиімділігі, өнімділік пен табыстылық, жоғары қаржы тұрақтылығы, активтердің ашық және тиімді құрылымы сияқты өлшемшарттарға сай келеді.
Табыстылық және еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштерді арттыруға баса назар аударылады. Қоғамның табыстылық және өнімділік көрсеткіштеріне бағдарлануы оның ұзақ мерзімді құнының жылдам өсуіне ықпал етеді.
Қоғам:
1) тапсырыстар, оның ішінде ұлттық және жеке меншік компаниялардың шарттық міндеттемелерді орындауы шеңберінде. Қоғам жоспарында мемлекеттік емес тапсырыстар үлесінің жыл сайын арттыру көзделген, бұл қоғамды бизнеске бағдарланған ұйым ретінде бағалауға мүмкіндік береді;
2) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыстар орындаудан және қызметтер көрсетуден табыстар алу арқылы қаржы тұрақтылығы бойынша мақсатқа қол жеткізуді жоспарлауда.
Тапсырыстар шеңберінде қызметтер көрсету мақсатында әлемдік және отандық жетекші компаниялармен бірлескен кәсіпорындар мен өзінің бөлімшелерін құру жоспарлануда. Бұл ретте, аталған жобаларды іске асыру мынадай талаптар ескеріліп, жүзеге асырылады:
1) мұндай жобаларды іске асырудың бірінші жылы (қалыптасу кезеңі) қоғам тарапынан жаңадан құрылатын өзінің өндірістік бөлімшелерін толық қолдау жүзеге асырылады. Құрылатын бірлескен кәсіпорындарды қаржылық қолдауды тең құрылтайшы компаниялар жүзеге асырады;
2) жобаларды іске асырудың екінші жылы өндірістік бөлімшелер мен бірлескен кәсіпорындар өз қызметінің залалсыз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс;
3) үшінші жылы жобалар тиімділіктің орташа салалық деңгейінен төмен емес табысты қамтамасыз етуі тиіс.
Қоғам табыстарын бөлу қоғамның дивидендтік саясатымен реттеледі, ол табыстарды мынаған жұмсауды көздейді:
1) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеу;
2) жаңа технологиялар сатып алу және енгізу, негізгі құралдарды жаңарту, жинақталған шығындарды жабу арқылы компания құнын капиталдандыру және арттыру;
3) қоғам іске асыратын дербес және әріптестер қатысатын жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру;
4) қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету;
5) қоғамның атқарушы органы мүшелерін ынталандыру.
Қоғам экономиканы дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне және бизнесті жүргізудің озық тәжірибесіне сай келетін басқару әдістеріне және бизнес-процестерге көшуді ынталандырады.
Қоғам қызметті жоспарлау және бағалау жүйесін жетілдіруді, басқару есептілігі жүйесін енгізуді, қаржы және басқару есептілігінің хат-хабарламаларын қамтамасыз етуді жалғастырады. Басқару есептілігі жүйесі қоғамның межеленген мақсаттарының қалай іске асырылып жатқаны туралы ақпаратты уақтылы және сапалы ұсынады, қажетті жедел шешімдер қабылдау үшін жағдайдың нашарлағаны туралы уақтылы ескертеді.
Ресурстарды және процестерді барынша тиімді басқаруға, қызметкерлердің шығындарды оңтайландыру бойынша жауапкершілігін арттыруға, өзіндік құнды қалыптастырудың бақылануын, рентабельділік өсімін ынталандыруға бағытталған корпоративтік мәдениетті енгізу жөніндегі жұмыс жалғасады. Осыған байланысты, 2014 жылы қабылданған Баға қалыптастыру әдіснамасын іске асыру шеңберінде өндірістік нормативтерді енгізу, қоғам орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтер бойынша нақты бағалар белгілеу жөніндегі жұмыс жалғасады. Баға қалыптастыру геологиялық саладағы нарық конъюнктурасын және өзінің өндірістік қуаттарын арттыру ескеріліп жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпорындарды басқару шеңберінде басқару органдарына қоғамнан өкілдер тағайындау, сондай-ақ жобаларды іске асыруды жоспарлау және мониторинг процестерін бақылауға мүмкіндік беретін ішкі рәсімдерді енгізу жоспарлануда.
Геологиялық барлауды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында қоғам жер қойнауын пайдалану жобаларын іске асыру үшін жеке инвестицияларды тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Орта мерзімді перспективада қоғам жер қойнауын пайдалану жобаларын іске асыруға маманданған жер қойнауын пайдаланушылар мен трансұлттық компаниялар қаражатын тартуды жоспарлауда.
Ұзақ мерзімді перспективада геологиялық барлау бойынша құзыреттілік пен бастапқы капитал енгізуге жеткілікті қаражат көлемінің жинақталуына қарай қоғам жер қойнауын пайдалану жобаларын дербес іске асыруды жоспарлауда. Қосымша қаржыландыруға қажеттілік болған жағдайда, қоғам сыртқы қаржыландыруды, оның ішінде қор биржасының қаржы құралдарын пайдалану арқылы да тарту мүмкіндігін қарайды.
Бұл ретте, қор биржасы мүмкіндіктерін пайдалану үшін қоғамға мынадай талаптарды сақтауы қажет екенін атап өтеміз:
1) қаржы көрсеткіштерін жақсарту қажеттігі. Нарықтың конъюнктурасы қолайлы болған жағдайда, 2017 жылға қарай қоғам қалыптасу кезеңінде туындап, жинақталған шығындарды өтеуді жоспарлауда;
2) қаржы-шаруашылық қызмет туралы тоқсан сайын шоғырландырылған және жеке есеп ұсынуды қамтамасыз ету. Бірлескен кәсіпорындар құру жоспарланып отырғанын ескере отырып, қоғам жедел қаржы есептілігі жүйесін қалыптастыруы тиіс;
3) корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігі (тәуелсіз директорлар кеңесі, аудит комитеті). 2018 жылға дейін қоғам корпоративтік басқару рейтингін алу бойынша рәсімдер жүргізуді жоспарлауда;
4) қорларды есептеу және кен орындарын жіктеу бойынша халықаралық стандарттарға көшу.
Сонымен бір мезгілде, қоғамның қор биржасына шығу мәселесін қарау кезінде жалғыз акционердің қоғам меншігінің бір бөлігін инвесторлардың тобына шектеусіз беру туралы шешімі болуы тиіс.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) компания құнын артыру;
2) таза табыстың өсуі;
3) активтер рентабельділігін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
1) 2016 – 2018 жылдары – қоғамда табыстылық және еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштерді арттыруға баса назар аударылады. Тапсырыстар шеңберінде, оның ішінде, ұлттық және жеке компаниялардың шарттық міндеттемелерін орындауы шеңберінде орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерден табыс алу жоспарлануда. Компанияның құны бойынша көрсеткіш кемінде 5 %-ға артады (2013 жылмен салыстырғанда), таза табыс өсімі бойынша 2018 жылы 50 %-ға артады (2014 жылмен салыстырғанда). Жиналған шығындарды толық жабу жоспарлануда;
2) 2019 – 2021 жылдары – қоғам құнының кемінде 20 %-ға артуы (2013 жылмен салыстырғанда), 2021 жылы таза табыс өсімі 100 % (2014 жылмен салыстырғанда) көрсеткіштеріне қол жеткізеді;
3) 2022 – 2025 жылдары – қоғам 2025 жылға қарай таза табыстың кемінде 300 % (2014 жылмен салыстырғанда) өсуін қамтамасыз етеді, компания құны кемінде 50 % - ға артады, активтер тиімділігі жыл сайын кемінде 2,5 % құрайды.
Мақсат: Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.
Қоғам басқару органдарының өзара іс - қимыл жасау деңгейін арттыру және жаңа даму деңгейіне шығару мақсатында корпоративтік басқаруды енгізу және жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл шаралар бизнес-жобалардың іске асыру тиімділігін арттыруға және компаниялар құнының өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Корпоративтік басқару рейтингін беру мақсатында корпоративтік басқару тәжірибесін кешенді бағалау бүгінгі күнге дейін жүргізілмеген. Осыған байланысты, рейтингтің ағымдағы мәні анықталмаған. Рейтинг алу бойынша 2018 жылдан бастап іс
-
шаралар жүргізу жоспарлануда.
Корпоративтік басқару рейтингі – бұл төрт компонент бойынша корпоративтік басқару тәжірибесін кешенді бағалау: акционерлер құқығы, басқару және бақылау органдарының құрамы мен жұмыстарының тиімділігі, ақпарат ашу, өзге мүдделі тараптар мүддесіндегі қызмет және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік. Корпоративтік басқару рейтингі директорлар кеңесі, атқарушы орган мен компания акционерінің тиімді өзара іс-қимыл жасау жүйесін бағалай отырып, оның құнының артуына әсер етеді және ұзақ мерзімді перспективада инвесторлар сенімін сақтайды.
Корпоративтік басқару жүйесін дамыту қоғамның жалғыз акционерінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Корпоративтік басқару кодексімен, Жарғымен және қоғамның басқа да ішкі құжаттарымен регламенттелген. Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес корпоративтік басқарудың мынадай негіз қалаушы қағидаттары айқындалды:
1) бірден бір акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
2) директорлар кеңесі мен басқарманың қоғамды тиімді басқаруы;
3) қоғамның дербес қызметі;
4) қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу ашықтығы мен объективтілігі;
5) заңдылық және әдептілік;
6) тиімді дивиденд саясаты;
7) тиімді кадр саясаты;
8) қоршаған ортаны қорғау;
9) корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;
10) жауапкершілік.
Менеджмент шешімдерінің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамның интернет-ресурсындағы өз қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін және сапасын жақсарту саясатын ұстанады.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) корпоративтік басқару рейтингін алу;
2) персоналдың қанағаттану деңгейін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
1) компания әлемдік талаптарға сай келетін корпоративтік басқару жүйесін қалыптастырады, 2018 жылы корпоративтік басқару рейтингін алып, кейіннен тұрақты негізде растап отыру жоспарлануда;
2) қызметкерлердің қанағаттандырылуын айқындау және оның жоғары деңгейін қамтамасыз ету шеңберінде компания қызметкерлеріне мерзімді сауалнама жүргізіледі, оны талдау компанияның жалпы саясатының неғұрлым осал және мықты элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. 2019 жылдан бастап қызметкерлердің қанағаттану деңгейін кемінде 70 % қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мақсат: кадр саясатының тиімділігін арттыру
Кадр саясаты негізінде мынадай негізгі қағидаттар қаланған:
1) ашықтық – адами ресурстарды басқару процесінің барлық кезеңіндегі ашықтық;
2) кешенділік – персоналды басқару қызметінің барлық салаларын қамту;
3) жүйелілік – саясаттың барлық құрамдас бөліктерін өзара байланыстыра қарау;
4) негізділік – барынша жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ете алатын, персоналды басқару саласындағы қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелерді пайдалану;
5) тиімділік – персоналды басқару саласындағы іс-шаралар шығындары өндірістік қызмет нәтижелерімен өтелуі тиіс.
Компанияның стратегиялық міндеттерін табысты іске асыру үшін қызметтің негізгі бағыттары бойынша кәсіби кадрларды тарту әрі даярлау қажет.
Адами ресурстарға қажеттілік компанияның инвестициялық және өндірістік бағдарламаларына сәйкес реттеледі.
Міндеттерді іске асыру сыйақы және ынталандыру жүйесін құру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті деңгейде штаттағы және штаттан тыс жұмыскерлерге тұрақты әлеуметтік пакет ұсыну арқылы геология саласында жұмыс істейтін біліктілігі жоғары кәсіби мамандарды тартуға бағытталады. Сапалы әрі қолайлы еңбек жағдайларын қызметкерлердің қауіпсіздігі талап етілетін деңгейде жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады, осыған орай қызметкерлерді ерікті медициналық сақтандыру, қызметкерлердің белгілі бір мұқтаждарына материалдық көмек төлеу сияқты әлеуметтік сипаттағы іс-шаралар жүргізіледі. Мұндай көзқарас тәжірибелі мамандарды мүдделі етуге әрі ұстап қалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жұмыстарды орындаудың әртүрлі кезеңдерінде консультанттар ретінде кәсіпқойларды тарту нұсқасы пайдаланылады.
Өндірістік қызметкерлер штатын үздік түлектермен толтыру үшін
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан - британ техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қаласының Геологиялық барлау колледжі сияқты мамандандырылған оқу орындарымен және басқа да оқу орындарымен ынтымақтастық орнату жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Тәжірибелі қызметкерлер мен жас мамандар үйлесімінде тиімді теңгерімге қол жеткізу, тәлімгерлік, білім беру және тәжірибе бөлісу жүйесін құру техникалық кадрлардың жетіспеушілігі және оларды сапалы даярлау проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
2017 жылдан бастап қоғамның кадрлық құрамында JORC және басқа да халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген (3 адамнан кем емес) халықаралық жобаларды іске асыруда (2 адамнан кем емес) тәжірибесі бар, геология саласында ғылыми дәрежесі бар (3 адамнан кем емес) мамандардың болуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ маркетингтік стратегияны әзірлеу және іске асыру мақсатында тәжірибелі маркетолог мамандар тартылады.
Ынталандыру және тиімділікті арттыру жүйесі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) түйінді көрсеткіштер негізінде ынталандыру жүйесін қызмет нәтижелерін бағалау саясатымен байланыстыру, бұл еңбек тиімділігін арттыруға, қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді жүзеге асыруға және түзету енгізу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді;
2) әрбір қызметкер жұмысының нәтижелігін бағалау нақты міндеттер мен жеке мақсаттарды орындауға тікелей байланысты болады;
3) компания мүдделеріне және қажеттіліктеріне сай келетін қызметкерлердің кәсіби білімі мен дағдылары деңгейін арттыру адами ресурстар сапасын көтеруге мүмкіндік береді;
4) кадрлық әлеуетті тиімді пайдалануға және қызметкерлердің мансаптық өсуін жоспарлауға бағытталған кадр резерві жүйесін іске асыру;
5) компанияның ұзақ мерзімді құнын барынша арттыру кепілі ретінде басшы қызметкерлердің басқару біліктілігін және көшбасшылық әлеуетін дамыту.
Жұмыскерлер уәждемесін арттыру әрі жыл сайынғы негізде әлеуметтік кепілдіктер ұсыну мақсатында компания бюджетінде қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге қаражат көзделеді.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) өндірістік кадрлардың тұрақтамау деңгейі;
2) біліктілікті арттыру шығыстарының жыл сайынғы деңгейі;
3) қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шығыстарының жыл сайынғы деңгейі.
Күтілетін нәтижелер:
Кәсіби кадрлық құрам қалыптастыру – қоғамның басты мақсаттарының бірі. Ынталандыру, сыйақы және уәждеме, тұрақты жаңартылатын кадр резерві, тәлімгерлік жүйе мен білім берудің тиімді жүйесі құрылады, бұл компания қызметін қажетті адами ресурстармен қамтамасыз етеді.
Тәуекелді басқару жүйесі
Корпоративтік басқарудың түйінді элементтерінің бірі ретінде тәуекелді басқарудың маңызын түсіне отырып, қоғам стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуді, қоғам құнының төмендеуі мен шығындардың құралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін тәуекелді басқару жүйесін ұдайы жетілдіріледі.
Қоғамдағы тәуекелді басқару жүйесінің құрылымы мына органдар мен бөлімшелерді: директорлар кеңесін, ішкі аудит қызметін, басқарманы, тәуекелді басқаруды ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшені, өзге де құрылымдық бөлімшелерді қамтитын бірнеше деңгейден тұрады.
Қазіргі уақытта, қоғамда директорлар кеңесі бекіткен тәуекелді басқару саясаты, тәуекелді сәйкестендіру, бағалау және басқару қағидалары қолданылуда. Жыл сайын қоғамның ықтимал тәуекелдерін, оларды бағалау әрі тәуекелдердің қатерлі шегін анықтауды қамтитын тәуекелдер тізілімі мен картасын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізіледі, олар бойынша басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Даму стратегиясын стратегиялық бағыттар бөлінісінде іске асыру кезіндегі қоғамның негізгі тәуекелдері
Тәуекел |
Тәуекел сипаттамасы (туындау себептері |
Іске асырудың ықтимал салдары |
Тәуекелдің алдын алу және туындаған жағдайда ден қою жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қызметтер ұсыну |
||||
Өндірістік бөлімшелерді бірлесіп құруға әріптестердің мүдделі болмауы |
1. Ықтимал әріптестер үшін бірлескен қызмет бойынша талаптардың қолайсыздығы. |
1. Көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізілмеуі. |
1. Қоғамның белсенді маркетинг саясаты. |
|
Кірістердің қажетті деңгейінің алынбауы |
1. Конкурстарға/тендерлерге қатысуға қойылатын біліктілік талаптары бойынша қоғамның сай келмеуі. |
1. Өтелмеген шығындардың құралуы. |
1. Қоғам көрсететін қызметтерді әртараптандыру. |
|
Геология саласын ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету |
||||
Геологиялық зерттеу орталығының жұмыс істеуі жөніндегі жобаның уақтылы іске қосылмауы |
1. «Назарбаев Университеті» тарапынан ғимараттар салу мерзімдерінің ұзаққа созылуы. |
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмасының орындалмауы. |
1. «Назарбаев Университетімен» құрылыс салу мерзімін жеделдету жөнінде ұдайы іс-қимыл жасау. |
|
Геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту |
||||
Инвестициялық компаниялар тарапынан ұсыныстардың болмауы |
1. Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалдың жеткілікті түрде қолайлы болмауы. |
1. Бюджет қаражатының жетіспеуіне байланысты жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы тоқырау. |
1. Жер қойнауын пайдалану және оған инвестициялар тарту саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру. |
|
Перспективалы учаскелер/алаңдар қалыптастыру үшін ақпараттың жеткіліксіздігі |
1. Қорлар материалдарын талдау деңгейінің жеткіліксіздігі. |
1. Инвестициялар тарту деңгейінің төмендігі. |
1. Жинақталған геологиялық материалдардың жоғары деңгейде талдануын қамтамасыз ету. |
|
Жалпы, қаржы және кадр тәуекелдері |
||||
Мемлекеттің жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді қаржыландыру көлемінің азаюы |
1. Бюджет қаражатының жетіспеуі. |
1. Барланған қорлар деңгейінің төмендігі. |
1. Бюджетті бөлуге жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге бюджеттен бөлу жоспарланатын сомалар мониторингі. |
|
Беделі мен рейтингінің төмендеуі |
1. ГБЖ бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауы/сапасыз орындалуы. |
1. Кірістер деңгейінің төмендеуі. |
1. ГБЖ-ның уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. |
|
Банкроттық |
1. Жұмыстар орындауға тапсырыстың болмауы. |
1. Қоғамды тарату. 2. Қоғамды қайта ұйымдастыру. |
1. Жұмыстар көлемін алу жөнінде шаралар қабылдау. 2. Өндірістік бағдарламаны орындау. 3. Өндірісті негізгі және қосымша құралдармен уақтылы жарақтандыру. 4. Қоғам бюджетін сапалы жоспарлау. |
|
Валюта тәуекелі |
1. Қаржы-экономикалық негіздемені түзету жөніндегі рәсімдердің ұзақтығы. |
1. Жабдықтар бағасының артуы. |
Жабдықтар сатып алу рәсімдерін жеделдету. |
Қызметтің түйінді көрсеткіштері (KPI)
Қоғам қызметінің тиімділігі мақсатында қызметтің мынадай түйінді көрсеткіштерін пайдалану арқылы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мониторинг пен талдау тұрақты негізде жүргізіледі:
Стратегиялық бағыт: Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қызметтер ұсыну
Мақсат: ҚПҚ және жерасты сулары бойынша отандық нарықта жетекші геологиялық барлау компанияларының қатарына кіру
KPI |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Бейінді бағыттар саны |
2 |
3 |
4 |
5 |
5 |
5 |
6 |
6 |
7 |
7 |
Стратегиялық бағыт: Геология саласын ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету
1-мақсат: геологиялық процестерді ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету
2-мақсат: зертханалық зерттеулердің толық ауқымының ұсынылуын қамтамасыз ету
KPI |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Уәкілетті органға геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау негізінде ұсынымдарымен талдама есептер беру (кемінде, есептер саны) |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
|
Тау жыныстары үлгілеріне зертханалық талдау жүргізу (мың сынама, кемінде) |
- |
100 |
110 |
120 |
130 |
140 |
150 |
150 |
150 |
150 |
Стратегиялық бағыт: Геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту
Мақсат: ҚПҚ бойынша геологиялық барлаудың инвестициялық процестерінің интеграторына айналу
KPI |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Геологиялық барлауға инвестициялар тарту (кемінде млрд. теңге, арттыра отырып) |
1 |
2 |
3 |
5 |
7 |
9 |
11 |
14 |
17 |
20 |
Инвестициялық жобалар шеңберінде барлау алаңының қамтылуын қамтамасыз ету (кемінде мың шаршы км, арттыра отырып) |
- |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
70 |
80 |
100 |
Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру (жобалар саны, кемінде) |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
Мақсат: қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету
KPI |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
2013 жылмен салыстырғанда компания құнын арттыру (%, кемінде, арттыра отырып) |
- |
- |
5 |
- |
- |
20 |
- |
- |
- |
50 |
2014 жылмен салыстырғанда таза кірістің өсімі (%, кемінде) |
- |
- |
50 |
- |
- |
100 |
- |
- |
- |
300 |
Активтердің рентабельділігін қамтамасыз ету (%, кемінде) |
- |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
2,5 |
Мақсат: корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру
KPI |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Корпоративтік басқару рейтингін алу |
- |
- |
4 |
5 |
5 |
6 |
6 |
7 |
7 |
8 |
Қызметкерлердің қанағаттану деңгейін қамтамасыз ету (%, кемінде) |
- |
60 |
65 |
70 |
70 |
70 |
70 |
70 |
70 |
70 |
Мақсат: кадр саясатының тиімділігін арттыру
KPI |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Өндірістік кадрлардың тұрақтамау деңгейі (%, кемінде) |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
5-15 |
Біліктілікті арттыруға жыл сайынғы шығыстар деңгейі (жылдық жиынтық кірістен, кемінде, %) |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға жыл сайынғы шығыстар деңгейі (жылдық еңбекақы қорынан, кемінде, (%) |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |