"Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37-бабы 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 14-бабы 4) тармақшасын және 2011 жылғы 30 мамырдағы азаматтардың конференцияларының N 1 хаттамасын негізге ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Аталмыш шешімге карта-сызбаға сәйкес орналасқан Бұқарбай батыр ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Абай Құнанбаев;
2) Жамбыл Жабаев;
3) Нұрылда Алмағанбетов;
4) Пірмахан Әлпейсов;
5) Нұрмағанбет Оспанқұлов;
6) Төлеубай Үркімбаев.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Н. ЖОНТАЕВ