Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды;
"қысқарту" деген сөз "тоқтату" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Айыпталушылардың істі соттың алқабилердің қатысуымен қарау құқығын және алқабилер қатысатын істер бойынша іс жүргізуді реттейтін заңнама нормаларын дұрыс әрі біркелкі қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар (бұдан әрі – соттар) төтенше жағдайлар кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтірулер туралы; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы аса ауыр қылмыстар туралы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде) және 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін алқабилердің қатысуымен қарайды.
Төтенше жағдай кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтірулер туралы; бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы; террористік және экстремистік қылмыстар туралы; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер, сондай-ақ ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттардың қарауына жатады.
Егер адам ҚК-нің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, олардың бірі бойынша іс алқабилер қатысатын соттың соттауына жататын қылмыс болып табылса, сондай-ақ, егер алқабилер қатысатын соттың қарауына жататын қылмыстық іс бойынша бірнеше адам айыпталып жатса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, онда оларға қатысты қылмыстық істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 14-бөлімінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.2. ҚПК-нің 634-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, істiң барлық материалдары танысу үшiн ұсынылған кезде, сондай-ақ келесi кезеңде де, оның iшiнде сотта iстi алдын ала тыңдауда, бiрақ сот басты сот талқылауын тағайындау туралы шешімді қабылдағанға дейiн күдіктінің, айыпталушының iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат мәлiмдеуге құқығы бар.
ҚПК-нің 297-бабына сәйкес, күдікті, айыпталушы қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша да, жазбаша да беруге құқылы.
Егер күдікті, айыпталушы қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша мәлімдесе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оның мазмұнын іс материалдарымен таныстыру хаттамасына енгізеді. Жазбаша өтініштің түскені туралы хаттамада көрсетіледі және өтініш іске тіркеледі.
Қылмыстық істі прокурорға жіберу, айыпталушыны сотқа беру кезінде мәлімделген өтінішті күдікті, айыпталушы жазбаша түрде береді және ол қылмыстық істі қарайтын сотқа дереу жіберіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы күдіктінің, айыпталушының өтінішхаты болуына немесе болмауына қарамастан ҚПК-нің 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдауды өткізу міндетті болғандықтан, оны өткізу барысында мұндай өтінішхат болған жағдайда, судья сотталуышыдан оның өз өтінішхатын қолдайтындығы туралы сұрайды. Мұндай өтінішхат болмаған жағдайда, судья сотталушыға істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатты тікелей осы сот отырысында мәлімдеуге оның құқығы бар екендігін түсіндіреді.
Сотталушы өз өтінішін растаған жағдайда немесе осындай өтініш алдын ала тыңдау барысында мәлімделсе, судья сотталушыға алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің құқықтық салдарымен қоса сот актілеріне шағым жасау ерекшеліктерін де түсіндіруге міндетті.
Судья қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандыру туралы шешімді істі алдын ала тыңдаудың қорытындылары туралы шығарылған қаулыда көрсетеді.
Судья істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Прокурор алдын ала тыңдау барысында айыптауды өзгертсе, бұл соттылықтың өзгертілуіне әкеп соқса, ҚПК-нің 321-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, iс айыптау актісін қайта жасау және iстi соттылығы бойынша жiберу үшiн прокурорға жолдауға жатады.
Мемлекеттік айыптаушы сот отырысының барысында айыптауды жеңілдетіп өзгерткен не айыптаудан ішінара бас тартқан жағдайда, судья істі жаңа айыптау бойынша талқылауды алқабилердің қатысуымен жалғастыру туралы қаулы шығарады.
Прокурор сот талқылауы сатысында айыптаудан толығымен бас тартқан жағдайда, ҚПК-нің 649-бабына сәйкес, төрағалық етуші алқабилерді сот талқылауына қатысудан босатады және жеке дара қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шағарады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5. Судья алқабилердің қатысуымен басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда келушілердің саны кемінде жиырма бес адам болатындай етіп сот отырысына шақырылуға тиісті алқабиге кандидаттардың жалпы санын анықтайды.
Судьяның өкімі бойынша ҚПК-нің 638-бабына сәйкес, сот отырысының хатшысы алқабиге кандидаттарды соттағы бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерден алдын ала кездейсоқ таңдау жүргiзу арқылы іріктеп алады.
Алқабиге кандидаттардың уақытында келуін қамтамасыз ету, қажетті жағдайларда алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі жасаған адамдарға және сотқа келуден себепсіз бас тартқан алқабиге кандидаттарға жауапкершілік шараларын қолдану, сот талқылауын ұйымдастырудың басқа да мәселелерін шешу мақсатында соттар ҚПК-нің 638-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, алқабиге кандидаттарға сотқа келетiн күнi мен уақыты көрсетілген хабарламаны сот отырысы басталғанға дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей тапсыруға тиіс.
Егер сотқа келген алқабиге кандидаттар саны жиырма бестен кем болса, судьяның өкімі бойынша сот отырысының хатшысы дара тізімнен алып, олардың қатарын осы санға дейін толықтырады.
Сотқа келген кандидаттардан алқабилерді іріктеу жөніндегі сот отырысы ҚПК-нің 350-ден бастап 363-ні қоса алғандағы баптарының, сондай-ақ 639-дан бастап 644-ні қоса алғандағы баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Егер жергілікті атқарушы органдар жасаған тізімде көрсетілген алқабиге кандидаттардың жеке басы туралы мәліметтер келген адамның төлқұжаттағы мәліметтеріне сай келмеген жағдайда, төрағалық етуші осы адамды кандидаттар санынан шығарып, алқабилер алқасын қалыптастыруға қатысудан босатады.
"Алқабилер туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Заңының (бұдан әрі – Алқабилер туралы заң) 11-бабының 5-тармағына сәйкес алқабиге кандидат сотқа келуден дәлелді себепсіз жалтарған кезде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 655-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін лауазымды тұлға ҚК-нің 436-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.6. Алқабилер қатысатын сот отырысының дайындық бөлігі ҚПК-нің 639-дан бастап 644-ні қоса алғандағы баптарының, 645-бабының бірінші бөлігінің және 646-бабының талаптары ескеріле отырып, осы кодекстің 43-тарауымен белгіленген тәртіппен , бұл ретте кандидаттар қатарынан алқабилерді іріктеу жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Төрағалық етуші алқабилерді іріктеу басталар алдында тараптарға ҚІЖК-нің 64, 65, 71-ден бастап 77-ні қоса алғандағы баптарында, 639-бабының төртінші бөлігінде, 642-бабында, 643-бабының екінші бөлігінде, 651-бабында, 653-бабының екінші бөлігінде, көзделген құқықтарын түсіндіреді.
ҚПК-нің 639-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, төрағалық етуші судьяның (бұдан әрі – судья) қойған сұрақтарына алқабиге кандидаттың шынайы жауап беруi және алқабидің өзi және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы басқа адамдармен қарым - қатынастары жөнінде өзге де ақпараттарды беруі туралы олардың міндеттерін түсіндіруі, сондай-ақ алқабиге кандидаттардан қылмыстық істі қарауға алқабилер ретінде қатысуға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы сұрауы алқабилер алқасын және соттың заңды құрамын қалыптастырудың міндетті шарты болып табылатындығына соттардың назары аударылсын.
Сонымен қатар, судья алқабиге кандидаттарға алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін мәліметтерді жасырып қалуы, олар алқабилер алқасының құрамына енгізілген жағдайда істі қарауға қатысуы шығарылған үкімнің күшін жою үшін негіз болатынын түсіндіруге міндетті.
Сонымен қатар, судья алқабиге кандидаттарға сұрақтар қою барысында тараптардың алқабиге кандидаттың осы қылмыстық істі қарауға қатысуына кедергі келтіруі мүмкін мән-жайларды анықтауға байланысты сұрақтарының түсінікті және нақты болуын және "Алқабилер туралы" Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген себептер бойынша (шығу тегі, дінге қатысы, нанымы және т.б.) алқабиге кандидаттардың құқықтарын шектеуге тиіс емес екендігін қамтамасыз ету үшін шара қолдануға міндетті.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.7. Алқабиге сұрақ қою барысында ҚПК-нің 640-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда судья алқабиге кандидатты бұл туралы жазбаша немесе ауызша арызы болған кезде алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.
Кандидаттар қатарынан алқабилерді іріктеу кезінде төрағалық етуші, сондай-ақ тараптар ҚПК-нің 639-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кандидатқа алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтар қоя алады. Сұрақтар қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.
Алқабиге кандидат өзінің жеке басына байланысты деректерді жария етпеу мақсатында төрағалық етушіге жасырын түрде жауап беруге құқылы.
Сот немесе құқық қорғау органдары туралы өздерінде үстірт пікір қалыптастыруы немесе объективті болмау ықтималдығы туралы күмән тудыруы мүмкін фактілер болған жағдайда, алқабиге кандидат алқабидің міндеттерін орындаудан босатылады. Осы ретте соттар алқабиге кандидатты алқабидің міндеттерін орындаудан босатуға оның әкімшілік жауапқа тартылуының кез келген оқиғасы емес, сот тәртібімен әкімшілік қамауға алыну фактісі ғана негіз бола алатынын ескергендері жөн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.8. "Алқабилер туралы" Заңның 13-бабының 4-тармағына және ҚПК-нің 645-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, судья ҚПК-нің 647-бабының төртінші бөлiгiмен белгiленген шектеулердi сақтамаған алқабиді басты сот талқылауының кез келген кезеңінде iске одан әрi қатысудан шеттете алады.
ҚПК-нің 639-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, өздiгiнен бас тартулар мен алқабиге кандидаттарға мәлiмделген қарсылық білдiрулердi және алқабиге кандидатты босатуға байланысты басқа да мәселелердi, сондай-ақ ҚПК-нің 645-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, алқабидi істі қараудан шеттету туралы мәселелерді судья тараптардың қатысуымен кеңесу бөлмесiне кетпей-ақ жеке-дара шешедi, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8-1. Сот отырысының хатшысы сот отырысынан тыс алқабилермен сот процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылауға құқылы.
Ескерту. Нормативтік қаулы 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуінің ерекшеліктері ҚПК-нің 640-бабының 562-бабымен айқындалады.
ҚПК-нің 650-бабының бесінші және алтыншы бөліктерінде белгіленген шектеулерді қоспағанда, іс бойынша анықталған барлық нақты деректер алқабилердің қатысуымен зерттелуге жатады.
Осыны, сондай-ақ ҚПК-нің 650-бабының ережелерін ескере отырып, судья сот талқылауын айыпталушыға тағылған айыптың шегінде ғана өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тараптардың алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауы және істі талқылаудан алып тасталған дәлелдемелерге сілтеме жасамауы керек екенін ескеруге тиіс.
Судья осындай мән-жайлар анықталған жағдайда тараптардың мұндай сөздерін үзіп тастап, алқабилерге шешім қабылдаған кезде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін түсіндіреді.
Судья жарамсыз дәлелдемелерді және алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды зерттеу тәртібін оның ескертуіне қарамастан тараптар бірнеше мәрте бұзған жағдайда, оларды сотты құрметтемегені үшін ӘҚБтК-нің 653-бабының тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
Сот жарамсыз деп танымаған, сондай-ақ істің шешілуі үшін елеулі маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді тараптардың зерттеуінен бас тартуды олардың құқықтарын шектеу деп, яғни ҚПК-нің 662-бабына сәйкес, үкімнің күшін жоюға әкеп соғатын қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу ретінде бағалау керек.
Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған сотталушылардан кінәсін мойындауы туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат түскен кезде, төрағалық етуші ҚПК-нің 628-бабында көзделген әрекеттерді орындайды. Егер кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалмаса, істі қарау бұрынғы тәртіпте жалғастырылады.
Сотталушыдан ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы жазбаша түрде өтінішхат түскен жағдайда, төрағалық етуші өтінішхатты ҚПК-нің 619-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, ҚПК-нің 619-бабының алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттерді орындауы үшін прокурорға жібереді. Егер бұл ретте сот талқылауын жалғастыру мүмкін болмаса, сот істі талқылауды белгілі бір мерзімге кейiнге қалдыру туралы ҚПК-нің 341-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаулы шығарады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.10. Сот басты сот талқылауы барысында айыптаушы және қорғаушы тараптар ғана ұсынған дәлелдер зерттелетінін ескере отырып және соттың сот талқылауы барысында объективтілікті және бейтараптылықты сақтауы туралы заңның талаптарына сәйкес, тергеу әрекеттерінің хаттамаларын, сарапшылардың қорытындыларын, жәбірленушілердің, куәлердің айғақ хаттамаларын және іске тігілген басқа да құжаттарды бұл туралы өтінішті мәлімдеген тараптардың жария етуін қамтамасыз етуі қажет.
Алқабилердің қатысуымен процестік шешім – күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шығарылған тергеу судьясының қаулысы, сондай-ақ жәбірленушілерді, куәлерді мәжбүрлеп әкелу, процеске қатысушыларға қарсылық білдіру сияқты сот талқылауы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер мен өтініштер, бұлтартпау шарасына қатысты мәселелер және алқабилердің құзыретіне кірмейтін әрі сотталушы мен процестің басқа да қатысушыларына қатысты теріс түсінік тудыруы мүмкін басқа да құқық мәселелері алқабилердің қатысуымен зерттеуге жатпайды.
Сотталушылардың алдын ала тергеу барысында өздеріне күш қолданылғаны немесе психикаға әсер етілгені, оның алынған дәлелдемелерге ықпал еткені туралы арыздары алқабилердің қатысуымен қарауға жатпайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. ҚПК-нің 650-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, сотталушының жеке басы туралы деректер ол айыпталып отырған қылмыс құрамының жекелеген белгілерін анықтау үшін қажет шамада ғана алқабилердің қатысуымен зерттеледі.
Сотталушыға қатысты бұрынғы соттылық фактілері, сондай–ақ сотталушыны сипаттайтын, алқабилердің теріс пікірін тудыруы мүмкін басқа да деректер олардың қатысуымен зерттелмейді.
Сот талқылауы барысында сотталушының есі дұрыс емес екендігі анықталған жағдайда, судья ҚПК-нің 659-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық істі ҚПК-нің 657-бабының 1-тармағына сәйкес тоқтату туралы қаулы шығарады және ҚПК-нің 11 бөлімінде көзделген тәртіппен есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені жеке дара қарайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.12. ҚПК-нің 637-бабына сәйкес, дәлелдемелер ретінде жарамсыз деп танылған нақты деректердi iс материалдарынан алып тастау алқабилердің қатысуымен сот отырысын тағайындау кезінде алдын ала тыңдаудың қорытындылары бойынша шығарылатын шешімдердің ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Судья жарамсыз дәлелдемелерді алып тастау туралы мәселені тараптардың өтініші не өз бастамасы бойынша шешеді.
Егер дәлелдеме ҚПК-нің 112-бабында көрсетілген заң нормалары бұзылып алынса, сот оны жарамсыз деп таниды.
ҚПК-нің 636-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, дәлелдемелер ретiнде жарамдылығын тексеру үшiн iс материалдары қажет жағдайда алдын ала тыңдауда жария етілуі мүмкiн.
Дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы өтініштерді қарау тәртібі ҚПК-нің 362-бабының үшінші бөлігімен және "Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 5-тармағымен реттелген. Сот осы нормаларға сәйкес, сот талқылауы тараптарының пікірін тыңдай келіп, дәлелдемені жарамсыз деп тану туралы әрбір мәлімделген өтінішті қарауға және оны қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).13. Істі алқабилердің қатысуымен қарау кезінде тараптар судьяның рұқсатынсыз алқабилерге істе бұрын сот шешімімен алып тасталған дәлелдемелердің бар екендігі туралы айтуға құқылы емес.
Судья ҚПК-нің 648 және 650-баптарын басшылыққа ала отырып, алқабилерді жол берілмейтін дәлелдемелермен таныстыру, сондай-ақ олардың құзыретіне кірмейтін мәселелерді зерттеу мүмкіндігін болдырмайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Судья алқабилерді дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректермен таныстыруға тиіс емес. Егер сот талқылауы барысында ҚПК-нің 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер анықталса, төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен оларды осындайлар қатарынан алып тастау туралы мәселені шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда оларды заңды күші жоқ деп тануға, ал оларға жүргізілген зерттеуді жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешім қабылдау кезінде оларды ескермеу керектігін түсіндіруге міндетті.
Егер сот отырысы барысында сотталушы өзіне алдын ала тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді (айғақтар беруге мәжбүрлеу, азаптау) қолданғаны туралы мәлімдесе, судья сотталушының айғақтарын алқабилердің қатысуынсыз зерттейді, ол көрсеткен адамдардан жауап алуды жүзеге асырады. Егер тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы фактілер расталмаса, сот бұл туралы алқабилерге хабарлайды.
Егер алдын ала тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді қолдану туралы фактілер расталса, судья осындай тәсілмен алынған дәлелдемелерді жарамсыз деп таниды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөздері ҚПК-нің 651-бабына сәйкес екі бөлімнен тұрады және сот ісін жүргізудің осы нысаны бойынша істі қараудың ерекшеліктері ескеріліп жүргізіледі.
Тараптардың жарыссөз рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету судьяға жүктелгендіктен, ол жарыссөздерді алқабилердің шешуіне жататын сұрақтар шегінде ғана өткізу туралы заң талаптарын басшылыққа алуға тиіс.
Тараптар өз ұстанымын негіздеу үшін жарыссөздің бірінші бөлігінде жарамсыз деп танылған немесе сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге не болмаса жарыссөздің екінші бөлігінде шешілуге жататын мән-жайларға сілтеме жасаған жағдайда, судья ҚПК-нің 563-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, процестің мұндай қатысушысының сөзін тоқтатып, кеңесу бөлмесінде шешім шығару кезінде осы мән-жайларды ескермеуге тиіс екендіктерін алқабилерге түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).15. ҚПК-нің 653-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, сұрақтарды талқылау және тұжырымдау кезінде алқабилер сот отырысы залынан шығарылатынына соттардың назары аударылсын.
ҚПК-нің 653-бабының екінші бөлігіне сай, тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерінің ескертпелерін айтуға, сондай-ақ жаңа сұрақтарды қою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы және жаңа сұрақтарды қою туралы ұсыныстар бойынша ауызша ескертпелер жасаған жағдайда, осы ескертпелер сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Егер ескертпелер мен ұсыныстарды тараптар жазбаша нысанда берсе, олар істің материалдарына тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасына белгі түсіріледі.
Судья тараптардың ескертпелері мен ұсыныстарын назарға ала отырып, сұрақтарды кеңесу бөлмесінде түпкілікті тұжырымдап, оларды сұрақ парағына енгізеді және оған қол қояды. Сот залына оралғаннан кейін судья тараптардың және алқабилердің қатысуымен сұрақ парағын оқиды.
ҚПК-нің 653-бабына сәйкес, іс бойынша сотталушылардың санына қарамастан жалғыз сұрақ парағы толтырылады.
Судья тараптар талқыламаған сұрақтарды сұрақ парағына енгізуге құқылы емес.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.16. ҚПК-нің 654-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, сотталушы жасаған деп айыпталатын әрекеттердiң әрқайсысы бойынша:
әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;
бұл әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме;
бұл әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме деген үш негiзгi сұрақ қойылады.
ҚПК-нің 656-бабының оныншы бөлігіне сәйкес, алқабилерден әрекетті құқықтық саралауды талап ететін сұрақтар жеке не болмаса басқа сұрақтардың құрамында қойылмайды.
Осыған байланысты, кісі өлтіру, аса қатыгездікпен кісі өлтіру, бұзақылық немесе пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру, кенет пайда болған жан күйзелiсi жағдайында кісі өлтіру, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру, зорлау, қарақшылық сияқты және т.б. ерекше заң терминдерін пайдаланып, алқабилер алдында сұрақтар қоюға болмайды.
Алқабилердің шешуіне жататын сұрақтар олар үшін түсінікті тұжырымдалып қойылуға тиіс.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.17. Сотталушыны аяқталмаған қылмыс жасады (оқталу) деп айыптаған жағдайда судья ҚПК-нің 654-бабында көзделген сұрақтарды, соның ішінде әрекеттің аяғына дейін жеткізілмеу мән-жайының дәлелденгені туралы сұрақтарды алқабилердің алдына түсінікті етіп тұжырымдап қоюға тиіс. Бұл ретте сұрақта сотталушыны өзінің ниетін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырған себепке сілтеме ғана емес, сол себептің нақты мазмұны (салған кезінде пышақ жүзінің сынып қалуы, жәбірленушінің сотталушы қолындағы қаруды қағып түсіруі, жәбірленушіге білікті дәрігерлік көмектің дер кезінде көрсетілуі және т.б.) ашылып көрсетілуге тиіс.
Сотталушының кінәлілік дәрежесін төмендететін не оны қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соғатын мән-жайлар туралы жеке сұрақтарды қою кезінде қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған басқа адамдардың кінәлілігі туралы сұрақтарды сұрақтар парағында қоюға болмайды.
Сотталушының ауырлығы шамалы қылмысты жасау кінәсін анықтауға мүмкіндік беретін жеке сұрақтарды қою кезінде, егер осы арқылы сотталушының қорғану құқығы бұзылмаса және оның жағдайы нашарламаса, ҚПК-нің 566-бабының екінші бөлігімен көзделген талаптарды сақтау қажеттігін соттардың назарда ұстағандары жөн.
Бұған қоса, тұжырымдалған сұрақтарға берілетін жауаптар сотталушыға тағылмаған не мемлекеттік айыптаушы (жәбірленуші) қолдамаған айып бойынша оны әлдеқайда ауыр әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп тануға жол бермеуге тиіс.
Қылмысты адамдар тобы жасаған деп айып тағылған жағдайда, сұрақтардың мазмұны оларға қандай жауап қайтарылса да басқа сотталушылардың кінәлі екендігі туралы мәселені алдын ала шешпейтіндей болуы үшін, ҚПК-нің 566-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, шешуге жататын сұрақтар әрбiр сотталушыға қатысты жеке қойылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
19. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
20. ҚПК-нің 656-бабының талаптарына сәйкес, қойылған сұрақтар бойынша шешімді судья мен алқабилер алқасы тек кеңесу бөлмесінде шығарады. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың, соның ішінде қосалқы алқабилердің болуы соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкімінің күшін жою үшін негіз болып табылады.
Судья мен алқабилер дауыс беру үшін әрбір сұраққа бір таза бюллетеннен алады.
Бұл ретте судья ҚПК-нің 655 және 656-баптарының талаптарына сәйкес, негізгі және қосымша сұрақтар бойынша дауыс беру жасырын түрде жүргізілетінін ескеріп, дауыс беруді жасырын түрде жүргізудің заңдылығын қамтамасыз етуге тиіс.
Судья және әрбір алқаби құпия дауыс беру туралы заң талабын орындай отырып, басқа дауыс берушілерге көрсетпей, бюллетеньде өзінің жауабын "иә" немесе "жоқ" деген сөздерге "дәлелденді", "дәлелденген жоқ", "кінәлі", "кінәсіз" деген түсіндірме сөздерді қоса жазып, оны жәшікке салады. Бірінші сұрақ бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші жәшікті ашады да алқабилердің қатысуымен дауыстарды санайды.
Дауыстарды санаудың нәтижесін төрағалық етуші сұрақ парағында көрсетiлген бірінші сұрақтың тұсына жауапты және жауаптың мәнін ашатын міндетті түсіндірме сөзімен немесе сөз тіркесімен ("иә, дәлелдендi", "жоқ, дәлелденген жоқ") көрсетіп жазады.
Барлық негізгі және қосымша сұрақтар бойынша дауыс беру осындай тәсілмен жүргізіледі.
ҚПК-нің 656-бабының он төртінші бөлігіне сәйкес судья мен алқабилердің жауаптары бар сұрақ парағына олардың әрқайсысы қол қояды, содан кейін "сұрақ парағы" деген жазуы бар конвертке салынып және осы түрде іс материалдарына қоса тігіледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.21. Егер алқабилердің біреуінің қатысуға мүмкіндігінің жоқ екені кеңесу бөлмесінде анықталса, онда ҚПК-нің 645-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, судья мен алқабилер кеңесу бөлмесінен сот отырысының залына шығуға тиіс. Бұл ретте судья осы алқабиді қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билет жәшіктен қандай тәртіппен алынса, сол тәртіппен қосалқы алқабимен ауыстырады да кеңесу бөлмесіне кетеді.
Егер мұндай алқабилерді ауыстыруға қосалқы алқабилер жетпеген жағдайда судья ҚПК-нің 557-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялап, алқаны таратады және ҚПК-нің 638-бабына сәйкес, сот талқылауын алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).22. ҚПК-нің 656-бабының он және он бірінші бөліктеріне сәйкес, сотталушының қылмыстық әрекетіне қылмыстық заңды қолдану және оның әрекеттерін ҚК-нің Ерекше бөлігінде көрсетілген баптармен саралау мәселелерін судья алқабилердің қатысуынсыз шешеді.
ҚПК-нің 390-бабы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында көзделген сұрақтарды судья алқабилердің қатысуымен ашық дауыс беру арқылы шешеді.
Егер дауыс берушілердің көпшілігі шешімді жақтап дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Он бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, егер дауыс берушілердiң сегiзi және одан да көбi осындай шешімді жақтап дауыс берсе, тағайындалуы мүмкiн екендігін назарда ұстаған жөн.
Айрықша жазалау шарасы-өлiм жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы судья мен алқабилер бiрауыздан шешiм шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.23. ҚПК-нің 657-бабына сәйкес, сот алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қараудың нәтижелері бойынша айыптау немесе ақтау үкімін не ҚПК-нің 343-бабында көрсетілген жағдайларда істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
ҚПК-нің 657-бабының екінші тармағына сәйкес, сот алқабилердің қатысуымен ҚПК-нің 654-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген үш негізгі сұрақтың кем дегенде біреуіне теріс жауап берілген жағдайларда ақтау үкімін шығарады.
Осыған сәйкес, басты сот талқылауы барысында ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар анықталған кезде, сондай-ақ прокурор қылмыстық оқиғаның, қылмыс құрамының болмауына немесе сотталушының қылмысқа қатысуының дәлелденбеуіне байланысты айыптан бас тартса (ҚПК-нің 337-бабының жетінші бөлігі), судья қалған тараптардың пікірлерін тыңдап, алқабилерді сот отырысына әрі қарай қатысудан босатады және қылмыстық істі ҚПК-нің 343 және 649-баптарына сай тоқтату туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).24. Сотта алқабилердің қатысуымен үкім шығару кезінде судья ҚПК-нің 658-бабының бірінші бөлігімен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ҚПК-нің 46-тарауымен көзделген ережелерді басшылыққа алады.
Ақтау үкімінің сипаттама-дәлелдеу бөлiгiнде сотталушыға тағылған айыптаудың мәні жазылып, ақтау негізі ретінде алқабилер алқасының шешіміне сiлтеме жасалады.
Бұған қоса, ақтау үкімінiң сипаттама-дәлелдеу бөлiгi мен қарар бөлiгiнде алқабилер қатысқан соттың шешіміне сілтемемен қоса, судья алқабилер алқасының олардың алдына қойылған үш сұраққа берген жауаптарына сәйкес ақтау негіздемелерін нақтылауы қажет.
Сотталушы оқиғаның (әрекеттің орын алғаны не алмағаны) дәлелденгені туралы бірінші сұраққа теріс жауап берілген жағдайда қылмыс оқиғасы болмағаны үшін ақталуға тиіс.
Сотталушы бірінші сұраққа оң жауап беріліп, ал сотталушының қылмысты жасауға қатыстылығының дәлелденгені туралы екінші сұраққа теріс жауап берілген жағдайда оның қылмыс жасауға қатысуы дәлелденбегені үшін ақталуға тиіс.
Сотталушы бірінші екі сұраққа оң жауап беріліп, ал үшінші сұраққа теріс жауап берілген жағдайда оның әрекетiнде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталуға тиіс.
Ақтау үкімінде сондай-ақ мәлімделген азаматтық талап, іс жүргізу шығындары, заттай дәлелдемелер мәселесі бойынша қабылданған шешімдер де көрсетіледі.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).25. ҚПК-нің 658-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес, айыптау үкімінің сипаттама-дәлелдеу бөлiгiнде алқабилер алқасы сотталушыны жасағаны үшін кінәлі деп таныған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы, жасалған қылмыстық әрекеттің ҚК-нің қандай бабымен саралануға тиіс екендігі, сондай-ақ жаза тағайындаудың себептеріне және басқа да мәселелерге қатысты (азаматтық талап қою, заттай дәлелдемелер мәселесі және т.б. бойынша) сот шешімінің негіздемелері көрсетілуге тиiс.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).26. ҚПК-нің 48 және 49-тарауларының талаптарына сәйкес, соттың алқабилердің қатысуымен шығарған, заңды күшіне енбеген үкімін оған шағым берілген немесе наразылық келтірілген жағдайда қайта қарау апелляциялық сатыда жүзеге асырылады және іс кемінде үш судьяның қатысуымен қаралады.
Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімді өзгертудің немесе күшін жоюдың негіздері ҚПК-нің 662-бабы екінші бөлігінің 1-ден бастап 5-ні қоса алғандағы тармақтарында көрсетілген.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.27. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күші жойылып, іс басты сот талқылауы сатысынан соттың жаңадан қарауы үшін жіберілген жағдайда іс алқабилердің қатысуымен қаралады.
Егер үкімнің күші жойылып, іс алдын ала тыңдау сатысынан соттың жаңадан қарауына жіберілсе, онда ҚПК-нің 321-бабында көзделген барлық мәселелер, соның ішінде істі алқабилерді қатыстырып қарау туралы мәселе осы сатыда шешіледі.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).28. Прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген, сондай-ақ ҚПК-нің 662-бабы екінші бөлігінің 5) тармағымен көзделген, атап айтқанда, судьяның алқабилер алқасын қалыптастыру, алқабилердің қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелерді талқылау, алқабилердің шешуіне жататын мәселелерді тұжырымдау, сот жарыссөздерін жүргізу, соның ішінде жарамды дәлелдемелерді негізсіз алып тастау кезінде заңды үкім шығаруға әсер еткен немесе әсер етуі ықтимал жағдайларды қоспағанда апелляциялық саты сотының алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімінің күшін жоя алмайтынына соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).29. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерді, қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-нің 485-бабының бірінші бөлігінің 1-тармағында және екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша не жазаны тағайындаған кезде ҚК-нің Жалпы және Ерекше бөліктерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жүзеге асырады.
Жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).30. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
31. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Б.Бекназаров |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Д.Нұралин |