1992 жылғы 17 наурызда Хельсинкиде (Финляндия) жасалған Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Конвенцияның мақсаттары үшін құзыретті органдар;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2021 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы хатшылығына қабылданған шешім туралы хабарласын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 364 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 922 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат).