Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2016 № 364 қаулысымен.
Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.12. N 922, 2006.04.28. N 340 қаулыларымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі