"Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 321 қаулысы

Қолданыстағы

      Баспасөз релизі!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
      «1. Кіріспе» деген бөлімде:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылы Адами дамудың индексі рейтингінде (188 ел мен аумақтан) Қазақстан адами даму деңгейі жоғары елдер тобына сәйкес келетін 56-орынға ие болды.»;
      Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамыту пайымында:
      он жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жұмыс беруші – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі), еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты табысынан айырылудың әлеуметтік қаупі орын алған кезде, жүктілікке және бала тууға, бала күтімі бойынша демалыстарға байланысты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударылатын әлеуметтік аударымдар.»;
      жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халық денсаулығының жағдайы жақсарды. 1995 жылы елеулі төмендеуден кейін қазақстандықтардың өмір сүруінің болжамды ұзақтығы 2014 жылы 8,1-ге дейін ұлғайып, 71,62 жасты құрады.
      Тәуелсіздік жылдары ішінде ана өлімі 5,5 есеге азайып, 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тірі туылғанға шаққанда 12,3 көрсеткішін құрады.
      Соңғы алты жылдың ішінде (2009 – 2015 жылдар) нәресте шетінеушілігі 1000 тірі туылғанға шаққанда 9,39 деңгейіне дейін 3 есеге төмендетілді.
      Ынтымақты зейнетақы жүйесіне қатысушыларды зейнетақымен қамсыздандыру ету деңгейі тұрақты түрде артуда. Осылайша, соңғы 16 жылда (1999 – 2015 жылдар) зейнетақының ең аз мөлшері 8 есеге (3 000-нан 23 692 теңгеге дейін) зейнетақының орташа мөлшері 9,4 есеге (4 179-дан 39 379 теңгеге дейін), зейнетақының ең жоғары мөлшері 8,4 есеге (7 256-дан 60 947 теңгеге дейін) өсті.
      Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. 2013 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-ды құрады, бұл 1999 жылмен (13,5 %) салыстырғанда елеулі ілгерілеуді көрсетеді. Нақты қазіргі уақытта жұмыспен қамту саласындағы саясат жұмыссыздық деңгейін 5 % деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.»;
      «1. Білім беру» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі жетістіктерде»:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балаларды (3-6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту екі есеге – 2009 жылғы 36,2 %-дан 2015 жылы 81,6 %-ға өсті. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігі енгізілді.
      Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында республикада үш ауысымды және авариялық жағдайдағы мектептердің орнына және оқушылар орнының тапшылығын азайту үшін мектептер құрылысы жүріп жатыр, ол авариялық мектептер санын 2013 жылдан 2015 жылға дейін – 2,6 %-дан 1 %-ға дейін, үш ауысымды мектептер санын 1,2 %-ға дейін, оқушылар орнының тапшылығын 39 мың орынға дейін азайтуға мүмкіндік берді.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үштілді білім беру белсенді түрде енгізілуде. 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық бірінші сыныптарда ағылшын тілін оқыту енгізілді.»;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың 25 бағдарламасы әзірленіп бекітілді, олар бойынша 2015 жылы еліміздің 2700-ден астам педагогі оқытылды.»;
      он екінші және он үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары білімнің қолжетімділігі кеңейтілуде. Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) қоғам алдындағы білім беру сапасы үшін жауапкершілігін, оның ішінде әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қарастырылатын болады. Кадрлар даярлау үш деңгейлі модель бойынша жүргізіледі: бакалавр – магистр – PhD докторы. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы жүзеге асырылуда. Алғашқы зерттеу университеттері: мемлекеттің 100%-дық қатысуымен «Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (2014 жылы) және Назарбаев Университеті (2015 жылы) құрылды. 11 базалық ЖОО елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін кадрлар даярлауды жүргізеді.
      Мемлекеттік жастар саясаты саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 және 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 983 қаулыларымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (екінші кезеңі – 2016 – 2020 жылдар) іске асырылуда.»;
      «Өзекті мәселелерде»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту одан әрі кеңейтуді талап етеді. Бұдан басқа, халықаралық ұйымдар 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесіне тарту арқылы балаларды ерте дамыту қажеттілігін алға тартып отыр.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «ЖОО студенттерін үштілді оқыту бағдарламаларымен қамту төмен деңгейде қалып отыр. ЖОО-ның ғылыми әлеуеті тиімсіз қолданылуда. Әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін практикалық түрде іске асыруға дейін қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдарды қолдаудың институционалдық нысандары дамымаған. ЖОО-ның қоғам алдында есеп беру тетігін реттемеген. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету үшін жағдайлар толық көлемде жасалмаған.»;
      «2. Денсаулық сақтау» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі жетістіктерде»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджеттен барабар қаржыландыру жыл сайын өсе отырып қамтамасыз етілген, 2015 жылы қаржыландыру көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.»;
      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Елдің шалғайдағы аудандарын медициналық көрсетілетін қызметпен қамтамасыз ететін көлік медицинасы жедел қарқынмен дамып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 16 тікұшақ (14 ЕС-145 тікұшағы мен 2 Ка-32 тікұшағы) сатып алынды.
      Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 4 млн. астам бала және 2 млн. астам ересек зерттеп-қаралды, бұл ауруларды ерте сатыларда анықтауға және тоқтатуға мүмкіндік береді.»;
      оныншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстандықтардың денсаулығы едәуір жақсарды. Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде соңғы алты жыл ішінде (2009 – 2015 жылдары) қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын азаматтардың өлім-жітімі 52,6 %-ға азайды. Туберкулезбен сырқаттанушылық соңғы 10 жыл ішінде 2,2 есеге, ал өлім-жітім 5 есеге азайды.
      Жоғары технологиялық медициналық көмек дамытылуда. 2015 жылдың өзінде 11 мыңнан астам кардиохирургиялық операция, 300-ге жуық органдарды алмастыру операциясы жасалды. Жүрек алмастыру операциясы енгізілді, жамбас буынын эндопротездеу операциясы қол жетімді болды. Онкологиялық аурулар кезінде органдарды сақтайтын бірегей операциялар жасалады.»;
      «Өзекті мәселелерде»:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда болжамды өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 71,62 жасты құрады, бұл кіріс деңгейі ұқсас елдерге қарағанда 4 жылға төмен.
      Бұл еңбекке қабілетті жаста жүрек-қан тамыр аурулары, жол-көлік оқиғалары мен онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің жоғары деңгейімен байланысты. Туберкулезбен және көптеген дәріге көнбейтін туберкулезбен сырқаттанушылық жоғары деңгейде қалып отыр.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғарыда көрсетілген проблемалардың басым бөлігін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) деңгейінде шешуге болады. Халықаралық тәжірибе МСАК-ты қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау шығыстарының кемінде 40 %-ын құраған жағдайда МСАК тиімділігі мен ең көп қамтылуына қол жеткізілетінін көрсетіп отыр. Алайда 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан МСАК-қа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қаражатының 30 %-ын ғана жұмсаған.»;
      «3. Әлеуметтік қорғау және еңбек нарығы» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі жетістіктерде»:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамды іске асыру шеңберінде (83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру) Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.»;
      бесінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында еңбек қатынастары саласына мемлекеттің араласу шектері нақты айқындалған және тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігі айқындалған.
      Ең төмен еңбек стандарттары, базалық кепілдіктер мен жұмыскерлерге өтемақылар белгіленген.
      Еңбек кодексі еңбек қатынастарын икемді реттеу тетіктерін кеңейтуге, кәсіпорындардың дамуына кедергі жасайтын шектеулер қатарын алып тастауға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуға және инвестицияларды тартуға оң әсерін тигізеді.»;
      «Өзекті мәселелерде»:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бейресми жұмыспен қамту кең таралған құбылыс болып қалып отыр. Бейресми сектор Қазақстанда кең ауқымды, 15-тен 64 жасқа дейінгі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың шамамен төрттен бірі бейресми түрде жұмыс істейді.»;
      «4. Ақпараттық кеңістік, мәдениет және спорт» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі жетістерде»:
      сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соңғы он жылда мәдениет ұйымдары санының артқаны байқалады: театрлар саны 21 %-ға, музейлер саны 26 %-ға, клубтық типтегі мекемелер саны 22 %-ға артты.
      2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде музейлерге келушілер саны 19 %-ға, театрға келушілер саны 3 %-ға, концерттік ұйымдар өткізетін іс-шаралар көрермендерінің саны 48 %-ға артты.»;
      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттың негізгі зияткерлік ресурсына айналған Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы серпінді дамып келеді, оның қоры 23 мыңнан астам құжаттардың электрондық көшірмесін қамтиды.»;
      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Әлеуметтанушылық зерттеулердің деректеріне сәйкес 2015 жылы халықтың мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасына қанағаттануы 69,1 %-ды құрады.
      2014 жылғы 4 қарашада алғаш рет Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада саланың мәртебесін арттыруға бағытталған, оны сапалы жаңғырту мен орнықты дамытудың жүйелі шаралары көзделген.
      Тұжырымдама ұлттық саналуандылықты сақтау негізінде қазақстандық мәдени кеңістікті дамытуға, азаматтардың рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыруға, отандық мәдениетті әлемдік мәдени кеңістікпен ықпалдастыруға, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын елімізде және шет елдерде кеңінен ілгерілетуге, бәсекеге қабілетті мәдени ортаны және қазіргі заманғы мәдени кластерлерді қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасауға және т.б. бағытталған міндеттер қатарын іске асыруға мүмкіндік береді.»;
      он үшінші және он төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны 2012 жылғы 21,6 %-дан 2015 жылы 26,3 %-ға дейін ұлғайды.
      Жыл сайын спорт ғимараттарының саны артып келеді, осылайша 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада 35 783 ғимарат жұмыс істейді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға артқанын көрсетеді.»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығымен Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдама дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған, ол бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын қарқынды дамытудың біріктіруші бастамасы және басты қозғалтқыш күші ретіндегі ұлттың спорттық әлеуетін жұмылдыруға мүмкіндік береді.»;
      «Өзекті мәселелерде»:
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауылдық және қалалық аумақтардағы спорттық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы деңгейінде айырмашылықтар бар. Спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз, олардың, әсіресе, ауылдық жерлерде спорттық керек-жарақпен төмен қамтылуы атап өтіледі. 2015 – 2016 оқу жылы бойынша типтік ғимараттарда 5380 мектеп орналасқан. Республиканың 5823 мектеп спорт залының 5151-і (немесе 71 %-ы) типтік ғимараттарда орналасқан. Оның ішінде 4294 (немесе 60 %) ауыл мектебінде спорт залдар бар, оның ішінде 3673-і (немесе 51 %-ы) типтік ғимараттарда орналасқан. 2015 жылы елде 111,5 мың бала мен жасөспірімді қамти отырып 575 аула клубы, 96 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы (БЖДШК) жұмыс істеді.»;
      «5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі жетістіктерде»:
      бірінші, екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соңғы онжылдықта жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды міндеттердің бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады. 2014 жылға арналған тұрғын үй қоры 336,9 млн. шаршы метрді құрады, бұл 2004 жылға қарағанда 84,2 млн. артық.
      Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтылуы 2015 жылғы жағдай бойынша бір адамға есептегенде 21,0 шаршы метрді құрайды. Жыл сайын енгізілетін тұрғын үйдің жалпы алаңының көлемі 2003 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 4 еседен артыққа өсіп, 2015 жылы 8,9 млн. астам шаршы метрді құрады.
      2015 жыл ішінде республикада 1 945 км инженерлік-коммуникациялық желілер құрылды. Оның ішінде енгізілген электр желілерінің ұзындығы 760 км, газ – 399 км, жылу – 200 км, су құбыры және кәріз – 440 км, байланыс желілерінің ұзындығы 145,8 км құрады.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орташа класс пен халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне арналған тұрғын үй салуға ынталандыруға бағытталған шаралар қабылданды: жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік қаражат есебінен қолжетімді тұрғын үй салу.»;
      «Өзекті мәселелерде»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экономикалық белсенді халықтың негізгі бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі төмен деңгейде қалып отыр.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазіргі тұрғын үй қорында көппәтерлі үйлерге жататын тұрғын үйдің 26 %-ы жекелеген жөндеу түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3 %-ы одан әрі пайдалануға жарамсыз апаттық тұрғын үй санатына жатады.»;
      «2. Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңдері және оны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
      «Іске асыру кезеңдерінде»:
      жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 жылға қарай ана өлім-жітімі мен нәресте шетінеушілік көрсеткіші 1,5 есеге төмендейді.
      2030 жылға қарай ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандартқа оның барлық құрауыштары бойынша толық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі барлық халықтың 5 %-нан аспайтын болады.»;
      оныншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықтың денсаулығы айтарлықтай жақсарады. 2020 жылға қарай Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық кемінде 30 %-ға (2012 жылы – 100 000 тұрғынға есептегенде 58,5), ал 2030 жылға қарай туберкулезбен сырқаттанушылықтың жаңа түрлері ең төменгі деңгейге дейін азайтылатын болады. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларға шалдығу жағдайларының саны айтарлықтай азаяды және әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындайтын болады.
      Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру жалғастырылады.»;
      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 жылға қарай ерекше білім қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан инклюзивтік білім беруге енгізілген балалардың үлесі 70 %-ға дейін жетеді.»;
      мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
      Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2017 – 2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математика бағытындағы 4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрларды және 6 мамандық бойынша Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – ИИДМБҚ) кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық ЖОО-да білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді ағылшын тілінде әзірлей отырып, ағылшын тілінде оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.
      2017 – 2018 оқу жылында үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады.
      Қазақстан мектептерінде үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті мектептің, 20 Назарбаев Зияткерлік мектебінің, 30 қазақ-түрік лицейінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылатын болады
      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, көтергіш, лифт, сондай-ақ ақпараттық және кітапхана ресурстарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасау жұмыстары жалғастырылатын болады. Қашықтықтан оқыту технологиясы кеңейтіледі, жаппай онлайн курстар ашылады, арнайы білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдар әзірленеді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс жасау үшін ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамын қайта даярлау жүзеге асырылады. 2020 жылға қарай аталған санаттағы студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен ЖОО-ның үлесі 100 %-ды құрайды.»;
      он сегізінші, он тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 2030 жылға қарай 75 %-ды құрайды.
      Мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдана отырып, 2016 жылдан бастап елімізде жыл сайын жалпы алаңы кемінде 7 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.»;
      «2. Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамытудың негізгі қағидаттары және тәсілдері» деген бөлімде:
      «Шетелдік әлеуметтік модельдерде»:
      он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы модельдің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі аралас болып табылады. Орта білім беру тегін.»;
      «Адами капиталды дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық шарттары» деген үшінші кіші бөлімде:
      «Балалық шақта»:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мектепке дейін тәрбие мен оқыту. Түрлi нысандардағы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізу және онымен балаларды толық қамту өмiр бойы білім алу үшін негіз қалап, базалық когнитивтік және әлеуметтік дағдылар мен білім алу ынтасын қалыптастырады. Мектепке дейiнгi ұйымдарда олардың нысаны мен қаржыландыру көзiне қарамастан, оқу бағдарламалары сапасының салыстырмалы деңгейi қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Білім беруде»:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекет жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін орта, кәсіптік және техникалық білімді ұсынады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қаржыландыруға қатысады, техникалық және кәсіптік, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім деңгейінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамытады.
      Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, корпоративтік басқару органдарына (директорлар кеңесі, байқау немесе қамқоршылық кеңестер) қатысу, білім алушыларға гранттарды және стипендияларды бөлу арқылы кадрларды дайындауға қатысады.»;
      «3. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы» деген бөлімде:
      «Әлеуметтік саланың негізгі даму бағыттары. Қазақстандық өмір сапасының негізгі компоненттері» деген кіші бөлімде:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілген салаларды дамытудың ұзақ мерзiмдi бағыттары Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық», «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламаларында, Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында айқындалған.»;
      «Білім беруді дамыту қоғамды өркендету платформасы ретінде» деген кіші бөлімде:
      «Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету» деген 1-басымдықта:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік балабақшалар, жекеменшік және мемлекеттік шағын орталықтар салу, МЖӘ тетігін дамыту арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту инфрақұрылымын кеңейту жалғастырылады.
      Тұтастай алғанда, 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100 % қамтамасыз етіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны жаңартылатын болады.»;
      бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бес жыл ішінде 586 мектепті пайдалануға беру авариялық жағдайдағы мектептерді 1,0 %-ға, үш ауысымды мектептерді – 1,2 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Орта білім берудегі үш ауысымдылықты толығымен жою үшін 2018 жылға қарай 120, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен – 76 (келесі кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және/немесе нақтылау шеңберінде көрсеткіш түзетілетін болады), жергілікті бюджеттер есебінен – 44 мектеп салынатын болады.
      Шағын жинақталған мектептерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін 2020 жылға қарай ресурстық орталықтардың (тірек мектептер) саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады.
      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы және қолжетімді білім алу ортасын құру мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2015 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешені әзірленіп, бекітілетін болады. 2020 жылға қарай балалардың инклюзивті білім алуына жағдай жасаған мектептердің үлесі 70 %-ды, ал 2030 жылға қарай 100 %-ды құрайды. 2030 жылға қарай жалпы білім беретін мектептерде оқи алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың 70 %-ы инклюзивті білім берумен қамтылатын болады.
      Жыл сайын техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаятын болады. 2017 жылдан бастап барлық ниет білдіргендер үшін жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі беріледі. Бұл жастар үшін тегін алғашқы жүмысшы біліктілігін алу арқылы үздіксіз кәсіптік даярлауға қолжетімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт құруға мүмкіндік береді»;
      «Білім беру сапасын арттыру» 2-басымдықта:
      бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бiлiм беру секторы әлеуетінің өсуi тұрақты түрде білім беру мазмұнын жаңарту, оқу-әдiстемелiк әдебиетті дамыту, прогрессивті және тиімді әдістемелерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық технологиялар балалар денсаулығын сақтау мен нығайтуға ықпал ететін оқу ортасын қалыптастыратын болады. Бұл шаралардың барлығы балалардың ерте жастан бастап барлық бағыттар бойынша үйлесімді дамуына ықпал ететін болады және білім беру жүйесiнде мультипликациялық әсерді қамтамасыз етедi.
      Білім беру жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылады және 2016 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда балалардың мектепке дайындығын бағалайтын әдістеме әзірленетін болады. 2030 жылға қарай Қазақстан Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың PISA Халықаралық зерттеулер бойынша көрсеткіштері жоғары 30 елдің қатарына кіретін болады.
      2016 – 2017 оқу жылынан бастап орта мектептiң 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен ауысуы басталады. Білім беру ұйымдарында Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлiк мектептерінің және «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тәжiрибелері кезең-кезеңімен енгiзілетін болады.
      Азаматтардың толыққанды және жан-жақты дамуын қолдау мақсатында балалардың өзін-өзі көрсетуге, оның ішінде МЖӘ негізінде жағдай жасайтын қосымша білім беру объектілерінің қажетті желісі қалыптастырылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтін болады, бұл 2019 жылға қарай мектеп жасындағы балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудегі оқыту бағдарламалары экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланатын болады. 2019 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының 45 %-ы кәсіптік стандарттардың біліктілік құзыреттеріне негізделетін болады. Дуальды оқыту қағидаттары енгізілетін болады. Колледждер ғылымды қажетсінетін экономиканың талаптарына сәйкес заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау бойынша бірлескен орталықтар құру жөнінде Германия, Канада, Аустралия және Сингапур тәжірибелері зерделенетін болады»;
      тоғызыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 жылға қарай мамандар жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары негізінде құрылған біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз орталықтарында тәуелсіз сертификаттаудан ерікті негізде өтетін болады. 2019 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және техникалық және кәсіптік оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 95 %-ды, ал ЖОО бітіргеннен кейін – 90 %-ды құрайды.
      2030 жылға қарай отандық ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу негізінде білім мен ғылымды интеграциялау арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыратын ЖОО-ның үлесі 10 %-дан асады. Зерттеу университеттері, «Astana Business Campus» Назарбаев Университетінің ғылыми паркі мен Алматыдағы «Алатау» технопаркі базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциясы, болашақ энергиясы, жобалау және инжиниринг саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған Жол картасын әзірлеу мәселесі пысықталады.»;
      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары мұғалімдерінің, педагогтар құрамының, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.»;
      «Басқару мен бақылауға қоғамдық қатысу» деген 3-басымдықта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2020 жылға қарай білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер құрылады.»;
      «Денсаулық сақтауды дамыту салауатты адами капиталды жинақтау негізі ретінде» деген кіші бөлімде:
      «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту» деген 1-басымдықта:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 жылға қарай әрбір азамат өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекет кепілдік беретін медициналық көмекті, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті, қажетті дәрілік заттарды және Қазақстанда енгізілген жаңа медициналық технологияларға қолжетімділікті ала алады.
      МСАК халыққа медициналық көмекті ұйымдастырудағы орталық звеноға айналады және жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылатын болады. МСАК деңгейінде жұмыс істейтін дәрігерлердің үлесі ұлғаяды.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылады, оның қызметінің негізгі бағыты мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде қоғамдық денсаулықты басқару болады.
      Медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл ретте стационар деңгейінде медициналық көмек көрсетілетін медициналық технологияның күрделілігіне байланысты өңірлендіру қағидаты бойынша көрсетіледі.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 жылға қарай трассалық медициналық-құтқару пункттерінен, санитариялық авиациядан, апаттар медицинасы орталықтарынан, жедел медициналық көмек станцияларынан, жылжымалы медициналық кешендер мен емдеу-диагностикалық пойыздардан, телемедицинадан тұратын тиімді интеграцияланған жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі жұмыс істейтін болады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2020 жылға қарай әрбір азамат оңалту және қалыпқа келтіре емдеу қызметтерін ала алады.»;
      бесінші және алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Денсаулық сақтау инфрақұрылымы Денсаулық сақтау желісін 2025 жылға дейін дамытудың перспективалық жоспарының негізінде халықтың қолжетімді, толық, сапалы медициналық қызметтерге сұраныстарына сәйкес қалыптастырылатын болады. Бұл ретте мемлекеттік денсаулық сақтау инфрақұрылымын көлденеңінен және тігінен интеграциялау және медицина ұйымдарын қосу, мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға беру арқылы оңтайландыру көзделуде.
      2020 жылға дейін SMART-медицина технологияларын жетілдіру, оның ішінде телемедицинаны дамытудың жаңа форматын іске асыру жұмысы жалғасатын болады.»;
      жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын:
      «Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын үздiксiз жақсарту» деген 2-басымдықта:
      екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адам өмірінің барлық кезеңдерін қамтитын Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру жалғастырылады: бала жаста – психофизикалық дамуды бағалау; еңбек етуге қабілетті жаста – негізгі созылмалы инфекциялық емес ауруларды ерте диагностикалау; егде жаста – созылмалы аурулардың асқынуларын ерте анықтау және психикалық жай-күйді бағалау.
      2030 жылға қарай салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауруларды басқару бағдарламалары арқылы халық өз денсаулығын және бар ауруларын басқару дағдыларын игеретін болады.
      Іске асырылып жатқан ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламалары бала тууды мемлекеттік қолдауға, қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз етуге, балаларға интеграцияланған медициналық көмекті ұсынуға бағытталады. Бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай ана мен бала өлімінің көрсеткіші (2014 жылғы деңгейге қарағанда) бір жарым есеге төмендейді. Денсаулық сақтау ұйымдарының бала күтімі мен оны дұрыс тамақтандыру жөнінде консультациялар берулерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады.
      Дәлелді медицина медициналық көмек сапасының негізіне айналады. 2016 жылдан бастап клиникалық хаттамаларды әзірлеу медициналық технологияларды бағалау жүйесінің негізінде медициналық қызметкерлердің кәсіби бірлестіктерін тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. 2018 жылға қарай жаңа технологиялар мен дәрілік заттарды медициналық практикаға енгізу процестері жетілдіріледі.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «2020 жылға дейін мемлекеттің, кәсіптік қоғамдастық пен пациенттердің әріптестігі арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын басқару жүйесі қалыптасады. 2018 жылға қарай қоғамдық бақылаудың негізгі құралы ретінде байқау кеңестері шаруашылық жүргізу құқығындағы барлық ірі медициналық ұйымдарда құрылады.
      2020 жылға қарай аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган кезең-кезеңімен өзін-өзі реттейтін ұйым нысанына берiлетін болады.
      Өкілеттіліктерді бәсекелес ортаға беру медицина қызметкерлерінің ұлттық кәсіптік бірлестіктерін дамыту қолдауға, оның ішінде аккредиттеу жолымен қолдауға ие болады.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз дамыту жүйесі, оның ішінде олардың біліктілігін арттырудың модульдік-жинақтау қағидатын дамыту есебінен жетілдіріледі. Медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін жетілдіру жалғастырылады.»;
      сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық сақтаудың техникалық инфрақұрылымы қалыптасады. Бұл кезеңге қарай азаматтардың 50 %-ы электрондық денсаулық паспорттарына ие болады. 2020 жылға қарай дәрігерлерді, ғылымның жетістіктері мен әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электрондық денсаулық сақтау қазақстандықтарға жоғары сапалы жекелеген медициналық көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етеді.
      Медициналық көмек көрсету стандарттарын жетілдіру, оның толықтығын және сабақтастығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
      Қазақстанда 2030 жылға қарай туберкулезбен сырқаттанушылық 20 %-ға төмендейді (2014 жылғы деңгейге қарағанда), туберкулезбен сырқаттанушылықтың жаңа жағдайлары барынша азайтылады.
      Лайықты GXP фармацевтикалық практикаларды енгізу жолымен дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу шаралары қабылданады және 2018 жылы GXP стандарттарына міндетті түрде өту қамтамасыз етіледі.»;
      он екінші бөлік алып тасталсын;
      «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығы» деген 3-басымдықта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету әрбір қатысушының елдiң экономикалық өсуі мен дамуына қосатын үлесін ескере отырып, барлық әлеуметтiк әріптестермен (мемлекет, жұмыс берушi, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін Қазақстанда 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін МЖӘ белсенді дамитын болады. Жекеменшік медицина инфрақұрылымын дамыту үшін 2020 жылға дейін республикада МЖӘ тетіктері, мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға және жекешелендіруге беру бойынша 40-тан астам жоба іске асырылады.»;
      «Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда»:
      «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту» деген 1-басымдықта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын және оның институционалдық базасын одан әрі дамытуға бағытталған.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Зейнетақымен қамсыздандыру саясаты зейнетақы төлемдерінің барабарлығын, зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын және зейнетақымен қамсыздандыруға жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бөлудің теңгерімдігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы ескеріле отырып іске асырылатын болады.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      бесінші бөлік алып тасталсын;
      «Шартты әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті азайту» деген 2-басымдықта:
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2018 жылға қарай мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, құрылымын қайта қарау есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейі болады.
      Кедейлікті айқындаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, табысы төмен азаматтар үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жұмыспен қамту, әлеуметтік бейiмдеу бағдарламаларына белсене қатысқан жағдайда, отбасыларға ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі табысты қамтамасыз етеді.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2018 жылдан бастап шартты ақшалай көмекті ұсынудың негізгі нысаны ретінде әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түгендеу жүргізіліп, азаматтардың жекелеген санаттары үшін қажеті жоқ әлеуметтік жеңілдіктер қатары оңтайландырылатын болады.»;
      «Барлық осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы инклюзивтік қоғам» деген 4-басымдықта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүгедектер мен егде жастағы адамдар әлеуметтік және көлік инфрақұрылым қызметтері мен объектілеріне қол жеткізе алады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ экологиялық қасірет аймақтарында тұратын адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі тәсілдер кезең-кезеңімен қайта қаралатын болады.»;
      «Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясат арқылы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай» деген кіші бөлімде:
      «Тиімді жұмыспен қамту саясатын іске асыру» деген 1-басымдықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-басымдық. Жұмыспен қамту саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдер»;
      бірінші, екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекет мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, МЖӘ арттыру, инвестициялық және іскерлік ахуалды жетілдіру шеңберінде жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыратын саясатты жалғастырады.
      Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясат іске асырылуы азаматтардың еңбек қызметімен және әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізумен тікелей байланысты еңбек қатынастарын жетілдіру, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) еңбек нарығының көрсеткіштерін өлшеу жөніндегі стандарттарына өту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа қосымша шараларын әзірлеу, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін оңайлату, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, шартты атаулы әлеуметтік көмекке өту бөлігінде Мемлекет басшысы айтқан бес институционалдық реформаны іске асыру тетіктерін одан әрі тереңдету шараларын көздейді.
      Осыған байланысты ЭЫДҰ мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдердің халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленген және Халықаралық еңбек ұйымының «Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы» 1964 жылғы 122-конвенциясына негізделген «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа Заң 2016 жылы күшіне енді.»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдердің маңызды бөлігі жұмыссыздарға ұсынылатын әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерінің кешенділігі мен өзара байланысын қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыспен қамтуды әрбір мемлекеттік қолдау шарасы үшін азаматтардың басым санаттары, қолдау шараларының атаулылығы, нақтылығы айқындалған.
      Адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидия және қажетті тұрғын үй бере отырып, қоныс аударушыларды және оралмандарды өңірлік қабылдау квотасы шеңберінде еңбек күші көп өңірлерден Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу көзделуде.
      Халықтың ең әлжуаз тобы – мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылатын болады. Мемлекет мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілердің шығыстарын субсидиялауды көздеп отыр, бұл ретте осындай жұмыс орнын құрған сәттен бастап кемінде күнтізбелік 12 ай мүгедектің жұмыспен қамтылуын сақтау субсидия алу үшін негізгі шарт болып табылады.
      Жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін халыққа қызмет көрсету кезінде еңбек нарығы институттарының қызметін қайта бағдарлауға бағытталған нормалар көзделген, онда халықты жұмыспен қамту орталықтарының құзыреттерін кеңейте отырып, олардың «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуіне үлкен рөл беріледі.
      Жұмыс берушілер мен кәсіптік одақтардың мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға қатысуы барынша кеңінен регламенттелетін болады.
      Аталған шаралар еңбек нарығын тиімді реттеуді арттыруға, халықты жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейтуге ықпал ететін болады.»;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіптік стандарттарды әзірлеу экономикалық қызметтің барлық салаларын қамти отырып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.»;
      он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін экономика салаларына толық енгізу есебінен білікті кадрлар даярлау сапасы қамтамасыз етілетін болады.
      Тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер бірлестіктері салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және қайта қарау жұмысын жалғастырады. Олардың негізінде жұмыс берушілер бірлестіктері кәсіптік стандарттарды әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді. Осыған сәйкес ЖОО кәсіптік стандарттардың негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. 2019 жылға қарай жоғары және ЖОО кейінгі оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 45 %-ы кәсіптік стандарттардың біліктілік құзыреттеріне негізделетін болады.
      Оқудың өндіріспен байланысын күшейту дуальды оқыту қағидаттарын кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді. Дуальды оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 2017 жылға қарай 70 %-ды құрайды, ал 2020 жылға қарай 80 %-ға дейін ұлғаяды.
      Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы салалар, өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес еңбек нарығының кадрларға қажеттілігін болжау жұмысы жалғасатын болады.»;
      он алтыншы бөлік алып тасталсын:
      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту саласы мәселелерінде халықты хабардар ету кеңейтіледі. 2017 жылға қарай барлық орта білім беру мекемелерінде оқушылар үшін кәсіптік бағдарлау кызметі көзделетін болады. Әлеуетті қызметкерлер мектеп жасындағы кезеңде өзекті еңбек нарығындағы қажетті кәсіптер туралы толық ақпаратқа ие болады, белгілі бір кәсіпті меңгерудің қандай әлеуетті әлеуметтік «дивидендтер» беретінін бағалауға қабілетті болады.»;
      «Тиімді жұмыспен қамту негізі ретіндегі қауіпсіз жұмыс орындары мен үйлесімді еңбек қатынастары» деген 3-басымдықта:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндірістік объектілерде еңбек жағдайларын арнайы бағалауды жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту және 2020 жылға қарай кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін күнделікті өндірістік практикаға толық енгізу осы жұмыстың негізіне айналады.»;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2016 жылға қарай еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау оңтайландырылатын болады. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатумен қатар, еңбек жағдайларының сәйкестігін ерікті декларациялау нәтижесінде мемлекеттік еңбек инспекторларының осындай өнеркәсіптерді тексерулерінің саны азаяды.»;
      он екінші бөлік алып тасталсын;
      «Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту» деген кіші бөлімде:
      «Тиімді әлеуметтік даму үшін ақпараттық қоғам қалыптастыру» деген 1-басымдықта:
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелері беріледі, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету қамтамасыз етіледі.»;
      «Мәдениет құндылықтарына қолжетімділікті кеңейту» деген 2-басымдықта:
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының негізгі мақсаты елдің біртұтас мәдени кеңістігін дамыту, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен жоғары руханилықты қалыптастыру, экономиканың сәтті дамуына және елдің халықаралық жағымды имиджін қалыптастыруға әсер ететін қазіргі заманғы мәдени кластерлер құру болып табылады.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 жылға қарай халықтың барлық санаттарына қолайлы және қолжетімді кітапханалық кеңістікте ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Кітапхананың рөлі айтарлықтай артады, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталық ретіндегі мәртебесі күшейеді. 2020 жылға дейін кітапханалық қорға кешенді толық цифрландыру жүргізіледі. Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана ақпараттық қоғам кітапханасына ауысатын болады. Әрбір азамат үшін Қазақстанның барлық кітапханаларының жинақталған каталогы, олардың толық мәтінді ресурстары қолжетімді болады. 2025 жылға қарай кітапхана оқырмандарының саны 2012 жылмен салыстырғанда екі есе ұлғаяды.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл үшін Қазақстан Республикасы мәдени саясат тұжырымдамасында музей инфрақұрылымын жаңғырту, олардың қорларын кеңейту бойынша қажетті шаралар көзделетін болады. Музейлер заманауи және технологиялы болады, жетекші қазақстандық музейлердің жылжымалы қорлары құрылады. 2025 жылға қарай виртуалды музейлер жүйесі құрылады.»;
      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәдени саясат тұжырымдамасында меценаттықты кеңінен тарату мәселелері пысықталатын болады.»;
      «Елдің барлық азаматтарының спортпен айналысуы үшін жағдай жасау» деген 3-басымдықта:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2016 жылы еліміздің оқу орындарында дене шынықтырумен және спортпен айналысу бойынша сабақтан тыс сағаттарды көбейту бойынша кешенді іс-шаралар әзірленеді, ол 2017 жылға қарай балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған әртүрлі спорт түрлері бойынша спорт секциялары мен клубтар желісін, оның ішінде ауылдық жерде 20 %-ға кеңейтуге мүмкіндік береді.»;
      «Тұрғын үй жағдайлары стандарты: қолжетімділік пен жайлылық» деген кіші бөлімде:
      «Тұрғын үймен қамтылу және оның халыққа қолжетімділігі» деген 1-басымдықта:
      екінші, үшінші, төртінші, бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халық үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру тетіктерін әзірлеу мемлекеттік тұрғын үй саясатының басымдығы болып табылады.
      Мемлекет дәлелді себептерге байланысты тұрғын үй мәселесін өз бетімен шеше алмайтын азаматтардың санаттарына қолдау көрсетеді.
      Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйді оны кейіннен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз салу тетіктері іске асырылған.
      Дамыған жалға берілетін тұрғын үй нарығы азаматтарға ұйымдастырылған тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігін береді. Бағасы бойынша қолжетімді жалға алу қазақстандықтарға ұзақ уақытқа өз тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.»;
      бесінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «2015 – 2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша шамамен 1,7 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланып отыр.»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі азаматтардың тұрғын үй сатып алу мәселесін нақты шешуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, кредиттік тұрғын үй салуды ынталандыру көзделуде. 2016 – 2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша 1,6 млн. шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үй енгізілетін болады.»;
      сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй құрылысында жаңа құрылыс стандарттарын қолдану бойынша пәрменді бақылау жүйесі енгізілетін болады. Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдануды ескере отырып, 2016 жылдан бастап жыл сайын жалпы алаңы 7 млн. шаршы метрден кем емес жаңа тұрғын үй енгізіледі.
      Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін жұмыстың басым бағыты аула ішіндегі аумақтар мен орам ішіндегі жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандардың инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, көліктің қолжетімділігі мәселелерін шешу болып қалады.
      Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартудың, МЖӘ ынталандырудың тиімді экономикалық тетіктері құрылады.»;
      мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Екінші деңгейдегі банктердің үлестік салымдарды кепілдендіруін, жобалық қаржыландыруын, сонымен қатар құрылыс салушының өз қаражатының есебінен тұрғын ғимаратының «қаңқасын» салуын қамтитын үлескерлердің қаражатын қорғау және кепілдендіру тетіктері енгізіледі.»;
      «Халықтың жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту» деген 2-басымдықта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ең төменгі және ең жоғары жұмыс түрлері кезінде үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу тетігі қолданысқа енгізілді.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сондай-ақ кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жекелеген күрделі жөндеу түрлерін жалпы жиналыста тағайындалатын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарындағы жауапты адамдармен келісім бойынша жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орната отырып, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қайтарған қаражат есебінен жүргізуге рұқсат етіледі.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен, оның ішінде сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларды реконструкциялау есебінен қамтамасыз ету жалғастырылады. Қала халқының сумен жабдықтауға және кәріз қызметтеріне қолжетімділігі 2015 жылға қарай 87 және 82 %-ға дейін, ал елдің қала және ауыл халқының қолжетімділігі 2025 жылға қарай тиісінше 100 және 80 % құрайды.»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылға қарай 24,7 мың км желілер жаңғыртылды, жаңғыртылған желілердің ұзындығы 2020 жылға қарай қосымша 22,4 мың км құрайды. 2030 жылға қарай коммуналдық қызметтер көрсету жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту процесі толық аяқталады және одан әрі көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы сақталып тұрады.»;
      «Азаматтық қызметті дамыту» деген кіші бөлімде:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, азаматтық қызметтің беделін одан әрі арттыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт және т.б. қызметкерлеріне әділ сыйақы төлеу және нәтижесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі енгізілді.»;
      «Үкіметтік емес сектормен әріптестік» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үкіметтік емес сектормен әріптестік
      Әлеуметтік жаңғыртудың оң нәтижелеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен ынтымақтастығының тетіктерін жетілдіру шешуші мәнге ие болады.
      2015 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Заңда ҮЕҰ үшін гранттар мен сыйлықақылар түрінде ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу көзделген.
      ҮЕҰ үшін гранттар мен сыйлықақылар арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа нысандары ҮЕҰ-ға өз әлеуметтік жобаларын іске асыруға және қаражаттың бір бөлігін институционалдық дамуға жұмсауға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік орган бюджетінен ҮЕҰ-мен бірлескен әлеуметтік жобаларды, әлеуметтік бағдарламаларды аталған бағыт шеңберінде іске асыру мақсатында ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру үшін қаражат бөлінетін болады.
      2030 жылға қарай әлеуметтік салада мемлекет және үкіметтік емес сектор тепе-тең әріптестік қағидатында өзара іс-қимыл жасайтын қарым-қатынас моделі қалыптастырылып, толыққанды қызмет ететін болады.»;
      «Нормативтік құқықтық базаны реформалаудың өзектілігі» деген кіші бөлімде:
      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сонымен бірге, егер жекелеген салалар едәуір өзгерістерге ұшыраса, тұрғын үй қатынастары, мәдениет салаларындағы заңнама едәуір жаңартуды талап етеді.»;
      «Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі» деген 4-бөлімде:
      «Тұжырымдаманың іске асырылуын мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз ету болжанады» деген кіші бөлімде:
      «Қолданыстағы заңнамалық актілерде»:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;»;
      11-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2, 21-3, 21-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «21-1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
      21-2. «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
      21-3. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
      21-4. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;»;
      «Қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда»:
      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы».
      23. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығы»;
      2527 және 28-тармақтар алып тасталсын;
      «Әзірлеуге жоспарланған заңнамалық актілер» деген жол және 1-тармақ алып тасталсын;
      «Әзірлеуге жоспарланған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар» деген жол және 12-тармақтар алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов