Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 632 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 119 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 119 қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысымен бекітілген |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 119 қаулысымен.
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.12.2019 № 901 қаулысымен.
1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;
3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
4) корпоративтік бағалы қағаздар;
5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;
7) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;
8) РЕПО және кері РЕПО операциялары;
9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
10) туынды қаржы құралдары;
11) құрылымдық өнімдер;
12) валюталар;
13) ақша нарығы қорлары;
14) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
15) исламдық қаржыландыру құралдары.
2. Қазақстанның қаржы құралдары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
2) РЕПО және кері РЕПО операциялары;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында айқындалған борыштық бағалы қағаздары;
4) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары;
5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар);
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;
7) туынды қаржы құралдары;
8) құйма және металл шоттардағы алтын;
9) исламдық қаржыландыру құралдары;
10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;
11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;
12) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар.