Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 632 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 119 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 119 қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 119 қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.12.2019 № 901 қаулысымен.

      1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:

      1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;

      2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;

      3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;

      4) корпоративтік бағалы қағаздар;

      5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;

      6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;

      7) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

      8) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

      9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);

      10) туынды қаржы құралдары;

      11) құрылымдық өнімдер;

      12) валюталар;

      13) ақша нарығы қорлары;

      14) құймадағы және металл шоттардағы алтын;

      15) исламдық қаржыландыру құралдары.

      2. Қазақстанның қаржы құралдары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      2) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында айқындалған борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары;

      5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар);

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      7) туынды қаржы құралдары;

      8) құйма және металл шоттардағы алтын;

      9) исламдық қаржыландыру құралдары;

      10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

      12) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар.