Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 01.02.2021 № 27 қаулысымен (01.04.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов