Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.04.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 15-16, 81-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |