Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов