Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 5 Нормативтік қаулысы.

Қолданыстағы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 1:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалған кәсіпкерлік дегеніміз кінәлі адам кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 215-бабының диспозициясында көзделген құқыққа қарсы мақсаттарда бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіретін жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерін құратын (иемденетін) және пайдаланатын, сол сияқты оларға басшылық жасайтын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың түрі.

      Бұл ретте, ҚК-нің 215-бабында көрсетілген мақсаттарды көздейтін әрекеттер деп тек тергелген және айыпталушыға (сотталушыға) нақты қылмыстық іс шеңберінде тағылған әрекеттерді ғана түсіну керек.

      Объективтік себептер бойынша сотқа дейінгі тергеу сатысында қосымша және ұзақ тексеру талап етілетін жекелеген әрекеттер мен мән-жайлар бөлігінде қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚПК) 44-бабының тәртібінде жеке іс жүргізуге бөлінуі мүмкін.

      ҚК-нің 216-бабына қатысты, мүліктік пайда алу мақсатында іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша жекелеген әрекеттерді жасаған кәсіпкерлік қызметті тұрақты жүзеге асыратын және жүйелі сипаттағы құқыққа қарсы мақсаттарды көздемейтін адамдарды жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу керек. Жалған кәсіпорынды құрған (иемденген) және бұл ретте бірлі-жарым (бірнеше) жарамды мәмілелерді жасау жолымен ғана адал кәсіпкерлік қызметті имитациялаған адамның әрекеттері ҚК-нің 215-бабы бойынша саралауға жатады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалған кәсіпкерлік кезінде қол сұғу объектісі болып салық салу, кредиттеу және өзге де заңды экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар табылады.";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалған кәсіпкерліктің объективтік жағы өзіне жеке кәсіпкерлік субъектісін құру және олардың шешімдерін айқындау құқығын беретін басқа заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) иемденуді өзіне қамтиды.";

      екінші абзацтағы "Коммерциялық ұйым мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі," деген сөздер "Жеке кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі," деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "қылмыстың" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Коммерциялық ұйымды", "қылмыс" деген сөздер тиісінше "Жеке кәсіпкерлік субъектісін", "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      екінші абзацтағы "айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда, айыптау қорытындысында,", "коммерциялық ұйым" деген сөздер тиісінше "күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыда, айыптау актісінде,", "жеке кәсіпкерлік субъект" деген сөздермен ауыстырылсын";

      6-тармақтағы "құру" деген сөзден кейін "(иемдену)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалған кәсіпорын құрған кезде кінәлі адамның әуел бастан ҚК-нің 215-бабының диспозициясында көрсетілген мақсаттардың бірін (немесе бір мезгілде бірнешеуін) көздеуі жалған кәсіпкерліктің міндетті белгісі болып табылады.";

      9-тармақтағы "189-бабының ескертпесінде" деген сөздер "3-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жалған кәсіпкерлікпен ұласқан залал контрагент төлеуден жалтарған салық сомасы ретінде немесе контрагент заңсыз алған кредит, кіріс, мүліктік пайда сомасы ретінде айқындалады. Осыған байланысты төленбеген салықтар, заңсыз алынған кредит, кіріс, өзге де пайдалар түрінде жалған кәсіпорын контрагенті келтірген залал, сондай-ақ бұл контрагенттің басшысының (қатысушының) кінәсі осы қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылдана отырып дәлелденуге жатады немесе бұрын қабылданған және заңды күшіне енген әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулымен, соттың айыптау үкімімен не қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулымен белгіленуге тиіс.

      ҚК-нің 215-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жалған кәсіпкердің, контрагенттің салықтар төлеуден жалтаруына дем берушілік әрекетін толық қамтитындықтан, оның бұл әрекеттері ҚК-нің 245-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер адам тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетуді) сатуды бухгалтерлік және салықтық есепте көрсетпей іс жүзінде жүзеге асырса, оның әрекеттері жалған кәсіпкерлік ретінде саралануға тиіс емес, өйткені бұл жағдайда қол сұғу объектісі болып бухгалтерлік есепке алудың және аталған бұзушылықтармен жүзеге асырылатын нақты кәсіпкерлік қызметке салық салудың белгіленген тәртібі болып табылады.";

      12-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Салық кодексінде" деген сөздер ""Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "ҚҚС" деген аббревиатура "қосымша құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жалған кәсіпорынды құрған және/немесе шешімдерін айқындау құқығына ие адамдар, оның басшылары сияқты жалған кәсіпкерлікті бірге орындаушылар ретінде жауапты болады.";

      14-тармақта:

      "қылмыстар" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "177", "192" деген цифрлар тиісінше "190", "215" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жалған кәсіпкерлік кезінде жарамды мәмілелер, оның ішінде кредиттік мекемелермен жасалмайды, сондықтан адамның кредитті заңсыз алуы немесе алынған кредитті мақсатсыз пайдалануы ҚК-нің 215-бабы бойынша қосымша сараланбастан ҚК-нің 219-бабы бойынша ғана қудаланады. Егер жалған кәсіпкер контрагентке кредитті заңсыз алуға немесе мақсатсыз пайдалануға мүмкіндік беретін жалған келісім-шарт жасаса, онда жалған кәсіпкердің әрекеті ҚК-нің 215-бабы бойынша, ал оның контрагентінің әрекеті ҚК-нің 219-бабы бойынша саралауға жатады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Соттарға жалған кәсіпкерлік экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа, атап айтқанда, салықтарды төлеуден жалтару, кредитті заңсыз алу, заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру және тағы басқа түрлерін жасаудың тәсілі болып табылатындығын ескеру қажет. Демек, жалған кәсіпорындардың қызметтерін пайдаланатын адамдар осы қоғамдық қауіпті әрекеттің бенефициарлары болып табылады. Сондықтан қылмыстық істі қарау барысында істің мән-жайларын жан-жақтылы, толық және объективті зерттеу туралы ҚПК-нің 24-бабының талаптарын ескере отырып, контрагенттер басшыларының (қатысушылардың) жалған кәсіпкерлікпен ұласқан құқық бұзушылық жасауға қатысуының нақты дәлелдемелері болуы тиіс.";

      18-тармақта:

      бірінші абзацтағы ""Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1-тармағына" деген сөздер "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)" деген сөздер "2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "258-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы" деген сөздер "257-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта:

      "Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 71-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 76-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "192" деген цифрлар "215" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің)" деген сөздер "2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      21-тармақта:

      "192" деген цифрлар "215" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "құрған коммерциялық ұйымы" деген сөздер "құрған жеке кәсіпкерлік субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақтағы "коммерциялық ұйымдар" деген сөздер "жеке кәсіпкерлік субъектілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жалған кәсіпорын адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз құрылуына байланысты, бұл жеке кәсіпкерлік субъектісінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі соттың шешімі бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.";

      2) "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1, 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

      тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "қылмыстарды", "қылмыстар", "қылмыс" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "190" деген цифрлар "214" деген цифрлармен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген тәртіппен" деген сөздер ", оралмандардың, мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің), мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілерінің) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Тұлғаның тиісті органдарда алдын ала тіркелуі не осы қызметпен айналысуға рұқсат ететін өзге арнайы рұқсатының (лицензиясының) болуы" деген сөздер "Кәсіпкерлік қызмет субъектісін мемлекеттік тіркеу, қажет болған жағдайларда қызмет түрімен айналысуға арналған арнайы рұқсаттың (лицензияның) болуы және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманың сақталуы";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      ""Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 177-бабына және 180-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық агенті болып табылмайтын адамдарға жалға беруден тапқан мүліктік табысы жеке кәсіпкердің табысына жатпайтыны назарға алына отырып, осындай адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болмауы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 214-бабының құрамын құрамайды. Егер аталған адам мүліктік табыстан салықтарды және (немесе) басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, онда бұған негіздер болған кезде оның әрекеттері ҚК-нің 244-бабы бойынша саралауға жатады.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      6-тармақта:

      "басқа қылмыс" деген сөздер "өзге де қоғамдық қатынастарға қол сұғатын басқа қылмыстық құқық бұзушылық (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және тағы басқа)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) бабының" деген сөздер "ҚК-нің баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      бірінші абзацта "алынған пайда" деген сөздер "алынған таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі және аса ірі залалды, ірі және аса ірі табыс мөлшерін, елеулі зиянның айтарлықтай залалын және айтарлықтай мөлшерін анықтау кезінде соттар ҚК-нің 3-бабында келтірілген осы ұғымдардың түсіндірмесін басшылыққа алуға тиіс.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ҚК-нің 218-бабында көзделген ақшаны немесе өзге де қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру (жылыстату) деп мүліктің криминалдық пайда болу фактісін жасыру мақсатында, конверсия (қайта құру) түрінде мәмілелер мен өзге де формальды заңды әрекеттер жасау жолымен қылмыстық құқық бұзушылықпен табылған кірістерді заңды айналымға қосуды түсінген жөн.

      Көрінеу заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті бір мезгілде иемденген және заңдастырған жағдайда, кінәлі адам қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша – ҚК-нің 218-бабы және осы қаражатты немесе мүлікті заңсыз иемденгені үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңның тиісті нормасы бойынша қылмыстық жауаптылықты көтеруге тиіс.

      ҚК-нің 218-бабының мағынасы бойынша, азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға, тап солай азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындау немесе көшу көрінісін туғызуға бағытталған мәмілелер конверсиялық мәмілелерге жатады. Осы ретте қаржылық операциялар мен мәмілелер заңдастырылатын мүліктің негізгі қылмыстық құқық бұзушылықпен байланысын кінәлі адам үшін көрінеу жасырады, мұны мүлікті қылмыстық жолмен иемдену фактісін жасыруға және оның ашық айналымын қамтамасыз етуге бағытталған осы әрекеттердің сипаты көрсетеді.

      Жасалған әрекетті ҚК-нің 218-бабы бойынша саралау үшін кінәлі адамның заңдастырылатын мүліктің қылмыстық жолмен шығу тегі туралы көрінеу білгені қажет. Осы ретте адамның негізгі қылмыстық құқық бұзушылықтың нақтылы мән-жайлары туралы білуі міндетті емес.";

      11-тармақта "194" деген цифрлар "219" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13-тармақта "206", "177" деген цифрлар тиісінше "231", "190" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14-тармақта "189-бабына жасалған ескертпеде" деген сөздер "3-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-1-тармақта "220" деген цифрлар "243" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      16-тармақта "224" деген цифрлар "247" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18-тармақта:

      бірінші сөйлемде "41" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемде "41-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "50-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта "7" деген цифр "8" деген цифрмен ауыстырылсын;

      20-тармақта:

      бірінші абзацта "121" деген цифрлар "118" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "206" деген цифрлар "231" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ