Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 45 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      19-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;

      25-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      29-тармақтың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурорлық қадағалау актілері, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері мен қаулылары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, сондай-ақ Заң бөлімімен келісіледі.";

      "Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен олар бойынша жауаптар Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, Кеңсе басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілдігінің басшысымен, сондай-ақ құқықтық мәселелер болса Заң бөлімімен келісіледі.";

      31-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      32-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      35-тармақтың екінші және жетінші бөліктері алып тасталсын;

      38-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      48-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда – Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының және құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде Заң бөлімі меңгерушісінің бұрыштамасы болуға тиіс.";

      91-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      93-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      107-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет мәжілісінің материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше:";

      123-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хаттамалық шешімнің жобасы келіп түскеннен кейін Заң бөлімі оны бір күн мерзімде келіседі.";

      132-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Хаттаманы ресімдеуді, Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсе бөлімшесі жүргізеді.

      Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамасына Заң бөлімі бір жұмыс күні ішінде міндетті түрде бұрыштама қояды.";

      133-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Заң бөлімімен келісіледі.

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" және "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Заң бөлімімен келісілуге тиіс.";

      137 және 138-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын тұлғаны хабардар етеді.

      138. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.

      Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.

      Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;

      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.";

      144-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;

      144-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "144-1. Үкімет қаулыларының жобалары электрондық және қағаз құжаттар топтамасын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін жауапты БҚҚБ қызметкерлерімен, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Заң бөлімімен, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларымен (Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысымен келісіледі және электрондық құжаттар нысанында қалыптастырылған Үкімет қаулыларының жобалары болған кезде ғана Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.";

      146-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов