Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 45 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      19-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;
      25-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      29-тармақтың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Прокурорлық қадағалау актілері, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері мен қаулылары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, сондай-ақ Заң бөлімімен келісіледі.»;
      «Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен олар бойынша жауаптар Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, Кеңсе басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілдігінің басшысымен, сондай-ақ құқықтық мәселелер болса Заң бөлімімен келісіледі.»;
      31-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      32-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      35-тармақтың екінші және жетінші бөліктері алып тасталсын;
      38-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      48-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда – Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының және құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде Заң бөлімі меңгерушісінің бұрыштамасы болуға тиіс.»;
      91-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
      93-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      107-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет мәжілісінің материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше:»;
      123-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Хаттамалық шешімнің жобасы келіп түскеннен кейін Заң бөлімі оны бір күн мерзімде келіседі.»;
      132-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «132. Хаттаманы ресімдеуді, Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсе бөлімшесі жүргізеді.
      Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамасына Заң бөлімі бір жұмыс күні ішінде міндетті түрде бұрыштама қояды.»;
      133-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Заң бөлімімен келісіледі.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Заң бөлімімен келісілуге тиіс.»;
      137 және 138-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «137. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын тұлғаны хабардар етеді.
      138. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
      Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.
      Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
      1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.»;
      144-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;
      144-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «144-1. Үкімет қаулыларының жобалары электрондық және қағаз құжаттар топтамасын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін жауапты БҚҚБ қызметкерлерімен, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Заң бөлімімен, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларымен (Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысымен келісіледі және электрондық құжаттар нысанында қалыптастырылған Үкімет қаулыларының жобалары болған кезде ғана Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.»;
      146-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiнде:
      15-1-тармақ алып тасталсын;
      53-1-тармақтың төртінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңдық техника қағидаларының сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Кеңсенің Заң бөліміне;»;
      53-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-2. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
      Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.
      Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
      1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.»;
      53-3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) Заң бөлімінің қабылдау бөлмесіне беріледі.»;
      98-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «98-9. Таныстыру қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қойған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»;
      107-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қоятын Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін ол Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоятын Үкімет бланкісінде ресімделеді.»;
      109-1-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет мәжілісінде қаралуға тиіс және оған жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.»;
      113-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.»;
      115-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «115-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша өзге де адамдар шақырылады.»;
      115-7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Заң бөлімінің меңгерушісі бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісу парақтары мен отырыста болмаған мүшелерінің жазбаша пікірлері (олар болған жағдайда) қоса беріледі.»;
      115-11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «115-11. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды және:»;
      117-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері, мәселеге жетекшілік ететін Кеңсе Басшысының орынбасары алдын ала бұрыштама қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министр қол қоятын Үкімет бланкісінде ресімдейді.»;
      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «152. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов