Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Премьер-Министрдің атына бірінші басшының қолы қойылған хат-хабар ғана жіберіледі.";
төртінші бөліктің бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының атына жіберілген Үкімет басшылығының тапсырмаларына қатысты хаттарды;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қарамастан қайтарады.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістері, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі – жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 6, "Үкімет үйі" мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық режимде де, оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерін және жұмыс кеңестерін селекторлық режимде өткізу кезінде:
1) Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (Үкімет мәжілістерін өткізу кезінде) не Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі (жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты):
Үкімет мүшелері мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын растай отырып, қатысушылардың тізімін жасауды;
режимдік шаралардың, рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуін, кезекші полиция бөлімі мен техникалық қызметтердің ақпаратты қорғауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
жүйенің істен шығуын болғызбау мақсатында ауыспалы жеткізгіштердегі (орындаушы бөліммен келісуден өтпеген флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер және т.б.) электрондық түрдегі материалдардың пайдаланылуын шектеуді;
өңірлердің бейнеконференциялық байланысқа алдын ала сынақтық қосылуын (техникалық регламентке сәйкес кеңес/мәжіліс басталғанға дейін бір тәулік және 2 сағат бұрын), оның әзірлігін және Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін жүргізудің ұсынылған тәртібін (кеңес сценарийін) ескере отырып, байланыс сапасының тексерілуін, қолданыстағы техникалық талаптарға, оның ішінде форматы және ресімделуі бойынша сәйкестігі тұрғысынан алдын ала регламенттік сынақ жұмыстарының жүргізілуін бақылауды;
мерзімді жоспарлы регламенттік жұмыстардың жүргізілуін (апта сайын дүйсенбі, бейсенбі сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін), сондай-ақ "Kazsatnet" ҰК" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ орындайтын (жоспарлы және алдын ала сынақтық қосу сәйкес келген жағдайда регламенттік жұмыстар бір мәрте жүргізіледі) жарықтандырудың сәйкестігін және бейнеконференциялық байланыс (бұдан әрі – БКБ) жабдығы мен негізгі жұмыс орындарындағы және "Үкімет үйі" ғимаратында орналасқан цифрлық телефон станциясының базасындағы станция мен тікелей байланыс станциясындағы абоненттердегі дыбыс күшейткіштің жұмысқа жарамдылығын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Кеңсенің облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министр Кеңсесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын бақылауды;
қажет болған кезде Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Үкімет мәжілістерінің материалдарын жіберуді;
өңірлер өкілдерінің БКБ-де, Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін өткізу сценарийлерін сақтауы, сөз сөйлеушілердің даярлығы (Т.А.Ә., сөйлеу кезегі және сөйлейтін орны) бөлігінде алдын ала дайындалуын бақылауды;
селекторлық режимде өткізілетін кез келген кеңеске әкімдіктер өкілдерінің қатысуы мәселелері бойынша Кеңсенің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
4) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын;
Үкімет мәжілісі және Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын;
"Үкімет үйі" залдарынан сынақтық қосуды жүргізу және дайындау кезеңінде өңірлердегі мәжіліс залдарында регламенттік және дайындық жұмыстарының (техникалық байқау және Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестеріне даярлық, қатысушылардың сөйлейтін жерін айқындау және т.б.) өткізілуін;
соңғы сынақтық қосуды өткізгеннен кейін (іс-шара басталғанға дейін 2 сағат бұрын) өңірлерде мәжіліс залын ауыстыруға, жабдықтардың (жарықтандыру, БКБ-ны, байланысты, дыбыс күшейткішті күйге келтіру) күйге келтірілуін өзгертуге жол берілмеуін;
іс-шараны өткізу кезінде сценарий (сөз сөйлейтін қатысушылардың болуы, кезектілік және даярлық тәртібі) мен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ жергілікті жерлерде шақырылғандардың БКБ мен дыбыс күшейткіш жүйесін пайдалануы бойынша нұсқау өткізуді;
БАҚ және басқа да бөгде адамдардың зал жабдықтарына (микрофондар, бейнекамералар, сымдар және т.б.) қолжетімділігін шектеуді;
іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді байланысты пайдалануға салынған тыйымның сақталуын;
жабық немесе қызметтік жұмыс режиміне ауысқан жағдайда шақырылған адамдар мен баспасөз өкілдерінің уақтылы шығарылуын;
зал жабдықтарының электрмен үздіксіз жабдықталуын, сондай-ақ залды жарықтандырудың біркелкілігін (сөз сөйлеушілерге жарық беру көздерінің болуы, перделердің және басқа да күңгірттеу элементтерінің болуы);
Премьер-Министрдің баспасөз қызметімен келісу бойынша өңірлерде БАҚ өкілдерінің қатысуын;
тәртіп бұзушылардың залдан уақтылы шығарылуын қамтамасыз етеді;
5) Кеңсенің Премьер-Министрдің республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, БАҚ-та Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін жария етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
қажет болған кезде БАҚ өкілдерінің қатысуын және олардың залдан шығарылуын;
кезекші редактордың "Kazsatnet" ҰК" АҚ-ның шығарушы редакторымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін баспасөз үшін интернет желісі арқылы on-line трансляциялауға санкцияланған шешім қабылдауын қамтамасыз етеді;
6) Кеңсенің Премьер-Министр қатысатын халықаралық сипаттағы іс-шараларды протоколдық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
Үкімет мәжілісі және Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды;
Үкімет мүшелерінің және шақырылған өзге де адамдардың "протоколдық үлкендік ретіне" сәйкес отыруын;
Үкімет мәжілісін, жұмыс кеңестерін өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, шақырылған адамдардың залға уақтылы келуі және одан шығарылуы бойынша ұйымдастыру жұмыстарын өткізуді;
қажет болған кезде – Сырты істер министрлігінен бекітілген кезекші ілеспе аудармашының болуын қамтамасыз етеді;
7) Үкімет мәжілісіне немесе жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі:
ҚР МО ЭҚАБЖ жүйесі арқылы слайдтар мен басқа да ақпараттық материалдардың (А216 залында көрсетілетін слайдтарда jpeg, tiff форматтарындағы файлдар және солар тәріздес фотосурет сапасындағы графикалық форматтар болмауға тиіс) берілуін;
белгіленген тәртіппен Үкімет мәжілісіне тікелей "Үкімет үйі" ғимаратына шақырылған өзге адамдардың қатысуын;
Үкімет мәжілісі, жұмыс кеңестері шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жоспарланып отырған сөз сөйлеуі туралы Өңірлік даму бөлімін хабардар етуді;
материалдардың (анықтамалар, слайдтар, баяндамалар және т.б.) ҚР МО ЭҚАБЖ жүйесі арқылы электрондық түрде жоғарыда аталған форматтарда ғана уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
8) "Kazsatnet" ҰК" АҚ бейнеконференциялық байланыстың регламенттік іс-шараларының уақтылы және толық өткізілуін, сондай-ақ оның әзірлігін және байланыс сапасын тексеруді, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ және "Kazsatnet" ҰК" АҚ резервтік байланыс арналарына ауысқан кезде де байланыс сапасын тексеруді қамтамасыз етеді.";
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мәжіліс өткізілер алдындағы күні Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.";
134-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
162-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
"Кеңсенің құжаттарын біреуге беруге және рұқсатсыз олардың көшірмелерін жасауға тыйым салынады.
Құжаттардың, олардағы қызметтік ақпараттың сақталуы үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен іс жүргізушілері жауапты болады.
Құжаттарды жоғалтқаны, олармен жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны, қызметтік ақпаратты жария еткені үшін кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал "өте шұғыл" деген белгісі бар тапсырманы – дереу, "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде дайындайды.
Мемлекеттік органдар бастамашылық жасалған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей дайындайды.";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |