Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Премьер-Министрдің атына бірінші басшының қолы қойылған хат-хабар ғана жіберіледі.»;
      14-тармақта:
      төртінші бөліктің бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының атына жіберілген Үкімет басшылығының тапсырмаларына қатысты хаттарды;»;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қарамастан қайтарады.»;
      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістері, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі – жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,  Орынбор көшесі, 6, «Үкімет үйі» мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық режимде де, оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерін және жұмыс кеңестерін селекторлық режимде өткізу кезінде:
      1) Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (Үкімет мәжілістерін өткізу кезінде) не Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі (жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты):
      Үкімет мүшелері мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын растай отырып, қатысушылардың тізімін жасауды;
      режимдік шаралардың, рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуін, кезекші полиция бөлімі мен техникалық қызметтердің ақпаратты қорғауын бақылауды қамтамасыз етеді;
      2) Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
      жүйенің істен шығуын болғызбау мақсатында ауыспалы жеткізгіштердегі (орындаушы бөліммен келісуден өтпеген флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер және т.б.) электрондық түрдегі материалдардың пайдаланылуын шектеуді;
      өңірлердің бейнеконференциялық байланысқа алдын ала сынақтық қосылуын (техникалық регламентке сәйкес кеңес/мәжіліс басталғанға дейін бір тәулік және 2 сағат бұрын), оның әзірлігін және Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін жүргізудің ұсынылған тәртібін (кеңес сценарийін) ескере отырып, байланыс сапасының тексерілуін, қолданыстағы техникалық талаптарға, оның ішінде форматы және ресімделуі бойынша сәйкестігі тұрғысынан алдын ала регламенттік сынақ жұмыстарының жүргізілуін бақылауды;
      мерзімді жоспарлы регламенттік жұмыстардың жүргізілуін (апта сайын дүйсенбі, бейсенбі сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін), сондай-ақ «Kazsatnet» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ орындайтын (жоспарлы және алдын ала сынақтық қосу сәйкес келген жағдайда регламенттік жұмыстар бір мәрте жүргізіледі) жарықтандырудың сәйкестігін және бейнеконференциялық байланыс (бұдан әрі – БКБ) жабдығы мен негізгі жұмыс орындарындағы және «Үкімет үйі» ғимаратында орналасқан цифрлық телефон станциясының базасындағы станция мен тікелей байланыс станциясындағы абоненттердегі дыбыс күшейткіштің жұмысқа жарамдылығын бақылауды қамтамасыз етеді;
      3) Кеңсенің облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министр Кеңсесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
      облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын бақылауды;
      қажет болған кезде Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Үкімет мәжілістерінің материалдарын жіберуді;
      өңірлер өкілдерінің БКБ-де, Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін өткізу сценарийлерін сақтауы, сөз сөйлеушілердің даярлығы (Т.А.Ә., сөйлеу кезегі және сөйлейтін орны) бөлігінде алдын ала дайындалуын бақылауды;
      селекторлық режимде өткізілетін кез келген кеңеске әкімдіктер өкілдерінің қатысуы мәселелері бойынша Кеңсенің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
      4) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары:
      облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын;
      Үкімет мәжілісі және Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын;
      «Үкімет үйі» залдарынан сынақтық қосуды жүргізу және дайындау кезеңінде өңірлердегі мәжіліс залдарында регламенттік және дайындық жұмыстарының (техникалық байқау және Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестеріне даярлық, қатысушылардың сөйлейтін жерін айқындау және т.б.) өткізілуін;
      соңғы сынақтық қосуды өткізгеннен кейін (іс-шара басталғанға дейін 2 сағат бұрын) өңірлерде мәжіліс залын ауыстыруға, жабдықтардың (жарықтандыру, БКБ-ны, байланысты, дыбыс күшейткішті күйге келтіру) күйге келтірілуін өзгертуге жол берілмеуін;
      іс-шараны өткізу кезінде сценарий (сөз сөйлейтін қатысушылардың болуы, кезектілік және даярлық тәртібі) мен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ жергілікті жерлерде шақырылғандардың БКБ мен дыбыс күшейткіш жүйесін пайдалануы бойынша нұсқау өткізуді;
      БАҚ және басқа да бөгде адамдардың зал жабдықтарына (микрофондар, бейнекамералар, сымдар және т.б.) қолжетімділігін шектеуді;
      іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді байланысты пайдалануға салынған тыйымның сақталуын;
      жабық немесе қызметтік жұмыс режиміне ауысқан жағдайда шақырылған адамдар мен баспасөз өкілдерінің уақтылы шығарылуын;
      зал жабдықтарының электрмен үздіксіз жабдықталуын, сондай-ақ залды жарықтандырудың біркелкілігін (сөз сөйлеушілерге жарық беру көздерінің болуы, перделердің және басқа да күңгірттеу элементтерінің болуы);
      Премьер-Министрдің баспасөз қызметімен келісу бойынша өңірлерде БАҚ өкілдерінің қатысуын;
      тәртіп бұзушылардың залдан уақтылы шығарылуын қамтамасыз етеді;
      5) Кеңсенің Премьер-Министрдің республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, БАҚ-та Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін жария етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
      қажет болған кезде БАҚ өкілдерінің қатысуын және олардың залдан шығарылуын;
      кезекші редактордың «Kazsatnet» ҰК» АҚ-ның шығарушы редакторымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін баспасөз үшін интернет желісі арқылы on-line трансляциялауға санкцияланған шешім қабылдауын қамтамасыз етеді;
      6) Кеңсенің Премьер-Министр қатысатын халықаралық сипаттағы іс-шараларды протоколдық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
      Үкімет мәжілісі және Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды;
      Үкімет мүшелерінің және шақырылған өзге де адамдардың  «протоколдық үлкендік ретіне» сәйкес отыруын;
      Үкімет мәжілісін, жұмыс кеңестерін өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, шақырылған адамдардың залға уақтылы келуі және одан шығарылуы бойынша ұйымдастыру жұмыстарын өткізуді;
      қажет болған кезде – Сырты істер министрлігінен бекітілген кезекші ілеспе аудармашының болуын қамтамасыз етеді;
      7) Үкімет мәжілісіне немесе жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі:
      ҚР МО ЭҚАБЖ жүйесі арқылы слайдтар мен басқа да ақпараттық материалдардың (А216 залында көрсетілетін слайдтарда jpeg, tiff форматтарындағы файлдар және солар тәріздес фотосурет сапасындағы графикалық форматтар болмауға тиіс) берілуін;
      белгіленген тәртіппен Үкімет мәжілісіне тікелей «Үкімет үйі» ғимаратына шақырылған өзге адамдардың қатысуын;
      Үкімет мәжілісі, жұмыс кеңестері шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жоспарланып отырған сөз сөйлеуі туралы Өңірлік даму бөлімін хабардар етуді;
      материалдардың (анықтамалар, слайдтар, баяндамалар және т.б.)  ҚР МО ЭҚАБЖ жүйесі арқылы электрондық түрде жоғарыда аталған форматтарда ғана уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      8) «Kazsatnet» ҰК» АҚ бейнеконференциялық байланыстың регламенттік іс-шараларының уақтылы және толық өткізілуін, сондай-ақ оның әзірлігін және байланыс сапасын тексеруді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ және «Kazsatnet» ҰК» АҚ резервтік байланыс арналарына ауысқан кезде де байланыс сапасын тексеруді қамтамасыз етеді.»;
      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мәжіліс өткізілер алдындағы күні Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.»;
      134-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      162-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Кеңсенің құжаттарын біреуге беруге және рұқсатсыз олардың көшірмелерін жасауға тыйым салынады.
      Құжаттардың, олардағы қызметтік ақпараттың сақталуы үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен іс жүргізушілері жауапты болады.
      Құжаттарды жоғалтқаны, олармен жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны, қызметтік ақпаратты жария еткені үшін кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «өте шұғыл» деген белгісі бар тапсырманы – дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде дайындайды.
      Мемлекеттік органдар бастамашылық жасалған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей дайындайды.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы  Yкіметінiң Регламентiнде:
      12-тармақ алып тасталсын;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Премьер-Министрдің атына бірінші басшының қолы қойылған хаттар ғана қабылданады.»;
      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен келісілген тізім бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.»;
      мынадай мазмұндағы 43-2-тармақпен толықтырылсын:
      «43-2. Жоба мәтініне республикалық бюджетке кірістердің қысқаруына немесе шығыстардың ұлғаюына әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда, жоба Қаржы министрлігімен қайта келісуді және Республикалық бюджет комиссиясының оң хаттамалық шешімін қажет етеді.»;
      50-тармақта:
      2) тармақшаның бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;»;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.
      Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 8 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.»;
      53-2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңсе Басшысының орынбасары (заң мәселелеріне жетекшілік ететін) мен БҚҚБ меңгерушісінің баяндау қорытындысы бойынша қаулы жобаларына қатысты мынадай шешімдер қабылданады:
      1) Үкімет мәжілісіне шығару;
      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықтау және Үкімет мәжілісіне  шығару;
      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтару.»;
      72-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше жағдайларда Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысының нұсқауымен қаулыларға (өкімдерге) тиісті құрылымдық бөлімшенің жазбаша өтініші негізінде құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен берілуі мүмкін.»;
      74-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) не ПМК құрылымдық бөлімшесінің жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің расталған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
      Техникалық қателер анықталған кезде құпия емес Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын
ауыстыру тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) жазбаша өтініші (сұрау салуы) және/немесе ПМК жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметтік жазбахаты негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды қағаз жеткізгіштерде алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» («Взамен ранее разосланного») мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қайта жіберіледі. Түзетілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанындағы қаулылар (өкімдер) мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейін қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.»;
      78-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министр Кеңсесіне бірінші басшының ілеспе хатымен енгізіледі.»;
      осы Регламентке 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
      «

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат


                                                            ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов