Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы" 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 11 маусымдағы № 482 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1021 қаулысы

Қолданыстағы

      2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 37, 373-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 482 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 211-құжат).
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов